"Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 537 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 желтоқсанда № 21931 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 236 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 236 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14149 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ж. Шапкеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Б. Нурымбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 537 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 13 маусымдағы
№ 503 бұйрығына
1-қосымша

Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 21) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында жұмысқа өз бетінше орналасу үшін экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптер бойынша біліктілік талаптары және білім деңгейі сәйкес келетін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға берілетін белгіленген нысандағы құжат;

      2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындауға облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган);

      3) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

2-тарау. Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту тәртібі

      3. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам (не ол уәкілеттік берген адам) "Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту" көрсетілетін мемлекеттік қызметін алу үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беру туралы өтінішті жібередi.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт) келтірілген.

      5. Өтініш беруші құжаттарды берген кезде "электрондық үкіметтің" веб-порталында оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      6. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның біліктілігіне және білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) жергілікті атқарушы орган құрады, оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, білім беру, ішкі істер, индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық өкілдері, Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қауымдастықтардың аумақтық өкілдері, сондай-ақ шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлері) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесінде көзделген салаларға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының өкілдері кіреді.

      7. Құжаттар толық ұсынылған жағдайда жергілікті атқарушы органның қызметкері құжаттарды тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды Комиссияның қарауына жібереді.

      8. Комиссия шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың өтініштерін қараған кезде уәкілетті орган осы Қағидаларда көзделген тәртіппен бекітетін экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптердің біліктілігіне және білім деңгейіне қойылатын талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Анықтама беру туралы өтініш беретін шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның білім деңгейі (кәсіби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 117-бабының 2-тармағына сәйкес кәсіптік стандарттарға, Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйым басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес біліктілік талаптарына жауап беруге тиіс.

      9. Комиссия шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ұсынған құжаттарды талдаудың, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген біліктілік сипаттамалары өлшемшарттарының негізінде бағалау жүргізеді және шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беру не осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесімен одан бас тарту туралы ұсынынымдар береді. Комиссияның шешімі әрбір шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға қатысты бөлек қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған отырысқа қатысушы комиссия мүшелері қол қояды.

      10. Комиссия шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілік сипаттамаларының өлшемшарттарына сәйкес мынадай балдар есептейді:

      1) білімі:

      экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша жоғары білімі – 3 балл;

      экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша ғылыми дәрежесі – 4 балл;

      ағылшын тілін оқыту үшін берілген сертификат – 3 балл.

      2) жұмыс өтілі:

      экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша жұмыс өтілі:

      1 жылдан 3 жылға дейін – 2 балл;

      3 жылдан 10 жылға дейін – 4 балл;

      10 жылдан жоғары – 6 балл.

      11. Комиссия ұсынымының негізінде жергілікті атқарушы орган өтінішті қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      12. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беруден бас тарту стандартқа сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі "электрондық үкіметтің" веб-порталында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат ретінде жіберіледі.

      14. Жергілікті атқарушы орган берген анықтама басқа адамға берілмеуі тиіс және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.

      15. Анықтама үш айдан аспайтын мерзімге беріледі.

      16. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам анықтама мерзімін ұзарту үшін стандартта көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде анықтаманы еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартады.

      17. Анықтаманың мерзімін ұзарту үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жұмыс берушімен еңбек шарты жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға не Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы анықтаманы ұзарту үшін стандартта көзделген құжаттарды жолдайды.

      18. Анықтаманың қолданылу мерзімі ішінде жұмыс беруші өзгерген жағдайда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жаңа еңбек шартын жасасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ол туралы жергілікті атқарушы органға жазбаша хабарлама жібереді.

      19. Жұмыс беруші ауысқан кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беру осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      20. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты тоқтатылған кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам бес жұмыс күні ішінде ол туралы жергілікті атқарушы органға жазбаша хабарлама жібереді.

      21. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның анықтамаға сәйкес келмейтін кәсіп бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруы анықтаманы кері қайтарып алуға негіз болып табылады.

      22. Бұрын берілген анықтаманы қайта ресімдеу шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.

      Шетелдік және азаматтығы жоқ адам тегі, аты, әкесінің аты, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға не Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы аталған мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, анықтаманы қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықтаманы жаңа нөмір бере отырып қайта ресімдейді.

      Анықтама жоғалған, бүлінген жағдайда жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде анықтаманы береді.

      Бұл ретте берілген аңықтама жоғалған немесе бүлінген анықтаманың түпнұсқасында көрсетілген мерзім өткенге дейін қолданылады.

      Жоғалған, бүлінген анықтамалар шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам оның жоғалғаны, бүлінгені туралы "электрондық үкімет" веб-порталына өтініш берген күннен бастап жарамсыз болып саналады.

      23. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жергілікті атқарушы орган басшысының атына беріледі.

      Жергілікті атқарушы органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      24. Анықтаманың қолданысы мынадай:

      1) оның берілген мерзімі аяқталған;

      2) берілген анықтама кері қайтарылып алынған;

      3) Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның анықтамаға сәйкес келмейтін кәсіп бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруы анықталған жағдайларда тоқтатылады.

  Өз бетінше жұмысқа орналасуы
үшін шетелдік немесе
азаматтығы жоқ адамға
біліктілігінің сәйкестігі туралы
анықтама беру немесе ұзарту
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
____________________________
____________________________
____________________________
(облыстардың, Нұр-Сұлтан,
Алматы және Шымкент
қалаларының жергілікті
атқарушы органының атауы)
___________________________
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса))
____________________________
____________________________
(паспортының (жеке басын
куәландыратын құжатының)
№, берілген күні және берген
орган)
Мекенжайы, телефон, факс
____________________________
____________________________
Резидент еліндегі мекенжайы,
телефоны
_________________________

ӨТІНІШ

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      ("Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14149 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес кәсіп, экономика саласы (экономикалық қызмет түрі) көрсетіледі) кәсібі бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беруді/ұзартуды сұраймын.

      Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Өтінішке:

      1)__________________________________________

      2)__________________________________________

      3)__________________________________________

      қоса беріледі.

      Өтініш берілген күн: 20_жылғы "__" ___________

      Өтініш берушінің қолы _______________________

  Өз бетінше жұмысқа орналасуы
үшін шетелдік немесе
азаматтығы жоқ адамға
біліктілігінің сәйкестігі туралы
анықтама беру немесе ұзарту
қағидаларына
2-қосымша

"Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары (қол жеткізу арналары)

"Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz, www. elicense.kz

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Үш айға дейінгі мерзімге анықтама беру - 6 (алты) жұмыс күні ішінде (өтініш тіркелген күннен бастап).
Анықтаманы ұзарту – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Анықтаманы қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Анықтама жоғалған, бүлінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық түрде

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама не осы стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәждемелі жауап.

6

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері
және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Портал жұмыс қызмет кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (жұмыс күні аяқталғаннан кейін өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Құжаттар тізбесі

1. Аңықтама беру үшін:
өтініш беру тіліндегі, қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы қамтамасыз етілген, бекітілген нысан бойынша анықтама беру туралы өтініш.
жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тану немесе нострификациялау рәсімінен өткен білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған аудармалары (қазақ немесе орыс тілінде) не ағылшын тілін оқыту үшін берілген сертификаттардың нотариат куәландырған аудармалары (қазақ немесе орыс тілінде);
еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, сондай-ақ оның қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы.
2. Анықтаманың мерзімін ұзарту үшін:
жұмыс берушінің атауын, бизнес-сәйкестендіру нөмiрiн немесе жеке сәйкестендiру нөмiрiн қамтитын ол туралы мәліметтер көрсетілген еркін нысандағы анықтаманы ұзарту жөнінде өтініш;
уәкілетті орган бұрын берген анықтама;
еңбек шартының көшірмесі.
3. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда анықтаманы қайта ресімдеу үшін:
анықтаманы қайта ресімдеуге өтініш;
жеке басын куәландыратын құжаттың тегі, аты, әкесінің аты, нөмірі мен сериясы өзгертілген құжаттың көшірмесі.
4. Аңықтама жоғалған немесе бүлінген кезде:
аңықтаманың телнұсқасын беруге өтініш.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1. Басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) тізбесінде көзделген экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) талап етілетін кәсіптерге қойылатын біліктілік талаптарына және білім деңгейіне қойылатын талаптарға және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа орналастыру үшін оларда талап етілетін кәсіптерге қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі;
2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды бағалау нәтижесінің шекті мәніне қол жеткізбеу;
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты біріңғай байланыс орталығы - "1411" арқылы алуға мүмкіндігі бар.
2. "Электрондық үкімет" веб-порталы - www.egov.kz, www. elicense.kz арқылы жүгіну үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуы қажет.

  Өз бетінше жұмысқа орналасуы
үшін шетелдік немесе
азаматтығы жоқ адамға
біліктілігінің сәйкестігі туралы
анықтама беру немесе ұзарту
қағидаларына
3-қосымша

________________________________________________________________ облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органының атауы Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы

АНЫҚТАМА

      № _____                                           20__ жылғы "__" __________

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      ______________________________________________________________

      Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие мынадай кәсіп бойынша өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сәйкестігі үшін берілді:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      ("Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14149 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіп, сала көрсетіледі).

      Анықтаманы беру үшін негіздеме__________________________________

      Анықтаманың қолданылу мерзімі__________ бастап______________ дейін

      (күні, айы, жылы)       (күні, айы, жылы)

      М.О. __________________ _______________

      (тегі, аты-жөні)             (қолы)