Бағалы металдармен, асыл тастармен және олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қаңтарда № 14705 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 915 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 24.09.2020 № 915 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бағалы металдармен, асыл тастармен және олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (А.З. Мекебеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің м.а.
Р. Дәленов

  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2017 жылғы 5 қаңтардағы
  № 6 бұйрығымен бекітілген

Бағалы металдармен, асыл тастармен және олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Бағалы металдармен, асыл тастармен және олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және бағалы металдармен, асыл тастармен және олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын шарттарды айқындайды.

      2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері (бұдан әрі – КЖ/ТҚ) – субъект қызметтерін пайдалану арқылы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру ықтималдығы;

      2) КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару – КЖ/ТҚ тәуекелдерін айқындау, мониторингі бойынша субъект қабылдайтын шаралар жиынтығы (қызметтерге, клиенттерге қатысты);

      3) субъект – бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      4) ФМ-1 нысаны – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларында және күдікті операцияны айқындау белгілерінде айқындалған қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар нысаны;

      5) ішкі бақылау – КЖ/ТҚҚ мақсатында субъект қабылдайтын ұйымдастырудың, саясаттың, рәсімдердің және әдістердің жүйесі;

      6) ішкі бақылау қағидасы – субъект әзірлейтін, қабылдайтын және орындайтын, ішкі бақылауды жүзеге асыру бағдарламалары қамтылған, сақталуға және іске асырылуға міндетті құжат (бұдан әрі – ІБҚ).

      Осы Талаптарда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Заңға және "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылатын өзге де ұғымдар.

      3. ІБҚ Заңның 11-бабы 3-тармағына сәйкес бағдарламаларды қамтиды.

      4. КЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, субъект олар күшіне енген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде ІБҚ-ға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

2-тарау. Ішкі бақылау қағидаларын іске асыру және сақтау үшін жауапты қаржы мониторингі субъектілері қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы:

      1) ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде субъект функцияларын сипаттауды қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру рәсімін;

      2) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою шараларды қабылдау, жеке тұлғаға іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасаудан бас тарту және клиентпен іскерлік қатынастарды орнатуды тоқтату рәсімінен;

      3) зерделеуге жататын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды күдікті ретінде тану рәсімін;

      4) Клиенттің қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларды күдікті ретінде тану рәсімінен;

      5) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы, клиентпен іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды жүргізуден бас тарту фактілері туралы, уәкілетті органға мәліметтерді, ақпаратты және құжаттарды беру үшін қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету нұсқамалары мен регламенттерін қоса алғанда, уәкілетті органға ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар туралы мәліметтер мен ақпараттар беру рәсімін;

      6) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қоса, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын операциялар, оның ішінде күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін құжаттық тіркеу және сақтау рәсімін қамтиды.

      Қаржы мониторингіне жататын және уәкілетті органға жіберілетін операцияларды құжаттық тіркеу нөмірленген, тігілген, субъектінің қолымен және мөрмен бекітілген қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер есебінің журналында жүзеге асырылады.

      Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер есебінің журналында:

      уәкілетті органға ақпаратты беру нөмірі мен күні;

      хабарлама беру негіздемесі;

      уәкілетті органның ФМ-1 нысанын қабылдағаны/қабылдамағаны туралы хабарламаның нөмірі мен күні тіркеледі;

      7) субъект қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы, ІБҚ-ны бұзу фактілері өздеріне белгілі болғандығы туралы қызметкерлердің бірінші басшысын хабардар ету рәсімі;

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. ІБҚ іске асыру және сақтау бойынша ІБҚ жауапты лауазымды тұлға не құрылымдық бөлімше тағайындауды көздейді.

