"Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, э

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қаңтарда № 22109 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16098 болып тіркелген, 2018 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Нарық кеңесінің іске асыру орындылығы туралы ұсынымын алған инвестициялық бағдарламалар уәкілетті органның қарауына жіберіледі.

      Уәкілетті органның қарауына жіберілген инвестициялық бағдарламаларды, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық бағдарламаның негізгі параметрлері туралы ақпаратты және оларға сәйкес келетін Нарық кеңесінің іске асыру орындылығы туралы ұсынымды Нарық кеңесі аталған инвестициялық бағдарламаларды Нарық кеңесіне енгізілген жылдың бірінші сәуіріне дейінгі мерзімде уәкілетті органға енгізеді.

      Нарық кеңесінің іске асыру орындылығы туралы ұсынымын алмаған инвестициялық бағдарламалар бойынша қорытындылар мәлімет үшін уәкілетті органға енгізіледі.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 20 қаңтардағы
№ 20 бұйрыққа
1-қосымша
  Жаңғыртудың, кеңейтудің,
реконструкциялаудың және
(немесе) жаңартудың
инвестициялық
бағдарламаларын қарауға
жіберу, оларды қарау және
іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға және
(немесе) жаңартуға арналған
инвестициялық келісімдерді
жасасу, электр қуатының
әзірлігін ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметті сатып алу
туралы шарттарды тиісінше
жасасуды және осы шарттар
үшін электр қуатының әзірлігін
ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметке жеке
тарифтерді, электр қуатының
әзірлігін ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметті сатып алу
көлемдері мен мерзімдерін
белгілеу қағидаларына
2-қосымша

Қарауға жіберу өлшемшарттары

      1. Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасы мынадай түрлердің бірінің немесе бірнешеуінің іс-шараларын қамтиды:

      1) жаңа және ауыстырылатын жабдыққа қарағанда техникалық-технологиялық параметрлері жоғары болып табылатын енгізілетін жабдықты монтаждау жұмыстары басталған уақытқа электр станциясының ауыстыру жоспарланған негізгі генерациялайтын жабдығы тағайындалған жеке ресурстың кемінде 100 (жүз) пайызын өндірген жағдайда, жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясының негізгі жұмыс істеп тұрған генерациялайтын жабдығын жаңасына айырбастау;

      2) енгізілетін жабдық жаңа және ауыстырылатын жабдыққа қарағанда техникалық-технологиялық параметрлері жоғары болып табылған кезде, жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясының алдында пайдаланудан шығарылған негізгі генерациялайтын жабдығын қалпына келтіру;

      3) енгізілетін жабдық жаңа және ауыстырылатын жабдыққа қарағанда техникалық-технологиялық параметрлері жоғары болып табылған кезде, жұмыс істеп тұрған (бар) электр станцияда қосымша негізгі генерациялайтын жабдығын енгізу (кеңейту).

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16098 болып тіркелген), Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделетін және Нарық кеңесінің қарауына енгізілетін жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасының негізгі параметрлері туралы ақпарат инвестициялық бағдарламада көрсетілген ақпаратқа сәйкес, ал ондағы бар кесте параметрлерінің сандық мәндері ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 20 қаңтардағы
№ 20 бұйрыққа
2-қосымша
  Жаңғыртудың, кеңейтудің,
реконструкциялаудың және
(немесе) жаңартудың
инвестициялық
бағдарламаларын қарауға
жіберу, оларды қарау және
іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға және
(немесе) жаңартуға арналған
инвестициялық келісімдерді
жасасу, электр қуатының
әзірлігін ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметті сатып алу
туралы шарттарды тиісінше
жасасуды және осы шарттар
үшін электр қуатының әзірлігін
ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметке жеке
тарифтерді, электр қуатының
әзірлігін ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметті сатып алу
көлемдері мен мерзімдерін
белгілеу қағидаларына
3-қосымша

Іріктеу өлшемшарттары бойынша баллдар

Өлшемшарттың атауы

Өлшемшарттың мөлшерлігі

Мәні

Балл

Өлшемшарт салмағы

1

2

3

4

5

6

1

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф

%*

50,0 ÷ 200,0

5,0

0,6

200,1 и 300,0

4,5

300,1 и 400,0

4,0

400,1 и 500,0

3,5

500,1 и 600,0

3,0

600,1 и 700,0

2,5

700,1 и 800,0

2,0

800,1 и 900,0

1,5

900,1 и 1000,0

1,0

1000,1 және одан жоғары

0,5

Өлшемшарт бойынша қорытынды балл өлшемшарт бойынша балл мен өлшемшарт салмағының көбейтіндісіне тең

3

Электр станциясының түрі**

-

ЖЭО

5,0

0,4

БГЭС

4,0

ГЭС, ГТЭС

3,0

КЭС

2,0

ГПЭС

1,0

Өлшемшарт бойынша қорытынды балл өлшемшарт бойынша балл мен өлшемшарт салмағының көбейтіндісіне тең

      Ескертпе:

      * – Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11850 болып тіркелген) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф мәнінің пайызы;

      ** – ЖЭО – жылу электр орталығы, ГЭС – гидроэлектр станциясы, КЭС – конденсациялық электр станциясы, БГЭС – бу-газды электр станциясы, ГТЭС – газ турбиналық электр станциясы, ГПЭС – газ поршеньді электр станциясы.