Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 № 260 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 15 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларында:
3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"кәсіптік ауру - жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған жіті немесе созылмалы ауру;";
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген № 31/е нысаны бойынша МӘС-ке қорытынды (бұдан әрі – № 31/е нысаны). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығымен бекітілген "Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы" ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11310 болып тіркелген) сәйкес № 31/е нысанының мерзімі оған қол қойылған күнінен бастап бір айдан кешіктірмейтін уақытқа жарамды;
3) медициналық ұйым оны әзірлеген жағдайда, № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген № 033/е нысаны бойынша пациентті/мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігі (бұдан әрі – ОЖБ медициналық бөлігі);";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) алғашқы куәландыру кезінде еңбек етуге қабілетті жастағы адам ұсынатын еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса), ал өндірістік жарақаттар және кәсіптік аурулар болған жағдайларда, сонымен бірге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістегі еңбек сипаты мен жағдайлары туралы мәліметтер (жұмыс беруші толтырады) ұсынылады;";
12) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, куәландырылатын адамның өтінішіне № 31/е нысаны, сондай-ақ тиісті құжаттардың қағаз жеткізгіштегі көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары қоса беріледі.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. МӘС ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және басқа да деректерді) қарау, куәландырылатын адамды тексеру, организм функцияларының бұзылу мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесін бағалау жолымен МӘС бөлімі басшысының немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімі басшысының және кемінде екі бас маманның қатысуымен алқалы түрде жүргізіледі.
МӘС бөлімінің және/немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің отырыстарын өткізу барысы аудиобейнежазба құралдарын пайдалана отырып белгіленеді. Аудиобейнежазбалардың деректері МӘС жүргізілген күннен бастап кемінде 4 (төрт) ай сақталады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Куәландыру (қайта куәландыру) куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісуімен үйде, стационарда және куәландырылатын адам тасымалдауға келмейтін және (немесе) қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерлерде стационарлық емделуде жүрген жағдайларда сырттай, № 31/е нысаны бойынша ДКК ұсынысы негізінде жүргізіледі.
Сырттай куәландырылған (қайта куәландырылған) жағдайда № 31/е нысанды куәландырылатын адамның орналасқан жері бойынша өңірдің медициналық ұйымы рәсімдейді.
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. № 31/е нысаны сапасыз және (немесе) негізсіз рәсімделген жағдайда МӘС бөлімі тексерудің және ұсынылған медициналық құжаттарды талдау деректерінің негізінде сараптамалық қорытынды шығарады және сараптамалық қорытынды шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы медициналық және фармацевтикалық бақылау саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне және пациентті жіберген медициналық ұйымға № 31/е нысанының көшірмесін қоса бере отырып хабарлайды, бұл туралы МӘС актісінде және № 31/е нысанының МӘС сараптамалық қорытындысы туралы хабарламасында жазба жасалады.";
34-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Медициналық ұйымның мультидисциплинарлық топ ОЖБ-ның медициналық бөлігін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) бекітілген Медициналық оңалту көрсету қағидаларына және диагностика, емдеу және оңалтудың клиникалық хаттамаларына сәйкес әзірлейді, ВКК төрағасының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.";
35-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасының нәтижелеріне және мүгедектің оңалту іс-шараларын жүргізуге қажеттілігіне қарай, № 31/е нысанда көрсетілген оңалту іс-шараларының жоспарын ескере отырып МӘС бөлімшесі мыналарды әзірлейді:";
37-тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Сараптамалық қорытындыны шығару кезінде МӘС бөлімі және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімі тиісті медициналық ұйымға № 31/е нысанының МӘС сараптамалық қорытындысы туралы хабарламасын амбулаториялық пациенттің медициналық картасына қосу үшін (электрондық немесе қағаз форматта) жібереді.
Алғашқы куәландыру кезінде мүгедек деп танылмаған жағдайда, ОЖБ-ны әзірлеуге медициналық-әлеуметтік көрсетілімдердің болмауына байланысты ОЖБ әзірлеуге немесе оны түзетуге негізсіз жіберген жағдайларда - куәландырылған адамға немесе заңды өкіліне № 31/е нысанының МӘС сараптамалық қорытындысы туралы хабарламасының телнұсқасы беріледі.
Мүгедектікті растау туралы ақпарат және осы тармақта көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде куәландырылатын адам алған құжаттардың электрондық нысандары "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталының "жеке кабинеті" арқылы ЭЦҚ-ны және/немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, куәландырылатын адамның сұрау салуы бойынша ұсынылады.";
2-1-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. М. Әукеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Шапкенов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 3 наурыздағы № 60 бұйрығына қосымша |
|
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 2-1-қосымша |
"Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету әдістері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүргізіледі. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) жүгінген күні; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі |
МӘС және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдері өтінішті қабылдау кезінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды (электрондық үкімет) шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден сұрап алады: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу; |
1 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет: |