      Жауапты тұлғаның лауазымына жоғарғы білімі жоқ, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстары не ауырлығы орташа, ауыр немесе аса ауыр қасақана жасалған қылмыстары үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар тұлға тағайындалмайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Субъект ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы шеңберінде:

      1) ІБҚ-ға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді;

      2) Заңның 10-бабы 2-тармағына сәйкес уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беруді ұйымдастыруды және бақылауды;

      3) клиент операцияларын күдікті ретінде тану туралы шешімдер қабылдауды;

      4) Клиент операцияларын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларға, қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларға жатқызу туралы шешімдер қабылдауды;

      5) клиент операцияларын тоқтату не жүргізуден бас тарту туралы және уәкілетті органға операциялар туралы ақпарат жіберу қажеттігі туралы шешімдер қабылдауды;

      6) уәкілетті органның күдікті операцияны жүргізуді тоқтату туралы шешімін орындауды;

      7) клиенттермен іскерлік қатынастар орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдауды;

      8) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің операцияларына қатысты қабылданған шешімдерді құжаттық тіркеуді;

      9) ІБҚ-ны іске асыру нәтижесінде алынған деректер негізінде клиенттің дерекнамасын қалыптастыруды;

      10) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды;

      11) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қоса, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын операциялар, оның ішінде күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кем дегенде бес жыл сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуді;

      12) өз қызметін жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың құпия сақталуын қамтамасыз етуді;

      13) КЖ/ТҚҚ туралы заңнаманың орындалуына бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат беруді;

      14) Заңның 10-бабы 3-1-тармағына сәйкес уәкілетті органға оның сұратуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Субъект пен оның жұмыскерлері клиенттер мен өзге де тұлғаларға Заңның 11-бабы 5-тармағына сәйкес осындай клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға бергені туралы хабарлауға құқылы емес.

3-бөлім. Технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, КЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы

      9. Технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, КЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы субъектінің тәуекел дәрежесін бере отырып, клиенттің ҚЖ/ТҚ-мен байланысты ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасау тәуекеліне бағалау жүргізуін көздейді.

      Тәуекел дәрежелері клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қолда бар мәліметтер негізінде қалыптастырылады.

      Тәуекелдерді бағалау нәтижелері құжаттық тіркеледі және тиісті мемлекеттік органдардың және субъект мүше болып табылатын коммерциялық емес ұйымдардың талап етуі бойынша беріледі.

      Операциялардың (іскерлік қатынастардың) мониторингі нәтижесі мен клиент (клиенттер тобы) туралы ақпараттарды жаңартуына қарай клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел дәрежесі субъектімен қайта қаралады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Тәуекелді басқару бағдарламасында КЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары дәрежесі беріледі:

      1) мына мемлекеттердегі іскерлік қатынастарға және клиенттермен мәмілелерге:

      Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (бұдан әрі – ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын;

      сыбайлас жемқорлық немесе өзге де қылмыстық әрекеттерінің жоғары дәрежесімен;

      Біріккен Ұлттар Ұйымы (әрі – БҰҰ) салатын санкцияларға, эмбарго және сол сияқты шараларға ұшыраған;

      белгіленген террористік (экстремистік) ұйымдары бар және террористік (экстремистік) әрекеттерді қаржыландыратын немесе қолдау көрсететін.

      2) Осындай мемлекеттердің тізбесіне (аумақтардың) сілтемелер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      клиентке мына жағдайда:

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлға болып табылған;

      клиент жария халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасы болып табылған;

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның мүддесіне (пайдасына) әрекет ететін тұлға болып табылған;

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның отбасы мүшесі, жақын туысы болып табылған;

      клиент (оның өкілі) не бенефициарлық меншік иесі не клиенттің операция бойынша контрагенті Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 болып тіркелген "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген оффшорлық аймақтар тізбесіне енген мемлекетте (аумақта) тіркелген немесе қызметін жүзеге асырған;

      клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі не операция бойынша клиенттің контрагенті Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енген;

      клиент азаматтығы жоқ тұлға болып табылған;

      клиент Қазақстан Республикасында тіркелген немесе келген мекенжайы жоқ, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған;

      клиент бейрезидент болып табылған;

      клиентпен іскерлік қатынас ерекше жағдайларда (мысалы, субъект мен клиенттің арасында өте үлкен түсініксіз географиялық арақашықтық бар) жүзеге асырылған;

      клиент берген мәліметтерді тексеру кезінде субъектіде қиындықтар пайда болған;

      клиент пайдаланылуы субъектінің әдеттегі тәжірибесінен айрықшаланатын, стандартты емес немесе есеп айырысудың әдеттегіден ерекше күрделі схемаларын жүргізуді талап еткен;

