"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 13 сәуірде № 22539 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 07.02.2022 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидалары бекітілсін.

      2. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 70 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18347 болып тіркелген, 2019 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. Біржановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Шапкенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2021 жылғы 12 сәуірдегі
№ 118 бұйрығымен
бекітілген

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Atameken Academy" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Atameken Academy") – қашықтықтан (онлайн) және практикалық оқыту процесін қамтамасыз ететін қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы;

      2) бизнес-жоспар – қаржы-экономикалық модельді, бизнес-операцияларды жүзеге асыру бағдарламасын, кәсіпкердің бизнес-жоба бойынша іс-әрекетін, фирма, тауар, оның өндірісі, өткізу нарықтары, маркетинг, операцияларды ұйымдастыру, шығындар және олардың тиімділігі туралы мәліметтерді қамтитын құжат;

      3) бизнес-жаттықтырушы – бизнес-менторлық (коучинг) қағидаты бойынша жобаға қатысушылардың бизнес-жобаларын дамыту, сондай-ақ сүйемелдеу үшін қажетті кәсіби құзыреттер мен дағдыларға ие жеке тұлға;

      4) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" ААЖ) – әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      5) жоба үйлестірушісі – функциясына кәсіпкерлік негіздері бойынша сабақтарды ұйымдастыру, Практикалық оқытудың тиімділігін талдау, "кері байланысты" ұйымдастыру, сондай-ақ бизнес-жоспарды дайындау кезінде білім алушыларға жәрдемдесу кіретін жеке тұлға;

      6) жұмыссыз адам – жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға (бұдан әрі – жұмыссыз);

      7) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін басқару функцияларын іске асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      8) қашықтықтан оқыту (онлайн) – қашықтан оқыту – педагог пен білім алушылардың қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара іс-қимыл жасауы кезінде жүзеге асырылатын оқыту;

      9) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға сүйене отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;

      10) халықты жұмыспен қамту орталығы (ХЖҚО) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.

      3. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту халықты жұмыспен қамту орталықтарында (бұдан әрі – ХЖҚО) тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 178 қаулысымен айқындалған жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары қатысушылары болып табылады.

2-тарау. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі

1-параграф. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқуға жолдама беру тәртібі

      4. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдаманы алу үшін үміткер (бұдан әрі – қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда өтінішті, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация);

      2) ХЖҚО (бұдан әрі - қызмет көрсетуші);

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жолдайды.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      6. "Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі" өтінішті қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнін құрайды.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхат беріледі не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы жіберген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жібереді.

      8. Қызмет алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы жіберген жағдайда – өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының деректері қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша ХЖҚО-ға автоматты түрде жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ХЖҚО директорының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" автоматты түрде жіберіледі.

      9. Құжаттарды тапсырған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті алушылардың нысаналы топқа сәйкестігі, қызметті алушы ұсынған құжаттардың дұрыстығы тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады, одан кейін тексеру жүзеге асырылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қызмет көрсетуші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқуға жолдама немесе стандартта көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту береді.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

2-параграф. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқуды ұйымдастыру

      12. Үміткерлерді оқыту басталғаны туралы хабардар етуді қамтамасыз ету үшін ХЖҚО ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бесінші күніне қарай ӨКП-ға немесе ӨКП филиалдарына байланыс деректерін көрсете отырып, жолдама алған үміткерлердің тізімін жібереді.

      "Атамекен" ҰКП ХЖҚО ұсынған үміткерлер тізімінен оқытуды ұйымдастырады.

      13. Кәсіпкерлік негіздеріне практикалық немесе қашықтықтан (онлайн) оқыту өтетін аудандарды және/немесе қалаларды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың келісуі бойынша "Атамекен" ҰКП айқындайтын болады.

      14. "Атамекен" ҰКП халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша аудандар (қалалар) бөлінісінде оқыту жоспарларын және оқытуды өткізу күні мен орнын көрсете отырып оқытуды өткізу кестесін бекітеді.

