"Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 сәуірде № 22512 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16013 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банк жүйесінде 2017 жылғы 22 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы бұйрыққа 426-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 6 сәуірдегі
№ 149 бұйрығы
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 553 бұйрығына
426-қосымша

"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы

Білім коды және бейіні:

0100000 – Білім беру

Мамандығы:

0101000 – Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Біліктілігі:

010105 1 – Тәрбиелеушінің көмекшісі


010101 3 – Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі

Базалық және кәсіптік құзыреттер

Модуль атауы

Модульге қысқаша шолу

Оқыту нәтижелері және бағалаудың өлшемшарттары

Модульді қалыптастырушы пәндер

Базалық модульдер

БК 1. Кәсіптік қызмет саласында кәсіптік лексиканы қолдану

БМ 01. Кәсіптік қызмет аясында кәсіптік лексиканы қолдану

Бұл модуль кәсіби қызметте қазақ (орыс) және шетел тілінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасауға қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар іскерлік қазақ (орыс) және шетел тілінің және кәсіптік лексика негіздерін меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару үшін (сөздікпен) қажетті қазақ (орыс) және шетел тілінің лексикалық және грамматикалық минимумын меңгереді.

Оқыту нәтижесі: 1) Өзінің кәсіптік қызметі саласында тілдесу үшін қазақ (орыс) және шетел тілінінің грамматикасы мен терминологиясын меңгеру.

Кәсіптік қазақ (орыс) тілі Кәсіптік шетел тілі

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Кәсіптік қатынасқа қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды меңгереді.
2. Мамандық бойынша терминологияны қолданады.

Оқыту нәтижесі: 2) Кәсіптік бағыттағы мәтіндерді аудару (сөздікпен) техникасын білу.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқиды және аударады (сөздікпен).

Оқыту нәтижесі: 3) Қазақ (орыс) және шетел тілдерінде кәсіптік диалогтік сөйлеу.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Жағдайға байланысты қисынды және ретті пікір айтады.
2. Кәсіптік қатынас үдерісінде диалог жүргізе алады.

БҚ 2. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде дайындау және рәсімдеу

БМ 02. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын құрастыру

Бұл модуль мемлекеттік тілде іс қағаздарын дайындауға және рәсімдеуге қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу негіздерін; құжаттарды дайындау тәсілдері мен қызметтерін, құжаттарды жіктеу, тасымалдағыштарын, мақсатын, құрамдас бөліктерін, рәсімдеу ережелерін меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар компьютерлік технологияларды қолдана отырып, кәсіптік қызметте қажетті қызметтік құжаттарды мемлекеттік тілде дайындауды үйренеді.

Оқыту нәтижесі: 1) Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ұйымдық-өкімдік және ақпараттық-анықтамалық құжаттармен жұмыс істеу.

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Құжаттардың түрлері мен жіктелуін сипаттайды.
2. Құжаттардың ақпараттық және коммуникативтік функцияларын түсінеді.
3. Құжаттардың құрылымын анықтайды.
4. Қызметтік құжаттардың негізгі деректемелерін қолданады.
5. Құжаттың мәтініне қойылатын талаптарды сақтайды.
6. Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ұйымдық-өкімдік және ақпараттық-анықтамалық құжаттармен жұмыс жасайды.

Оқыту нәтижесі: 2) Еңбек қатынастарын реттейтін құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қатынастарын реттейтін құжаттар туралы білімі бар.
2. Еңбек шартының қажетті талаптары туралы ақпаратты меңгереді.
3. Түйіндемені, өмірбаянды, мінездемені, өтінішті, арызды, сенімхатты, қолхатты мемлекеттік тілде дайындайды.

БҚ 3. Дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру

БМ 03. Дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру

Бұл модуль дене қасиеттерін және олармен байланысты қабілеттерді жетілдіру үшін қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін, физикалық және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздерін, салауатты өмір салтының негіздерін меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын ұдайы жетілдіру жағдайында денсаулықты нығайтуды; кәсіптік тұрғыда маңызды физикалық және психомоторлық қабілеттерді дамытуды; өзін-өзі бақылау және организмнің функционалдық жай-күйін бағалау дағдыларын меңгереді.

Оқыту нәтижесі: 1) Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салты қағидаттарын сақтау.

Дене тәрбиесі

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Салауатты өмір салтының негіздері мен мәдениетін ұғынады.
2. Бұлшық етке жүктеме түскен кездегі тыныс алу, қан айналым және энергиямен қамтамасыз ету жүйелері қызметінің физиологиялық негіздерін сипаттайды.
3. Жалпы дене дайындығы бойынша жаттығулар кешенін орындайды.
4. Күнделікті өмірде салауатты өмір салты мәдениетін сақтайды.

Оқыту нәтижесі: 2) Физикалық қасиеттерді және психофизиологиялық қабілеттерді жетілдіру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Командалық спорт ойындарының қағидаларын сақтайды.
2. Дене жүктемесінің негіздерін және оны реттеу тәсілдерін сипаттайды.
3. Жаттығуларды орындау техникасын меңгереді.
4. Үйренген ойын тәсілдері мен жеке тактикалық міндеттерді оқу ойынында қолданады.
5. Бағдарламада көзделген бақылау нормативтері мен тестілерін орындайды.

Оқыту нәтижесі: 3) Жарақаттану және жазатайым оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу кезінде жарақаттардың туындау себептерін, жарақаттанудың алдын алу тәсілдерін түсінеді.
2. Жарақаттар кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.

БҚ 4. Құқықтық негіздерді түсіну, өзін және өзінің қоғамдағы орнын сезіну, әлеуметтік, саяси, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды төзімділікпен қабылдау

БМ 04. Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану

Бұл модуль әлемнің философиялық бейнесін зерттеу, мәдениеттің болмысы мен арналуын түсіну; азаматтық құқықтар мен міндеттерді сақтау; қоғамның даму заңдылықтары мен перспективаларын, қазіргі замандағы әлемнің әлеуметтік-саяси үдерістердің даму үрдістерін түсіну негізінде ойлау мәдениетін қалыптастыруға қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: негізгі философиялық ұғымдарды және заңдылықтарды; мәдениеттерді, діндерді және өркениетті; мемлекеттік құқықтық қарым-қатынастар мен құбылыстардың жүйесін; азаматтар мен қоғамдағы саясаттың басқа да субъектілерінің өзара қарым-қатынастары жүйесінің жұмысын меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар: негізгі философиялық ұғымдарға сүйенуді; философияның негізгі мәселесі мен диалектика заңдарын түсінуді; әлемдік өрнениеттегі Қазақстан Республикасы халықтары мәдениетінің рөлі мен орнын талдауды;жалпы адамгершілік-адами құндылықтар мен гуманистік дүниетаным негізінде толеранттылық таныта білуді; адам баласын жек көрушілік, экстремистік, радикалдық және террористік идеологияларды мойындамауды; құқық нормаларын сақтауды; әлеуметтік өзара қарым-қатынастар барысында қалыптасатын әлеуметтік және саяси қатынастар жүйесінде бейімделуді үйренеді.

Оқыту нәтижесі: 1) Жалпы философиялық мәселелерді жақсы білу.

Философия негіздері Мәдениеттану Құқық негіздері Әлеуметтану және саясаттану негіздері

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Негізгі философиялық ұғымдарды біледі.
2. Философия тарихындағы таным үдерісінің мәнін және таным үдерісіне қарай әр түрлі көзқарастарды түсінеді.
3. "Диалектика", "диалектика заңдары", "болмыс", "материя", "қозғалыс", "кеңістік және уақыт" ұғымдарының мәндерін сипаттайды.
4. Философияның негізгі категорияларының мәні мен өзара байланысын анықтайды.
5. Әлемнің ғылыми, философиялық және діни көріністерінің ерекшеліктерін түсінеді.

Оқыту нәтижесі: 2) Адам өміріндегі еркіндік пен жауапкершілік, материалдық және рухани құндылықтар секілді философиялық категориялардың арақатынасын анықтау.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Тұлғаның өмірдің, мәдениеттің және қоршаған табиғи ортаның сақталуына жауапкершілік дәрежесін сезінеді.
2. Ғылымның, техника мен технологиялардың дамуымен және пайдаланылуымен байланысты әлеуметтік және этикалық проблемалардың мәнін түсінеді.
3. Адам өміріндегі материалдық және рухани құндылықтардың қатынасы туралы жеке пікірін тұжырымдайды.
4. Өмір шындығы мен мәні туралы әр түрлі көзқарастарды талдайды, осы түсініктерге қатысты өз көзқарасын қалыптастырады.

Оқыту нәтижесі: 3) Қазақстан Республикасы халқы мәдениетінің әлемдік өркениеттегі рөлі мен орнын түсіну.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Отандық мәдениеттің тарихын, дәстүрлі қазақ мәдениетінің құндылықтарын біледі.
2. Қазақстан Республикасы халқы мәдениетінің әлемдік өркениеттегі рөлі мен орнын түсінеді.
3. Тәуелсіз Қазақстанның мәдени жетістіктерін сипаттайды.

Оқыту нәтижесі: 4) Толеранттықты және белсенді тұлғалық көзқарасты қалыптастыратын моралдық-адамгершілік құндылықтар мен нормаларды түсіну.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттердің нысандарын және түрлерін, тарихын сипаттайды.
2. Әлемдік және дәстүрлі діндердің тарихын біледі және қазіргі жағдайын түсінеді.
3. Экстремистік радикалдық және террористік идеологияны ажырата алады.
4. Әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени ерекшеліктерді төзімділікпен қабылдайды.

Оқыту нәтижесі: 5) Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдарды білу.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Құқықтың мәнісін және негізгі белгілерін түсінеді.
2. Заңдылық және құқықтық тәртіп ұғымдарын біледі және қағидаттарын сақтайды.

Оқыту нәтижесі: 6) Құқықтың негізгі салалары туралы мәліметтерді білу.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне сәйкес азаматтың жеке тұлғалық қалыптасуының құқықтық мәртебесін түсінеді.
2. Әкімшілік реттеу әдістерін сипаттайды.
3. Әкімшілік және жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің қажеттілігін түсінеді.
4. Азаматтық және отбасы құқығының негізгі ережелерін меңгереді.
5. Салық түрлері туралы ақпаратты меңгереді.
6. Қылмыстық жауапкершілікті және оның туындау негіздемесін түсінеді.

Оқыту нәтижесі: 7) Еңбек заңнамасына сәйкес өзінің құқықтарын қорғау.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Еңбек кодексіне сәйкес қызметкердің құқықтары мен міндеттерін түсінеді.
2. Жұмысшы мен жұмыс берушінің материалдық және тәртіптік жауапкершілігін ажыратады.

Оқыту нәтижесі: 8) Әлеуметтанудың және саясаттанудың негізгі ұғымдарын меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Негізгі саяси ұғымдарды біледі: билік, саяси жүйе, саяси режім, мемлекет, мемлекеттік басқару нысандары, мемлекеттік құрылыс нысандары, саяси партиялар, партиялық жүйелер, саяси элита, саяси көшбасшылық, геосаясат.
2. Әлеуметтанудың негізгі ұғымдарын біледі: әлеуметтік қарым-қатынас, әлеуметтік құбылыс, әлеуметтік үдеріс, әлеуметтік ілгерілеу.
3. Жалпы әлеуметтік және саяси үдерістер мен жеке фактілердің арақатынасын белгілейді.

Оқыту нәтижесі: 9) Халықаралық саяси үдерістерді, геосаяси ахуалды түсіну.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Қазіргі әлемдегі Қазақстанның орны мен рөлін түсінеді.
2. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің құрылымын сипаттайды.
3. Саяси мәдениеттің жұмыс істеу мәні мен заңдылықтарын түсінеді.

БҚ 5. Заманауи экономикалық жүйенің заңдылықтарын және қызмет ету тетіктерін түсіну

БМ 05. Кәсіптік қызметте экономиканың базалық білімдерін қолдану

Бұл модуль қазіргі экономикалық жүйенің заңдылықтары мен тетіктері туралы, нарық тетіктері мен мемлекеттік реттеу әдістері туралы кешенді түсінік қалыптастыру үшін қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: экономикалық теория негіздерін; экономикалық жүйелердің жалпы негіздерін; макроэкономика негіздерін; экономиканың өзекті мәселелерін; "Жасыл экономиканың" негізгі міндеттерін меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар негізгі экономикалық мәселелерді, экономика теориясы мен бизнес негіздерінің тұжырымдық ережелерін түсінуді; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын анықтауды үйренеді.

Оқыту нәтижесі: 1) Экономикалық теория саласындағы негізгі мәселелерді меңгеру.

Экономика негіздері

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Экономикалық терминдерді біледі, нарықтық экономика заңдылықтары мен қағидаттарын түсінеді.
2. Өндіріс және тұтыну экономикасының негіздерін біледі.
3. Мемлекеттің салық саясатын сипаттайды.
4. Инфляция көздерін және оның салдарларын түсінеді.

Оқыту нәтижесі: 2) Кәсіпорынның меншік формасы мен түрін, жоспар түрін, негізгі экономикалық көрсеткіштерін анықтау.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Жоспарлаудың негізгі кезеңдері мен мазмұнын сипаттайды.
2. Математикалық әдістерді қолдана отырып, қажетті экономикалық есептеулерді орындайды.
3. Кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштерін анықтайды.

Оқыту нәтижесі: 3) Әлемдік экономиканың даму үрдістерін, мемлекеттің "жасыл" экономикаға өтуінің негізгі міндеттерін түсіну.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Әлемдік экономиканың даму үрдістерін сипаттайды.
2. Мемлекеттің "жасыл" экономикаға өтуінің негізгі міндеттерін түсінеді.
3. Жалпы ішкі өнім мен жалпы ұлттық өнімді есептеудің негізгі әдістерін қолданады.

Оқыту нәтижесі: 4) Кәсіпкерлік қызметтің табысқа ие болу және тәуекелге бару мүмкіндіктерін анықтау.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Кәсіпкерліктің мақсаттарын, факторларын және даму шарттарын сипаттайды.
2. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің заманауи ұйымдық-құқықтық нысандарын сипаттайды.
3. Кәсіпкерлік қызметтің жетістігін анықтайтын факторларды түсінеді.
4. Бизнес-жоспарды құру негіздерін біледі.

БҚ 6. Цифрлық сауаттылықты дамыту

БМ 06. Цифрлық сауаттылықты дамыту

Бұл модуль Интернеттің цифрлық ресурстарымен жұмыс істеу үшін қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар Интернет желісінде сайттармен жұмыс істей білуді, ақпаратты іздеп таңдауды, оны қажеттілігі бойынша қолдануды үйренеді.

Оқыту нәтижесі: 1) Интернетті қолданудың техникалық аспектілерін түсіну.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздері

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Интернеттің мүмкіндіктерін пайдаланады.
2. Браузерді баптайды және қолданады.
3. Құпиясөздерді құру ережелерін қолданады.
4. Компьютерлік вирустардан қорғану ережелерін сақтайды.

Оқыту нәтижесі: 2) Интернеттегі ақпаратпен жұмыс істеу.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Интернет-қауымдастықтың қағидаттарын сақтайды.
2. Ақпараттың нақтылығын анықтайды.
3. Сайттарға бағалау және талдау жүргізеді.
4. Авторлық құқық ұғымын түсінеді, Интернеттегі тәртіп кодексін сақтайды.

Оқыту нәтижесі: 3) Интернеттегі коммуникацияны жүзеге асыру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Әлеуметтік желілерді, аватарды, желідегі беделін басқарады.
2. Цифрлық әлемнің кодексі, виртуалды әлем, Интернеттегі агрессия туралы мәлімет алады.

Оқыту нәтижесі: 4) Цифрлық тұтынуды жүзеге асыру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Интернет-дүкендерді, сенім белгілерін, тұтынушылардың құқықтарын пайдаланады.
2. Интернеттегі жарнаманы, желідегі алаяқтықты түсінеді.
3. Фишингті, онлайн-ойындарды түсінеді.

БҚ 7. Қазақстанның тарихын, әлемдік қоғамдастықтағы рөлі мен орнын түсіну

БМ 07. Қазақстанның тарихын, әлемдік қауымдастықтағы рөлі мен орнын түсіну

Бұл модуль ұлттық сананы дамытуға, ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін орын алған тарихи оқиғалардың мәні мен заңдылықтарын түсінуге қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар Қазақстанның негізгі тарихи кезеңдерінің хронологиялық шекаралары мен мәнін меңгереді.

Оқыту нәтижесі: 1) Негізгі тарихи оқиғаларды түсіну.

Қазақстан тарихы

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін орын алған тарихи оқиғалар хронологиясын біледі және мәнін түсінеді.
2. Қазақ халқының жалпытүркі қауымдастығындағы, көшпелі өркениет жүйесіндегі, Еуразия әлемі халықтарының тарихи-мәдени қауымдастығының дамуындағы рөлі мен орнын анықтай біледі.
3. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси және қоғамдық өзгерістердің мәні мен бағытын түсінеді.
4. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін сипаттайды.

Оқыту нәтижесі: 2) Тарихи оқиғалардың себеп-салдарлық байланысын анықтау.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Қазақстан тарихының тұтастығы мен жүйелілігін көрсететін және сипаттайтын негізгі деректерді, үдерістер мен құбылыстарды анықтайды.
2. Тарихи оқиғалардың арасында байланысты орнатады.

Кәсіптік модульдер

"010105 1 – Тәрбиелеушінің көмекшісі" біліктілігі

КҚ 1. Мектеп жасына дейінгі балаларды күтуді жүзеге асыру

КМ 01. Балаларды күту және мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау

Бұл модуль балаларға күтім жасау бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға, алғашқы медициналық көмек көрсетуге және баланың өмірін қорғау және күнделікті жұмыстарды жүргізуге, санитарлық-гигиеналық шараларды орындауға, ішкі ережелерді, қауіпсіздік техникасы ережелерін және мектепке дейінгі ұйымдарда өрт қауіпсіздігінің талаптарын орындауды қамтамасыз етуге қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: бала ағзасының анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, баланы күтуге қажетті санитарлық-гигиеналық нормалар мен регламенттерді, балабақшада қолданылатын химиялық заттарды тазалау қолдану қағидасын, алғашқы медициналық көмек көрсету және балалардың өмірін қорғау қағидасын, барлық режимдік сәттерді және санитарлық-гигиеналық шараларды, ішкі ережелерді, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері мен әдістерін өткізу әдістерін меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар тәрбиешіге киіну, шешіндіру, жуындыру, жуыну, балаларды тамақтандыру және төсекке орналастыру кезінде, жарақаттану, кесіп алу, күйік шалу, үсік шалу, улану кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуге, балалар бақшасында және балалар ойын алаңдарында сабақтар, ойындар, жұмыс, ойын-сауық іс-шаралар кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды, әртүрлі жас топтарында күн тәртібіне сәйкес іс-шараларды өткізуге, үй-жайларды тазалауға және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес қажетті санитарлық тазалау үшін қажетті шаралар қабылдауда, балалар бақшасындағы және балалар алаңындағы балалардың физикалық қауіпсіздігін, балалар денсаулығының қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін, төтенше жағдайлар кезінде балалардың қауіпсіздігін сақтауда көмек көрсетуді үйренеді.

Оқыту нәтижесі: 1) Күн тәртібін ұйымдастыру.

Мектепке дейінгі педагогика Мектеп жасына дейінгі балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы Психология Педиатрия негіздері Балалардың өмірін қорғау және сақтау

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Тәрбиелеушінің көмекшісі жұмысының ерекшеліктері мен құрылымын меңгереді.
2. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытудағы күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсінеді.
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібінің мазмұнын меңгереді.
4. Балабақшадағы әртүрлі жас топтарындағы күн тәртібінің мазмұнын меңгереді.
5. Күн тәртібіне байланысты үдерістерін ұйымдастыру әдістерін меңгереді.
6. Серуендеге дейін және одан кейін киім кигізу, шешіндіру дағдыларын меңгереді және қажет болған жағдайда киімдерді кептіреді.
7. Дастарқан жаюды және күн тәртібі бойынша балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
8. Тамақты қабылдап алады және таратады.
9. Күн тәртібіне сәйкес балалардың ұйқысын ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
10. Баланың денсаулық жағдайы, ұйқысы, тәбеті, киімі туралы ата-анасыман әңгімелесу жүргізеді.

Оқыту нәтижесі: 2) Мектеп жасына дейінгі балалардың физиологиясы мен анатомиясы туралы жалпы түсінігі болу.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Балалардың анатомиялық және физиологиялық өсу мен дамуының заңдылықтарын түсінеді, баланың жүйке жүйесінің функциялары мен, тірек-қимыл жүйесінің маңыздылығын түсінеді.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың ас қорыту жүйесінің ерекшеліктерін, баланың организміндегі зат алмасуды, зәр шығару жүйесінің маңыздылығы мен функцияларын, терінің құрылымын және функциясын түсінеді.
3. Жұқпалы аурулардың алдын алу және олардың туындауы мен таралуына жол бермеу мақсатында білімін қолданады.
10. Санитариялық-гигиеналық бұзушылықтарды болдырмау және уақтылы жою және эпидемияға қарсы нормалар мен ережелерді сақтау мақсатында мектепке дейінгі гигиена бойынша нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. (ҚР ДСМ-нің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 "Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы санитарлық ережелерді бекіту туралы" бұйрығы).

Оқыту нәтижесі: 3) Мектеп жасындағы балалардың жасына байланысты психологиялық ерекшеліктерін білу.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың психологиялық әдістерін, психологиялық ерекшеліктерін түсінеді.
2. Темперамент, табиғат, қабілеттілік ерекшеліктері: генотип, фенотип, ерекшеліктер туралы біледі.
3. Барлық психикалық және танымдық үдерістер туралы түсінеді.
4. Психодиагностика үдерісін жүзеге асырады Сауалнама, психологиялық тестілеу, әдістеме, алынған нәтижелерді өңдеуды жүргізеді.
5. Балалардың қызметін ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық жағдайын талдайды және балалар ортасында оң қарым-қатынастарды қалыптастырады.
6. Тренингтерді өткізеді.
7. Баланың өзін-өзі тану ерекшеліктері мен өзін-өзі реттеуі туралы түсінігі болады.
8. Балалар арасындағы адамгершілік, позитивті, коммуникативті қарым-қатынасты қалыптастырады.
9. Ерте жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясы мен дамуын іске асырады.
10. Баламен эмоционалды байланыс орнатады, психоэмоционалдық жайлылық деңгейін анықтайды.

Оқыту нәтижесі: 4) Дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің негізгі ұғымдары мен дағдыларын меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Мектеп жасына дейінгі балаларға алдын-ала медициналық көмек көрсетудің жалпы ережесін меңгереді.
2. Қажет болған жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді уақтылы ұйымдастыру жауапкершілігін түсінеді.
3. Зардап шеккен адамның немесе науқас баланың денсаулық жағдайы бойынша алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастырады.
4. Жаралану кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету амалдарын меңгереді.
5. Күйік шалу, естен тану, улану кезіндегі дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгереді.
6. Күтпеген жерден ауырып қалған немесе жарақат алған (жарақат алу, кесу) балаға ауруханаға дейінгі көмек көрсету тәсілдерін меңгереді.
7. Жұқпалы аурулар кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету әдістерін меңгереді.

Оқыту нәтижесі: 5) Санитариялық-гигиеналық шараларды жүзеге асыру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың гигиенасының талаптарына жауап беретін іс-шараларды орындайды.
2. Балалардың жеке гигиенасына күтім жасау жөніндегі іс-шараларды орындау тәртібін ұстанады.
3. Балалардың бойында мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырады.
4. Балаларды қабылдау үшін топтық бөлме дайындайды: желдетеді, ауаның температурасын бақылайды, үй-жайларға дымқыл тазалау жүргізеді.
5. Санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына сәйкес ойын бөлмесін, жатын бөлмені, қабылдау тобын күнделікті тазалауды жүзеге асырады.
6. Инфекцияның таралуының алдын алу бойынша профилактикалық шараларды жүргізу дағдысын меңгереді.
7. Ыдыс-аяқты, ойыншықтарды, жуынатын бөлмені, тазалағыш құралдарды жуу бойынша санитариялық ережелер мен нормалар талаптарын ұстанады.
8. Санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына сәйкес төсек-орын ауыстыру кестесін ұстанады.
9. Балабақшада қолданылатын жуғыш заттардың химиялық құралдарын пайдалану ережелерін ұстанады.
10. Серуендеуге арналған аймақтарға тексеру жүргізеді және дайындайды.

Оқыту нәтижесі: 6) Қауіпсіздік техникасын және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін орындау.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың заңнамалық және құқықтық нормаларын меңгереді.
2. Жалпы қауіпсіздік талаптарын меңгереді.
3. Балалар топта болған кездегі қауіпсіздік талаптарын меңгереді.
4. Балалардың бойында техника қауіпсіздігінің ережелерін ұстану дағдыларын қалыптастырады.
5. Ойындарды, серуендеуді және экскурсияларды ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік шаралары мен сақтық шараларын ұстанады.
6. Топтағы қолда бар заттар мен жиһазды бекіту және орналастыру талаптарын меңгереді.
7. Сабақтағы техника қауіпсіздігінің ережелерін меңгереді: пішіндеу, сурет салы, құрылымдау, қолданбалар, музыка, дене тәрбиесі.
8. Топтағы және ойын алаңдарындағы балалардың өмірін қорғау ережелерін сақтайды.
9. Бөлмелерді ерітінділермен дезинфекциялау кезінде және кварцпен өңдеу кезінде сақтық шараларын меңгереді.
10. Эвакуация схемасына сәйкес өрт болған жағдайда балаларға арнайы белгіленген шығу есіктерін анықтайды.
11. Өрт сөндіру жабдықтарын пайдалану туралы білімді меңгереді.
12. Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік талаптарын меңгереді.

КҚ 2. Мектеп жасына дейінгі балалармен білім беру-тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыруға, бос уақытты ұйымдастыруға және өткізуге қатысады

КМ 02. Мектеп жасына дейінгі балалармен білім беру-тәрбиелеу қызметін ұйымдастыруға және бос уақытты өткізуге қатысу

Бұл модуль мектеп жасына дейінгі балалармен бос уақытты ұйымдастыру және өткізу бойынша білім беру қызметін ұйымдастыруға қатысу үшін қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: мектепке дейінгі педагогика негіздерін; тәрбие жұмысының жалпы түсініктерін меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар қажетті дидактикалық материалдарды таратуды; кестеге сәйкес түрлі жұмыстарға арналған керек-жарақтарды дайындауды; балаларды жаттығу залына, музыкалық залға ертіп апаруды; таңертеңгі қойылымдарға, спорттық іс-шараларға қатысуды үйренеді.

Оқыту нәтижесі: 1) Мектепке дейінгі педагогиканың негіздерін, дидактикалық оқыту сабақтарына көмек көрсету негіздерін меңгеру.

Мектепке дейінгі педагогика Жұмысшы біліктігін алуға арналған өндірістік практика

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Мектепке дейінгі педагогиканың жалпы мәселелерін меңгереді.
2. Сабақты дайындауға және ұйымдастыруға қатысады.
3. Мектепке дейінгі жастағы жеке, топтық сабақтарды өткізуге қатысады.
4. Балалардың бос уақытын ұйымдастыруға қатысады (ертеңгіліктер, жорықтар, театрлар, кино, мұражайлар).
5. Эстетикалық білімнің негізгі ұғымдарын меңгереді.
6. Еңбекке тәрбиелеудің негізгі ұғымдарын меңгереді.
7. Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі ұғымдарын меңгереді.
8. Тәрбиешіге әртүрлі сабақтарға қажетті заттарды дайындауға көмек көрсетеді.

Оқыту нәтижесі: 2) Тәрбие жұмысы туралы жалпы түсінігі болу.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын түсінеді.
2. Топта ұжымдық қарым-қатынас орнатудың негізгі тәсілдерін қолданады.
3. Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басын қалыптастыру туралы түсінігі бар.
4. Мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру туралы түсінігі бар.
5. Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін тәрбиелеуге және түзетуге қатысады.
6. Шынығу процедураларын жүргізу тәсілдерін меңгереді.

Оқыту нәтижесі: 3) Балабақшада сабақты өткізуге қатысу үшін оқу үдерісінің жалпы түсінігін меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Балабақшадағы сабақтардың құрылымы туралы жалпы түсінігі бар.
2. Қажетті заттарды дайындау үшін балабақшадағы циклограмманың мазмұны туралы жалпы түсінігі бар.

"010101 3 – Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі" біліктілігі

КҚ 3. Білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады

КМ 03. Білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру

Бұл модуль мектепке дейінгі білім беру саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: педагогикалық қызметтің негіздерін, меңгереді. Модульді оқыған кезде оқушылар әртүрлі жастағы балаларға және арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға бағытталған инновациялық технологияларды пайдалана отырып сабақты жоспарлауды үйренеді; әдістемелік басшылықты пайдалану; білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру; Балалардың дамуына баға беру, оқытудың жаңа әдістерін және мониторингті бағалауды ескере отырып; сабақтарға қажетті дидактикалық материалдарды таңдап, қолдануды меңгереді.

Оқыту нәтижесі: 1) Мектепке дейінгі білім беру саласындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес педагогикалық қызметтің негізін меңгеру.

Мектепке дейінгі педагогика Педиатрия негіздері Сынама практикаға дайындық (өндірістік оқыту) Байқау және сынама практика: Мектепке дейінгі ұйымдардың кіші топтарындағы тәрбиешінің қызметі Мектепке дейінгі ұйымдардың орта және жоғарғы топтарындағы тәрбиешінің қызметі Диплом алды практикаға дайындық

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының мазмұнын, оқу жоспарының мазмұнын меңгереді.
2. Оқу үдерісін жоспарлау кезінде қолданылатын заңнамалық және нормативтік базаны, орта және ұзақ мерзімді жоспарлау нысандарын меңгереді.
3. Отандық және шетелдік білім беру жүйелерінің даму үрдістерін түсінеді.
4. Оқу жоспарының талаптарына сәйкес оқу сабақтарының жоспарын құрастырады.
5. сыни ойлау, ойын, даму тренингтері Н.Зайцева, "Step by step", М. Монтессори және басқа технологияларды қолданады.
6. Оқыту сабақтарын (циклограмма) жоспарлаудың заманауи формаларын меңгереді7.
7. Интерфактивті коммуникацияны жүзеге асыру үшін критикалық тақырыптарды ескеру.

Оқыту нәтижесі: 2) Педиатрия мен балалар гигиенасының негізгі ұғымдарын, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруді ұйымдастырудың гигиеналық негіздерін меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Педиатрия және мектепке дейінгі гигиена пәні мен олардың міндеттері туралы түсінікті меңгереді.
2. Педиатрия және мектепке дейінгі гигиенаның басқа ғылымдармен байланысын түсінеді.
3. Педиатрия және мектепке дейінгі гигиенаның негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсінеді.
4. Педиатрияның негізгі ережелерін және физикалық даму мен жүйке жүйесінің ерекшеліктерін айқындайды.

Оқыту нәтижесі: 3) Мектепке дейінгі ұйымда тәрбие-білім беру үдерісін ұйымдастыру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Өз мамандығы туралы толық көрініс қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі мекемелердің қызметін түсінеді.
2. Ұйымдардың қызметін реттейтін нұсқаулық пен нұсқаулықтарды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бастапқы оқытуды ұстанады.
3. Тәрбие жұмысының мазмұны мен құрылымын түсінеді.
4. Жаc ерекшелгіне байланысты топтарда балалардың даму деңгейін анықтау үшін диагностиканы өткізу әдістерін жүргізеді.

Оқыту нәтижесі: 4) Мектепке дейінгі ұйымдағы кіші топтағы тәрбиешінің қызметін жүзеге асыру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. 1-ші, 2-ші кіші топтарда тәрбиелеу-білім беру жұмысының түрлері мен нысандарын жоспарлайды және жүргізеді.
2. 1-ші, 2-ші кіші топтарда тәрбиелеу-білім беру жұмысының әдістері мен амалдарын қолданады.
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін сипаттайды.
4. Балабақшаның типтік бағдарламасы бойынша тәрбиелеу мен оқыту негіздерінде 1-ші, 2-ші кіші топтарда жеке жоспарды құрастырады.
5. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, әр түрлі тәрбиелеу-білім беру жұмыстарын жүргізеді.
6. 1-ші, 2-ші кіші топтардағы балалармен шынығу процедурасын өткізуге қатысады.
7. 1-ші, 2-ші кіші топтардағы балалармен тәртіптік үдерістер мен сынақ сабақтарын өткізеді.

Оқыту нәтижесі: 6) Мектепке дейінгі ұйымдардың орта және жоғарғы топтарындағы тәрбиешінің қызметін меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Орта және жоғары топтардағы білім беру және тәрбие жұмысының түрлері мен формаларын жоспарлайды және жүргізеді.
2. Орта және жоғарғы топтардағы білім беру және тәрбие жұмысының әдістерін және амалдарын қолданады.
3. Топтың балаларымен тәртіптік үдерістерді және сынақ сабақтарын өткізеді.
4. Балабақшаның типтік бағдарламасы бойынша тәрбиелеу мен оқыту қағидаларының негізінде орта және жоғары топтарда жеке жоспарды құрастырады.
5. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, әр түрлі тәрбиелеу-білім беру жұмыстарын жүргізеді.
6. Балалардың физикалық, интеллектуалды, рухани және адамгершілік дамуына қолдау көрсетеді.
7. Орта және жоғары топтардағы балалармен шынығу процедурасын өткізуге қатысады.
8. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін сипаттайды.

Оқыту нәтижесі: 7) Өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау және өзара бағалаудың дамуына ықпал ететін оқыту әдістерін және әдістемесін меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Мектепке дейінгі ұйымдарда өзіндік жұмыс істеу үшін қажетті әдістер мен тәсілдерді пайдаланады.
2. Болашақ тәрбиеші портфолиосының мазмұнын түсінеді.
3. Жобалардың таныстырылымдарын әзірлейді.
4. Сабақтар мен тәртіптік үдерістердің жоспар-конспектісін құрастырады.
5. Пәндер бойынша әдістемелік ақпаратты іздестіру тәсілдерін меңгереді.
6. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.

КҚ 4. Оқыту ақпаратын тарату, өз бетінше білім іздеуге үйрету

КМ 04. Оқу ақпаратын тарату, өздігінен білім іздеуге үйрету

Бұл модуль оқу қызметін ұйымдастыру үшін қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар пәндерді оқыту әдістемесін, оқытудың қазіргі заманғы әдістерін, әдістемелерін, нысандары мен құралдарын қолдануды меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар тіршілік қауіпсіздігі негіздерін ескере отырып, сабақтар өткізуді; озық педагогикалық технологияларды, оның ішінде командалық жұмыстың әдістерін қолдануды, оқу жоспарын кеңейтетін қосымша ресурстардың көмегімен сабақ беруді үйренеді.

Оқыту нәтижесі: 1) Білім беру қызметін ұйымдастыру әдістері мен қағидаларын, мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудың теориясы мен технологиясын меңгеру.

Мектепке дейінгі педагогика Этнопедагогика Өзін-өзі тану Логопедия негіздері Сөйлеуді дамыту теориясы мен әдістемесі Балалар әдебиеті Мәнерлеп оқу Қарапайым математикалық көріністерді қалыптастыру әдістемесі Балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі Білім берудің технологиясы мен әдістемесі Бейнелеу өнерінің оқыту әдістемесімен негіздері Музыка тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі Хореография элементтері бар ритмика Байқау және сынама практика (тәрбиелеушінің өзіндік қызметі)

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Оқыту теориясын; білімді меңгеру кезеңдерін, оқытудың заңдылықтарымен мен қағидаларын; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын орындауды меңгереді.
2. Оқыту әдістерін және білім беру мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың нысандарын жіктеуді меңгереді.
3. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын, негізгі түсініктерін, салаларын, қарым-қатынасын анықтайды.
4. Білімді игеру кезеңдерін, оқыту қағидаларын ескере отырып, жұмыс жүргізуді жүзеге асырады;
5. Білім беру мазмұны туралы құжаттарды талдау тәсілдерін, әдістер мен амалдарды қолдануға қойылатын талаптарды меңгереді.
6. Мектеп жасына дейінгі балалармен түзету педагогикасының негіздері туралы түсінігі бар.

Оқыту нәтижесі: 2) Этнопедагогиканың мазмұнына сәйкес этикалық, рухани құндылықтарды қалыптастыру әдістерін меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Білім беру қызметін ұйымдастыру үдерісінде озық ұлттық дәстүрлерді қолданады.
2. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерін қолданады.
3. Балалардың бойында төзімділік, патриотизм, гуманизм, әділеттілік сезімін қалыптастырады.
4. Отбасылық тәрбиенің дәстүрлерін түсінуді қалыптастырады.

Оқыту нәтижесі: 3) Өзін-өзі тану пәнінің теориялық және әдіснамалық негіздерін, моральдық қатынастардың тәрбиелік маңызын, сондай-ақ өздігінен білім берудің мақсаттарын, міндеттерін, нысандарын және әдістерін қолдану.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Мектепке дейінгі ұйымда өзін-өзі тану мазмұнын қолданудың әдістемесін меңгереді.
2. Баланың рухани-адамгершілік дамуы үшін қажетті жағдайлар жасайды.
3. Баланың және ерекше білім беруді қажет ететін балалардың жеке әлеуетін анықтау әдістемесін меңгереді.

Оқыту нәтижесі: 4) Сөздің бұзылуын болдырмау және жою тәсілдерін меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Логопедияның теориялық негіздерін, принциптері мен әдістерін меңгереді.
2. Сөйлеу бұзылыстарының негізгі топтарын ажыратады.
3. Сөйлеу кемістігі құрылымындағы бастапқы және қайталама ерекшеліктерді анықтайды.
4. Сөйлеуінде ақауы бар балаларды сипаттайды.
5. Нақты жіктеудегі сөйлеу бұзушылықтарын анықтайды.

Оқыту нәтижесі: 5) Мақсатты педагогикалық үрдіс жағдайында балалардың ана тілінде сөйлеу және сөздік қатынас дағдыларын игеру үдерісін меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Әртүрлі жас топтарында сөйлеуді дамытуға арналған жұмыстың мазмұнын меңгереді.
2. Балалардың меңгереді сөйлеу дағдылары мен икемдерінің, тілдік формаларының құрамын анықтайды.
3. Өзінің ана тілін үйрету заңдылықтарын меңгереді.
4. Тілді дамытудың қағидалары мен әдістерін анықтайды.
5. Балалардың сөйлеуін және сөйлеу тілін дамытуда практикалық шараларды жүргізеді.
6. Қарапайым және күрделі хабарлы мен сұраулы сөйлемдерді грамматикалық дұрыс құрастырады.
7. Тілдесуде сөйлеу этикетін сақтап диалог жүргізеді.
8. Өзі және қоршаған орта туралы ақпаратты жеткізеді.
9. Сөйлеуді және ссөздік қатынасты дамыту жүйесіндегі дидактикалық үдерісті әзірлеуді жоспарлайды;
10. Балабақшадағы көркем әдебиетпен танысу әдістемесін меңгереді.
11. Балалар кітаптарының идеологиялық және көркемдік мазмұнын өз бетінше талдайды және дұрыс таңдайды, балаларды тәрбиелеудің маңыздылығын анықтайды.

Оқыту нәтижесі: 6) Балалар әдебиетінің мазмұны мен жұмыс жүргізу әдістерін меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Балалар әдебиетінің тәрбиелік мәселелері мен ерекшеліктерін түсінеді.
2. Көркем әдебиеттің жанрларын анықтайды.
3. Ертегілердің тәрбиелік мәнін анықтайды.
5. Фольклор мен кәсіби шығармашылық арасындағы айырмашылықты сипаттайды.
4. Мәтінмен жұмыс істеуді талдау амалдары мен түрлерін меңгереді.

Оқыту нәтижесі: 7) Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасымен анықталған жұмыстардың мазмұны мен мәнерлеп оқу дағдыларын меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Мәнерлеп оқу дағдыларын дамытудың негізгі әдістерін меңгереді.
2. Мәнерлеп оқу жұмысын ұйымдастыру әдістемесін меңгереді.
3. Сөйлеу кезінде тыныс алу жаттығуын орындайды.
4. Түрлі әдеби жанрларды орындау ерекшеліктерін меңгереді.
5. Мультимедиямен жұмыс істеуді ұйымдастырады.
6. Көркем туындының сюжеті бойынша сценарий жасайды

Оқыту нәтижесі: 8) Қарапайым математикалық көріністерді қалыптастыру әдістемесін меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың есептік және сандық көріністерді, мөлшерін, формасын, кеңістікті және уақытты қабылдау ерекшеліктерін меңгереді.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың көлемдерді, кеңістік қатынастарын қабылдау ерекшеліктерін меңгереді.
3. Қажетті дидактикалық ойындарды, дидактикалық көрнекі материалдарды іріктейді.
4. Ұзындығы, ені, биіктігі бойынша заттарды салыстыру әдістерін меңгереді, балалардың көрнекі қабілеттерін дамытады.
5. 1-ден 20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту дағдыларын қалыптастыру әдістерін меңгереді.
6. Балаларды математикаға үйретудің түрлі нысандарын ұйымдастырады.
7. Арифметикалық тапсырмалар және тапсырманың құрылымымен таныстыру туралы түсінігі бар.
8. Дидактикалық материалдарды геометриялық фигураларды ажыратып, кеңістікте бағдар ұстай білу дағдыларын қалыптастыру үшін қолданады.
9. Сусымалы және сұйық заттардың көлемін өлшеу амалдарын қолданады.
10. Әртүрлі жас топтарында құрылымдаудың құрылымы мен мазмұны туралы түсінігі бар.
11. Сыныпта алдыңғы қатарлы технологиялардың әдістерін меңгереді және қолданады.

Оқыту нәтижесі: 9) Балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесін меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдісінің мақсаттары мен міндеттерін түсінуді меңгереді.
2. Табиғат туралы түсінік қалыптастырады.
3. Туған өлке табиғатының ерекшеліктерін анықтайды.
4. Қоршаған ортаны және табиғатты қорғау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
5. Экологиялық мәдениетке баулиды.
6. Экологиялық тапсырмаларды шешуге көмектеседі.

Оқыту нәтижесі: 10) Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесін меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Дене тәрбиесінің міндеттерін орындайды.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық даму ерекшеліктерін қалыптастырады.
3. Дене тәрбиесі мен балаларды дамыту әдістері мен амалдарын меңгереді.
4. Іс-қимыл және спорт ойындарын ұйымдастырады және өткізеді.
5. Гимнастиканы ұйымдастыру және өткізу әдістерін меңгереді.
6. Қозғалыс қызметін: дене тәрбиесі сабақтарын, таңертеңгілік гимнастиканы, дене тәрбиесін, шынығуды, қимыл ойындарын, экскурсияны, жеке жұмысты ұйымдастыру нысандарын меңгереді.
7. Әртүрлі жас топтарында негізгі қозғалыс түрлерін орындайды.
8. Іс-қимыл ойындарын ұйымдастырудың және өткізудің гигиеналық талаптарын ұстанады.
9. Сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу амалдарын меңгереді.
10. Сабақта балалардың қозғалу белсенділігін арттыру үшін әдістер мен амалдарды меңгереді.
11. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі үшін қажетті құралдар мен жабдықтарды қолданады.
12. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін дамыту бойынша жұмыстарды жоспарлауды және есепке алуды жүргізеді.

Оқыту нәтижесі: 11) Бейнелеу өнерінің мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін және оны мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту әдістерін меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Пәннің мақсаттары мен міндеттері туралы түсінікті меңгереді.
2. Пәннің мазмұнын меңгереді.
3. Мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық технологияларды қолдану арқылы пәндерді оқыту әдістерін пайдаланады: өнертапшық есептерді шешу теориясы, жобалық қызмет, проблемалық оқыту, Н. Силовин технологиясы және тағы басқа.
4. Мектепке дейінгі мекемелерде пәннен сабақ беру әдістемесінде осы білімін қолдануды түсінеді.

Оқыту нәтижесі: 12) Мектепке дейінгі мекемелерде мүсіндеуге және модельдеуге арналған оқыту әдістерінің, материалдар мен жабдықтардың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері туралы жалпы түсінікті меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Пәннің мақсаттары мен міндеттері туралы білімді меңгереді.
2. Мектепке дейінгі мекемелерде пәндерді оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін меңгереді.
3. Пластикалық өнердің ерекшеліктері туралы біледі.
4. Скульптураның түрлерін ажырата алады.

Оқыту нәтижесі: 13) Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу үшін олардың жас топтарын ескере отырып, практикалық дағдыны қалыптастырудың нысандарын меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Мерекелік іс-шаралардың мазмұнын ескере отырып, музыкалық репертуарды таңдайды.
2. Балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, дәстүрлі музыканың материалын ұсыну тәсілдерін табады.
3. Ән мен поэтикалық шығармашылықты меңгереді;
4. Музыкалық өнер арқылы балалардың бойында патриотизм сезімін тәрбиелейді;
5. Музыка сабақтарын жоспарлау әдістерін меңгереді.
6. Аудиовизуалды, мультимедиялық оқу құралдарын қолдану дағдыларын меңгереді.
7. Балалар шығармашылығындағы музыкалық аспаптардың түрлерін қолданады.

Оқыту нәтижесі: 14) Ырғақ және хореографияның негіздерін, балаларды биге қызықтыруға үйрету, мектеп жасына дейінгі балалардың билеу қабілетін, ырғақ сезімін, музыкаға эмоционалды жауап беруді, билеу айқындылығын, қозғалыстарды үйлестіруді, ғарышта бағдарлауды, эстетикалық талғамды тәрбиелеуді қалыптастыруды меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, біртіндеп және дәйекті түрде ырғақты қозғалыстарға үйретеді.
2. Мерекелік бағдарламалар үшін музыкалық репертуарды таңдайды.
3. Музыкалық тәрбие бойынша мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының мазмұнын меңгереді.
4. Балалардың пішінін, сымбатын, ырғақтылығын, қозғалысын келісімділігін қалыптастырады.
5. Хореографиялық залда санитарлық-гигиеналық талаптарды ұстынады.

Оқыту нәтижесі: 15) Мектепке дейінгі мекемелердің жастық топтарында білім беру және тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен амалдарын қолдану.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Тәрбиешімен бірге ата-аналар жиналыстарын ұйымдастырады және өткізеді.
2. Сабақта жеке және топтық жұмысты балалармен бірге ұйымдастырады.
3. Дидактиканы және жеке әдістемені зерделеу барысында алған білімді тәжірибеде қолданады.
4. Педагогикалық және психологиялық диагностиканы өткізеді, талдайды және қорытынды жасайды.
5. Мектепке дейінгі ұйымдарда мерекелер мен ойын-сауық шараларын ұйымдастырады.
6. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойыны мен еңбек қызметін жоспарлайды және ұйымдастырады.
7. Әртүрлі жас топтарындағы балалармен тәртіп үдерістерін, сабақтарды жүргізеді.
8. Сабақты өткізу үшін көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдарды дайындайды.
9. Балалардың физикалық, интеллектуалды, рухани және адамгершілік дамуына арналған іс-шараларды жоспарлайды және ұйымдастырады.
10. Мерекелерді, ойын-сауық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлайды.

Оқыту нәтижесі: 16) Білімнің жаңартылған мазмұны шеңберінде сауаттылықты зерттеудің мақсатын, міндеттері мен мазмұнын меңгеру. Әліппемен жұмыс істеу әдістері мен амалдарын меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Сауаттылықа үйрету бойынша көмекші құралдың мазмұнын меңгереді.
2. Сауаттылыққа үйретудің негізгі әдістері мен амалдарын меңгереді.
2. Дыбысты шығару бойынша баланың ерекшеліктерін дамытады.
4. Сауаттылыққа үйретуді жоспарлау әдістерін меңгереді.
5. Сауаттылыққа оқытуда озық тәжірибелер мен жаңа технологияларды қолданады.
6. Сауаттылыққа үйретудің психологиялық негіздерін меңгереді.
7. Ұсақ моториканы дамыту әдістерін, амалдарын және технологияларын қолданады.
8. Мектеп жасына дейінгі балаларды сауаттылыққа үйрету бойынша түзету жұмыстарының әдістерін меңгереді.


КҚ 5. Білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне қатыстыру

КМ 05. Білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне қатыстыру

Бұл модуль тәрбие жұмысының нысандарын, әдістерін, функцияларын және мазмұнын сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: әлеуметтік-адаргершілік құндылықтардың мазмұнын меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар мектеп жасына дейінгі балалармен бірге тәрбие жұмысын жоспарлауды; этикалық, рухани құндылықтарды, халық дәстүрлерін қалыптастыруды, эстетикалық, еңбек, физикалық, патриоттық тәрбие дағдыларын қалыптастыруды үйренеді.

Оқыту нәтижесі: 1) Мектепке дейінгі жастағы балаларды дамыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктерін, міндеттері мен мазмұнын түсіну, теориясын меңгеру.

Мектепке дейінгі педагогика Этнопедагогика Тәрбие жұмысының әдістемесі Табиғаттану және экология бойынша практика Практика "Балабақшадағы оқу жылының басталуы"

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Балалармен тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін түсінеді.
2. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру қызметінің негіздерін оқыту әдістемесі мен амалдарын меңгереді.
3. Рухани, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, физикалық, патриоттық тәрбиенің мазмұны мен құралдарын меңгереді.
4. Адамгершілік, эстетикалық, еңбек, физикалық, патриоттық тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін орындайды.
5. Эстетикалық, еңбек, физикалық, патриоттық тәрбие әдістері мен амалдарын қолданады.
6. Білім беру және тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде дидактикалық қағидаларды ұстанады.
7. Балалардың білім деңгейлеріне, топтағы мінез-құлқына, қарым-қатынасына, оның моральдық қасиеттеріне және оң сипаттамаларына талдау жүргізеді.
8. Арнайы білім беру қажеттіліктері бар адамдарға (қандастардың, Қазақстанның бейрезиденттерінің, азшылық ұлттардың балалары, дарынды балалар, мүгедек балалар) педагогикалық қолдау көрсетудің әдістерін меңгереді.

Оқыту нәтижесі: 2) Этнопедагогиканың мазмұнына сәйкес этикалық, рухани құндылықтарды қалыптастыру әдістерін меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Білім беру қызметін ұйымдастыру үдерісінде озық ұлттық дәстүрлерді қолданады.
2. Халықтың білім берудегі физикалық, еңбек, адамгершілікті сүйетін, экологиялық жүйені қалыптастырудың мақсатын, міндеттерін, әдістері мен амалдарын меңгереді.
3. Этикалық, рухани құндылықтарға, халықтық педагогикалық дәстүрге деген қызығушылықты қалыптастырады.
4. Әлеуметтік, этникалық мәдени айырмашылықтарды төзімділікпен қабылдайды.
5. Халықтық тәрбиенің факторы мен құралдарын қолданады.

Оқыту нәтижесі: 3) Тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын, тәрбие жұмысының әдістерін, тәрбие беру нысандарын және тәрбиелеуді жоспарлауды меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Тәрбиелеудің әдістерін, амалдарын, құралдарын меңгереді.
2. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие жұмысын жоспарлау үлгісін меңгереді.
3. Жас ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық қызметті жоспарлайды, тәрбие жұмысын жоспарлау мен жүргізуде тәрбиелеудің формалары мен әдістерін тиімді қолданады.
4. Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруды меңгереді.
5. Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және эмоциялық дамуын түзетуге бағытталған тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
6. Балалардың мінез-құлқы мен қызметін бақылайды, мектеп жасына дейінгі балалардың даму көрсеткіштерін жүргізеді.
7. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі бағыттары бойынша білім беру қызметін ұйымдастырады және жүргізеді.

Оқыту нәтижесі: 4) Қоршаған ортамен, жергілікті жердің табиғатымен танысуды ұйымдастыру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Қоршаған ортаны қорғау және оны мектепке дейінгі жастағы балалармен бақылау бойынша іс-шараларды өткізеді.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық санасы мен экологиялық мәдениетін қалыптастырады.
3. Балалардың тірі және өлі нысандарды қадағалауын ұйымдастырады.
4. Әдістемелік тапсырмалардың сипаты бойынша бақылау әдістерін меңгереді.
5. Табиғат бұрышына арналған тірі объектілерді іріктеуге қойылатын талаптарды қолданады.
6. Балабақша топтарында табиғат бұрышын талаптары мен тәртібіне сәйкес жасайды.
7. Мектепке дейінгі жастағы балалармен серуендеу кезінде табиғатпен танысу әдістерін қолданады.
8. Мектеп жасына дейінгі балалармен табиғат аясында түрлі еңбек нысандарын қолданады.

Оқыту нәтижесі: 4) Жаңа оқу жылының басталуын ұйымдастыру және мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізудің ерекшеліктерін меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың жасына және психологиялық сипаттамаларына байланысты жұмыстарды жүргізеді.
2. Мектеп жасындағы балалардың сабақтарын ұйымдастырудың мазмұны мен әдістерін меңгереді.
3. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие жұмысын ұйымдастырады.
4. Сабақ кестесіне сәйкес оқу сабақтарын құрастырады.

КҚ 6. Білім алушылардың білім беру мазмұнын игеру деңгейін зерделеу, білім беру ортасын зерттеу

КМ 06. Білім алушылардың білім беру мазмұнын игеру деңгейін зерделеу, білім беру ортасын зерттеу

Бұл модуль білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дербес процедурасын жүзеге асыру үшін қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: баланың жеке потенциалын диагностикалау әдістерін, білім беру міндеттерін анықтауды, оқу үрдісін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыруды меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар байқау, сұрастыру, сауалнама жүргізеді; мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуетін бақылау тәсілдерін жүргізеді.

Оқыту нәтижесі: 1) Мектеп жасына дейінгі балалардың даму деңгейін бағалаудың педагогикалық мониторингілеудің негіздері мен әдістерін меңгеру.

Педагогикалық зерттеулер әдістері Мектепке дейінгі педагогика Жазғы педагогикалық практикаға дайындық Кәсіптік практика Жазғы педагогикалық практиканы ұйымдастыру

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Педагогикалық зерттеулердің әдістерін қолданады: бақылау, сауалнама, сұрастыру, тестілік материалдар.
2. Алынған зерттеу нәтижелерін талдау және синтездеу әдістерін меңгереді.
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың жетістіктерін және дамуын мониторингтеу әдістерін меңгереді.

Оқыту нәтижесі: 2) Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуетін бастапқы диагностикалау әдістерін меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Тәрбиешінің ұсыныстарын орындай алады.
2. Психофизикалық дамуды ынталандырады, балаға қарайды.
3. Тәртіптік сәттерді ұйымдастыру бойынша жазбалар жүргізеді.
4. Диагностика нәтижелерінің қорытындысы бойынша баланы дамытудың жеке картасын жасайды.

Оқыту нәтижесі: 3) Мектепке дейінгі жастағы балалардың қиындықтарын анықтауды және түзетуді меңгеру, рефлексия әдістері мен тәсілдерін анықтау.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Бағалау қызметін дамыту әдістерін қолданады.
2. Балабақшадағы сабақтарда балалардың іс-әрекетін қалыптастырушы бағалау әдістерін меңгереді.
3. Балалардың білімін, икемдерін, дағдыларын талдау нәтижелерін алғаннан кейін қиындықтарды жеңу жолдарын айқындайды.

Оқыту нәтижесі: 4) Мектеп жасына дейінгі балалармен жаз мезгілінде жүргізілетін іс-шараларды жоспарлау ерекшеліктерін меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Балаларды психологиялық-педагогикалық дамыту бойынша жұмыс жүргізу әдістерін меңгеру.
3. Балалардың психологиясын қалыптастырудағы ойынның маңыздылығын және орнын түсінеді.
4. Ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі ойындар түрлерін қолданады.
5. Балаларды дамытудағы мерекелер мен көңіл көтерудің мақсатын, міндетін, түрлерін, мағынасын меңгереді.
6. Мерекелер мен ойын-сауықтарды ұйымдастырудың мазмұнын және оған қойылатын талаптарды біледі.
7. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек қызметіндегі экскурсияның, серуендердің, бақылаудың түрлерін меңгереді.
8. Жаз кезінде мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін спорт, сауықтыру іс-шараларының түрлерін меңгереді.

Оқыту нәтижесі: 5) Балабақшада жазғы педагогикалық практиканы ұйымдастыру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Тәрбие жұмысының жоспарын және ұжымдық шығармашылық жұмыстардың сценарийін құрастырады.
2. Жазғы уақытта балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың бағыттары бойынша үйірмелердің жұмыс жоспарын құрастырады.
3. Балабақшада жазғы уақыттағы тәрбие жұмысының жоспарын талдау әдістерін біледі.
4. Жазғы уақытта балалар ұжымының өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.
5. Қызығушылықтары бойынша балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырады.
6. Мектеп жасына дейінгі балалармен дүрыс пелагогикалық қарым-қатынасты белгілейді.
7. Практика бойынша есептемені жасайды.

КҚ 7. Кәсіби қауымдастықпен және білім берудің барлық мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесу

КМ 07. Кәсіби қауымдастықпен және білім берудің барлық мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесу

Бұл модуль топтық және әдістемелік бірлестік шеңберінде кәсіби диалогтарға қатысуға, кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынас негіздері білуге сүйене отырып, өз қызметін құруға қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар педагогикалық топпен, ата-аналарымен педагогикалық өзара әрекеттесуді ұйымдастыру қағидалары мен әдістерінің негізінде балалармен жақсы қарым-қатынас орнатуды үйренеді.

Оқыту нәтижесі: 1) Мораль, адамгершілік, әдеп және педагогикалық этика ұғымдарын меңгеру.

Педагогикалық этика Еңбекті қорғау

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Педагогикалық этиканың мәні мен қағидаларын, оның негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсінеді.
2. Мұғалімнің әрекетіндегі педагогикалық моральды және оның көрінісін түсінеді.
3. Педагогикалық этика ұғымдарын анықтайды.
4. Алдыңғы қатарлы педагогикалық шеберлік пен педагогикалық этиканың тәжірибесін қолданады.
5. Мектеп жасына дейінгі балалардың отбасындағы және балабақшадағы психоэмоционалдық жайлылықты анықтайды.
6. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің негізгі компоненттерін және әлеуметтік ортада қолдану әдістерін қолданады.
7. Педагог тұлғасына қойылатын этикалық талатарды ұстанады.

Оқыту нәтижесі: 2) Еңбек қызметі үдерісінде адамның өмірі мен денсаулығын сақтау жүйесін меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Еңбек саласындағы негізгі заң актілерін меңгереді.
2. Техника қауіпсіздігі бойынша ережелерді зерделейді.
4. Өрт қауіпсіздігі ережелерін оқиды.
4. Балабақшадағы материалдарды, құралдарды, құрылғыларды және технологиялық жабдықтарды пайдалану ережелерін ұстанады.

КҚ 8. Біліктілік бойынша қызмет жасау

КМ 08. Диплом алды практика

Бұл модуль оқу үдерісінде алынған білім мен кәсіби құзыреттілікті жинақтауға және жетілдіруге, "Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі" біліктілігін алуға бағытталған. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар өндіріс жағдайларында біліктілік бойынша кәсіптік қызмет практикалық тәжірибесіне ие болады.

Оқыту нәтижесі: 16) "Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі" біліктілігін меңгеру.

Диплом алды практика

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Дидактиканы және жеке әдістемелерді зерделеу барысында алған білімді теориялық практикада қолданады.
2. Ішкі тәртіпті, еңбек тәртібін және қауіпсіздік ережелерін ұстанады.
3. Оқу-тәрбиелік жұмысын жоспарлаудың жаңа түрлерін (ұзақ мерзімді, орта мерзімді, циклограммалық) қолдана отырып жоспарлайды.
4. Балабақша құжаттамасын жүргізу бойынша талаптарды орындайды.
6. Оқу-әдістемелік жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін жұмыстың тиісті әдістері мен мазмұнын таңдайды.
7. Сабақ кестесіне сәйкес сабақтарды жүргізеді.
8. Сабақтарда инновациялық технологияларды қолданады.
9. Ата-аналар жиналыстарын өткізеді, оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнатады.
10. Бағдарламаларды, оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді, цифрлық білім беру ресурстарын таңдайды.
11. Практика бойынша есептемені жасайды.

      Ескерту:

      Қолданыстағы аббревиатуралар:

      БҚ - базалық құзірет;

      КҚ - кәсіптік құзірет;

      БМ - базалық модульдер;

      КМ - кәсіптік модульдер.