Бөкей ордасы ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 наурызда № 3447 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 02.11.2020 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының келiсiмi бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында, жергiлiктi және өзге жағдаяттар ескерiле отырып, дауыс берудi өткiзу және дауыс санау үшiн Бөкей ордасы ауданының аумағында сайлау учаскелерi қосымшаға сәйкес құрылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Рахымжанов

      КЕЛІСІЛДІ:
Бөкей ордасы аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________ М. Т. Махимов
28.02.2014 ж.

  Бөкей ордасы ауданы әкімінің
2014 жылғы 28 ақпандағы № 4
шешіміне
қосымша

Бокей ордасы ауданының аумағындағы
сайлау учаскелері

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 27.10.2015 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.05.2019 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      № 53 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Сайқын ауылы, Оразалиева көшесі, 3 үй, "Бөкейордасы аудандық мәдениет бөлімінің Бөкейордасы аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
      Шекарасы: Сайқын ауылы, Бегалиева, Сейфуллин, Оразбаева, Жексенбаев, Молдағұлова, Т. Масин, Жамбыл, М. Мәметова, М. Насимуллин, Жангелдин көшелері.
      № 54 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Шоңай ауылы, "Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Шоңай бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
      Шекарасы: Шоңай ауылы, Золотой, Жолдыбай, Тайғара, Первомай, Казарма № 390, Казарма № 372, Казарма № 365, Сүндет, Сарбасты, Шоңайкөл-1, Шоңайкөл-2, Шоңайкөл-3, Шоңайкөл-4, Қандыбұлақ, Талап, Қаракөл қыстақтар.
      № 55 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Мәмбет ауылы, "Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің жалпы білім беретін М. Мәметова бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
      Шекарасы: Мәмбет ауылы, Гришка, № 340 казарма, Сатан, Жаңадвор, Шолтыр, Құмақ, Сад, Муса, Ұзынкөл, Саралжын, Сарбасты-1, Сарбасты-2, Бруцеллез, Сертек шалаш, Молотов-1, Молотов-2, Ақсай, Далбын, Құмқұдық, Түйеқыстау, Ұнғысын, Комплекс қыстақтар.
      № 56 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Жәрмеңке ауылы, "Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Жәрмеңке бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
      Шекарасы: Жәрмеңке ауылы, Ақанкөл-1, Ақанкөл-2, Бригада-3, Бригада-4, Құрманбай, Жұмагелдi, Иманғали, Шұнгүл, Полустанка, Ақбұлақ, Көктерек, Қобадай, Айдыралi, Ақиық, Лұқпанкөл, Ситәлi қыстақтар.
      № 57 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Мұратсай ауылы, Абай көшесі, 14 үй, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
      Шекарасы: Мұратсай ауылы, Купка, Ғиззат, Қуаншәлi қыстақтар.
      № 58 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Әжен ауылы, ауылдық клубтың ғимараты.
      Шекарасы: Әжен ауылы, Мағзом, Терек, Мұқат, Қосжан, Қарақұл, Әпет қыстақтары, Бисен ауылының М. Мәметова көшесі, Үшқұдық, Комплекс қыстақтары.
      № 59 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Тайғара ауылы, "Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Тайғара бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
      Шекарасы: Тайғара ауылы, Майғара-1, Майғара-2, Құбаш, Мәзiлбек, Қосбайтал, Қабдiр қыстақтар.
      № 60 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Хан Ордасы ауылы, Жәңгір хан көшесі, 37 үй, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
      Шекарасы: Хан Ордасы ауылы және Хан Ордасы ауылының А. Оразбаева көшесiнiң батыс бетi.
      № 61 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Қарасу ауылы, "Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Қарасу бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
      Шекарасы: Қарасу ауылы, Қарақұл, Ысқақ, Меңжан, Абухан, Қосжан, Қареке, Жыра, Қамеш, Сад, Көкжиде және құм учаскесiндегi қыстақтар.
      № 62 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Үштерек ауылы, "Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Үштерек бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
      Шекарасы: Үштерек ауылы, Стрижка, Шәмел, Құрманғазы, Қауыс, Заготскот, Қожахмет, Аққыстау, Балпия, Қоңырбай, Файыз, Ескендiр, Қайнолла, Қабдол, Жөкер, Сау, Қарабөлтек, Ебiн, Қызылағаш, Ақсай, Ұлмекен, Әлiпқали, Ескi мектеп қыстақтар.
      № 63 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Сейтқали ауылы, "Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Алғашық бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеменің ғимараты.
      Шекарасы: Сейтқали ауылы, Жасан, Қатап, Сейсек, Сумұра, Нәсiп, Менай, Қарақабдеш, Жаңа двор, № 1 пункт, № 2 пункт, № 4 пункт, № 5 пункт, № 6 пункт, № 7 пункт, Әйтен, Нәлi, Қырқи, Мұқыш қыстақтар және Хан Ордасы ауылының А. Оразбаева көшесiнiң шығыс бетi.
      № 64 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Макар ауылы, ауылдық кітапхананың ғимараты.
      Шекарасы: Макар ауылы, Соқыр қарт, Арыстанғали, Ұсақ, Ғайнош, № 11 точка, Сүйiнәлi, Қадес, Бозай, Сатқан, Шамақ, Төлебәлi, № 38 қыстақтар.
      № 65 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Бисен ауылы, Б.Жәнекешев көшесі, 18 үй, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
      Шекарасы: Бисен ауылы (Бисен ауылының М. Мәметова көшесі және Үшқұдық, Комплекс қыстақтарын қоспағанда).
      № 66 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Жиекқұм ауылы, "Т. Масин атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекеменің ғимараты.
      Шекарасы: Жиекқұм ауылы, Есқали, Ескi мектеп, Мұрадым, Хамза, Ырзалы, Жақия, Көшкiн, Айтқали, Бесқұдық, Апақай, Нияз-1, Нияз-2, Түйе өлген, Склад, Қарақұл, Кесiкбай, Мергенбай, Айбас, Мысық, Құрманғазы, Бегәлi, Жұлдыз, Пайда, Топжиде, Сансызбай, Ақай, Минаж, Ақкемпiр, Шәмел, Ақсор, Айтжан сүндет қыстақтар.
      № 67 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Жетібай ауылы, "Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Жамбыл бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты".
      Шекарасы: Жетібай ауылы, Уайс, Шәңгерей, Ерке атан, Жолабай, Ракима, Жамбыл, Қызыл қабақ, Досым-1, Досым-2, Досым-3, Қараой, Пұшпалақ, Жалқаш, Кiдiбай, Бруцеллез, Сақау, Қашар, Садыр қыстақтар.
      № 68 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Көктерек ауылы, "Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Көктерек бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
      Шекарасы: Көктерек ауылы, Сатыбалды, Қара үңгiр, Мұхамбетшi, Шүкiрғали, Қайролла, Нүрпейiс, Ескi ферма, Бигәлi, Ойдахан, Көкқамыс, № 26 нүкте, Жұмағали, Нәсимолла, Жазағали, Мақай, Бай, Шәпи, Шандыр қыстақтар.
      № 69 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Бөрлі ауылы, Б. Ғұбашев көшесі, 7 үй, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
      Шекарасы: Бөрлi ауылы, Тоғызқұдық, Дәулетқали, Қақпақсор, Шаңдыкөл, Жетiжылдық, Строй, Қарабай, Тәнкiш, Бабас Қадим, Солташ, Мукай, Қоңыршеген, Iзбас, Мырзагерей, Хамза, Қаракенже, Өтәлі, Сарсен, Шахман, Қалисақып, Саламат, Қарабас, Ақкөл, Куйбышев, Тоқсанәлі, Мырзағали, Дола, Қалекеш, Қамелден, Қажыгерей, Дүйсеғали, Қарақұл, Сырмақ, Мағзомсары, Күмiсқали, Ақбұзау, Садық, Мұхамбетқали, Аққыстау, Қасайын қыстақтар.
      № 70 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Тереңқұдық ауылы, бұрынғы бастауыш мектебінің ғимараты.
      Шекарасы: Тереңқұдық ауылы.
      № 71 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Саралжын ауылы, М. Мәметова көшесі, 19 үй, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
      Шекарасы: Саралжын ауылы, Мұстақи, Сүйектi жыра, Мол жыра, Қара шеген, Шүкiр бөгетi, Керебай, Лайкөл, Бозкөлмек, Қызыл үй, Еңбидайық, Теректi жыра-1, Теректi жыра-2, Қарақұдық, Ақ ой, Ысық ой, Қара ой, Қаженқұдық қыстақтар.
      № 72 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Бескөл ауылы, ауылдық кітапхананың ғимараты.
      Шекарасы: Бескөл ауылы, Көкмола, Қара ой, Сары ой, Қабан жыра, Құрманкөл-1, Құрманкөл-2 қыстақтар.
      № 73 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Ұялы ауылы, Бауырлас жауынгерлер көшесі, 7 үй, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
      Шекарасы: Ұялы ауылы, Өмiрбек, Мүсiр, Темiреш, Тәжiман, Айқонақ, Қызыл үй, Ескi серпе, Арыстан, Бiрiмжар, Жүнiс-1, Жүнiс-2, Базарбай, Зұлқарнай, Орақ, Сары, Дөңгелек, Тереңқұдық, Қази, Миялы ой, Бiрлiк, Дүйсемәлi қыстақтар.
      № 74 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Кеңой ауылы, "Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Кеңой бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
      Шекарасы: Кеңой ауылы, Аманғали, Жайлау, Жұмабек, Построй, Дүйсенғали, Ақмектеп, Қаражұма, Иләл, Имаш, Қабеш, Жәзiк, Кенже қара, Арал, Тұқбет, Қуат, Ебес, Әдiк, Ес қазы, Андаш, Науша, Толыбай, Жұмәлi, Файзолла қыстақтар.
      № 75 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Сайқын ауылы, Орда көшесі, 32 үй, "Бөкей ордасы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
      Шекарасы: Сайқын ауылы, Әзербаев, Орда, Б.Жәнекешов, Тайманов, Бейбiтшiлiк, Қазақстан, Шағыров, Х. Чурин, Абай көшелерi және Подстанция, Машдвор, Аэропорт тұрғындары.
      № 76 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Сайқын ауылы, Т. Жароков көшесі, 22 үй, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының Бөкей ордасы аудандық "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
      Шекарасы: Сайқын ауылы, Бөкейханов, Егiзбаев, М. Өтемiсов, Берғалиев, Т. Жароков көшелерi және Сайқын ауылындағы темiр жолдың батыс бетiнiң тұрғындары.