"Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 678 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 қазанда № 21395 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10371 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 2 сәуірде № 59 (28537) болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұрықпен бекітілген Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:

      1-тараудың реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5.

психикалық, мінез-құлықтық бұзылулармен (аурулармен), оның ішінде психикалық белсенді заттарды қолдануға байланысты, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған

Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардан медициналық анықтамалар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ҚР ДСМ АЖ) алу

      ";

      2-тараудың реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

психикалық, мінез-құлықтық бұзылулармен (аурулармен), оның ішінде психикалық белсенді заттарды қолдануға байланысты, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған

Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардан медициналық анықтамалар

ҚР ДСМ АЖ алу

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2020 жылғы 7 қазаны
№ 678 бұйрығына
қосымша
  Күзет қызметін жүзеге асыру
үшін біліктілік талаптарын және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесіне
қосымшасымен
бекітілген

Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны

      1-тарау. Жалпы ақпарат

      1.___________________________________________________________________

                        (бизнес идентификациялық нөмірі)

      2.___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                        (занды түғаның атауы)

      2-тарау. Күзет үйымының басшысына, сондай-ақ олардың филиалдары

      және өкілдіктері басшыларына біліктілік талаптары түралы мәліметтер

      3.___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                        (мамандығы мен біліктілігі)

      4.___________________________________________________________________

      (лицензияланатын қызмет түрінің профилі бойынша жоғары білімі туралы

      дипломның № және берілген күні)

      5.___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (оқу орнының атауы)

      6. __________________________________________________________________

      (жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың/жеке еңбек келісімшартының нөмірі және күні)

      7.___________________________________________________________________

      (арнайы бағдарлама бойынша даярлық курсынан өткен куәліктін нөмірі және күні)

      8.__________________________________________________________________

                  (даярлау және біліктілігін арттыру бойынша мамандандырылған оқу

      ____________________________________________________________________

      орталығының атауы және занды мекенжайы)

      9.__________________________________________________________________

                  (психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін

                        ұйымдардан медициналық анықтаманың № және күні)

      10.__________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                  (денсаулық сақтау ұйымының атауы)

      11.__________________________________________________________________

                  (соттылығы жоқтығы туралы анақтаманың № және күні)

      3-тарау. Уәкілетті органның келісуі туралы мәліметтер

      12.__________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің келісу хатының № және күні)

      4-тарау. Лицензиялық алымды төлеу

      13.__________________________________________________________________

                              (төлем сомасы)

      5-тарау. Құжаттарды қоса беру (қосымша)

      14.__________________________________________________________________

                        (төлеу туралы құжатының №)

      6-тарау. Тапсырысты қабылдаған лауазымды тұлғаның жауакершілігі

      15.__________________________________________________________________

                        (тапсырысты беру күні)

      _______________________________________________/ ____________________

      Тапсырысты қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.             қолы

                        (болған жағдайда)