"Мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидалары мен шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 193 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 366 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22008 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидалары мен шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 193 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14057 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидалары мен шартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18328 болып тіркелген) сәйкес қосымша ақыны белгілеу мемлекеттік кәсіпорынның тиісті қаржы жылына бекітілген даму жоспарындағы еңбекке ақы төлеу қоры есебінен және қор шегінде жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова