"Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 39/453-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 маусымда № 7222 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2523 тіркелген, 2010 жылғы 1 ақпандағы "Дидар", 2010 жылғы 2 ақпандағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ф. Абитаев
      Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы В. Головатюк

  Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2020 жылғы
15 маусымы № 39/453-VI
шешіміне қосымша
  Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2009 жылғы
"21" желтоқсандағы
№ 17/225-IV шешіміне қосымша

Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

    №

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері, теңге

1

2

3

4

Ертіс өзені бассейні

1

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 тек.м

126,7

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса

теңге /1000 тек.м

363,9

3

Ауыл шаруашылығы

теңге /1000 тек.м

102,5

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге /1000 тек.м

102,5

5

Су энергетикасы

теңге /1000 кВт.сағ.

38,2

6

Су көлігі

теңге /1000 т. км

13,9

Балқаш және Алакөл өзен мен көлдері бассейні

7

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 тек.м

116,6

8

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса

теңге /1000 тек.м

321,7

9

Ауыл шаруашылығы

теңге /1000 тек.м

92,4

10

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге /1000 тек.м

88,4

11

Су энергетикасы

теңге /1000 кВт.сағ.

34,2

12

Су көлігі

теңге /1000 т. км

10,1