      15. Оқыту процесінің басталуы туралы хабарландыруларды "Атамекен" ҰКП қазақ және орыс тілдерінде "Атамекен" ҰКП ресми сайтында оқу процесі басталғанға дейін 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын орналастырады.

      16. Әлеуетті қатысушыларды ақпараттандыру мақсатында "Атамекен" ҰКП базасында арнайы Call-орталық жұмыс жасайды.

      17. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқыту мәселелері бойынша консультацияларды ӨКП/ӨКП/ХЖҚО филиалдары/ауылдық округтің немесе елдімекеннің әкімі ұсынады.

      18. Оқу үшін үміткер берілген жолдама негізінде ӨКП/ӨКП филиалына өтінішпен жүгінеді немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн-өтінімді қалыптастырады және мынадай құжаттарды: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнаманы, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқуға жолдаманы ұсынады.

      19. "Atameken Academy" ААЖ-да оқыту қатысушысы және ӨКП / ӨКП филиалымен кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қызметтерін көрсетуге шарт (оферта), сондай-ақ оның дербес деректерін өңдеуге келісім жасалады.

      20. "Атамекен" ҰКП қатысушыларды бизнес-жаттықтырушы, жобаны сүйемелдеу жөніндегі консультант, "Atameken Academy" ААЖ-ға қолжетімділік және практикалық оқыту жағдайында сабақтарды өткізуге арналған үй-жаймен және оқытудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етеді.

      21. Оқытуды бизнес-тренер "Атамекен" ҰКП бекіткен және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен келісілген оқу жоспарына сәйкес оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін пайдалана отырып, интерактивті нысанда жүргізеді.

      22. Оқыту процесінде "Бастау Бизнес" жобасына қатысушыларға кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері (Қазақстан Республикасындағы стартаптарды, шағын орта бизнесті қолдау шаралары, салық салу режимдері, кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері, маркетинг негіздері, бизнесті жоспарлау), тиісті өңірде/ауданда талап етілетін бизнес-жобалар туралы, қаржыландыру алуға арналған құжаттардың үлгілері, маркетингтік зерттеулердің нәтижелері бойынша ақпарат беріледі және өндірістік-өткізу тізбегін құруға көмек көрсетіледі, сондай-ақ бизнес-жоспарды дайындау және/немесе бизнес-жобаны дамыту бойынша ақпарат беріледі.

      Оқу процесінің жалпы ұзақтығы жиырма бес күнтізбелік күннен аспайды.

      Тәжірибелік оқыту кезінде топта қатысушылардың саны кемінде 15 (он бес) және 70 (жетпіс) адамнан аспайды.

      Топтық оқытудың жалпы ұзақтығы 80 (сексен) академиялық сағаттан аспайды, күнделікті жүктеме 4 (төрт) академиялық сағаттан кем болмайды.

      23. Оқу процесі міндетті түрде дербес консультацияларды, сондай-ақ қаржыландыру тұрғысынан жобаны қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингтерді қамтиды.

      Қашықтықтан оқыту кезінде жеке кеңес алу, сондай-ақ тренингтер онлайн режимде жүзеге асырылады.

      24. Оқыту үдерісіне оқытудың әрбір модулінің (бөлімінің) нәтижелері бойынша қатысушының алған білімі мен дағдыларын анықтауға арналған тестілеуді қамтиды.

      Аралық тестілеу әрбір модульден кейінгі оқыту нәтижелері бойынша жүргізіледі. Келесі модульге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін сұрақтардың жалпы санынан кемінде 60 пайызына оң жауап беру қажет. Мүмкіндіктер саны шектелмеген.

      25. Оқуды аяқтағаннан кейін "Atameken Academy" ААЖ-да қорытынды тестілеуден өтеді, нәтижелері бойынша төмен баға алған жағдайда қатысушы "Бастау Бизнес" жобасынан шығарылады.

      26. Оқыту нәтижелері бойынша оқуға қатысушыға "Atameken Academy" ақпараттық жүйесімен қалыптастырылған, бірегей нөмірі бар тиісті сертификат беріледі.

