Бөкей ордасы ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 14 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 қарашада № 6465 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бөкей ордасы аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша әкімшілік-аумақтық құрылым шекараларының сақталуы ескеріле отырып Бөкей ордасы ауданының аумағында сайлау учаскелері осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. Бөкей ордасы ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің осы шешімнің № 2 қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

      3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Е.Айтқалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бөкей ордасы ауданының әкімі Н. Рахимжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Бөкей ордасы аудандық (аумақтық) сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________Б.Лұқпанов
"1" қазан 2020 жыл

  Бөкей ордасы ауданының
әкімінің 2020 жылғы
2 қарашадағы №14
шешiмiне қосымша

Бокей ордасы ауданының аумағындағы сайлау учаскелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкiмiнiң 29.12.2022 № 6 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      № 53 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, 2 үй, "Бөкейордасы аудандық мәдениет бөлімінің Бөкейордасы аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Сайқын ауылы, М.Бегалиева, С.Сейфуллин, А.Оразбаева, А.Молдағұлова, Т. Масин, Жамбыл, М. Мәметова, М. Насимуллин, Жангелдин, Алаш Орда, Тәуелсіздік. Астана көшелері.

      № 54 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Шоңай ауылы, 1 У көшесі, 29 үй, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Шоңай бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Шоңай ауылы, Золотой, Жолдыбай, Тайғара, Первомай, Жатақорын 390, Жатақорын 372, Жатақорын 365, Сүндет, Сарыбасты, Шонайкөл 1, Шонайкөл 2, Шонайкөл 3, Шонайкөл 4, Қандыбұлақ, Талап, Қаракөл қыстақтары.

      № 55 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Мәмбет ауылы, 1 У көшесі, 10 үй, Бөкей ордасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Мәмбет ауылдық филиал кітапханасының ғимараты.

      Шекарасы: Мәмбет ауылы, Гришка, Жатақорын 340, Сатан, Жаңадвор, Шолтыр, Құмақ, Сад, Муса, Ұзынкөл, Саралжын, Сарбасты 1, Сарбасты 2, Бруцеллез, Сертек шалаш, Молотов 1, Молотов 2, Ақсай, Далбын, Құмқұдық, Түйеқыстау, Ұнғысын, Комплекс қыстақтары.

      № 56 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жәрмеңке ауылы, 1 У көшесі, 12 үй, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Жәрмеңке бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Жәрмеңке ауылы, Ақанкөл 1, Ақанкөл 2, Бригада 3, Бригада 4, Құрманбай, Жұмагелдi, Иманғали, Шұңгыл, Полустанка, Ақбұлақ, Көктерек, Қопадай, Айдыралi, Ақиық, Лұқпанкөл, Ситәлi қыстақтары.

      № 57 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Мұратсай ауылы, Абай көшесі, 14 үй, Мұратсай ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Мұратсай ауылы, Т.Әубакіров, А.Құнанбаев, А.Құсайынов, Х.Чурин, М.Өтемісов, И.Тайманов, А.Оразбаева, М.Маметова көшелері, Купка, Ғиззат, Қуаншәлi қыстақтары.

      № 58 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Әжен ауылы, 1 У көшесі, 12 үй, Әжен ауылдық клубтың ғимараты.

      Шекарасы: Әжен ауылы, Мағзом, Терек, Мұқат, Қосжан, Қарақұл, Әпет қыстақтары.

      № 59 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Тайғара ауылы, 1 У көшесі, 22 үй, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Тайғара бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Тайғара ауылы, Майғара-1, Майғара-2, Құбаш, Мәзiлбек, Қосбайтал, Қабдiр қыстақтары.

      № 60 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Хан Ордасы ауылы, Жәңгір хан көшесі, 37 үй, Хан Ордасы ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Хан Ордасы ауылы және Хан Ордасы ауылының А. Оразбаева көшесiнiң батыс бетi, Макар ауылы, Жігер, Сатқан, Хамит, Игілік, Соқыр қарт, Соқыр қарт 2, Абай, Курорт, Мақсот, Бескарта, Көпмола, Бозай, Сүйiнәлi, Айтәлі, Қуанәлі, Сахауов, Ерғай, Жарас, Бықыш, Бармақ, Жігер, Набиолла, Шайтан, Ғалымжан, Арон қыстақтары.

