"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң оры

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 наурызда № 22340 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бағалау (экономикалық сараптама жүргізу барысында) – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде не бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінде ұсынылған ақпаратты сипаттайтын тұжырымдар;

      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бұдан әрі – ББӘ) – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;

      3) бюджеттік инвестициялар – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауға бағытталған активтерді қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;

      4) бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері – республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларды іске асыруға бағытталған қарыз қаражаты;

      5) бюджеттік инвестицияларды іске асырудан болатын экономикалық тиімділік – бюджеттік инвестицияларды іске асырудан күтілетін, экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есептемесінде көрсетілген тікелей және жанама экономикалық тиімділік көрсеткіштері;

      6) бюджеттік инвестициялардың нәтижелілігі – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялардың экономикалық және қаржылық тиімділігінің, сондай-ақ нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу мүмкіндігінің есептемелерімен расталған дәлелдемелердің, тиімділік пен сапа көрсеткіштерінің болуы.

      Қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын және негізгі кіріс көзі республикалық және (немесе) жергілікті бюджет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, мемлекеттік кәсіпорындар нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық және қаржылық тиімділік дәлелдемелерінің болуы талап етілмейді;

      7) бюджеттік инвестициялардың орындылығы – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың экономикалық орындылығының, олардың ел экономикасына ықпалының негіздемесі және жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының ережелеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес келуі;

      8) бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – БИЖ) – Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді іске асыруға арналған ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы арнаулы мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін қоспағанда, жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

      9) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды – бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына ықпалы және стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы қорытындысының негізінде дайындалған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысы;

      10) бюджеттік инвестициялық жобаларды мониторингілеу – бюджет қаражаты бөлінген кезден бастап пайдалануға берілген кезге дейін жаңа объектілер құру (салу), бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту барысы туралы тұрақты және жүйелі түрде ақпарат жинау мен талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;

      11) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау – объектіні пайдалануға берген кезден бастап жобаның мақсаттарына қол жеткізу дәрежесін және нақты алынған нәтижелердің жоспарланған нәтижелерге сәйкестігін айқындау жөніндегі шаралар жиынтығы;

      12) бюджеттік инвестициялық жобаны әзірлеуге немесе түзетуге арналған техникалық тапсырма – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды, оның әлеуетті әзірлеушісіне қойылатын біліктілік талаптарын айқындайтын, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету жөніндегі жұмыстардың мерзімдері мен көлемін регламенттейтін құжат;

      13) бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырыла алатындығы – жоба нәтижелері көрсеткіштеріне қолжетімділік;

      14) бюджеттік инвестициялық жобаның ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі – жобаның ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілу қажеттілігінің жоспарланған және қол жеткізілген деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер;

      15) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы – салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін жобаның жүзеге асырыла алатындығы мен тиімділігін айқындау тұрғысынан техникалық-экономикалық негіздемеде берілген ақпаратты кешенді бағалау;

      16) бюджеттік инвестициялық жобаның тиімділігі – бюджет қаражатының сұралатын көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының ең аз көлемін пайдалана отырып, жобаның мақсаттарына қол жеткізу немесе жобаны іске асырудан оң экономикалық нәтиже алу;

      17) бюджеттік кредиттеу – бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рәсімдерін қамтитын процесс;

      18) бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы – бюджеттік кредит қайтарымдылығы мен жобаның қаржылық тиімділігінің есептемелерімен расталған дәлелдемелердің болуы;

      19) кешенді ведомстводан тыс сараптама – Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама бойынша "бір терезе" қағидатымен жүргізілетін, объектілер құрылысы жобаларының (салалық және ведомстволық сараптамаларды қамтитын) сараптамасы;

      20) іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі – бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға жоспарланатын жобадан әлеуметтік және экономикалық пайдалардың болуының есептемелермен расталған дәлелдемелерінің болуы;

      21) Гант диаграммасы – жобаның жоспары мен уақыт бойынша жұмыс графигінің дәйектілігі мен ұзақтығын графикалық көрсетуді бейнелеу үшін бюджеттік инвестициялардың электрондық порталында пайдаланылатын диаграмма;

      22) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды мониторингілеу – көрсетілген іс-шаралар түпкілікті іске асырылған кезге дейін заңды тұлғалардың бастапқы жарғылық капиталын қалыптастыру, акциялар пакетін (қатысу үлестерін) сатып алу арқылы республикалық немесе жергілікті бюджеттен тартылған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына тұрақты және жүйелі түрде ақпарат жинау, есепке алу мен талдау бойынша іс-шаралар жиынтығы;

      23) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды бағалау – іс-шаралар түпкілікті іске асырылған кезден бастап мақсаттарға қол жеткізу дәрежесі мен іс жүзінде алынған нәтижелердің жоспарланған нәтижелерге сәйкестігін айқындау жөніндегі шаралар жиынтығы;

      24) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы – салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін, іс-шаралардың негізділік пен нәтижелілік өлшемшарттарына сәйкес келуі тұрғысынан қаржылық-экономикалық негіздемеде берілген ақпаратты кешенді бағалау;

      25) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды –бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына ықпалы мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы қорытындысының негізінде дайындаған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысы;

      26) заңды тұлғалардың қызметін жоспарлау құжаттары – ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарларын әзірлеу және бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарлары, сондай-ақ мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарлары;

      27) заңды тұлғаның даму мақсаты – шаруашылық қызметінің ағымдағы шығындарын жабуды және ағымдағы шығыстарды қаржыландыруды көздемейтін, саланы дамытуға, саладағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыру;

