"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның нысаны және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтард

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 450 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 55/қе бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 мамырда № 22773 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның нысаны және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 85 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 6 ақпандағы № 5 нс бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16413 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның нысаны және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның нысаны;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтын 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрі
____________Е. Жамаубаев

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Төрағасы _________ К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2021 жылғы 17 мамырдағы
№ № 55/қе мен
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 13 мамырдағы
№ 450 Бұйрыққа қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 85 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2018 жылғы 6 ақпандағы
№ 5 нс бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту уақыты

20___ жыл "___" ________

М.О. *

Өткізу пунктінің атауы

_________________

АКҚ түрі (тиісті торкөзде көрсетіңіз)


Жүк


Автобус


Жеңіл


АКҚ мемлекеттік тиесілігі (тиісті
торкөзде көрсетіңіз)


Қазақстан


Ресей


Беларусь


Өзбекстан


Қырғызстан


Басқа мемлекет_______________________

АКҚ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің нөмірі

________________________________________

АКҚ тіркемесінің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің нөмірі

________________________________________

Талонды толтырушы тұлғаның немесе импортталатын тауарға жауапты тұлғаның (ЖСН) **

ЖСН













Тауарларды импорттайтын заңды тұлғалардың (БСН)

БСН













Талонды толтырушы тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)

__________________________________/ ________________ Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған (қолы) жағдайда)

      Аббревиатуры ашып жазу:

      АКҚ – автокөлік құралы;

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      М.О. – мөртабан орны.

      ескертпе:

      * автомобиль өткізу пунктінің атауын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күнінің көрсетілуімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесі мөртабанының орны.

      ** заңды тұлғаның атынан талонды толтырған, тұлға толтырады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2021 жылғы 17 мамырдағы
№ № 55/қе мен
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 13 мамырдағы
№ 450 Бұйрыққа қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 85 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2018 жылғы 6 ақпандағы
№ 5 нс бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды (бұдан әрі – талон) ұсыну қағидалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 442-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні талон негізінде айқындалады.

      Салық төлеушінің импортталған тауарларды есепке қабылдаған күні, атап айтқанда, тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн салық салынатын импорттың жасалған күні болып табылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну тәртібі

      3. Талонды беруді тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері жүргізеді.

      4. Автомобиль өткізу пункттерінде талонды тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға бір данада толтырады.

      5. Тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға талонды толтырғаннан кейін Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан автокөлік құралының өткендігі туралы талонға автомобиль пунктінің атауы мен кесіп өту мерзімі көрсетілген мөртабан қояды.

      6. Егер тауар бірнеше салық төлеушілерге тиесілі болған жағдайда, тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға талонның түпнұсқасын салық төлеушіге тауар алғаш жеткізілген кезде береді, қалған салық төлеушілерге талонның көшірмелерін береді.

      7. Талонмен автомобиль өткізу пункттеріндегі Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.