Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 938 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 21340 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.03.2022 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Фильтрлі, фильтрсіз 20 (жиырма) сигаретке және папиростарға:

      1) 2020 жылғы 1 қазаннан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін төрт жүз жетпіс теңге;

      2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін бес жүз теңге;

      3) 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін бес жүз жиырма теңге;

      4) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін бес жүз елу теңге;

      5) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін бес жүз жетпіс теңге;

      6) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алты жүз теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин