"Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 345/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте № 21306 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 57 бұйрығымен бекітілген Пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану қағидаларымен айқындалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14154 болып тіркелген).";

      12-тарау мынадай мазмұндағы 5-параграфпен толықтырылсын:

      "5-параграф. Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер

      186. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай қолданылған кезеңде берілген өкілеттіктерге сәйкес әрекет ететін уәкілетті органдар пошта қызметін тоқтата тұратын немесе шектейтін шешімдер қабылдаған кезде, пошта операторлары осындай шешімдерден туындайтын белгіленген талаптарды сақтай отырып, пошта байланысы қызметтерін көрсетуді қамтамасыз етеді.

      187. Пошта операторлары өз қызметкерлерінің, сондай-ақ пошта байланысы қызметтерін пайдаланушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай қолданылған кезеңде пошта байланысы қызметтерін ұсыну және пошта жөнелтімдерін жіберу жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды."

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық банкі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі