Бурабай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 ақпандағы № 6С-56/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 ақпанда № 7701 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бурабай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшіне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай аудандық
мәслихаттың LVІ (кезектен тыс)
сессиясының төрағасы
К.Шаяхметов
      Бурабай аудандық
мәслихат хатшысы
У.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданының әкімдігі

  Бурабай аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 25 ақпандағы
№ 6С-56/3 шешіміне
қосымша

Бурабай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" 2014 жылғы 21 ақпандағы № 5С-27/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4059 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірде "Бурабай" және "Луч" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімі.

      2. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 21 ақпандағы № 5С-27/2 "Бурабай ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 5С-34/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4399 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.

      3. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" 2015 жылғы 06 ақпандағы № 5С-39/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4670 болып тіркелген, 2015 жылғы 01 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.

      4. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2015 жылғы 24 шілдедегі № 5С-44/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4944 болып тіркелген, 2015 жылғы 03 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.

      5. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" 2016 жылғы 28 наурыздағы № 6С-1/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5293 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.

      6. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 5С-44/2 "Бурабай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 12 мамырдағы № 6С-2/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5397 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.

      7. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 12 мамырдағы № 6С-2/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5416 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.

      8. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 09 желтоқсандағы № 6С-9/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5626 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.

      9. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 5С-44/2 "Бурабай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 13 қазандағы № 6С-20/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6139 болып тіркелген, 2017 жылғы 07 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

      10. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 5С-44/2 "Бурабай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 10 қазандағы № 6С-33/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6811 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

      11. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 5С-44/2 "Бурабай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 16 қарашадағы № 6С-34/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6873 болып тіркелген, 2018 жылғы 06 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

      12. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 5С-44/2 "Бурабай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 05 желтоқсандағы № 6С-50/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7565 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.