Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.04.2021 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидалары бекітілсін.
2. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14828 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Ө. Шөкеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген |
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ӨКП) – жергілікті деңгейдегі қаржылай емес қолдау операторы;
2) "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалы (бұдан әрі – ӨКП филиалы) – аудандық деңгейдегі қаржылай емес қолдау операторы;
3) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – ауыл шаруашылығын басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;
4) Бағдарлама операторы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
5) бизнес-жоспар – бизнес-операциялардың қаржы-экономикалық моделін, оларды жүзеге асыру бағдарламасын, бизнес-жоба бойынша кәсіпкердің іс-қимылдарын, фирма, тауар, оның өндірісі, өткізу нарықтары, маркетинг, операцияларды ұйымдастыру, шығындар және олардың тиімділігі туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
6) бизнес-тренер – бизнес-менторлық (коучинг) қағидаты бойынша жобаға қатысушылардың бизнес-жобаларын дамытуға, сондай-ақ сүйемелдеуге қажетті кәсіби құзыреттер мен дағдыларға ие жеке тұлға;
7) жоба үйлестірушісі – функцияларына кәсіпкерлік негіздері бойынша сабақтар ұйымдастыру, практикалық оқыту тиімділігін талдау, "кері байланыс" ұйымдастыру, сондай-ақ білім алушыларға бизнес-жоспар дайындау кезінде жәрдемдесу кіретін жеке тұлға;
8) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;
9) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
10) қаржылық институт – Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес банктік операцияларды ұсынатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
11) қаржылай емес қолдау операторы – "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы ("Атамекен" ҰҚП);
12) нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар – табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жұмыспен айналысатындар және/немесе жоғары, техникалық және кәсіптік білімі жоқ және/немесе біліктілігі төмен жұмыс орындарында жұмыс істейтіндер;
13) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – кіріс алу үшін тауарлар өндірумен (өткізумен), жұмыстар мен қызметтер көрсетумен жеке айналысатындар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілердің еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері қатарындағы жеке тұлғалар;
14) ӨКП филиалының жанындағы жұмыс тобы – бизнес-тренердің, жоба үйлестірушісінің, сондай-ақ ӨКП филиалы мен жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің қатысуымен құрылған уақытша жұмыс органы;
15) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 34) тармақшасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
16) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға сүйене отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі.
3. "Бастау Бизнес" жобасы Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға бағытталған.
4. Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан, жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар ауылдық елді мекендерде және аудан орталықтарында, 2018 жылдан бастап қалаларда, оның ішінде моно және шағын қалаларда тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар болып табылады.
5. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізілетін аудандарды іріктеу бойынша ұсыныстарды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар қаржылай емес қолдау операторымен келісу бойынша айқындайтын болады. Аудандарды айқындау кезінде жергілікті атқарушы органдар аудандар арасындағы жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және нәтижесіз жұмыспен қамтылған халықтың ең көп санын есепке алады.
6. "Бастау Бизнес" жобасына қатысу үшін міндетті шарт тестілеу кезеңінен өту болып табылады.
7. Оқыту "Бастау Бизнес" жобасына қатысушылар үшін тегін болып табылады. Оқуды аяқтаған жеке тұлға "Бастау Бизнес" жобасына 2 (екі) жылдың ішінде 1 (бір) реттен асырмай қатыса алады.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мынадай кезеңдерден тұрады:
1) тестілеу;
2) топтарда бизнес-менторлық және жеке консультация беру қағидаты бойынша практикалық оқыту;
3) бизнес-жобаны қорғауға (презентация) дайындық;
4) 12 (он екі) айға дейінгі мерзімде бизнес-жобаны іске асыруды сүйемелдеу.
Оқу процесінің жалпы ұзақтығы күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кем емес. Оқу процесі міндетті түрде дербес консультацияларды, сондай-ақ қаржыландыру тұрғысынан жобаны қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингтерді қамтиды.
2-тарау. Ұйымдастыру кезеңін іске асыру тәртібі ("Бастау Бизнес" жобасын бастауға дайындық)
8. Қаржылай емес қолдау операторы ақпараттандыру, тестілеу, оқыту және бизнес-жобаларды сүйемелдеу кезеңдерін іске асыруды қоса алғанда, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық және ұйымдастыру жағдайларын жасайды.
9. Қаржылай емес қолдау операторы іске асыратын кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша "Бастау Бизнес" жобасын ұйымдастыру кезеңі мыналарды:
1) халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыруды;
2) тестілеуді ұйымдастыру арқылы қатысушыларды кейіннен іріктеуді;
3) оқыту процесін іске қосуға байланысты басқа да ұйымдастырушылық мәселелерді шешуді қамтиды.
10. "Бастау Бизнес" жобасының ұйымдастыру кезеңін ӨКП филиалының жанындағы жұмыс тобы іске асырады. Жұмыс тобының құрамын ӨКП филиалы бекітеді.
11. Тестілеу кезеңін бастау туралы хабарландыруды қаржылай емес қолдау операторы/ӨКП/ӨКП филиалы қазақ және орыс тілдерінде тиісті ауданның аумағында таралатын жергілікті немесе өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында және/немесе тестілеу басталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын жариялайды. Хабарландыруда тестілеуді өткізу күні, уақыты және орны көрсетіледі.
3-тарау. "Бастау Бизнес" жобасына қатысушыларды іріктеу тәртібі (тестілеу)
12. Оқуға үміткерлер ӨКП/ӨКП филиалдарына/халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтің немесе елді мекеннің әкіміне/не "Atameken Servіces" кәсіпкерлердің бірыңғай терезесі порталы арқылы онлайн-өтінім беру жолымен "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқыту мәселелері бойынша консультация алу үшін жүгінеді, мынадай құжаттарды: жеке басты куәландыратын құжат көшірмесін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 11174 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнаманы ұсынады.
ӨКП/ӨКП-ның филиалы/ауылдық округтің немесе елді мекеннің әкімі үміткерлердің құжаттары мен өтініштерін халықты жұмыспен қамту орталықтарына тестілеу кезеңі басталғанға дейін 3 күннен кешіктірмей береді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлердің тізімін жобаның нысаналы тобына (жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың, оның ішінде мәртебені өзектілендіру кезінде анықталғандардың тізімін халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек нарығы" Автоматтандырылған Ақпараттық Жүйесі арқылы не қолмен қалыптастырады) сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және үміткерлердің қалыптастырылған тізімін ӨКП филиалына оқуға үміткерлердің тізімі келіп түскен күннен бастап 3 күн ішінде береді.
13. Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын ақпанның 10-на дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша оқу және тестілеу күні мен орнын, оның кезеңі мен өтінімдер беру мерзімдерін көрсете отырып, тоқсан сайын түзету енгізу мүмкіндігімен оқытуды өткізу графигін жасайды.
Оқуға қатысушыларды жинақтау туралы хабарландыру және оқыту өткізу графигі бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылуы тиіс.
Қаржылай емес қолдау операторы тестілеуді техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ тестілеуден өту рәсімі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
14. ӨКП/ӨКП филиалдары үміткерлерге тестілеу жүргізеді. ӨКП/ӨКП филиалының жанындағы жұмыс тобы тестілеу нәтижелерін қарайды және тиісті шешім шығарады, қорытындысы бойынша білім алушы адамдардың топтарын және "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқуға қабылданған қатысушылар тізімін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады.
15. Оқытуға рұқсат беру үшін шекті мән өткізілетін өңірге қарай түзету мүмкіндігі болғанда 100-баллдық жүйе бойынша 55 (елу бес) балл мөлшерінде айқындалады.
Шекті мәнді өзгерту туралы шешімді ӨКП филиалы жанындағы Жұмыс тобының ұсынымы бойынша қаржылай емес қолдау операторы бекітеді.
16. Тестілеуге қатысушы тестілеудің нәтижесімен келіспеген жағдайда, ӨКП филиалы жанындағы жұмыс тобына апелляция береді.
ӨКП филиалы жанындағы жұмыс тобы 3 (үш) жұмыс күні ішінде қатысушылардың электрондық поштасына уәжді жауап беру мүмкіндігімен тестілеудің нәтижелерін жібереді.
17. Қаржылай емес қолдау операторы қатысушыларды осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Бастау Бизнес" жобасына қатысуға үміткерлерді тестілеу қорытындысы жөніндегі хаттамамен оны тестілеу өткізілетін орнында орналастыру және/немесе телефон шалу және/немесе жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялау арқылы тестілеу аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде таныстырады.
18. Тестілеуге қатысушы шекті мәннен төмен тестілеу нәтижелерін алған кезде тестілеуге қайта қатыса алады. Бұл ретте, "Бастау Бизнес" жобасының әлеуетті қатысушысы күнтізбелік бір жыл ішінде 2 (екі) реттен аспай тестілеуге қатыса алады.
19. Тестілеу қорытындылары шығарылғаннан кейін ӨКП филиалы 3 (үш) жұмыс күні ішінде қатысушылар қатарынан топ қалыптастырады және практикалық оқыту кезеңін бастайды. Топ құрамын ӨКП филиалы бекітеді.
Топтағы қатысушылардың саны кемінде 15 (он бес) және ең көбі 70 (жетпіс) адамды құрайды. Тестілеу кезеңінен өткен оқуға қатысушылармен кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қызметтерін көрсетуге арналған шарт жасалады.
4-тарау. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту кезеңін ұйымдастыру
20. ӨКП/ӨКП филиалы халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынған (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) оқуға үміткерлердің тізімінен жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқытуды ұйымдастырады (жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың, оның ішінде мәртебені өзектілендіру кезінде анықталғандардың тізімін халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек нарығы" Автоматтандырылған Ақпараттық Жүйесі арқылы не қолмен қалыптастырады).
21. Қаржылай емес қолдау операторы/ӨКП/ӨКП филиалы тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде практикалық оқытуды бастауды жүзеге асырады.
22. Қаржылай емес қолдау операторы оқыту кезеңінің басталуына қарай топты бизнес-тренермен және жоба үйлестірушісімен қамтамасыз етеді.
23. Топтық практикалық оқытудың жалпы ұзақтығы 80 (сексен) сағатты, күнделікті жүктеме кезінде жұмыс күндері кемінде 4 (төрт) сағатты құрайды. Оқытуды бизнес-тренер қаржылай емес қолдау операторы бекіткен және Бағдарламаның операторымен келісілген оқу жоспарына сәйкес заманауи оқыту әдістемелерін пайдалана отырып, интерактивті нысанда жүргізеді.
24. Оқыту процесінде "Бастау Бизнес" жобасына қатысушыларға кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері (салық салу режимдері, маркетинг негіздері), тиісті өңірде сұранысқа ие бизнес-жобалар, кооперативтер құру жөніндегі ақпараттық-әдістемелік материалдар, қаржыландыру алуға арналған құжаттар үлгілері, маркетингтік зерттеулер нәтижелері, стартаптарды іске қосудың халықаралық тәжірибесі бойынша ақпараттар ұсынылады.
25. Оқыту процесін қамтамасыз ету шеңберінде жоба үйлестірушісі:
1) оқуға қатысушыларға телефон шалуды және сабақтардың бейнежазбасын жүзеге асыруды ұйымдастыру жолымен сапаны мониторингтеуді;
2) оқуға қатысушылардың сабақтарға қатысуын есепке алуды жүзеге асырады;
3) жеке консультациялар графигін қалыптастырады;
4) оқуға қатысушыларды қажетті ақпараттық-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
26. "Бастау Бизнес" жобасына қатысу кезеңінде оқуға қатысушы өзіне кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қызметтерін көрсетуге арналған шартқа сәйкес міндеттемелер алады.
27. ӨКП филиалының жанындағы жұмыс тобы "Бастау Бизнес" жобасына қатысушылар дәлелді себептерсіз ағым ішінде сабақтардың жиыны кемінде бес оқу күнін босатқан жағдайда оқудан шығарады.
28. Оқыту кезеңі бизнес-тренер жүзеге асыратын бизнес-жобаны дамыту және/немесе бизнес-жобаны дайындау бойынша жеке практикалық консультация беруді, оның ішінде "Бастау Бизнес" жобасына қатысушының бизнес-объектісіне бара отырып, консультация беруді қамтиды.
29. Дербес практикалық консультация беру сессияларының саны әрбір оқуға қатысушының қажеттілігіне байланысты. Бұл ретте, консультация берудің жалпы ұзақтығы бір топқа 120 (жүз жиырма) сағаттан аспайды.
30. Оқыту кезеңі ӨКП филиалы жанындағы аудандық комиссия алдында бизнес-жобаны одан әрі қорғау (презентация), сондай-ақ тиісті қаржы институтында оны қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингті қамтиды.
31. Практикалық оқыту басталған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей ӨКП филиалы жанындағы аудандық комиссия жоба үйлестірушісінен алынған есеп негізінде қатысушылар туралы ақпаратты және бизнес-жобаны қорғауға дайындықты қосатын бизнес-жобаларды ӨКП филиалы жанындағы аудандық комиссияның алдында қорғауға жіберу және жобаға қатысушыларға тиісті сертификаттар беру туралы шешім қабылдайды. Шешім осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.
32. Бизнес-жоспарды дайындаған/дамытқан және оны аудан комиссиясы алдында қорғаған оқуға қатысушылар оқуды аяқтағаны туралы сертификат алады. Құзырет деңгейін арттырған, бірақ оқу аяқталған сәтте әзірленген бизнес-жоспары жоқ оқуға қатысушылар "Бастау Бизнес" жобасына қатысқаны туралы сертификат алады.
33. Бизнес-жобаны қорғамаған оқуға қатысушы бизнес жобаны Аудандық комиссия алдында, бірақ бір реттен аспай қорғауға қайта қатыса алады.
Бизнес-жобаларды аудандық комиссияның алдында қорғау кезеңі регламентке сәйкес жүзеге асырылады. Бизнес жобаларды қорғауды жүргізу жөніндегі регламентті қаржылай емес қолдау операторы белгілейді.
Бизнес жобаларды қорғау жөніндегі аудандық комиссия құрамына ӨКП филиалы жанындағы жұмыс тобының мүшелері, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ қаржы институттарының (бар болса) өкілдері кіреді.
34. ӨКП филиалы жанындағы аудандық комиссия отырысының презентацияланған бизнес жобалар жөніндегі түпкілікті шешімі хаттама түрінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес- жобалар қорғалған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде рәсімделеді.
35. Аудандық комиссия отырысының нәтижесі бойынша ӨКП филиалы оқуға қатысушыға ӨКП филиалы директорының/ӨКП филиалы жанындағы аудандық комиссия төрағасының қолы қойылған тиісті сертификатты, хаттамадан үзінді-көшірмені, сондай-ақ оқудан өткені және ӨКП филиалы жанындағы аудандық комиссияның презентацияланған бизнес жобаны мақұлдағанын растайтын өтінішхатты береді.
5-тарау. Бизнес-жобаларды сүйемелдеу тәртібі
36. Практикалық оқыту кезеңі аяқталғаннан және/немесе қаржыландыру туралы шешім алғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы/ӨКП филиалы іске асырылған бизнес-жобалар іске қосылған кезден бастап 12 (он екі) ай ішінде оларды сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
37. Бизнес-жобаларды сүйемелдеу кезеңі шеңберінде "Бастау Бизнес" жобасына қатысушылар ӨКП филиалына жүгінген кезде бизнесті қалыптастырудың және дамытудың операциялық және стратегиялық мәселелеріне қатысты ауызша және жазбаша сұрау салуларға жауап алады, оның ішінде маркетинг, өткізу, салықтық реттеу және басқа мәселелер бойынша консультация алады.
38. Бизнес-жобаларды сүйемелдеуді ӨКП филиалының қызметкерлері бизнес-тренерлерді тарта отырып (қажеттілігіне қарай) жүзеге асырады.
39. Бизнес-тренердің "Бастау Бизнес" жобасына қатысушыға баруына байланысты туындаған қосымша қаржылай шығындарды "Бастау Бизнес" жобасына қатысушы (келісу бойынша) көтереді.
6-тарау. Мониторинг
40. Бағдарламаның іске асырылуының ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратты үнемі алып тұру мақсатында мониторинг жүзеге асырылады.
41. "Бастау Бизнес" жобасы пайдаланушысының портретін сипаттауға, экономикалық немесе басқарушылық аспектілерде оқыту нәтижелілігінің, сондай-ақ ақпараттық-талдамалық материалдар ұсыну жылдамдығы мен сапасын айқындайтын Бағдарламаның ішкі факторларының жақсаруына/нашарлауына баға беруге қабілетті кешенді талдамалық есеп мониторинг қорытындысы болып табылады.
42. Бір айдағы статистикалық көрсеткіштерді, сапа және нәтижелілік аудитін талдау нәтижелерін пайдалана отырып, "Бастау Бизнес" жобасы тиімділігінің кешенді талдамалық есебін дайындауды қаржылай емес қолдау операторы жүзеге асырады.
43. Жобаның іске асырылу сапасы мен нәтижелілігінің аудитін қаржылай емес қолдау операторы телефонмен және тікелей пікіртерім жүргізу, сондай-ақ оқыту өткізу орнына шығу арқылы жүргізеді. Пікіртерім жүргізу үшін қаржылай емес қолдау операторы көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасына тікелей мониторингті жүзеге асыратын білікті мамандарды айқындайды. Тікелей пікіртерімдер білім алушылар толтыратын сауалнама негізінде жүргізіледі.
44. Қаржылай емес қолдау операторы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 2 (екісі) күніне қарай ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға "Бастау Бизнес" жобасы пайдаланушысының портретін сипаттауға қабілетті:
1) оқуға жіберілген адамдар (оның ішінде жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар);
2) оқуды аяқтаған адамдар, өз ісін ашқан адамдар;
3) микрокредит алған адамдар саны туралы міндетті ақпаратты қамтитын кешенді талдамалық есепті ұсынады.
7-тарау. "Бастау Бизнес" жобасына қатысушылардың шығындарын өтеу тәртібі
45. "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту оқушылар үшін тегін болып табылады.
46. Жобаны қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
"Бастау Бизнес" жобасын қаржыландырған кезде республикалық бюджет қаражаты есебінен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган және қаржылай емес қолдау операторы, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған ауыл шаруашылығы саласы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен ӨКП арасында шарт жасалады.
47. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтетін Бағдарлама қатысушылары техникалық және кәсіби орта арнаулы білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттерге арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшердегі стипендиямен қамтамасыз етіледі.
48. Тестілеу нәтижелері бойынша (шекті мәнді жинамаған) оқыту кезеңіне өтуге рұқсат берілмеген Бағдарламаға қатысушыларға стипендия төленбейді.
49. Бағдарламаға қатысушыларға көтермеақы төленбейді, тұруға арналған шығыстары мен басқа да ілеспе шығыстары өтелмейді.
Өтініш
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөніндегі тестілеуге қатысушылар тізіміне қосуыңызды сұраймын.
Қосымша ___ парақта (қажеттілігіне қарай): жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі, сауалнама, мекенжай анықтамасы.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделіп отырған белсенді шараларын алуға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
*ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтініш беруші жауапкершілікте болады.
Күні қолы
--------------------------------------------------------------------- (кесу сызығы)
Азамат (ша)_____________________________________ өтініші
20___ жыл "___" __________ қабылданып, № ______болып тіркелді.
Құжаттарды қабылдаған адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы және қолы:________________________________________________
*ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтініш беруші жауапкершілікте болады.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Сауалнама
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | |
ЖСН | |
Туған күні | |
Тұрғылықты жері | |
Мәртебесі |
жұмыссыз |
Бизнес-жоба, бизнес-идея (бар болса) саласы | |
Бизнес-жоба, бизнес-идея (бар болса) сипаттамасы | |
Кепілдік қамтамасыз етудің бар-жоғы (микрокредит беру үшін) | |
Сабаққа қатысу мүмкіндігін растаймын (80 сағат практикалық сабақ) | |
Осымен дайын екенімді растаймын |
1) салық заңнамасына сәйкес салық органдарында кәсіпкерлік субъекті ретінде тіркелуге (қаржыландыруға арналған өтінім қаралған кезге дейін); |
Қолы _________ Күні _________ | |
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқуға қабылданған қатысушылардың тізімі
БЕКІТЕМІН | |
______ ауданындағы филиалдың директоры ________ облысы кәсіпкерлер палатасы _______Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______(қолы, мөрі (бар болса)) Күні 201_ жылғы "__"_______ |
_____________ ауылы
___________ ауданындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының "Бастау Бизнес" жобасы легі қатысушыларының тізімі
№ | Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | Мәртебесі (жұмыссыз/өзін-өзі жұмыспен қамтыған/нәтижесіз жұмыспен қамтылған) |
1 |
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
"Бастау Бизнес" жобасына қатысуға үміткерлерді тестілеу қорытындысы жөніндегі хаттама
№ | Ауданның атауы | Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | Балы | Нәтижесі (жіберілді/жіберілген жоқ) |
1 | ||||
2 | ||||
3 | ||||
4 | ||||
5 | ||||
6 | ||||
7 | ||||
8 | ||||
9 | ||||
10 | ||||
11 | ||||
12 | ||||
13 | ||||
14 | ||||
15 |
Жұмыс тобы мүшелерінің қолы:
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
___________________________________ қолы
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
__________________________________ қолы
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
__________________________________ қолы
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Оқыту кезеңінің аяқталу қорытындысы бойынша хаттама __________ облысының _______________ауданы
Күні______
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқыту кезеңінің аяқталу қорытындысы бойынша мынадай сертификаттар түрін табыстау туралы шешім қабылданды
Оқуды аяқтағаны туралы сертификаттар
№ | Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | Негіздеме |
1 | ||
2 | ||
3 | ||
4 | ||
5 | ||
6 | ||
7 | ||
8 | ||
9 | ||
10 | ||
11 | ||
12 | ||
13 | ||
14 | ||
15 |
Оқуға қатысқаны туралы сертификаттар
№ | Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | Негіздеме |
1 | ||
2 | ||
3 | ||
4 | ||
5 | ||
6 | ||
7 | ||
8 | ||
9 | ||
10 | ||
11 | ||
12 | ||
13 | ||
14 | ||
15 |
Комиссия төрағасының қолы
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________ қолы
Комиссия мүшелерінің қолдары
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
____________________________________ қолы
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
____________________________________ қолы
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
_____________________________________ қолы
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
____________________________________ қолы
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
____________________________________ қолы
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
____________________________________ қолы
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Бизнес-жобаларды қорғау қорытындысы бойынша хаттама _______________ ауданы өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалы
Күні ______
"Бастау Бизнес" бизнес жобаларын қорғау қорытындысы бойынша комиссияның бизнес-жоспарларға ___ легі қатысушыларын алдын ала мақұлдау туралы мынадай шешім қабылдады
№ | Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | Жобаның атауы | Қажетті қаржыландыру сомасы | Қаржыландыру көзі | Комиссия шешімі |
1 | |||||
2 | |||||
3 | |||||
4 | |||||
5 | |||||
6 | |||||
7 | |||||
8 | |||||
9 | |||||
10 | |||||
11 | |||||
12 | |||||
13 | |||||
14 | |||||
15 |
Комиссия төрағасының қолы
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________ қолы
Комиссия мүшелерінің қолдары
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
_____________________________________ қолы
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
___________________________________ қолы
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
_____________________________________ қолы
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
____________________________________ қолы
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
_____________________________________ қолы
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
_____________________________________ қолы