Елдің және өңірлердің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 10 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қаңтарда № 22123 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.05.2023 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Елдің және өңірлердің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесі бекітілсін.

      2. Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Индустрия

      және инфрақұрылымдық даму

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Цифрлық

      даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 22 қаңтардағы
№ 10 Бұйрықпен
бекітілді

Елдің және өңірлердің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Елдің және өңірлердің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) бес жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерді қалыптастыру үшін әзірленді және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асыру құралы ретінде қолданылады.

      2. Осы Әдістемені мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы органы елдің және өңірлердің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қалыптастырылатын болжамы шеңберінде салалар бөлінісінде жалпы ішкі өнім мен жалпы өңірлік өнім бойынша орта мерзімді болжамдарды әзірлеу кезінде қолданады. Жалпы ішкі өнім бойынша орта мерзімді болжамдарды әзірлеу және жаңарту кезеңділігі "Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығымен реттелетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге байланысты.

      3. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) агрегаттау – төменгі деңгейдегі экономикалық көрсеткіштерді барлық кейінгі деңгейлерде барынша ірі жиынтықтарға біріктіру;

      2) аралық тұтыну – есепті кезеңде өндіріс процесінде түрленетін немесе толық тұтынылатын тауарлар мен қызметтердің құны;

      3) базистік кезең – салыстыру жүргізілетін уақыт кезеңі;

      4) индекс-дефлятор – есепті кезеңде экономикадағы бағалардың орташа өзгерісін сипаттайтын көрсеткіш;

      5) жалпы қосылған құн (бұдан әрі – ЖҚҚ) – есепті кезең ішінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару және аралық тұтыну арасындағы айырмашылық. Бұл көрсеткіш өндіріс процесінде тұтынылған негізгі капиталдың құнын қамтиды;

      6) жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі – ЖӨӨ) – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және нарықтық бағалармен есептелетін, жеке алынған өңірдің резиденттік бірліктері-өндірушілерінің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші;

      7) жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) – елдің есепті кезеңдегі экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының және ұлттық шоттар жүйесінің негізгі көрсеткіші;

      8) жүйе құраушы кәсіпорын – қызметі жекелеген өңірдің немесе елдің тіршілігін қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылатын кәсіпорын;

      9) нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) – салыстырылатын кезеңдерде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру көлемінің өзгерісін сипаттайтын, шамамен алынған көрсеткіш. Базистік кезең бағасымен бағаланған ағымдағы кезеңдегі белгілі бір көрсеткіштің құнын оның базистік кезеңдегі құнына бөлу жолымен есептеледі;

      10) резидент – экономикалық мүдделердің басым орталығы осы елдің экономикалық аумағында орналасқан, яғни ол осы аумақта шамамен алынған ұзақ кезең ішінде (бір жыл немесе одан аса) экономикалық қызметпен айналысатын институционалдық бірлік;

      11) өндіру әдісі – экономика салаларында құрылған қосылған құндар сомасы ретінде есептелетін жалпы ішкі өнімді болжамдау әдісі;

      12) өнімдерге берілетін субсидиялар – кәсіпорындарға, олар тауарлар мен қызметтердің белгілі бір түрін өндірген жағдайда, мемлекеттік бюджеттен берілетін ағымдағы өтеусіз төлемдер;

      13) өнімдерге салынатын салықтар – мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты салықтар. Өнімдерге салынатын салықтарға: қосылған құн салығы, акциздер, импортталатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге салынатын салықтар және өзгелер жатады;

      14) өнімдерге салынатын таза салықтар – тиісті субсидияларды шегергендегі салықтар;

      15) ретроспективті серпін – өткен кездегі белгілі бір уақыт кезеңі ішінде салалар көрсеткіштерінің өзгеруі;

      16) регрессиялық талдау – бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалылардың тәуелді айнымалыға әсерін зерттеудің статистикалық әдісі;

      17) ұлттық шоттар жүйесі (бұдан әрі – ҰШЖ) – елдің экономикалық қызметінің нәтижелерін сипаттайтын белгілі бір шоттар мен кестелер жиынтығы түрінде құрастырылған статистикалық көрсеткіштер жүйесі;

      18) "Шығындар-Шығарылым" кестелері – тауарлар мен қызметтерді өндіру мен пайдаланудың егжей-тегжейлі сипаттамаларын, сондай-ақ өндіру процесінде қалыптасатын кірістерді қамтитын өзара байланысты кестелер жиынтығы;

      19) сараптамалық әдістер мен бағалаулар – сарапшының немесе сарапшылар тобының дербес немесе ұжымдық пікірін, жинақталған тәжірибені, білімдерін пайдалану негізінде алынған бағалау әдістері мен болжамдау тәсілдері және оларды қолдану нәтижелері;

      20) экстраполяция – болжамдау объектісін болашақта дамыту үшін бұрынғы және қазіргі үрдістерді, заңдылықтарды, байланыстарды таратуға негізделген зерттеу әдісі.

2-тарау. ЖІӨ-ні болжамдау

1-параграф. Сыртқы және ішкі факторлардың дамуы бойынша негізгі болжамдар

      4. Бес жылдық кезеңге арналған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің болжамын бастапқы кезеңде сыртқы және ішкі факторлардың даму серпіні бойынша негізгі болжамдарды қалыптастыру жолымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді.

      5. Сыртқы факторларға әлемдік экономиканың, Қазақстан Республикасының негізгі сауда әріптестерінің және отандық экспорттың негізгі тауарларына әлемдік нарықтардағы бағаның өсу қарқыны жатады.

      6. Дүниежүзілік банк (бұдан әрі – ДБ), Халықаралық валюта қоры (бұдан әрі – ХВҚ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) ресми деректері әлемдегі ахуалдың даму перспективалары туралы ақпарат көзі болып табылады.

      Болжамның параметрлеріне ықпал ететін ішкі факторларға негізгі экспорттық тауарлар өндірісінің заттай мәндегі көлемдері, халық саны, халықтың экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігі, мемлекеттік бюджет параметрлері, тарифтік реттеу және нысаналы көрсеткіш болып табылатын инфляция деңгейі жатады.

2-параграф. ЖІӨ-нің құрылымы, тәсілдері мен болжамдау тәртібі

      7. ЖІӨ-ні болжамдау өндіру әдісімен жүзеге асырылады.

      8. Өндіру әдісімен болжамдалатын ЖІӨ экономика салаларында құрылған қосылған құндарды қосу жолымен есептеледі.

      9. ЖІӨ НКИ-ін өндіру әдісімен болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:



      мұнда:


t

– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);


t+1

– болжамды жыл;


ЖІӨt+1 НКИ

– болжамды жылдағы ЖІӨ-нің нақты өзгерісі;


ЖІӨt

– базалық жылдағы ЖІӨ-нің номиналды көлемі;


ЖҚҚt

– базалық жылдағы барлық экономика салалары ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;


ЖҚҚt+1 НКИ

– болжамды жылдағы барлық экономика салалары ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– базалық жылдағы өнімдерге және импортқа салынған таза салықтардың номиналды көлемі;




– болжамды жылдағы өнімдерге және импортқа салынған таза салықтардың нақты өзгерісі.

      10. Экономикада теңгерімсіздіктерге жол бермеу мақсатында болжамды деректерді орталық атқарушы органдар ұсынбаған, елеулі ауытқулар немесе құбылмалы серпін туындаған жағдайларда деңгейлестіру мақсатында ЖІӨ немесе оның жекелеген элементтерін сараптамалық қайта бағалау әдісі қолданылуы мүмкін.

      11. Салалар бойынша ЖІӨ-ні болжамдау мынадай кезеңдер ескеріле отырып, жүзеге асырылады:

      1) экономика салаларының болжамды ЖҚҚ НКИ-ін қалыптастыру;

      2) экономика салаларының болжамды ЖҚҚ индекс-дефляторларын қалыптастыру;

      3) экономика салаларының ағымдағы бағадағы ЖІӨ мен ЖҚҚ-сының болжамды мәндерін қалыптастыру.

3-параграф. Экономика салаларының болжамды ЖҚҚ НКИ қалыптастыру (1-кезең)

      12. Орта мерзімді кезеңге арналған ЖҚҚ НКИ-дің болжамды мәндері экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мен шараларын және әлеуметтік экономикалық дамудың басымдықтарын іске асыруға бағытталған жаңа шығыстар бастамаларын ескере отырып, осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген ЖІӨ-ні болжамдау үшін Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес экономика салалары бойынша қалыптастырылады.

      13. Экономика салалары бөлінісінде ЖҚҚ НКИ болжамы мынадай тәртіппен әзірленеді:

      1) тауарлар өндіру секторының кіші салаларының және "Көлік және қоймалау" салаласының орта мерзімді кезеңге арналған ЖҚҚ НКИ болжамды мәндерін:

      агроөнеркәсіптік кешен, суармалы егіншілік және мелиорация, жер ресурстары саласында басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде оның құзыретіне – ауыл шаруашылығы, тамақ өнімдерін және алкогольсіз сусын өндіру қызметіне жатқызылған салада мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау салаларында, көмірсутектер, уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану саласында, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральды құбыржол, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, атом энергиясы, жаңартылатын энергия көздерін – мұнай және табиғи газ өндіру, мұнай өңдеу, электрмен жабдықтауды дамыту салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      индустрия және индустриялық даму, тау-кен металлургиялық кешен, жергілікті қамтуды дамыту, машина жасау, көмір, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндiру, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; өнеркәсіп қауіпсіздігі; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымын реттеу; арнайы экономикалық аймақтар құру, жұмыс істеуі және тарату; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттiк басқару; теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметiн, аэронавигация және әуежайлар қызметі саласында табиғи монополия, әуежайлар қызметі саласында қоғамдық маңызы бар нарықтарда, автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) саласында мемлекеттік реттеуді, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі, бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу, әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты – көмір, темір және түсті металдар кенін, тоқыма бұйымдарын, киім, былғары және оған жататын өнімдерді, жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды; сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған бұйымдар, қағаз және қағаздан жасалған өнімдер, химиялық өнеркәсіп өнімдерін, негізгі фармацевтикалық өнімдерді, резеңке және пластмасса бұйымдарын, өзге металл емес минералды өнімдерді өндіру, металлургия өнеркәсібі (қара металлургия, негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру), машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау, машина жасау, жиһаз жасау, құрылыс, сумен жабдықтау, көлік және қоймалауды қалыптастыру, орналастыру және орындау салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Тау-кен өндіру өнеркәсібі және өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша орталық атқарушы органдардың болжамды мәндері өңірлік экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне сүйене отырып, осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес В және С секцияларының салалары бойынша жергілікті атқарушы органдар ұсынған болжамды деректер ескеріле отырып, қалыптастырылады.

      2) "Көлік және қоймалау" саласын қоспағанда, қызмет көрсету секторы салаларының ЖҚҚ НКИ-нің болжамды мәндері қалыптасқан үрдістер негізінде және мыналарды:

      ауыспалыларды түсіндіруші ретінде тауар өндірісі салаларының есептелген НКИ көрсеткіштерін және көрсетілетін қызмет секторы дамуының серпініне тікелей әсер ететін көрсеткіштерді, оның ішінде салалар бойынша жұмыспен қамтылғандар санының өзгеруін қоса отырып, өткенді шолу серпінін эконометрикалық модельдеуді (регрессиялық талдау);

      салалар бойынша өндіріс пен түпкілікті сұраныс көлемдері өзгерісінің тікелей және жанама әсерлерін ескере отырып, "Шығындар-Шығарылым" кестесінің талдамалық қасиеттерін пайдалана отырып есептеледі.

      3) тауарлар өндіру секторының кіші салалары мен "Көлік және қоймалау" саласының ЖҚҚ НКИ-нің болжамды мәндері оларды орталық атқарушы органдар ұсынбаған, елеулі ауытқулар немесе құбылмалы серпін туындаған жағдайда деңгейлестіру мақсатында өткен жылдардағы салалардың ЖҚҚ НКИ-нің экстраполяциясы және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның сараптамалық бағалауы негізінде есептеледі;

      4) жалпы экономика бойынша орташа өлшенген ЖҚҚ НКИ негізінде, сараптамалық бағалауды және салық түсімдерінің серпіні ескеріле отырып, өнімдер мен импортқа салынған таза салықтардың НКИ-і анықталады.

      14. "Ауыл, орман және балық шаруашылығы", "Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру", "Өңдеу өнеркәсібі" және "Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау" салаларының ЖҚҚ НКИ болжамды мәндерін есептеу кейін Экономикалық қызмет түрлерінің топтары бойынша жеке индекстерді экономикалық қызмет түрлерінің ірілендірілген топтары (бөлімдер, секциялар) бойынша индекстерге кезең-кезеңмен агрегациялай отырып, ЖҚҚ көлемі мен серпіні туралы деректерді пайдалануға негізделеді.

      15. Барлық салалардың болжамды ЖҚҚ НКИ-і мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


t

– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);


t+1

– болжамды жыл;


ЖҚҚt+1 НКИ

– болжамды жылдағы экономиканың барлық салалары ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;


ЖҚҚt

– базалық жылдағы экономиканың барлық салалары ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "Тауарлар өндірісі" ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– базалық жылдағы "Тауарлар өндірісі" ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "Көрсетілетін қызметтер өндірісі" ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– базалық жылдағы "Көрсетілетін қызметтер өндірісі" ЖҚҚ-сының номиналды көлемі.

      16. "Тауарлар өндірісі" болжамды ЖҚҚ НКИ-і мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


t

– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);


t+1

– болжамды жыл;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "Тауарлар өндірісі" ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– базалық жылдағы "Тауарлар өндірісі" ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы А секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы А секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы F секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы F секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі.

      17. "Көрсетілетін қызметтер өндірісі" болжамды ЖҚҚ НКИ-і мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


t

– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);


t+1

– болжамды жыл;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "Көрсетілетін қызметтер өндірісі" ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– базалық жылдағы "Көрсетілетін қызметтер өндірісі" ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы G секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы G секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы T секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы T секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі.

      18. "Ауыл, орман және балық шаруашылығы" А секциясының болжамды ЖҚҚ НКИ-і мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


t

– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);


t+1

– болжамды жыл;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы А секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы А секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "011-013" кіші саласы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы "011-013" кіші саласы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "03" кіші саласы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы "03" кіші саласы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі.

      19. "Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру" В секциясының болжамды ЖҚҚ НКИ-і мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


t

– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);


t+1

– болжамды жыл;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы B секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы B секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "05" кіші саласы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы "05" кіші саласы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "09" кіші саласы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы "09" кіші саласы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі.

      20. "Өңдеу өнеркәсібі" C секциясының болжамды ЖҚҚ НКИ-і мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


t

– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);


t+1

– болжамды жыл;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы C секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы C секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "10" кіші саласы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы "10" кіші саласы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "32" кіші саласы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы "32" кіші саласы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі.

      21. "Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау" D секциясының болжамды ЖҚҚ НКИ-і мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


t

– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);


t+1

– болжамды жыл;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы D секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы D секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "351" кіші саласы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы "351" кіші саласы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "353" кіші саласы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы "353" кіші саласы ЖҚҚ-ның номиналды көлемі.

4-параграф. Экономика салалары ЖҚҚ-сының болжамдық индекс-дефляторларын қалыптастыру (2-кезең)

      22. ЖҚҚ индекс-дефляторлары осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген ЖІӨ-ні болжамдауға арналған ЭҚЖЖ-ға сәйкес экономика салалары бойынша қалыптастырылады. Салалардың ЖҚҚ индекс-дефляторы алдыңғы жылға қатысты салалардағы бағалардың орташа жылдық өзгерісін көрсетеді. Салалардың ЖҚҚ индекс-дефляторларының болжамды мәндері салалардың ЖҚҚ индекс-дефляторларының серпіні бойынша қалыптасқан үрдістердің, сыртқы нарықтардағы болжамды бағалық конъюнктураның негізінде, сондай-ақ тұтыну бағаларының болжамды индексі мен ішкі нарықтағы өндірушілер бағаларының өзгеруі ескеріле отырып, есептеледі.

      23. Сыртқы факторлар негізінде ЖҚҚ индекс-дефляторларын болжамдау кезінде ДБ, ХВҚ және БҰҰ мұнайдың, металдардың, ауыл шаруашылығы өнімдерінің және өзге де тауарлардың әлемдік бағасының өзгерісі бойынша болжамдары ескеріледі.

      24. Елеулі ауытқулар немесе құбылмалы серпін туындаған жағдайда деңгейлестіру мақсатында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның сараптамалық бағалаулары пайдаланылады.

      25. Өнімдер мен импортқа салынатын таза салықтардың индекс-дефляторы сараптамалық бағалау ескеріле отырып, барлық салалар ЖҚҚ-сының орташа өлшенген индекс-дефляторының негізінде айқындалады.

      26. ЖІӨ индекс-дефляторы мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


t

– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);


t+1

– болжамды жыл;


ЖІӨt+1 дефл.

– болжамды жылдағы ЖІӨ индекс-дефляторы;


ЖІӨt

– базалық жылдағы ЖІӨ-нің номиналды көлемі;


ЖІӨt+1

– болжамды жылдағы ЖІӨ-нің номиналды көлемі;


ЖІӨt+1 НКИ

– болжамды жылдағы ЖІӨ-нің нақты өзгерісі.

5-параграф. Ағымдағы бағаларда экономика салаларының ЖІӨ және ЖҚҚ-ның болжамды мәндерін қалыптастыру (3-кезең)

      27. Ағымдағы бағаларда экономика салалары бөлінісіндегі ЖІӨ және ЖҚҚ мына формулалар бойынша есептеледі:



      мұнда:


t

– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);


t+1

– болжамды жыл;


ЖІӨt+1

– болжамды жылдағы ЖІӨ-нің номиналды көлемі;


ЖҚҚt+1

– болжамды жылдағы барлық салалар ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– болжамды жылдағы өнімге және импортқа салынатын таза салықтардың номиналды көлемі;


ЖҚҚt

– базалық жылдағы барлық салалар ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;


ЖҚҚt+1 НКИ

– болжамды жылдағы барлық салалар ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;


ЖҚҚt+1 дефл.

– болжамды жылдағы барлық салалар ЖҚҚ-сының индекс-дефляторы.

3-тарау. ЖӨӨ-ні болжамдау

1-параграф. Сыртқы және ішкі факторлардың дамуы бойынша негізгі болжамдар

      28. Бес жылдық кезеңге арналған өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің болжамын бастапқы кезеңде сыртқы және ішкі факторлардың даму серпіні бойынша негізгі болжамдарды қалыптастыру жолымен және бес жылдық кезеңге арналған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің болжамы негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы органы әзірлейді.

      29. Сыртқы факторларға әлемдік экономиканың, Қазақстан Республикасының негізгі сауда әріптестерінің және отандық экспорттың негізгі тауарларына әлемдік нарықтардағы бағаның өсу қарқыны жатады.

      30. Әлемдегі ахуалдың даму перспективалары туралы ақпарат көзі ДБ, ХВҚ және БҰҰ ресми деректері болып табылады.

      Болжамның параметрлеріне ықпал ететін ішкі факторларға негізгі экспорттық тауарлар өндірісінің заттай мәндегі көлемдері, халық саны, халықтың экономикалық белсенді бөлігі, мемлекеттік бюджет параметрлері, тарифтік реттеу және нысаналы көрсеткіш болып табылатын инфляция деңгейі жатады.

2-параграф. ЖӨӨ-ні болжамдаудың құрылымы, тәсілдері мен тәртібі

      31. ЖӨӨ-ні болжамдау өңірлердің экономикалық даму деңгейі мен серпінінің кешенді сипаттамасын алуға, ел экономикасындағы олардың орны мен рөлін объективті түрде айқындауға, жүргізіліп отырған өңірлік саясаттың тиімділігін бағалауға, ел ішінде өңірлердің даму деңгейлерін салыстыруға мүмкіндік беретін макроэкономикалық ақпаратты қалыптастыру үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы органымен жүзеге асырылады.

      32. Орта мерзімді кезеңге ЖӨӨ-ні өндіру әдісімен болжамдау Қазақстан Республикасының 03-2007 "Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшi" мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес экономиканың салалары бөлінісінде ҰШЖ тәсілдеріне сәйкес әзірленді.

      33. Өндіру әдісімен болжанатын өңір ЖӨӨ-сі өңір экономикасы салаларында құрылған қосылған құндарды қосу жолымен есептеледі.

      34. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орта мерзімді кезеңге арналған ЖӨӨ, ЖӨӨ НКИ және ЖӨӨ индекс-дефляторы осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес ЖӨӨ есептеуге арналған өңірлердің экономика салалары бойынша өндіру әдісімен болжанады.

      35. Өндіру әдісімен ЖӨӨ НКИ-ін болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:



      мұнда:


t

– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);


t+1

– болжамды жыл;


ЖӨӨt+1 НКИ

– болжамды жылдағы ЖӨӨ-нің нақты өзгерісі;


ЖӨӨt

– базалық жылдағы ЖӨӨ-нің номиналды көлемі;


ЖҚҚt

– базалық жылдағы өңірдің экономикасы салалары ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;


ЖҚҚt+1 НКИ

– болжамды жылдағы өңір экономикасы салалары ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– базалық жылдағы өнімге және импортқа салынатын таза салықтардың номиналды көлемі;




– болжамды жылдағы өнімге және импортқа салынатын таза салықтардың нақты өзгерісі.

      36. Экономикада теңгерімсіздіктерге жол бермеу мақсатында болжамды деректерді жергілікті атқарушы органдар ұсынбаған, елеулі ауытқулар немесе құбылмалы серпін туындаған жағдайларда деңгейлестіру мақсатында ЖӨӨ-ні немесе оның жекелеген элементтерін сараптамалық қайта бағалау әдісі қолданылуы мүмкін.

