Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 291 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 қыркүйекте № 21232 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Экология,

      геология және табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 17 қыркүйегі
№ 291 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12033 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 15-1/565 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11874 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 15-02/811 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12186 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 15-05/873 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12233 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 265 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14133 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтары тізбесінің 1-тармағы.

      6. "Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 15-1/565 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 337 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14239 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      7. "Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 15-1/565 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 361 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14367 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      8. "Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 21 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16796 болып тіркелген, 2018 жылы 16 мамырда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      9. "Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 15-05/873 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 266 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17176 болып тіркелген, 2018 жылы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      10. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 46 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18281 болып тіркелген, 2019 жылы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      11. "Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 15-05/873 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 118 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18461 болып тіркелген, 2019 жылы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      12. "Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 15-05/873 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 370 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19485 болып тіркелген, 2019 жылы 18 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).