      клиент жаңа және дамып келе жатқан технологиялар сияқты жаңа, сондай-ақ іс жүзінде бар өнімдерге берудің жаңа механизмдерін қоса алғанда, жаңа өнімдерді және жаңа іскерлік тәжірибені пайдаланған;

      клиент қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған әрекет жасаған;

      клиенттің операциялары бұрын күдікті деп танылған;

      клиент сатылып алынатын тауарлардың құндылығына, көлеміне, өлшеміне, салмағына және табиғи ерекшеліктеріне көңіл аудармай бағалы металдар мен асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатып алған;

      клиент тапсырыс жасайды, ол үшін қолма-қол қаражатпен төлем жүргізеді, кейін қолма-қол ақшасыз нысанда қомақты ақшалай қаражатын қайтару мақсатында, оның ішінде қайтарылатын ақшалай қаражатты клиенттің (оның өкілінің) немесе бенефициарлық меншік иесінің банк шотына аудару жолымен тапсырыстан бас тартқан;

      клиент Кимберлий процесінің мерзімі өткен, не екі айдан асатын мерзімге берілген сертификатын ұсынған;

      клиент жүйелі түрде бағалы металдардан және (немесе) асыл тастардан (бір типті бұйымдар) және/немесе сертификатталған асыл тастардан жасалған бірнеше зергерлік бұйымдарды сатып алған;

      клиент сатылып алынған бағалы металдар мен асыл тастардан, олардан жасалған зергерлік бұйымдардан алынған ақшалай қаражатты үшінші тұлғалардың шоттарына аударуды талап еткен;

      клиенттің қызмет түрі, сондай-ақ клиент қызметінің өзге де ерекше профилі олар жасайтын операциялармен мөлшерлес емес;

      КЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекелімен байланысты клиент туралы өзге де ақпарат болған жағдайда;

      3) ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар:

      қолма-қол есеп айырысуды қоса алғанда, жасырын банк шоттарымен немесе жасырын, жалған есімдерді пайдаланумен байланысты;

      айқын экономикалық мәні жоқ немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ;

      клиентке тән емес жиілікпен жүргізілген;

      ерекше ірі сомаға жүргізілген;

      ол бойынша жасалып отырған мәміле затының нарықтық құны операция затын сату бойынша жеделдетілген операциялар жасау мақсатында мөлшері белгіленетін нарықтық құнмен салыстырғанда өте төмендетілген;

      ол бойынша алтын құймаларды, монеталарды және өңделмеген алмаздарды сатушы ретінде жеке саудада зергерлік дүкен болса;

      КЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекелі туралы ақпарат болған жағдайда беріледі.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. КЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары дәрежесі берілген клиенттерге Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары қолданылады.

      Тәуекелдің жоғары дәрежесі берілмеген клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қолда бар мәліметтер негізінде клиенттерге тәуекелдің төмен дәрежесі тағайындалады және Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қолданылады.

4-бөлім. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы

      12. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы субъектінің клиент жүзеге асырған операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қоса алғанда, клиенттер (олардың өкілдері) және бенефициарлық меншік иелері туралы бұрын алынған мәліметтерді анықтау, жаңарту бойынша іс-шараларды жүргізу болып табылады.

      Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы:

      1) Заңның 5-бабының талаптарына сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды сақтау қажеттілігін және рәсімін;

      2) Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру қажеттілігін және рәсімін;

      3) Заңның 12-бабына сәйкес клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болғандығын тексеру қажеттілігін және рәсімін;

      4) Заңның 8-бабының талаптарына сәйкес клиенттiң шетелдiк жария лауазымды тұлғаға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексеру қажеттілігін және рәсімін;

      5) сәйкесінше тіркеуі, тұратын жері немесе орналасқан жері бар клиенттерді анықтау қажеттілігін және рәсімін.

      ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын не Заңның 4-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес көрсетілген мемлекетте (көрсетілген аумақта) тіркелген банктегі шоттарды пайдаланушы мемлекетте (аумақта);

      Бұйрықпен бекітілген Оффшорлық аймақтар тізбесінде;

      6) болжалды мақсатты және іскерлік қатынастар сипатын белгілеу қажеттілігін және рәсімін.

      Болжалды мақсатты және іскерлік қатынастар сипатын белгілеу кезінде КЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары дәрежесі бар клиент үшін жасалатын операциялардың қызмет түрі мен қаржыландыру көзі туралы қосымша мәліметтер сұратылады.

      ҚЖ/ТҚ тәуекелінің төмен дәрежесі бар клиент үшін болжалды мақсатты және іскерлік қатынастар сипатын белгілеу клиент операцияларының сипаты негізінде анықталады.

      7) сәйкестендіру нәтижелері бойынша алынған мәліметтерді клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы сәйкестендіру мәліметтерінің өзгеруіне қарай, алайда сәйкестендіру жылына кемінде бір рет жаңарту қажеттілігін және тәртібін қамтуы тиіс.

      КЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары дәрежесі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту кем дегенде жарты жылда бір рет жүзеге асырылады. КЖ/ТҚ тәуекелінің төмен дәрежесі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту кем дегенде екі жылда бір рет жүзеге асырылады.

      12-1. Егер субъект КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды субъект клиенттеріне қатысты қолдануды тапсырса, субъект мұндай тұлғалармен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлейді, ол мыналарды қамтиды:

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен субъектілердің шарт жасау рәсімін сонымен қатар сондай шарт жасауға уәкілетті субъектінің лауазымды тұлғаларының тізімін;

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен субъектінің арасындағы шартқа сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін;

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен сәйкестендіру өткізу кезінде алынған мәліметтерді субъектінің беру мерзімі мен рәсімін;

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалардан алынған мәліметтерді субъектіге беру мерзімі мен толықтығын қоса алғанда, сәйкестендіру бойынша талаптарды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша субъектінің қабылдаған шараларының сақталуын бақылауды субъектінің жүзеге асыру рәсімін;

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен олар сәйкестендіру бойынша талаптарды оның ішінде алынған мәліметтерді, сондай-ақ мұндай шешім қабылдауға уәкілетті субъектінің лауазымды тұлғаларының тізбесін сақтамаған жағдайда олармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы субъектінің шешім қабылдауының негіздерін, рәсімін және мерзімін;

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалардан алынған мәліметтерді субъектіге рәсімін, беру мерзімі мен толықтығын қоса алғанда, олардың сәйкестендіру бойынша талаптарды сақтамағаны үшін субъект сәйкестендіру өткізу тапсырған жауапты тұлғалар туралы ережелерді;

      Сәйкестендіру бойынша талаптарды орындау мақсатында оларға әдістемелік көмек көрсету мәселесі бойынша сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен субъектілердің өзара іс-қимыл рәсімін;

      Өзара іс-қимыл қағидаларына субъектінің қосымша шарттар енгізуіне рұқсат етіледі.

      Ескерту. 5-бөлім 12-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-бөлім. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттер операцияларының мониторингі және зерделеу бағдарламасы

      13. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасы Заңның 4-бабының 5-тармағында көрсетілген операцияларды анықтау болып табылады.

      Клиентке КЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары дәрежесін берген жағдайда, субъект жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау мақсатында клиенттің онда жүргізілген барлық операцияларды қосымша зерделейді және одан әрі тексеруді талап ететін операциялардың сипатын анықтайды. Клиентке КЖ/ТҚ тәуекелінің төмен дәрежесін берген жағдайда субъект клиенттің ағымдағы операциясын зерделейді.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мониторинг бағдарламасын және клиенттердің операцияларын зерделеуді іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер құжаттық тіркеледі және клиенттің дерекнамасына енгізіледі.

      15. Заңның 4-бабы 1, 2, 3 және 5-тармақтарында көрсетілген клиент операцияларының мониторингі нәтижесінде анықталғандар туралы мәліметтер мен ақпаратты субъект қазақ немесе орыс тілдерінде уәкілетті органға ФМ-1 нысаны бойынша ұсынады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Міндетті зерделеуге жататын операциялар туралы хабарламаны субъектілер уәкілетті органға осындай операция күдікті деп танылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей ұсынады.

6-бөлім. КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша субъект қызметкерлерін даярлау және оқыту бағдарламасы

      17. КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша субъект қызметкерлерін даярлау және оқыту бағдарламасы "Қаржы мониторингі субъектілерін жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылдың 28 қарашасындағы № 533 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 25 желтоқсанында № 10001 тіркелген).