      37. Салалар бойынша ЖӨӨ-ді болжамдау мынадай кезеңдер ескеріле отырып, жүзеге асырылады:

      1) өңірдің экономика салаларының болжамды ЖҚҚ НКИ-ін қалыптастыру;

      2) өңірдің экономика салалары ЖҚҚ-сының болжамдық индекс-дефляторларын қалыптастыру;

      3) ағымдағы бағаларда өңірдің экономика салаларының ЖҚҚ мен ЖӨӨ-сінің болжамды мәндерін қалыптастыру.

3-параграф. Өңірдің экономика салаларының болжамды ЖҚҚ НКИ-ін қалыптастыру (1-кезең)

      38. Әрбір өңірдің экономика салаларының ЖҚҚ НКИ-ін болжамдау мынадай тәртіппен әзірленеді:

      1) ЖҚҚ НКИ өңірлік экономикалық саясаттың мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес ЖӨӨ-ні есептеу үшін өңірлердің экономика салалары бойынша жергілікті атқарушы органдар орта мерзімді кезеңге қалыптастырады. Өңірлердің нақты секторының салалары өңірдің жүйе құраушы кәсіпорындарының болжанатын өнімдер шығарылымы, сондай-ақ тиісті салалар өнімдерінің (тауарларының, көрсетілетін қызметтерінің) іс жүзіндегі болжамды көлем индекстерімен өткен жылдардағы ЖӨӨ-нің құрамдас бөлігінің элементтерін экстраполяциялау әдісі негізінде болжанады;

      2) сараптамалық бағалауды және салық түсімдерінің серпінін ескере отырып, өңірлердің жалпы экономикасы бойынша ЖҚҚ-ның орташа өлшенген НКИ негізінде өнімдер мен импортқа салынатын таза салық НКИ-і анықталады.

      39. Өңірлердің экономика салаларының болжамды ЖҚҚ НКИ-і мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


t

– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);


t+1

– болжамды жыл;


ЖҚҚt+1 НКИ

– болжамды жылдағы өңір экономикасы салалары ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;


ЖҚҚt

– базалық жылдағы өңір экономикасы салалары ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "Тауарлар өндірісі" ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– базалық жылдағы "Тауарлар өндірісі" ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "Көрсетілетін қызметтер өндірісі" ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– базалық жылдағы "Көрсетілетін қызметтер өндірісі" ЖҚҚ-сының номиналды көлемі.

      40. "Тауарлар өндірісі" ЖҚҚ-ның болжамды НКИ-і мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


t

– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);


t+1

– болжамды жыл;




– осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "Тауарлар өндірісі" ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– базалық жылдағы "Тауарлар өндірісі" ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы А секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы А секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы F секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы F секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі.

      41. Болжамды "Көрсетілетін қызметтер өндірісі" ЖҚҚ НКИ-і мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


t

– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);


t+1

– болжамды жыл;




– осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "Көрсетілетін қызметтер өндірісі" ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– базалық жылдағы "Көрсетілетін қызметтер өндірісі" ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы G секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы G секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы T секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;




– осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы T секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі.

4-параграф. Өңірдің экономика салалары ЖҚҚ-сының болжамды индекс-дефляторларын қалыптастыру (2-кезең)

      42. ЖҚҚ-ның индекс-дефляторлары осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес ЖӨӨ-ні есептеу үшін өңірлердің экономика салалары бойынша қалыптастырылады. Салалардың ЖҚҚ индекс-дефляторы алдыңғы жылға қатысты салалардағы бағалардың орташа жылдық өзгерісін көрсетеді. Салалардың ЖҚҚ индекс-дефляторларының болжамдық мәндері салалардың ЖҚҚ индекс-дефляторларының серпіні бойынша қалыптасқан үрдістердің, сыртқы нарықтардағы болжамды бағалық конъюнктураның негізінде, сондай-ақ тұтыну бағаларының болжамды индексі мен ішкі нарықтағы өндірушілер бағаларының өзгеруі ескеріле отырып, есептеледі. Бұл ретте индекс-дефлятордың жалпы республикалық салалық болжамды серпіні ескеріледі.

      43. Елеулі ауытқулар немесе құбылмалы серпін туындаған жағдайда оны деңгейлестіру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы органының сараптамалық бағалаулары пайдаланылады.

      44. Өнімдер мен импортқа салынған таза салықтардың индекс-дефляторы сараптамалық бағалауды ескере отырып, жалпы экономика бойынша орташа өлшенген индекс-дефлятордың негізінде анықталады.

      45. ЖӨӨ индекс-дефляторы мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


t

– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);


t+1

– болжамды жыл;


ЖӨӨt+1 дефл.

– болжамды жылдағы ЖӨӨ индекс-дефляторы;


ЖӨӨt

– базалық жылдағы ЖӨӨ-нің номиналды көлемі;


ЖӨӨt+1

– болжамды жылдағы ЖӨӨ-нің номиналды көлемі;


ЖӨӨt+1 НКИ

– болжамды жылдағы ЖӨӨ-нің нақты өзгерісі.

5-параграф. Ағымдағы бағаларда өңірдің экономика салаларының ЖӨӨ мен ЖҚҚ-ның болжамды мәндерін қалыптастыру (3-кезең)

      46. Ағымдағы бағаларда өңірлердің экономика салаларының ЖӨӨ және ЖҚҚ-сы мына формулалар бойынша есептеледі:



      мұнда:


t

– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);


t+1

– болжамды жыл;


ЖӨӨt+1

– болжамды жылдағы ЖӨӨ-нің номиналды көлемі;


ЖҚҚt+1

– болжамды жылдағы өңірдің экономика салалары ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;




– болжамды жылдағы өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтардың номиналды көлемі;


ЖҚҚt

– базалық жылдағы өңірдің экономика салалары ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;


ЖҚҚt+1 НКИ

– болжамды жылдағы өңірдің экономика салалары ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;


ЖҚҚt+1 дефл.

– болжамды жылдағы өңірдің экономика салалары ЖҚҚ-сының индекс-дефляторы.

4-тарау. Жекелеген макроэкономикалық көрсеткіштерді болжамдау

      Ескерту. Әдістеме 4-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.11.2021 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Айлық есептік көрсеткішті болжамдау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      t – базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);

      t+1 – болжамды жыл;

      АЕК 1t – базалық жылдың айлық есептік көрсеткіші;

      Орташа инфляция дәлізінің деңгейі t+1 – болжамды жылдағы инфляция дәлізінің орташа деңгейі.

      48. Халықтың орташа жылдық санын болжамдау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      t – базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);

      t+1 – болжамды жыл;

      XOCt+1 – болжамды жылдағы халықтың орташа жылдық саны;

      XOCt – базалық жылдағы халықтың орташа жылдық саны;

      XOCt

– соңғы 5 базалық жылда халықтың орташа жылдық санының орташа өсуі.

      49. ЖІӨ-ні миллиард АҚШ долларында болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:




– болжамды жылдағы миллиард АҚШ долларымен алынған ЖІӨ-нің номиналды көлемі;

– болжамды жылдағы миллиард теңгемен алынған ЖІӨ-нің номиналды көлемі;

      Есептік бағамt+1 – болжамды жылдағы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің есептік бағамы.

      50. Миллиард халықаралық долларында алынған сатып алу қабілетінің паритеті бойынша ЖІӨ-ні болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:




– болжамды жылдағы миллиард халықаралық долларымен алынған ЖІӨ-нің сатып алу қабілетінің паритеті бойынша номиналды көлемі;

– болжамды жылдағы миллиард теңгемен алынған ЖІӨ-нің номиналды көлемі;

      Халықаралық долларға шаққандағы теңгенің бағамыt+1 – ХВҚ деректері бойынша болжамды жылдағы сатып алу қабілетінің паритеті бойынша халықаралық долларға шаққандағы теңгенің бағамы.

      51. Жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні АҚШ долларымен алынған болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:




– болжамды жылдағы жан басына шаққандағы АҚШ долларымен алынған ЖІӨ;

– болжамды жылдағы теңгемен алынған ЖІӨ-нің номиналды көлемі;

      Есептік бағамt+1 – болжамды жылдағы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің есептік бағамы;

      XOCt+1 – болжамды жылдағы халықтың орташа жылдық саны.

      52. ЖӨӨ-ні миллиард АҚШ долларымен алынған болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:




– болжамды жылдағы АҚШ долларымен алынған ЖӨӨ-нің номиналды көлемі;

– болжамды жылдағы миллиард теңгемен алынған ЖӨӨ-нің номиналды көлемі;

      Есептік бағамt+1 – болжамды жылдағы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің есептік бағамы.

      53. Жан басына шаққандағы АҚШ долларымен алынған ЖӨӨ-ні болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:




– болжамды жылдағы АҚШ долларымен алынған жан басына шаққандағы ЖӨӨ;

– болжамды жылдағы теңгемен алынған ЖӨӨ-нің номиналды көлемі;

      Есептік бағамt+1 – болжамды жылдағы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің есептік бағамы;

      XOCt+1 – болжамды жылдағы халықтың орташа жылдық саны.

  Елдің және өңірлердің бес
жылдық кезеңге арналған
әлеуметтік-экономикалық
дамуының негізгі
көрсеткіштерін болжамдау
әдістемесіне
1-қосымша

ЖІӨ-ні болжамдауға арналған ЭҚЖЖ-ға сәйкес экономика салалары

ЭҚЖЖ коды

Атауы



Тауарлар өндірісі

1

А секциясы

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

2

011-013

Өсімдік шаруашылығы

3

014

Мал шаруашылығы

4

02

Орман шаруашылығы және ағаш дайындау

5

03

Балық шаруашылығы және аквадақыл

6

В секциясы

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру

7

05

Көмір және лигнит өндіру

8

061

Шикі мұнайды өндіру

9

062

Табиғи газды өндіру

10

071

Темір кенін өндіру

11

072

Түсті металдар кендерін өндіру

12

08

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары

13

09

Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық көрсетілетін кызметтер

14

С секциясы

Өңдеу өнеркәсібі

15

10

Тамақ өнімдерін өндіру

16

11

Сусындар өндіру

17

12

Темекі өнімдерін өндіру

18

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

19

14

Киім өндіру

20

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

21

16

Жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған бұйымдар өндіру

22

17

Қағаз және қағаздан жасалған өнімдерді өндіру

23

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған материалдарды жаңғырту

24

19

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

25

20

Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру

26

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдерді және фармацевтикалық препараттарды өндіру

27

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

28

23

Өзге металл емес минералды өнімдерді өндіру

29

24

Металлургия өнеркәсібі

30

241-243, 245

қара металлургия

31

244

негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру

32

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау

33

26-30, 33

Машина жасау

34

31

Жиһаз жасау

35

32

Өзге дайын бұйымдарды жасау

36

D секциясы

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

37

351

Электр энергиясын өндіру, беру және бөлу

38

352

Газ тәрізді отынды өндіру және бөлу

39

353

Бу беру және ауа баптау жүйелері

40

Е секциясы

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

41

F секциясы

Құрылыс



Көрсетілетін қызметтер өндірісі

42

G секциясы

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

43

H секциясы

Көлік және қоймалау

44

I секциясы

Тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер

45

J секциясы

Ақпарат және байланыс

46

К секциясы

Қаржы және сақтандыру қызметі

47

L секциясы

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

48

М секциясы

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

49

N секциясы

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

50

О секциясы

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру

51

Р секциясы

Білім беру

52

Q секциясы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

53

R секциясы

Өнер, ойын-сауық және демалыс

54

S секциясы

Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

55

Т секциясы

Үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтарының қызметі


Жалпы қосылған құн


Өнімдерге салынатын таза салықтар


Жалпы ішкі өнім

  Елдің және өңірлердің бес
жылдық кезеңге арналған
әлеуметтік-экономикалық
дамуының негізгі
көрсеткіштерін болжамдау
әдістемесіне
2-қосымша

ЖӨӨ-ні есептеу үшін өңірлердің экономика салалары

ЭҚЖЖ коды

Атауы



Тауарлар өндірісі

1

A секциясы

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

2

B секциясы

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру

3

05

Көмір және лигнит өндіру

4

06

Шикі мұнай және табиғи газ өндіру

5

07

Металл кендерін өндіру

6

08

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары

7

09

Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық көрсетілетін кызметтер

8

C секциясы

Өңдеу өнеркәсібі

9

10

Тамақ өнімдерін өндіру

10

11

Сусындар өндіру

11

12

Темекі өнімдерін өндіру

12

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

13

14

Киім өндіру

14

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

15

16

Жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған бұйымдар өндіру

16

17

Қағаз және қағаздан жасалған өнімдерді өндіру

17

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған материалдарды жаңғырту

18

19

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

19

20

Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру

20

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдерді және фармацевтикалық препараттарды өндіру

21

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

22

23

Өзге металл емес минералды өнімдерді өндіру

23

24

Металлургия өнеркәсібі

24

241-243, 245

қара металлургия

25

244

негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру

26

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау

27

26-30, 33

Машина жасау

28

31

Жиһаз жасау

29

32

Өзге дайын бұйымдарды жасау

30

D секциясы

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

31

Е секциясы

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

32

F секциясы

Құрылыс



Көрсетілетін қызметтер өндірісі

33

G секциясы

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

34

H секциясы

Көлік және қоймалау

35

J секциясы

Ақпарат және байланыс

36

L секциясы

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

37

I, K, M-T секциялары

Өзге көрсетілетін қызметтер

38

Жалпы қосылған құн


Өнімдерге салынатын таза салықтар


Жалпы өңірлік өнім