"Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № 293 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 қарашада № 21575 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10876 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтықтың жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күзет қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен лицензия алған тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 29 қазаны
№ 293 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 115 бұйрығына
1-қосымша

Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі

р/с№

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар

1

2

Букмекерлік кеңсе үшін

1

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Азаматтық қорғау туралы заң) 61-бабы 1-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*

2

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар туралы мәліметтер

3

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Күзет қызметі туралы заң) 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер**

4

"Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ойын бизнесі туралы заң) 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес букмекерлік кеңсенің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары

5

бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 40 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде банктік салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт

Тотализатор үшін

1

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы Азаматтық қорғау туралы заңының 61-бабы 1-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*

2

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар туралы мәліметтер

3

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер**

4

"Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ойын мекемесінің, тотализатордың жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары

5

бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым), Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 10 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде банктік салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт

Казино үшін

1

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 581-бабының 1-тармағына сәйкес үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақ үй кешеніндегі санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*

2

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы меншік құқығындағы ойын жабдығының болуы туралы мәліметтер

3

қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары

4

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы Күзет қызметі туралы заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер**

5

Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ойын мекемесінің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары

6

бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 60 000 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейлі банкпен жасасқан шарт

Ойын автоматтары залы үшін

1

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 581-бабының 1-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізінде үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*

2

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы меншік құқығындағы ойын жабдығының болуы туралы мәліметтер

3

қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары

4

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы Күзет қызметі туралы заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер**

5

Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ойын мекемесінің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары

6

бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 60 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт

      Ескертпе:

      * өтініш берушілер мәліметті "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінен алады (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар түрінде);

      ** өтініш берушілер мәліметтерді "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінен алады.

  бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 115 бұйрығына
4-қосымша
  Нысан

Күзет қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер

Күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттың нөмірі және күні

Күзет қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан заңды тұлғаның атауы

Күзет қызметтерін көрсететін заңды тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Лицензияны берген орган

Күзет қызметін жүзеге асыру үшін лицензияның нөмірі және күні

1

2

3

4

5

6