      28) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялар (бұдан әрі – Инвестициялар) – заңды тұлғаның жарғылық капиталын республикалық немесе жергілікті бюджеттен қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы оны дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру;

      29) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды алушы (бұдан әрі – Алушы) – жарғылық капиталды ұлғайту немесе қалыптастыру үшін қаражаттың түпкілікті алушысы болып табылатын, іс-шараларды бюджеттік инвестициялар есебінен іске асыратын заңды тұлға;

      30) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялардың негізділігі – іс-шараларды іске асыруға арналған қаржыландыру көлемінің, сондай-ақ іс-шараларды меншікті және қарыз қаражаты есебінен қаржыландырудың мүмкін болмауының құжаттармен және есептемелермен расталған дәлелдемелерінің болуы;

      31) инвестициялық ұсыныс – бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, мақсатқа қол жеткізу жолдары мен ықтимал қаржыландыру тәсілдерін көрсететін тұжырымдамалық ұсыныс;

      32) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің институционалдық жобасы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланып отырған жоба;

      33) инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы – мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша негізгі ақпаратты қамтитын, оны іске асырудың орындылығын ашып көрсететін құжат;

      34) инвестициялық ұсыныстың экономикалық қорытындысы – салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалар қорытындыларының негізінде жүргізілетін, пайдалар мен шығындардың талдауын пайдалана отырып, инвестициялық ұсыныста берілген ақпаратты кешенді бағалау;

      35) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес акционерлік қоғамдармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;

      36) концессиялық жоба – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;

      37) кредитор – Қазақстан Республикасының бюджет және азаматтық заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беретін кредит шартының тарапы;

      38) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлға – "Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысына сәйкес "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен айқындалатын заңды тұлға;

      39) Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаның қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына арналған бюджеттік кредиттеудің қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы – іс-шаралардың "іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі" және "бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы" өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан қаржылық-экономикалық негіздемеде ұсынылған ақпаратты кешенді бағалау;

      40) қаржылық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ҚЭН) – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың орындылығы, негізділігі жөніндегі мәліметтерді және оның нәтижесін бағалауды қамтитын құжат;

      41) қаржы агенттігі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген және осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының қаржы нарығында және (немесе) халықаралық қаржы нарығында қарыз алуды жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ банк немесе мемлекет жүз пайыз қатысатын, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

      42) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттік кредиттеудің қаржылық-экономикалық негіздемесі (бұдан әрі – бюджеттік кредиттің ҚЭН) – маркетингтік, әлеуметтік-экономикалық талдаудың, сондай-ақ бюджеттік кредиттеу арқылы іс-шараларды іске асырудың өзін-өзі ақтауы мен экономикалық және әлеуметтік тиімділігін негіздейтін қаржылық есептемелердің нәтижелерін қамтитын құжаттама;

      43) қаржылық схемаға қатысушылар – квазимемлекеттік сектордың субъектілері болып табылмайтын түпкілікті қарыз алушыларды қоспағанда, бюджеттік кредитті алуға және бөлуге қатысатын ұйымдар;

      44) қаржы-экономикалық негіздемені түзету – іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешімдерді толықтыруға және (немесе) өзгертуге, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға алып келетін, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың белгіленген қаржы-экономикалық параметрлерінің өзгеруі;

      45) қарыз алушы – негізгі борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес басқа да төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттеме жүктелген, бюджеттік кредитті алатын, кредиттік шарттың тарапы;

      46) қатысушылар (бұдан әрі – Қатысушылар) – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды алуға және бөлуге қатысатын ұйымдар;

      47) құрамдауыш – іс-шараның аяқталған сипаты бар құрамдас бөлігі;

      48) маркетингтік орта – нысаналы клиенттермен табысты ынтымақтастық қатынас орнату және қолдау мүмкіндіктеріне ықпал ететін белсенді субъектілер мен іс-шараларды бюджеттік инвестициялар есебінен іске асыратын, жарғылық капиталды ұлғайту немесе қалыптастыру үшін қаражаттың түпкілікті алушысы болып табылатын заңды тұлғаның қызметі жүзеге асырылатын жағдайлар жиынтығы;

      49) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның электрондық порталының бюджеттік инвестицияларды мониторингілеу модулі (бұдан әрі – электрондық портал) – жоспарланған және іске асырылатын бюджеттік инвестицияларды есепке алу мен мониторингілеуді автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;

      50) мемлекеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – МИЖ) – бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кешені;

      51) мультипликативтік әсер – тиісті салаға бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру кезінде экономиканың дамуына ықпал ету;

      52) нәтижелердің көрсеткіштері – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарды, аумақты дамыту бағдарламасын және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша қызметін сипаттайтын нысаналы индикаторлардың, тікелей және түпкілікті нәтижелердің жиынтығы;

      53) өнім – материалдық-заттай (материалдық өнім) немесе материалдық емес (зияткерлік өнім) нысанда не жұмыстар және (немесе) көрсетілетін қызметтер, оның ішінде қаржылық көрсетілетін қызметтер түрінде берілген шаруашылық қызметінің нәтижесі;

      54) пилоттық жоба – мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларында көзделген Нұр-Сұлтан қаласында, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы шеңберінде іске асыру жоспарланып отырған инвестициялық жоба;

      55) салалық сараптаманың қорытындысы – мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын немесе бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін немесе бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін саланы дамыту басымдықтарына сәйкес келуі тұрғысынан бағалау;

      56) құрылыстың сметалық құны (бұдан әрі – сметалық құн) – сомасы жобалық материалдардың және сметалық-нормативтік базаның негізінде айқындалатын объект құрылысын жүзеге асыруға қажетті ақша;