      27. Оқуды аяқтау туралы сертификатты бизнес-жоспарды дайындаған және бизнес-жоспарды бағалау және қорытынды тестілеу қорытындылары бойынша қажетті балл санын (жалпы санынан 60%) жинаған қатысушылар алады.

      "Бастау Бизнес" жобасында оқуға қатысқаны туралы сертификатты қорытынды тестілеу қорытындысы бойынша қажетті балл санын жинаған, бірақ оқуды аяқтаған кезде әзірленген бизнес-жоспары жоқ немесе бизнес-жоспарды бағалуда теріс баға алған қатысушылар алады.

      28. Тестілеу мен бизнес-жоспарларды қорытынды бағалау "Atameken Academy" ААЖ-да он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      29. Оқуға қатысушы оқуға қайта қатыса алады, бірақ ол үш жылда бір реттен артық емес болады.

      30. Оқыту "Бастау Бизнес" жобасының қатысушылары үшін ақысыз болып табылады.

      31. Кәсіпкерлік негіздеріне онлайн режимде оқитын тұлғаларды қоспағанда, "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.

      32. Осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес оқу кезеңіне жіберілмеген не "Бастау Бизнес" жобасынан шығарылған "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға шәкіртақы төлеу жүргізілмейді.

3-параграф. Бизнес-жобаларды сүйемелдеу тәртібі

      33. Оқыту кезеңі аяқталғаннан және жобаны іске асыруға қаржыландыру алынғаннан кейін "Атамекен" ҰКП/ӨКП/ӨКП филиалы бизнес-жобаны іске асыруда он екі айға дейінгі мерзімге, ал аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелері үшін бизнес-жоба іске қосылған күннен бастап он сегіз ай ішінде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

      Бизнес-жобаларды сүйемелдеуді бизнес-жаттықтырушы, ӨКП/ӨКП филиалының қызметкерлері жүзеге асырады.

      Бизнес-жобаларды сүйемелдеу кезеңі шеңберінде "Бастау Бизнес" жобасына қатысушылар ӨКП/ӨКП филиалына жүгінген кезде бизнесті қалыптастырудың және дамытудың операциялық және стратегиялық мәселелеріне қатысты ауызша және жазбаша сұрау салуларға жауап алады, оның ішінде маркетинг, өткізу, салықтық реттеу және басқа мәселелер бойынша консультация алады.

      34. "Бастау Бизнес" жобасына қатысушыға бизнес-жаттықтырушының шығуымен байланысты қосымша қаржылық шығындарды "Бастау Бизнес" жобасына қатысушы (келісім бойынша) көтереді.

      35. Жоба консультанты "Бастау Бизнес" жобасының іске асырылуына мониторинг жүргізеді.

      36. "Atameken Academy" ААЖ мониторингінің нәтижелері бойынша жоба консультанты бизнес-жобаларды бизнес-тренердің шешуі үшін оларды іске асыруға және дамытуға кедергі келтіретін проблемалық мәселелердің тізілімін қалыптастырады.

  "Бастау Бизнес" жобасы
бойынша кәсіпкерлік
негіздеріне оқыту қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Халықты жұмыспен қамту
орталығының директорына
________________________
мекенжайы бойынша тұратын
__________________________

Өтініш

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде "Бастау Бизнес" кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысуға жолдама беруіңізді сұраймын.

      Қосымша___парақта (қажеттілігіне қарай): жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделіп отырған белсенді шараларын алуға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін. Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Күні қолы

      -----------------------------------------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Қатысушының_____________________________________ өтініші

      20___ жылғы "___" __________ қабылданып, № ______болып тіркелді.

      Құжаттарды қабылдаған адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,

      лауазымы және қолы: _____________________________________________

  "Бастау Бизнес" жобасы
бойынша кәсіпкерлік негіздеріне
оқыту қағидаларына
2-қосымша

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1

Қызмет көрсетуші атауы

Халықты жұмыспен қамту орталығы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО);
3) "Электрондық үкіметтің" Веб-порталы (бұдан әрі – Портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға, қызмет көрсетушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Қызмет алушыға мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлар

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорация-жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1. Тұрғылықты жері бойынша ХЖҚО немесе Мемлекеттік корпорация:
1) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш";
2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);
3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса);
деректер "Еңбек нарығы" ААЖ енгізілгеннен кейін құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
2. Мемлекеттік корпорацияға:
1) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш";
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
4) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжаттың көшірмесі (бар болса).
3. Портал арқылы: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы дербес деректерді көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш.
Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жұмыспен қамту орталығы директорының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін Мемлекеттік қызмет қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Портал арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары ғаламтор-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігі www. enbek. gov. kz;
2) Мемлекеттік корпорация – www. gov4c. kz;
3) Портал www. egov. kz.
Қызметті көрсетушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары ғаламтор-ресурста көрсетілген www. enbek. gov. kz.
Бірыңғай байланыс орталығы: "1414", 8-800-080-7777.

  "Бастау Бизнес" жобасы
бойынша кәсіпкерлік негіздеріне
оқытуға жолдама беру"
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беруден бас тарту туралы қолхат

      _______________________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Өтінішті қабылдамау себебі:

      _______________________________________________________________

      (себебін көрсету)

      _______________________________________________________________

      (халықты жұмыспен қамту орталығының атауы)

      Берілген күні: 20___ жылғы "___"__________

      Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры

      ___________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  "Бастау Бизнес" жобасы
бойынша кәсіпкерлік
негіздеріне оқыту қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  Өңірлік кәсіпкерлер
палатасының директорына/
Өңірлік филиал
директорына
________________________
мекенжайы бойынша тұратын
__________________________

Өтініш-сауалнама

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде "Бастау Бизнес" кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша қатысушылардың тізіміне енгізуді сұраймын.

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


ЖСН


Туған күні


Тұрғылықты жері


Мәртебесі


Бизнес-жоба, бизнес-идея (бар болса) саласы


Бизнес-жоба, бизнес-идея (бар болса) сипаттамасы


Кепілдік қамтамасыз етудің бар-жоғы (микрокредит беру үшін)


Сабаққа қатысу мүмкіндігін (80 сағат практикалық сабақ) немесе веб-портал арқылы қашықтықтан оқу мүмкіндігін растаймын.


Осымен дайын екенімді растаймын

1) салық заңнамасына сәйкес салық органдарында кәсіпкерлік субъекті ретінде тіркелуге (қаржыландыруға арналған өтінім қаралған кезге дейін);
2) сабақтан қалмауға;
3) оқу процесінде қызығушылық танытуға
4) сабақтардан қалған жағдайда қосымша консультация алуға;
5) маркетингтік зерттеулер мен талқылауларға белсенді қатысуға;
6) тренингтер мен жеке консультацияларға қатысуға;
7) бизнес-жоспар дайындау және бизнес-тренердің қолдауымен қаржылық модельді есептеуге

      Қосымша ___ парақта (қажеттілігіне қарай): өтініш, жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі, оқуға жолдама.

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделіп отырған белсенді шараларын алуға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін. Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      *ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтініш беруші жауапкершілікте болады.

      Қолы_________

      Күні____________

  "Бастау Бизнес" жобасы
бойынша кәсіпкерлік
негіздеріне оқыту қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  ________________________
мекенжайы бойынша тұратын
__________________________

Оқуға жолдама

      "___________облысы _________________ауданы/қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқуға үміткер қатысушы мәртебесіне сәйкес келетінін хабарлайды.

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Мәртебесі

Тұрғылықты мекен-жайы

Байланыс деректері





  ________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) қолы
Берілген күні 20___жылғы
"_____" _______.
Мөр орны (болған жағдайда)

      -------------------------------------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

Оқуға жолдама

      "___________облысы _________________ауданы/қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқуға үміткер қатысушы мәртебесіне сәйкес келетінін хабарлайды.

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Мәртебесі

Тұрғылықты мекен-жайы

Байланыс деректері





  ________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) қолы
Берілген күні 20___жылғы
"_____" _______.
Мөр орны (болған жағдайда)