      № 61 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Қарасу ауылы, 1 У көшесі, 24 үй, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Қарасу бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Қарасу ауылы, Қараорыс, Ахметов, Қарақұл, Ж.Еркін, И.Жарас, Ысық, Сапар, Адок, Самат, Мат, Мешітқұм, Бесбала, Қандыағаш, Жарошев, Майлы қуыс, Сату, Бибол, Тимук, Солдат жиде, Сыралы, Қарабала, Мәлтік, Жаңа талап, Бекес, Каки, Кадими, Жаңадвор, Хан Ордасы, Бабай сад, Арсан, Жыра, Қамеш-1, Қамеш-2, Стан, Бәтен, Қареке, Қарес қыстақтары.

      № 62 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Үштерек ауылы, 1 У көшесі, 28 үй, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Үштерек бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Үштерек ауылы, Ақсай, Қауыс, Қауыс-2, Стрижка, Заготскот, Сырым, Қожахмет, Ескi мектеп-1, Ескі мектеп-2, Ұлмекен, Стан, Ақсор, Қараболтек, Жокер, Шау, Батя, Ескендiр, Абдол, Ырсалы, Сансызбай, Жанадвор, Алпыстау, Аққыстау, Ебін, Қоңырбай қыстақтары.

      № 63 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Сейітқали ауылы, 1 У көшесі, 4 үй, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Алғашық бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сейтқали ауылы, Жасан, Шумный, Менай, Кіші Менай, Ризуан, Бекен, № 1 пункт, № 2 пункт, № 3 пункт, Фангерей, Қадырбек, Берік, Біржан, Қабес, Есмағұл, Ақтенге, Уап, Сырға, Арыстанғай, Сайын, Шәміш, № 6 пункт, Елтай, Ташу, Раушан, Р.Махсот, Фарух, Дорба, Еркін, Тнәлі, 40 үй, Комплекс, Серік, Тасқали, Айтен, Қ.Амангелді, Аманжол, Темірхан, Құрес қыстақтары, Хан Ордасы ауылының А. Оразбаева көшесiнiң шығыс бетi.

      № 65 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Бисен ауылы, Б.Жәнекешев көшесі, 18 үй, Бисен ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Бисен ауылы және Үшқұдық, Комплекс қыстақтары.

      № 66 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жиекқұм ауылы, 2 У көшесі, 10А үй, Жиекқұм ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Жиекқұм ауылы, Есқали, Ескi мектеп, Мұрадым, Хамза, Ырзалы, Жақия, Көшкiн, Айтқали, Бесқұдық, Апақай, Нияз-1, Нияз-2, Түйе өлген, Склад, Қарақұл, Кесiкбай, Мергенбай, Айбас, Мысық, Құрманғазы, Бегәлi, Жұлдыз, Пайда, Топжиде, Сансызбай, Ақай, Минаж, Ақкемпiр, Шәмел, Ақсор, Айтжан сүндет қыстақтары.

      № 67 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жетібай ауылы, 1 У көшесі, 21 үй, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Жамбыл бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Жетібай ауылы, Уайс, Шәңгерей, Ерке атан, Жолабай, Ракима, Жамбыл, Қызыл қабақ, Досым-1, Досым-2, Досым-3, Қараой, Пұшпалақ, Жалқаш, Кiдiбай, Бруцеллез, Сақау, Қашар, Садыр қыстақтары.

      № 68 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Көктерек ауылы, 1 У көшесі, 41 үй, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "З.Жиенәлиев атындағы бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Көктерек ауылы, Сатыбалды, Қара үңгiр, Мұхамбетшi, Шүкiрғали, Қайролла, Нүрпейiс, Ескi ферма, Бигәлi, Ойдахан, Көкқамыс, № 26 нүкте, Жұмағали, Нәсимолла, Жазағали, Мақай, Бай, Шәпи, Шандыр қыстақтары.

      № 69 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Бөрлі ауылы, Б. Ғұбашев көшесі, 7 үй, Бөрлі ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Бөрлi ауылы, Жетiжылдық, Строй, Тәңкiш, Қарабай, Балбай, Бабас Қадим, Мырзағали-1, Мырзағали-2, Жұмат, Сарсен, Тоқсанәлі, Зұлқаш, Қошқар, Жаңаорын, Куйбышев, Қадырбек, Шәкен, Сұмағұл, Мағжан, Дола, Дүйсеғали, Саламат, Игібай, Хамза, Қарабас, Өтәлі, Қаракенже, Мырзагерей, Аққыстау, Мұхамбетқали-1, Қазисақып, Хасайын, Абдығали, Қамелден, Қалекеш, Қажығали, Мұхамбетқали-2, Сатай, Жуан, Ақбұзау, Көшек, Сырмақ, Андаш, Ботантай, Тай, Шахман, Қоңыршеген, Мүкай, Солташ-1, Солташ-2, Тоғызқұдық, Склад қыстақтары.

      № 70 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Тереңқұдық ауылы, бұрынғы бастауыш мектебінің ғимараты.

      Шекарасы: Тереңқұдық ауылы, Шаңдыкөл, Ақсарай, Қақпасор, Дәулетқали, Жаңаорын, Қуаныш, Қасқыртөбе қыстақтары.

      № 71 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Саралжын ауылы, М. Мәметова көшесі, 19 үй, Саралжын ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Саралжын ауылы, Мұстақи, Сүйектi жыра, Мол жыра, Шүкiр бөгетi, Керебай, Лайкөл, Бозкөлмек, Қызыл ой, Еңбидайық, Теректi жыра-1, Теректi жыра-2, Қарақұдық, Ақ ой, Ысық ой, Қара ой, Қаженқұдық Саралжын ауылының Т.Әубәкіров көшесі, Бескөл ауылы, Көкмола, Қара ой, Сары ой, Қабан жыра, Құрманкөл-1, Құрманкөл-2 қыстақтары.

      № 73 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ұялы ауылы, Т.Әубәкіров көшесі, 7 үй, Ұялы ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Ұялы ауылы, Өмiрбек, Мүсiр, Темiреш, Тәжiман, Байқонақ, Қызыл үй, Ескi серпе, Арыстан, Жанәлі, Жүнiс-1, Базарбай, Зұлқарнай, Орақ, Сары, Шәмбет-1, Шәмбет-2, Дөңгелек, Қази, Миялы ой, Бiрлiк, Дүйсемәлi қыстақтары.

      № 74 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Кеңой ауылы, 1 У көшесі, 15 үй, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Кеңой бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Кеңой ауылы, Аманғали, Жұмабек, Построй, Дүйсенғали, Ақмектеп, Қаражұма, Иләл, Имаш, Қабеш, Жәзiк, Кенже қара, Арал, Тұқбет, Қуат, Ебес, Әдiк, Ес қазы, Андаш, Науша, Толыбай, Жұмәлi және Файзолла қыстақтары.

      № 75 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Сайқын ауылы, Орда көшесі, 32 үй, "Бөкей ордасы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сайқын ауылы, Бөкейханов, Егiзбаев, М. Өтемiсов, Берғалиев, Т. Жароков көшелерi және Сайқын ауылындағы темiр жолдың батыс бетiнiң тұрғындары (А.Құсайынов, Қ.Сағырбаева және М.Абдолов көшелері).

      № 76 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Сайқын ауылы, Т. Жароков көшесі, 22 үй, "Батыс Қазақстан Бөкей облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бөкей ордасы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сайқын ауылы, Бөкейханов, Егiзбаев, М. Өтемiсов, Берғалиев, Т. Жароков көшелерi және Сайқын ауылындағы темiр жолдың батыс бетiнiң тұрғындары (А.Құсайынов, Қ.Сағырбаева және М.Абдолов көшелері).

  Бөкей ордасы ауданы әкімінің
2020 жылғы 2 қарашадағы № 14
аудан әкiмiнiң шешiмiне
2 қосымша

Бөкей ордасы ауданы әкімінің кейбір күші жойылған шешімдерінің тізімі

      1. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бөкей ордасы ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3447 тіркелген, 2014 жылғы 12 сәуірде "Орда жұлдызы" газетінде жарияланған);

      2. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 13 "Бөкей ордасы ауданы әкiмiнiң 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бөкей ордасы ауданының аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4138 тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 8 "Бөкей ордасы ауданы әкiмiнiң 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бөкей ордасы ауданының аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5659 тіркелген, 2019 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).