      57) техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) – негізгі техникалық, технологиялық және өзге шешімдер туралы мәліметтерді, сондай-ақ негізгі техникалық-экономикалық параметрлерді айқындай отырып, пайдалар мен шығындарды экономикалық талдаудың негізінде жүргізілетін, бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырыла алатындығын және тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтитын құжат;

      58) техникалық-экономикалық негіздемені түзету – техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерінің өзгеруі;

      59) техникалық-экономикалық параметрлер – техникалық-экономикалық негіздемеде не ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ-дің инвестициялық ұсынысында көзделген негізгі көрсеткіштер;

      60) түпкілікті қарыз алушы – кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған шарттармен мамандандырылған ұйым немесе жергілікті атқарушы органның атынан қарыз алушы беретін бюджеттік кредиттің түпкілікті алушысы;

      61) түпкілікті нәтиже – мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелеріне қол жеткізуге негізделген стратегиялық жоспардың, аумақты дамыту бағдарламасының және (немесе) бюджеттік бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізуді санмен өлшейтін бюджеттік бағдарламаның көрсеткіші;

      62) тікелей нәтиже – қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымның қызметіне толықтай тәуелді болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы;

      63) іс-шара – бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру шеңберінде орындалатын міндеттерді орындауға бағытталған өзара байланысты құрамдауыш(тар) кешені.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. МИЖ инвестициялық ұсынысының қажетті сараптамаларын жүргізу осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау және ББӘ-нің инвестициялық ұсыныстарына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытынды әзірлеуі болып табылады.

      Егер инвестициялық ұсыныста көрсетілген МИЖ-дың құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 7 500 000 еселенген мөлшерінен асатын болса, республикалық МИЖ бойынша инвестициялық ұсынысты ББӘ, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдардың, экономикалық сараптаманы жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаның және өзге де мүдделі органдар мен ұйымдардың қатысуымен алдын ала қарау жүргізіледі.

      Алдын ала қарау ББӘ МИЖ-дың инвестициялық ұсынысын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізген кезден бастап 15 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Алдын ала қарау МИЖ-дың инвестициялық ұсынысын, оның ішінде ББӘ еркін түрде ұсынған таныстыру материалдарын жетекшілік ететін бірінші басшының орынбасары не оны алмастыратын адамның деңгейінде талқылауды білдіреді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган МИЖ-дың инвестициялық ұсынысын талқылау қорытындылары бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттама ресімдейді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ББӘ инвестициялық ұсыныстарын экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны ББӘ-ге жібереді.

      Егер, ББӘ МИЖ-сын бюджеттен төленетін төлемдер сомасы МЖӘ жобалары бойынша жергілікті атқарушы органның мемлекеттік міндеттемелерінің ағымдағы жылға арналған лимитінің 2 (екі) пайызынан асатын жергілікті МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жобаны жүзеге асыру арқылы ұсынылса, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ББӘ инвестициялық ұсынысына ұсыным тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға жібереді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға ұсынылған деректерді бағалау негізінде 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде МИЖ-сын жергілікті МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жобаны жүзеге асыру арқылы ұсынылған ББӘ инвестициялық ұсынысына МИЖ-ны МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру арқылы негізділігі (МЖӘ принциптері мен сипаттамаларына сәйкестігі) тұрғысынан ұсыным тұжырымдап, жергілікті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      Егер ББӘ инвестициялық ұсыныстары бойынша ұсыным тұжырымдау үшін осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкес жетіспейтін ақпарат ұсыну мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға қосымша ақпаратты, жетіспейтін ақпаратты беру уақытын көрсете отырып, дербес түрде сұратады және алады.

      Жетіспейтін ақпарат сұратылған жағдайда, ұсынымдарды тұжырымдау мерзімі олар ұсынылғанға дейін тоқтатылады.

      Ұсынымдарды тұжырымдауға арналған жетіспейтін ақпарат уақтылы берілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға ұсынылған деректерді инвестициялық ұсынысқа ұсынымды тұжырымдау мүмкін еместігін көрсете отырып ББӘ-не қайтарады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган экономикалық қорытындыны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның ұсынымын (бар болған жағдайда) ескере отырып дайындайды.";

      22-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-1. ББӘ МИЖ бойынша инвестициялық ұсынысқа оң экономикалық қорытынды алғаннан кейін 90 (тоқсан) жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға әзірленген ҚЭН енгізеді.

      Егер экономикалық сараптаманы қоспағанда, БИЖ ТЭН-ін қаржыландыру және оларға сараптамалар жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайда, ББӘ БИЖ–дің ТЭН әзірленгеннен кейін, сондай-ақ әзірленген БИЖ ТЭН-іне ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, әзірленген БИЖ ТЭН-ін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға енгізеді.

      Қаржыландырудың түрі мен тәсілдері айқындалғаннан кейін үш жыл ішінде ТЭН, ЖСҚ, ҚЭН, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамаларын әзірлеу, сондай-ақ ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ-ді іске асыру басталмаған (әзірленбеген) МИЖ, оның ішінде түзетілген МИЖ бойынша инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды ескірген болып есептеледі.";

      59 және 60-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Қажетті/пысықталған ақпаратты ұсыну және/немесе жүргізілген сараптамалармен қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптамаларды жүргізу бойынша сұрау салу тиісті ББӘ-ге, сұрау салудың көшірмесі осы Қағидалардың 5256, 58-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жіберіледі.

      Бұл ретте олардың сканерленген көшірмелері БИЖ қысқаша сипаттамасында көрсетілген ББӘ өкілінің электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.

      60. ББӘ хаттардың сканерленген көшірмелері түрінде сұрау салу түскен сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындаған заңды тұлғаға қажетті ақпаратты ұсынады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындаған заңды тұлға экономикалық сараптама жүргізу мерзімін ұзартқан жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органды экономикалық сараптама жүргізуді ұзарту туралы ББӘ хатын қоса бере отырып хабардар етеді.

      Сұрау салу жіберілген күннен бастап және қажетті ақпарат ұсынылғанға дейін экономикалық сараптама жүргізу мерзімі тоқтатыла тұрады.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасы Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындаған заңды тұлғаға толық құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап 26 (жиырма алты) жұмыс күні ішінде жүргізіледі, оның қорытындылары бойынша тиісті қорытынды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жіберіледі.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың жинақтылығын және түзетілген БИЖ ТЭН құрылымының осы Қағидаларға сәйкестігін тексереді және оларды ББӘ-ге мыналар:

      1) осы Қағидалардың 78-тармағына сәйкес болуы қажет құжаттар;

      2) осы Қағидаларға сәйкес болуы қажет бөлімдер БИЖ ТЭН-де болмаған кезде қайтарады.

      Құжаттар топтамасы осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес келген жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган осы тармақта белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындаған тиісті заңды тұлғаға түзетілген БИЖ ТЭН-ін қарау үшін ББӘ ұсынған құжаттар топтамасын қоса бере отырып, түзетілген БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасын жүргізу қажеттігі туралы хат жолдайды.";

      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Түзетілген БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасы Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындаған тиісті заңды тұлғаға осы Қағидалардың 77 және 78-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы келіп түскен күннен бастап 26 (жиырма алты) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.";

      86, 87 және 88-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. БИЖ ТЭН-і әзірленгеннен кейін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін сараптамалар жүргізілгеннен кейін ББӘ 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, БИЖ ТЭН-інің электрондық нұсқасын, оның ішінде БИЖ ТЭН-ін әзірлеуге жауапты ББӘ құрылымдық бөлімшесінің басшысы әрбір парағын дәйектейтін БИЖ бойынша қаржылық-экономикалық модельді ұсына отырып, олардың түпнұсқалары мен көшірмелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі үшін құжаттар редакцияланбайтын графикалық форматта ұсынылады.

      87. БИЖ-ге экономикалық қорытынды осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылатын БИЖ-дің экономикалық талдауын кешенді бағалаудың нысаны болып табылады және осы Қағидалардың 5256, 58, 85-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы енгізілгеннен кейін 32 (отыз екі) жұмыс күні ішінде жүргізіледі, онда Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындаған тиісті заңды тұлға жүзеге асыратын БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасына 26 (жиырма алты) жұмыс күні беріледі.

      88. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган құжаттар топтамасы келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды ББӘ-ге мынадай:

      1) БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасын жүргізу үшін болуы қажет сараптамалар болмаған;

      2) БИЖ ТЭН-де осы Қағидаларға сәйкес болуы қажет бөлімдер болмаған жағдайларда қайтарады.";

      90, 91 және 92-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган БИЖ ТЭН-і бойынша құжаттардың толық топтамасы алынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындаған заңды тұлғаға ТЭН түпнұсқалары мен тиісті сараптамаларды қоса бере отырып, БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасын жүргізу қажеттілігі туралы хат жолдайды.

      91. БИЖ ТЭН-і экономикалық сараптамасының қорытындысын Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындаған тиісті заңды тұлғалар БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға БИЖ ТЭН-і бойынша құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 26 (жиырма алты) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      92. Осы Қағидалардың 88-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ БИЖ ТЭН-ін пысықтау қажет болған жағдайда, ББӘ 30 (отыз) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 52-56, 58-тармақтарында көзделген тәртіппен пысықталған құжаттарды қайта енгізеді.";

      148-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "148. Бір квазимемлекеттік сектор субъектісінің екі және одан артық ҚЭН-ін іске асыру қорытындылары бойынша бюджет қаражатын үнемдеу түрінде қалыптасқан қолма-қол ақшаның бақылау шоттарындағы, ағымдағы шоттарындағы пайдаланылмаған қалдықтарды жаңа жобаны (ларды) іске асыруға бағыттаған жағдайда Қазақстан Республикасының бюджет заңнамсында белгіленген тәртіппен бюджеттік жаңа қаржылық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етіледі.

      Олардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша бюджет қаражатын үнемдеу түрінде қалыптасқан қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы пайдаланылмаған қалдықтар квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиісті органының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданған шешім бойынша бюджетке қайтарылуы мүмкін.

      Квазимемлекеттік сектор субъектісі алдыңғы бюджеттік инвестициялар қорытындысы бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы үнемдеу қаражатын пайдаланбаған және (немесе) үнемдеу қаражаты бюджетке қайтарылмаған жағдайда, жаңа мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы үнемдеу сомалары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке жатқызылған тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуден түскен қаражат тиісті бюджет кірісіне аударуға жатады.";

      158-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "158. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган құжаттар топтамасы келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тарауының 9-параграфында көзделген құжаттар болмаған жағдайда оларды ББӘ-ге қайтарады.

      Осы Қағидалардың 3-тарауының 9-параграфында көзделген құжаттардың толық топтамасы болған жағдайда, 1 (бір) жұмыс күні ішінде Инвестицияларға экономикалық сараптама жүргізу үшін Инвестициялардың ҚЭН-ін немесе түзетілген Инвестициялар ҚЭН-ін:

      1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға;

      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаларға жібереді.";

      160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "160. Қорытынды Инвестициялар ҚЭН-ін:

      1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындаған заңды тұлғаға;

      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаларға ұсынғаннан кейін 26 (жиырма алты) жұмыс күні ішінде дайындалады.

      Жарғылық капиталды ең аз мөлшерде қалыптастыруға арналған Инвестициялар жағдайында қорытынды 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде дайындалады.";

      162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "162. Осы Қағидалардың 122-тармағында көрсетілген құрылымға сәйкес келмеуі және (немесе) осы Қағидалардың 123-137-тармақтарында көрсетілген бөлімдердің, тараулардың және параграфтардың болмауы және (немесе) осы Қағидалардың 138, 140-142-тармақтарында көрсетілген құжаттардың болмауы анықталған жағдайда, Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындаған тиісті заңды тұлға 10 (он) жұмыс күні ішінде (жарғылық капиталын ең аз мөлшерде қалыптастыруға Инвестициялар берілген жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде) Инвестициялардың экономикалық сараптамасының нәтижелері бойынша қажетті/пысықталған ақпараттарды ұсыну және/немесе жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптама жүргізу бойынша сұрату (бұдан әрі - Сұрату) дайындайды.

      Сұрату жіберілген күннен бастап және қажетті ақпарат ұсынылғанға дейін экономикалық сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.

      ББӘ қажетті ақпаратты хат пен сұрау салудың сканерленген көшірмелерін алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Қосымша материалдар ұсынылған кезде олардың толық тізбесі көрсетіледі, оның ішінде Инвестициялар ҚЭН-і осы Қағидалардың 122-тармағында көрсетілген құрылымға сәйкес ұсынылған жағдайда, бұрын ұсынылған Инвестициялар ҚЭН-інің қайтарып алынуы туралы көрсетіледі.

      Белгіленген мерзімдерде қосымша материалдардың ұсынылмауы теріс Қорытындыны жасау үшін негіз болып табылады. Инвестициялар ҚЭН-і мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға сканерленген көшірмелерді ұсынудың белгіленген мерзімі өткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хатпен қайтарылады

      Осы Қағидалардың 122-138-тармақтарында көзделген құрылымға сәйкес келмеу және (немесе) бөлімдердің, тараулар мен параграфтардың және (немесе) құжаттардың болмауы қайта анықталған жағдайда, Инвестициялар ҚЭН-і қосымша материалдардың сканерленген көшірмелері алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға, Сұратуды қоса бере отырып, Қорытынды жасалмай хатпен қайтарылады.";

      177 және 178-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "177. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган түзетілген Инвестициялардың ҚЭН-ін қарайды және осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономикалық қорытынды дайындайды.

      Түзетілген Инвестициялар ҚЭН-іне экономикалық қорытынды Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамалары негізінде Қорытынды алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде дайындалады.

      178. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ББӘ-нің Инвестицияларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың Инвестициялар ҚЭН-ін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және олар бойынша осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономикалық қорытынды дайындайды.

      Инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды Инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, олардың ел экономикасына әсері және стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан дайындалады.

      Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Инвестициялардың экономикалық қорытындысы Қорытынды алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамалары негізінде дайындалады.";

      182-21 және 182-22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "182-21. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган құжаттар топтамасы келіп түскен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-1-тарауының 4, 5, 6 және 7-параграфтарында көзделген құжаттар болмаған жағдайда оларды ББӘ-ге қайтарады.

      Осы Қағидалардың 3-1-тарауының 4, 5, 6 және 7-параграфтарында көзделген құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, бюджеттік кредиттің ҚЭН-іне экономикалық сараптама жүргізу үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

      1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға;

      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаларға экономикалық сараптамаға жібереді.

      182-22. Экономикалық сараптама құжаттар топтамасы ұсынылғаннан кейін 26 (жиырма алты) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.";

      182-25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "182-25. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган осы Қағидалардың 182-18-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасын экономикалық сараптаманың қорытындысын ескере отырып қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны ББӘ-ге жібереді.

      Экономикалық қорытынды экономикалық сараптама қорытындысы алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде дайындалады.";

      182-36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "186-36. Бюджеттік кредиттің ҚЭН-і:

      жоба паспортының;

      институционалдық бөлімнің;

      маркетингтік бөлімнің;

      қаржылық бөлімнің;

      әлеуметтік-экономикалық бөлімнің;

      тәуекелдерді бағалау және бөлу;

      жоба бойынша тұжырымдардың;

      қосымшалардың құрылымына сәйкес болуға тиіс.

      Егер бюджеттік кредит шетел мемлекеттердің аумағында берілген жағдайда, жобалардың бастапқы және түзетуге ұсынылатын құнын растайтын, оның аумағында осы жоба іске асырылатын мемлекеттің құрылысы саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті құжаттар, көрсетілген заңнаманың мәтіні қоса беріле отырып және мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне аудармасы қамтамасыз етіле отырып, ұсынылады.

      Жобаның ерекшелігіне байланысты бюджеттік кредиттің ҚЭН шеңберінде қабылданған шешімдерді егжей-тегжейлі ашуға және негіздеуге мүмкіндік беретін қосымша бөлімдер қосылады.

      Бұл ретте, қосымшалар мына құжаттармен жиынтықталады:

      қаржыландырудың ықтимал түрлері мен тәсілдерінің есептеулері, олар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша ұсынылатын қаржылық-экономикалық модельдің базалық параметрлері мен экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есептеулері;

      осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылатын қатысушылар туралы ақпарат;

      осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес жасалған қаржы моделінің қағаз және электрондық нұсқасы;

      бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша жасалған бюджеттік кредитті есепке алмай, бюджеттік кредиттің қаржылық схемасына қатысушылардың қаржылық көрсеткіштерінің болжамы:

      "Бухгалтерлік баланс";

      "Пайдалар мен шығындар туралы есеп";

      "Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (тікелей немесе жанама әдіс)";

      "Капиталдағы өзгерістер туралы есеп";

      осы Қағидаларға 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылатын бюджеттік кредит есебінен іске асыру жоспарланатын инвестициялық жобаның тиімділігін талдау;

      осы Қағидаларға 48-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылатын қарыз алушыны талдау;

      болжанып отырған кепілдік қамтамасыз етуге меншік құқығын және кепілзат мүлігіне өзге ауыртпалықтар жоқ екендігін растайтын құжат;

      салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің болмауы (болуы) туралы тиісті салық органы анықтамасының түпнұсқасы;

      бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы туралы бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы (хаты);

      Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес жасалған бюджеттік кредиттерді уақтылы қайтару бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті бағалау туралы есеп;

      бюджеттік кредит беру кезінде түпкілікті қарыз алушыдан алынатын маржаны негіздейтін құжат;

      жаңа объектілердің құрылысын не қазіргі объектілерді реконструкциялауды болжайтын жобалар бойынша жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін тиісті құжаттардың көшірмелері;

      қаржылық схема қатысушыларының құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      қаржылық схема қатысушыларының кредит саясаты туралы құжаттары;

      мамандандырылған ұйымның атқарушы органының:

      1) бюджеттік кредиттің сұрау салынған қаражат мөлшері мен шарттары;

      2) қаржылық-экономикалық модельге сәйкес жылдар бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелер;

      3) экономикалық эффект;

      4) әлеуметтік-экономикалық тиімділік расталған мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру шеңберінде жоспарланған жоба(лар)ға бюджеттік кредитті тартуды бекіту туралы оң шешімі;

      бюджеттік кредиттің ҚЭН мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға енгізудің алдындағы соңғы үш жылғы мөр басылған және ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір бюджеттік кредит бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға мен бас бухгалтердің қолы қойылған қаржылық схема қатысушыларының қаржылық есептілігі (жеке және шоғырландырылған), сондай-ақ қаржылық есептілікке түсіндірме жазбалар;

      Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметі туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік аудиті міндетті болып табылатын қаржылық схема қатысушылары үшін, соңғы үш жылда жасалған аудиттелген қаржылық есептілік пен аудиттік есептер ұсынылады. Бұл ретте қаржылық схема қатысушысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес объективті себептері болған кезде соңғы есепті кезеңдегі аудиттен өтпеген қаржылық есептілікті ұсынуға құқылы;

      инвестициялық ұсыныстың және осы инвестициялық ұсынысқа мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысының көшірмесі;

      ведомстводан тыс кешенді сараптаманың тиісті қорытындысы;

      тиісті саладағы уәкілетті органның салалық сараптамасының қорытындысы;

      қаржылық схема қатысушыларының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға бюджеттік кредиттің ҚЭН енгізудің алдындағы айдың соңғы күніне жасалған қаржылық есептілігі, сондай-ақ қаржылық есептілікке түсіндірме жазбалар жатады.

      Қаржылық есептілік қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, оның ішінде басқа ұйымдарға қаржылық қатысу туралы ақпаратты қоса, баланс валютасында 10 % және одан артық бөлігіне ие баланс баптарының егжей-тегжейлі таратып жазылуы қоса беріле отырып, ұсынылады.

      Тиісті саладағы уәкілетті органның салалық сараптама қорытындысы:

      1) мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру шеңберінде жобаға сұрау салынған бюджеттік кредит мөлшері бойынша жоспарланған тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге сұранысты мөлшерлік түрде негіздеумен саладағы қазіргі жағдайдың талдауын бағалауды;

      2) қаржылық-экономикалық модельге сәйкес жылдар бойынша сандық және сапалық нәтиже көрсеткіштерін келтіре отырып және жобаның сала экономикасының құрылымындағы рөлі мен орнын көрсете отырып, саланың дамуына жобаның іске асырылуының ықпалын, экономикалық эффект және әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалауды;

      3) бюджеттік кредиттің мөлшеріне, оның іс-шаралар мен құрауыштар бойынша мақсатты қолданылуына баға бере отырып, жобаның іс-шаралары бойынша (құрылысты және/немесе жабдықтарды сатып алуды болжайтын жобалар бойынша) техникалық шешімдердің жеткілікті болуын және олардың тиімділігін;

      4) тиісті сараптама, оның ішінде кешенді ведомстводан тыс сараптама қорытындылары болмаған жағдайда, объектілерді салуды және (немесе) қайта құруды көздейтін объектілердің немесе олардың бөліктерінің техникалық шешімдері мен құнын айқындауды;

      5) бюджеттік кредит қаражатын алушыларды қаржыландыру бойынша операцияларды, сондай-ақ олардың маржасын оң бағалауды қамтиды.";

      182-38 және 182-39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "182-38. Институционалдық бөлімде жобаны басқарудың ұсынылатын тиімді схемасы, олардың функциялары, олардың өзара іс-қимылының тәртібі сипатталады, сонымен бірге схема кредит шартын жасасатын негізгі қатысушылар деңгейіне дейін сипатталады.

      Осы бөлім мыналарды:

      1) әрбір қаржылық схема қатысушысы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ ақша ағындарының сомалары мен бағыттарын көрсете отырып, іс-шараларды іске асырудың қаржылық схемасын;

      2) жобаның стратегиялық алғышарттары туралы ақпаратты, атап айтқанда оларды іске асыру үшін бюджеттік кредиттің ҚЭН бойынша іс-шаралар жоспарланатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттар туралы ақпаратты (елдегі жағдай және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын, нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын) қамтиды.

      182-39. Маркетингтік бөлім жобаны іске асырудың нәтижесінде пайда болатын өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) сұраныстың және өндірістің тұтыну факторлары ұсынысының қазіргі кездегі және болжамды (жобаны іске асыру кезеңіндегі) конъюнктурасын талдауды қамтиды.

      Осы бөлім мыналарды:

      1) саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және жобаны есепке алмай, оның даму перспективаларын талдауды, оның ішінде:

      негізгі әлеуметтік көрсеткіштерді (халықтың кіріс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамту, өлім-жітім, туу деңгейі және т.с.с.);

      негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштерді (өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын кезеңдегі үрдістері);

      жобаны іске асыру арқылы шешу жоспарланып отырған саладағы бар проблемалардың сипаттамасын;

      2) жобаны іске асырған жағдайда саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды дамыту перспективаларын талдауды, оның ішінде:

      негізгі әлеуметтік көрсеткіштерді (халықтың кіріс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамту, өлім-жітім, туу деңгейі және басқалар);

      негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштерді (өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын кезеңдегі үрдістері);

      уәкілетті органның функцияларына сәйкес салалық қорытындылармен расталған сұраныстың сандық параметрлерінің, оның үрдістерінің талдауын және негіздемесін немесе жоба шеңберінде өндіру жоспарланатын өнімге (тауарға/көрсетілетін қызметке) қажеттілікті бағалауды;

      тұтынушылардың санаттары бойынша саладағы (өңірдегі) ағымдағы жағдайды ескере отырып, жүргізілетін өнімнің (тауардың/көрсетілетін қызметтің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдауды;

      3) тұтынушылардың санаты бойынша жобаны іске асырудың нәтижесінде жүргізілетін өнімнің (тауардың/көрсетілетін қызметтің) көлемдерін, түрлерін және бағаларын талдауды:

      жобаны іске асыру үшін қажетті шикізат, материалдар, жабдықтар нарықтарын талдау, оның ішінде өндірушілер мен жеткізушілер, бағалар, сапа және өнімді жеткізу шарттары бойынша салыстырмалы талдауды;

      инвестициялық, сол сиякты инвестициядан кейінгі кезеңде жобаның тиісті біліктілігі бар мамандармен қамтамасыз етілуін талдау, сондай-ақ қажет болған жағдайда, шетелдік мамандарды тарту негіздемесін қамтиды.";

      182-41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "182-41. Әлеуметтік-экономикалық бөлім жобаны іске асырудан түсетін экономикалық және әлеуметтік-экономикалық пайдалар мен шығындарды көрсетеді.

      Бұл бөлім:

      бюджеттік кредиттің қаржы-экономикалық негіздемесі іс-шараларының жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелерінің есептеулермен расталған негіздемесін;

      тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге негізделген бюджеттік кредиттің ҚЭН-ін іс-шараларының әлеуметтік-экономикалық, оның ішінде бюджеттік тиімділігі туралы ақпаратты;

      мамандандырылған ұйымның атқарушы органының бекітілген шешіміне сәйкес келетін ҚЭМ-де расталатын бюджеттік кредитті іске асырудан экономикалық эффекті және әлеуметтік-экономикалық тиімділікті есептеу;

      нәтижелерді, салдар мен ықпалдарды талдауды, өсірілген пайдалар мен шығындарды, тұтынушының қосымша пайдаларын, қайтымсыз шығасыларды, сыртқы әсерлерді, халықаралық әсерлерді, жобаны іске асырудан түсетін жанама пайдаларды қамтитын жоба бойынша пайда мен шығындарды талдауды;

      ағымдағы бағалар мен өткен жылдың салыстырылатын бағаларындағы тікелей, жанама және жиынтық макроэкономикалық әсердің есебін;

      таза қоғамдық пайдалардың, экономикалық таза келтірілген кірістің (economіc net present value, ENPV), экономикалық ішкі кірістілік нормасы (economіc іnternal rate of return, EІRR) көрсеткіштерінің есебін;

      жобаны іске асырудың сабақтас салалардың (көрші өңірлердің) дамуына әсерін талдауды;

      жобаның Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруға, инновациялардың дамуына әсерін талдауды;

      жоба бойынша қатысушылардың қызметін қолдау үшін көрсетілуі жоспарланған мемлекеттік қолдаудың түрлері мен мөлшерлерін, олардың есептері мен негіздемесін;

      жобаны іске асыру жылдары бойынша мемлекеттік бюджетке (республикалық немесе жергілікті) түсетін жүктеменің есебін;

      таза бюджеттік пайдалардың, бюджеттік таза келтірілген кірістің (мемлекеттік бюджеттің NPV), бюджеттік ішкі кірістілік нормасы (мемлекеттік бюджеттің ІRR) көрсеткіштерінің есебін;

      мемлекеттік бюджетке, оның ішінде бюджеттік кредиттің түпкілікті қарыз алушыларын ескере отырып, түсуі жоспарланған салықтық түсімдерді қамтиды.";

      182-45, 182-46, 182-47 және 182-48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "182-45. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган құжаттар топтамасы келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-1-тарауының 4, 5, 6 және 7-параграфтарында көзделген құжаттар болмаған жағдайда оларды ББӘ-ге қайтарады.

      Осы Қағидалардың 3-1-тарауының 4, 5, 6 және 7-параграфтарында көзделген құжаттардың толық топтамасы болған жағдайда, бюджеттік кредиттің ҚЭН-іне экономикалық сараптама жүргізу үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде экономикалық сараптамаға тиісінше:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджеттік кредит, оның ішінде түзетілген бюджеттік кредит ҚЭН-інің экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындаған заңды тұлғаға;

      2) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары бюджеттік кредит, оның ішінде түзетілген бюджеттік кредит ҚЭН-інің экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындайтын заңды тұлғаларға жіберіледі.

      182-46. Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаның бюджеттік кредит ҚЭН-нің, оның ішінде түзетілгенінің экономикалық сараптамасы бюджеттік кредиттің ҚЭН-і бойынша, оның ішінде түзетілгені бойынша құжаттар топтамасы ұсынылған күннен бастап 26 (жиырма алты)жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Бюджеттік кредит ҚЭН-нің экономикалық сараптамасы ұсынылған бюджеттік кредит ҚЭН-нің, уәкілетті органдардың оң салалық қорытындыларының, мамандандырылған ұйымның атқарушы органының оң шешімінің және жобаның ерекшелігіне байланысты талап етілетін сараптамалардың тиісті оң қорытындыларының негізінде жүргізіледі.

      Экономикалық сараптама ҚЭН-нің, уәкілетті органдардың оң салалық қорытындыларының, мамандандырылған ұйымның атқарушы органының оң шешімінің негізінде мамандандырылған ұйымның жоба бойынша бюджеттік кредиттің сұрау салған сомасына ғана жүргізіледі.

      Жүргізілген сараптамаларда және/немесе тәуелсіз сараптамада, сондай-ақ берілген құжаттамада қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша ақпарат ұсыну және (немесе) қосымша сараптама жүргізу қажет болған жағдайда, бюджеттік кредит ҚЭН-нің, оның ішінде түзетілген ҚЭН-нің экономикалық сараптамасын, жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындаған тиісті заңды тұлғалар тиісті ақпаратты сұратады және (немесе) қосымша сараптамалар жүргізуді сұрайды.

      Қосымша ақпаратқа қатысушылардың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға бюджеттік кредит ҚЭН-нің, оның ішінде түзетілгенін ҚЭН-ін енгізуі алдындағы айдың соңғы күніне жасалған қаржылық есептілігі, сондай-ақ қаржылық есептілікке түсіндірме жазбалар жатады.

      Қосымша сараптамаларға:

      1) кешенді ведомстводан тыс сараптама;

      2) уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасы жатады.

      Қажетті ақпаратты ұсыну және/немесе жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптамалар жүргізу бойынша сұрау салулар тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне, сұрау салудың көшірмесі - осы Қағидалардың 182-36-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жіберіледі.

      ББӘ ресми хат түрінде сұрау салу түскен сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қажетті ақпаратты бюджеттік кредит ҚЭН-нің, оның ішінде түзетілген ҚЭН-нің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғаға ұсынады.

      Экономикалық сараптама жүргізу мерзімі ұзартылған жағдайда, бюджеттік кредит ҚЭН-нің, оның ішінде түзетілгенін ҚЭН-нің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлға ББӘ хатын қоса бере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға экономикалық сараптама жүргізудің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      Сұрау салу жіберілген күннен бастап және қажетті ақпарат ұсынылғанға дейін экономикалық сараптама жүргізу мерзімі тоқтатыла тұрады.

      Бюджеттік кредит ҚЭН-нің, оның ішінде түзетілген ҚЭН-нің экономикалық сараптамасының нәтижесі оң қорытынды немесе теріс қорытынды немесе пысықтауға жіберілген қорытынды болып табылады.

      182-47. Бюджеттік кредит ҚЭН-нің экономикалық сараптамасының қорытындысы(бұдан әрі-Қорытынды):

      1) тақырыпты;

      2) "Жобаның қысқаша сипаттамасы" деген бөлімді;

      3) "Тұжырымдар" деген бөлімді;

      4) қойылған қолдарды;

      5) күнін;

      6) мекенжайды;

      7) Қорытындыға "Құжаттар" деген 1-қосымшаны.

      Қорытындыда жобаның атауы, сондай-ақ Қорытындыны дайындаған ұйымның атауы көрсетілген тақырыбы болады.

      "Жобаның қысқаша сипаттамасы" деген бөлімде бюджеттік кредиттің ҚЭН-не сәйкес мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) жобаның атауы;

      2) ББӘ-нің атауы;

      3) қаржылық схемаға қатысушылардың атаулары;

      4) бюджеттік кредит берудің мақсаты;

      5) қаржыландыру жылдары бойынша бөліп көрсетілген жобаның жалпы құны;

      6) жобаны қаржыландыру көздері мен нысаны;

      7) бюджеттік кредит беру шарттары.

      "Тұжырымдар" деген бөлім мынадай құрылымға сәйкес келеді:

      1) уәкілетті органдардың оң салалық қорытындыларының, мамандандырылған ұйымның атқарушы органының оң шешімінің және жобаның ерекшелігіне байланысты талап етілетін сараптамалардың тиісті оң қорытындыларының негізінде бюджеттік кредиттің мөлшері туралы ақпарат келтірілген "Негізділік" тарауы;

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 тіркелді) айқындалған өлшемдерге сәйкес мамандандырылған ұйымның кредит төлеу қабілеттілігіне талдау келтірілген "Кредит төлеу қабілеттілігі" тарауы.

      Қорытындыға "Құжаттар" деген 1-қосымша:

      1) экономикалық сараптама жүргізу кезінде назарға алынған құжаттар мен материалдар тізбесін:

      экономикалық сараптама жүргізу үшін қарауға ұсынылған құжаттарды;

      нормативтік құқықтық актілерді;

      2) ұсынылған құжаттардың құрамы мен мазмұнына ескертулерді қамтиды.

      182-48. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган Қорытынды түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қорытындыны ескере отырып, бюджеттік кредиттің ҚЭН-і бойынша құжаттар топтамасын қарайды және олар бойынша экономикалық қорытынды дайындайды.

      Бюджеттік кредиттің ҚЭН-і бойынша экономикалық қорытындыны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган осы Қағидаларға 49-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды.".

      2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі