"Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 15-1/565 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 тамызда № 11874 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 291 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.09.2020 № 291 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________Ә. Исекешев

      2015 жылғы 1 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2015 жылғы 9 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ___________ В. Школьник

      2015 жылғы 16 шілде




  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2015 жылғы 24 маусымдағы
  № 15-1/565 бұйрығымен
  бекітілген

"Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – "Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      қызметті берушінің кеңсесі;

      "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 22 (жиырма екі) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық ұсынылмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тартады;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: пестицидке (улы химикатқа) арналған тіркеу куәлігі.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақысыз негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.

      Көрсетілетін қызметті берушіге пестицидке (улы химикатқа) арналған тіркеу куәлігін алуға қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшының мөрімен және қолымен расталады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуді алуға портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жолданады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.08.2016 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті, көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) ұсынатын құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге өтінім;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің (улы химикаттың) биологиялық және шаруашылықтық тиімділігін бағалау жөніндегі тіркеу және өндірістік сынақтардың нәтижелері туралы есептердің көшірмелері;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдік шаруашылығы өнімінде және қоршаған орта объектілерінде пестицидтің (улы химикаттың) қалдық мөлшерінің құрамын анықтау жөнінде жүргізілген жұмыстар нәтижелері туралы есептердің көшірмелері;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің (улы химикаттың) өндірістік сынақтарын бағалау актісі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке (улы химикатқа) қысқаша дерекнама;

      пестицидтің (улы химикаттың) әсер етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі);

      пестицидтің (улы химикаттың) қауіптілігін гигиеналық бағалау жөніндегі есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі);

      пестицидті (улы химикатты) өндіру және қолдану кезіндегі еңбек шарттарын санитариялық-гигиеналық зерттеулер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі);

      пестицидті (улы химикатты) токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалау туралы есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі);

      пестицидті (улы химикатты) экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі);

      пестицидті (улы химикатты) бал ара шаруашылығы мен мал шаруашылығы үшін ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі);

      пестицидтегi (улы химикаттағы) әрекет етуші затты анықтаудың талдамалық әдісі. Көрсетілетін қызметті алушы әдісті Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімдеуді жүргізеді (бейімделген тәсілді ұсынуға рұқсат беріледі);

      тамақ өнімдерінде, ауыл шаруашылығы өнімдерінде, қоршаған орталарда объектілерінде және биологиялық орталарда пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдық мөлшерін (қажет болса метаболиттерді) анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында және Қазақстан Республикасында бейімделген әдістемелерді ұсынуға жол беріледі);

      пестицидтің (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі құрамының нормативтері (пестицидтің (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі ең көп жол берілетін деңгейі, пестицидтің (улы химикаттың) санитариялық-тұрмыстық мақсаттағы су айдындарының суындағы шекті жол берілген концентрациясы (бұдан әрі – ШЖК), пестицидтің (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы ШЖК, пестицидтің (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы және атмосфералық ауадағы болжамды қауіпсіз әсер ету деңгейі, топырақтағы ШЖК) (Қазақстан Республикасының немесе Ресей Федерациясының немесе Беларусь Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдары бекіткен);

      "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының талаптарына сәйкес пестицидті (улы химикатты) өндіруге (формуляциялауға) ұйымның стандарты, препараттық нысанның рецептурасы (Қазақстан Республикасында өндірілетін препараттар үшін);

      пестицидті (улы химикатты) өндіруге лицензиялық келісім (түпнұсқалары болмаған жағдайда, тексеру үшін нотариалдық куәландырылған көшірмесі), сондай-ақ пестицидті (улы химикатты) өндірушіге тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар берген пестицидті (улы химикатты) өндіруге лицензия немесе рұқсат (Қазақстан Республикасы резиденті емес көрсетілетін қызметті алушыларға түпнұсқалары болмаған жағдайда, тексеру үшін нотариалдық куәландырылған көшірмелері);

      пестицидті (улы химикатты) өндіруші әзірлеген пестицидтің (улы химикаттың) қауіпсіздік паспорты;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті (улы химикатты) тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсынымдар;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараты бар пестицидтің (улы химикаттың) ыдыс заттаңбасы.

      Пестицидтерді (улы химикаттарды) қайта тіркеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке (улы химикатқа) қайта тіркеуге өтінім;

      бұрын қағаз тасығышта берілген пестицидке (улы химикатқа) арналған тіркеу куәлігінің түпнұсқасы;

      пестицид (улы химикат) туралы бұрын ұсынылмаған жаңа мәліметтер;

      2) порталда:

      пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге өтінім;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің (улы химикаттың) биологиялық және шаруашылықтық тиімділігін бағалау жөніндегі тіркеу және өндірістік сынақтардың нәтижелері туралы есептердің электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтердің (улы химикаттардың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшерінің құрамын айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізу нәтижелері туралы есептердің электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің (улы химикаттың) өндірістік сынақтарын бағалау актісінің электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі пестицидке (улы химикатқа) қысқаша дерекнаманың электрондық көшірмесі;

      пестицидтің (улы химикаттың) әрекет етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі есептердің электрондық көшірмесі (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада берілген жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеулері нәтижелерін ұсынуға жол беріледі);

      пестицидтің (улы химикаттың) қауіптілігін гигиеналық бағалау жөніндегі есептердің электрондық көшірмесі (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада берілген жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеулері нәтижелерін ұсынуға жол беріледі);

      пестицидті (улы химикатты) өндіру және қолдану кезіндегі еңбек шарттарын санитариялық-гигиеналық зерттеудің электрондық көшірмесі (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада берілген жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеулері нәтижелерін ұсынуға жол беріледі);

      пестицидті (улы химикатты) токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалау туралы есептердің электрондық көшірмесі (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада берілген жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеулері нәтижелерін ұсынуға жол беріледі);

      пестицидті (улы химикатты) экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептердің электрондық көшірмесі (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада берілген жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеулері нәтижелерін ұсынуға жол беріледі);

      пестицидті (улы химикатты) бал ара шаруашылығы және мал шаруашылығы үшін ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептердің электрондық көшірмесі (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада берілген жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттелері нәтижелерін ұсынуға жол беріледі);

      пестицидтегі (улы химикаттағы) әрекет етуші затты анықтаудың талдамалық әдісінің электрондық көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушы әдісті Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімдеуді жүргізеді (бейімделген тәсілді ұсынуға рұқсат беріледі);

      тамақ өнімдерінде, ауыл шаруашылығы өнімдерінде, қоршаған орта объектілерінде және биологиялық орталарда пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдық мөлшерін (қажет болса метаболиттерді) анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың электрондық көшірмесі (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында және Қазақстан Республикасында бейімделген әдістемелерді ұсынуға жол беріледі);

      пестицидтің (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі құрамының нормативтерінің электрондық көшірмесі (пестицидтің (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі ең көп жол берілетін деңгейі, пестицидтің (улы химикаттың) санитариялық-тұрмыстық мақсаттағы су айдындарының суындағы ШЖК, жұмыс аймағы ауасындағы ШЖК, пестицидтің (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы және атмосфералық ауадағы болжамды қауіпсіз әсер ету деңгейі, топырақтағы ШЖК) (Қазақстан Республикасының немесе Ресей Федерациясының немесе Беларусь Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдары бекіткен);

      "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының талаптарына сәйкес пестицидті (улы химикатты) өндіруге (формуляциялауға) ұйымның стандарты, препараттық нысанның рецептурасы (Қазақстан Республикасында өндірілетін препараттар үшін) электрондық көшірмесі;

      пестицидті (улы химикатты) өндіруге лицензиялық келісім, сондай-ақ пестицидті (улы химикатты) өндірушіге тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар берген пестицидті (улы химикатты) өндіруге лицензияның немесе рұқсаттың электрондық көшірмесі;

      пестицидті (улы химикатты) өндіруші әзірлеген пестицидтің (улы химикаттың) қауіпсіздігі паспортының электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті (улы химикатты) тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсынымдардың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің (улы химикаттың) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараты бар ыдыс заттаңбасының электрондық көшірмесі;

      пестицидтерді (улы химикаттарды) қайта тіркеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы пестицидті (улы химикатты) қайта тіркеуге өтінім;

      пестицидтер (улы химикаттар) туралы бұрын ұсынылмаған жаңа мәліметтерді қамтитын құжаттардың электрондық көшірмесі.

      Пестицидтің (улы химикаттың) бұрын берілген қағаз тасығыштағы тіркеу куәлігі пестицидті (улы химикатты) қайта тіркегенге дейін қайтаруға жатады.

      Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, пестицидті (улы химикатты) өндіруге лицензиялар туралы құжаттар жөніндегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты және құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіле отырып, оның көшірмесіне тіркеу туралы белгі қою болып табылады;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      9-1. Мыналар:

      1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның және (немесе) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді келісу туралы сұранысына теріс жауабы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес талап етілетін олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      3) тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізу үшін мәлімделген пестицидтердің (улы химикаттардың) химиялық құрамының, рецептурасының және өндіру технологиясының пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған пестицидтің (улы химикаттың) химиялық құрамына, рецептурасына және өндіру технологиясына сәйкес келмеуі;

      4) пестицидтерге (улы химикаттарға) жататын өнертабыстарға патент иеленушілер құқықтарының бұзылуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану қызметтеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуға негіздер болып табылады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.07.2016 № 337 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым тиісті көрсетілетін қызметті беруші не Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы, не жұмыс күндері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу уақыты мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелгені (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпарат бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы ұсынылады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті берушінің "жеке кабинетінен" өтініштер туралы ақпарат қол жетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе шағымды қараудан бас тарту туралы жауап) жаңарып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымданады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа өтініш жасайды.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болу шартымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефоны 8 (7172) 55-59-61, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.


  "Пестицидтерді
  (улы химикаттарды) мемлекеттік
  тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет стандартына
  1-қосымша

      Нысан

Пестицидті (улы химикатты)
мемлекеттік тіркеуге арналған өтінім

      Тiркелушi (өтінім беруші)

      _____________________________________________________________________

      (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)

      _____________________________________________________________________

      (мемлекет, мекенжай, телефон, факс, е-mail)

      Қолдану регламенттерімен мынадай пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу жүргізуді сұраймын:

Пестицидтің (улы химикаттың) саудалық атауы, препараттық нысаны, әрекет етуші затының құрамы, әрекет етуші затты өндіруші, тiркелушi (өтінім беруші)


Пестицидтің (улы химикаттың) шығыс нормасы (литр/гектарға, килограмм/гектарға,литр/тоннаға, килограмм/тоннаға)


Дақыл, өңделетін объект


Зиянды организм


Өңдеу тәсілі, уақыты, жұмыс сұйықтығының шығысы, шектеулері


Соңғы өңдеу мерзімі, өнімді жинауға дейінгі күндерде,

ең көп

өңдеу еселігі


1


2


3


4


5


6



      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      ______________________ ______________________________________

      (лауазымы, қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны _______________

      (күні)


  "Пестицидтерді
  (улы химикаттарды) мемлекеттік
  тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет стандартына
  2-қосымша

      Нысан

      Құпия

      "Бекiтемiн"

      ____________________________

      (орындаушы ұйымның басшысы)

      _____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      ____________________________________

      (қолы)

      20 ___ жылғы "___" _________

Пестицидтің (улы химикаттың)
биологиялық және шаруашылықтық тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі
тіркеу (өндірістік) сынақтарының нәтижелері туралы есеп

      1. Пестицид (улы химикат) (саудалық атауы), препараттық нысаны, тiркелушi (өтінім беруші) ел, әрекет етуші заты, мақсаты (фитосанитариялық).

      2. Пестицидке (улы химикатқа) сынақтар жүргізу орны.

      3. Дақыл, сорт, екпелердің жасы, отырғызу схемасы.

      4. Топырақ (түрі, механикалық құрамы, қарашiрiндінің құрамы, рН).

      5. Агротехника (алғы дақыл, топырақты өңдеу, себу мерзiмдерi, себу нормасы, қатараралықтар ені, егiстiктi күту жөніндегі іс-шаралар).

      6. Зиянды организмдер (оған қарсы препарат сыналатын нақты зиянды объектілерді көрсету).

      7. Тәжірибе нұсқалары.

      8. Сынақ түрі (танаптық – тіркеу немесе өндірістік), тәжірибелі мөлдектер алаңы, қайталану саны.

      9. Препаратты қолдану мерзiмдерi (ауыл шаруашылығы дақылдары мен зиянды организмдердің даму фазасы) мен тәсiлдерi (жаппай өңдеулер, тосқауылды өңдеулер, аз көлемді, ультра аз көлемді бүрку, уландырылған еліктіргіштер түрінде қолдану, қойма үй-жайларын фумигациялау және тағысын тағылар).

      10. Бүрiккiш түрі, жұмыс сұйықтықтарының шығыс нормасы.

      11. Вегетациялық кезеңнің ауа-райы жағдайларының ерекшелiктерi (жауын-шашын көлемі, ауа температурасы мен ылғалдылығы) (орташа көпжылдық көрсеткіштермен салыстыра отырып келтіру).

      12. Зиянды организмдердің есебін жүргізу әдiстемесi.

      13. Өнімнің есебін жүргізу әдiстемесi.

      14. Биологиялық және шаруашылықтық тиiмдiлiк (кестелер түрінде келтіру).

      15. Пестицидтің (улы химикаттың), оның iшiнде мақсатты емес объектілерге (түрлерін көрсету) бақыланатын жанама әсері, препаратпен жұмыс iстейтiндердiң терісіне, тыныс жолдарына әсерін, өзге де кері нәтижелерді (байқалса) көрсету.

      16. Сыналатын пестицидтің (улы химикаттың) ауыл шаруашылығы өнімі мен қоршаған орта объектiлерiндегі қалдық мөлшерінің құрамы (зерттелген болса).

      17. Сыналатын пестицидтің (улы химикаттың) биологиялық және шаруашылықтық тиiмдiлiгi туралы нақты қорытындылар.

      18. Препараттың сыналған шығыс нормалары мен жұмыс сұйықтығының шығыс нормаларында пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу орындылығы немесе оларды нақтылау мақсатында, сондай-ақ тіркеуге ұсынылған препаратты қолдану регламенттері бойынша тіркеу немесе өндiрiстiк сынақтарын жалғастыру туралы ұсыныстар.

      Жұмысты орындаушылар:

      ____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      ____________________________________

      (лауазымы)

      ______________________________ ___________

      (ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы) (қолы)

      Мөр орны _____________________

      (күні)


  "Пестицидтерді
  (улы химикаттарды) мемлекеттік
  тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет стандартына
  3-қосымша

      Нысан

      "Бекiтемiн"

      ____________________________

      (орындаушы ұйымның басшысы)

      _____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      _____________________________________

      (қолы)

      20 ___ жылғы "___" _________

Өсімдік шаруашылығы өнімінде және қоршаған орта
объектілерінде пестицидтің (улы химикаттың)
қалдық мөлшерінің құрамын анықтау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы есеп

      1. Жалпы ереже.

      2. Тәжірибенің мақсаты мен міндеттерінің қысқаша негіздемесі.

      3. Пестицидтің (улы химикаттың) қысқаша сипаттамасы:

      1) өтінім беруші, өндіруші;

      2) саудалық атауы;

      3) әрекет етуші заты;

      4) препараттық нысаны;

      5) молекулалық массасы;

      6) эмпириялық формуласы.

      4. Тәжірибенің жалпы сипаттамасы:

      1) салу орны;

      2) жүргізу мерзімі;

      3) дақыл;

      4) тәжірибе түрі;

      5) агротехника;

      6) күту жөніндегі іс-шаралар.

      5. Топырақ пен метеорологиялық жағдайлардың сипаттамасы.

      6. Зерттелетін пестицидті (улы химикатты) пайдалану ерекшеліктері:

      1) өңдеу мерзімдері мен дүркінділігі;

      2) қолдану тәсілі;

      3) жұмыс сұйықтығының шығысы;

      4) препарат бойынша шығыс нормасы.

      7. Сынамаларды іріктеу әдістемесі және сынамаларды сақтау жағдайлары, талдау үшін сынамаларды іріктеу актісі.

      8. Пестицидтің (улы химикаттың) қалдық мөлшерлерін анықтау әдісі.

      9. Аспап маркасы, табу шегі, шығару толықтығы және гигиеналық нормативтер.

      10. Хроматограммалары қоса берілген пестицидтің (улы химикаттың) қалдық мөлшерлерінің құрамы жөніндегі деректер.

      11. Эксперимент нәтижелері бойынша тұжырымдар мен қорытындылар.

      Орындаушы: ______________ ____________________________________

      (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мөр орны ____________________

      (күні)


  "Пестицидтерді
  (улы химикаттарды) мемлекеттік
  тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет стандартына
  4-қосымша

      Нысан

      "Бекiтемiн"

      ____________________________________ облысы бойынша

      (облыс атауы)

      __________________________________________ басшысы

      (Ведомствоның аумақтық инспекциясының атауы)

      _____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      _____________________________________________

      (қолы)

      20 ____ жылғы "____" _________________

Пестицидтің (улы химикаттың)
өндiрiстiк сынақтарын бағалау актісі

      _______________________________________________________________ қарсы

      (зиянды организмдер)

      ________________________________________________________ фирмасының

      әрекет етуші заты ___________________________________________________

      _______________________ пестицидің (улы химикатың) өндiрiстiк сынағы

      Бiз, ____________________________________________________________________

      (Ведомствоның облыстық аумақтық инспекциясының атауы)

      өсiмдiктердi қорғау және (немесе) өсімдіктердің карантині бөлiмiнiң

      басшысы

      ____________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      ____________________________________________________________________,

      (Ведомствоның аудандық аумақтық инспекциясының атауы)

      өсімдiктердi қорғау және (немесе) өсімдіктердің карантині бөлiмiнiң басшысы

      ____________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      шаруашылық басшысы (немесе ауылдық округ әкiмi) _____________________

      ____________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), ұйымның атауы)

      жауапты орындаушы ________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), ұйымның атауы)

      ___________________________ облысы ___________________________ ауданы

      _________________________________________________________ жерлерінде

      (шаруашылық немесе ауылдық округ атауы)

      ___________________________________________________________________________________________________________________________ егістерінде (немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын жерлерде)

      ______________________________________________________________ қарсы

      (зиянды организмдер)

      _________________________________________________________фирмасының

      ____________________________________________________________________

      пестицидтің (улы химикаттың) өндiрiстiк сынағы жүргізілгенгендігі

      туралы осы актiнi жасадық.

      Пайдаланатын аппаратура _______________________________________

      Тәжірибелі мөлдектер алаңы _____ гектар

      Өңдеу еселiгi ____________________

      (өңдеу саны)

      _________________________________ пестицидтің (улы химикаттың)

      өндірістік сынақтарының нәтижелері бойынша __________________________

      егістерінде (немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын жерлерде)

      ____________________________________ қарсы

      (зиянды организмдер)

      _____ (литр/тоннаға, килограмм/гектарға) шығыс нормасында

      _____________________________________________________________ әдіспен

      мемлекеттік тіркеуге ұсынылады.

      Тексеру қорытындылары бойынша есеп ______ бетте қоса беріліп отыр.

      Ведомствоның ____________________________________ облыстық аумақтық

      инспекциясының өсiмдiктердi қорғау және (немесе) өсімдіктер карантині

      бөлiмiнiң басшысы

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), қолы)

      Ведомствоның ________________________________________________ облысы

      аудандық аумақтық инспекциясының өсiмдiктердi қорғау және (немесе)

      өсімдіктер карантині бөлiмiнiң басшысы

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), қолы)

      Шаруашылық басшысы (немесе ауылдық округ әкiмi)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), қолы)

      Жауапты орындаушы _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), ұйымның атауы)

      20___ жылғы "___" ____________________

      Мөр орны _______________

      (күні)


  "Пестицидтерді
  (улы химикаттарды) мемлекеттік
  тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет стандартына
  5-қосымша

      Нысан

Пестицидке (улы химикатқа) қысқаша дерекнама

      ____________________________________________________________________

      (тiркелушi (өтінім берушi) заңды немесе жеке тұлғаның атауы)

      ____________________________________________________________________

      (заңды мекенжайы, нақты мекенжайы, телефон, факс, е-mail)

      ____________________________________________________________________

      (пестицидтiң (улы химикаттың) атауы)

      1. Негізгі мәліметтер.

      1.1. Пестицидтiң (улы химикаттың) атауы.

      2.1. Өндіруші (атауы, заңды мекенжайы, нақты мекенжайы, телефоны, факсы, е-mail).

      3.1. Пестицидтiң (улы химикаттың) мақсаты.

      4.1. Әрекет етуші заты.

      5.5. Әрекет етуші заттың химиялық сыныбы.

      6.1. Әрекет етуші заттың концентрациясы (грамм/литрге немесе грамм/ килограммға).

      7.1. Пестицидтің (улы химикаттың) препараттық нысаны.

      8.1. Пестицидтерге (улы химикаттарға) арналған кауіпсіздік паспорты.

      9.1. Қазақстан Республикасы және Кеден одағы елдерінің аумағында өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидке (улы химикатқа) арналған нормативтік және/немесе техникалық құжаттама.

      10.1. Пестицидтi (улы химикатты) өндірушінің оны тіркеуге ұсынуға рұқсаты (егер өндірушінің өзі тiркелушi болмаған жағдайда).

      11.1. Тiркелушiге пестицидті (улы химикатты) өндірушіні білдіруге рұқсат (микробиологиялық препараттар үшін).

      12.1. Пестицидті (улы химикатты) басқа елдерде тіркеу (тіркеу куәлігінің нөмірі, берілген күні, пестицидті (улы химикатты) қолдану аясы мен регламенттері).

      2. Пестицидтiң (улы химикаттың) биологиялық тиімділігін, қауіпсіздігін бағалау жөніндегі мәліметтер.

      2.1. Әрекет ету спектрі.

      2.2. Пестицидті (улы химикатты) қолдану аясы:

      1) дақылдар;

      2) зиянды объектілер (латынша атауларымен) немесе мақсаты.

      2.3. Ұсынылатын қолдану регламенттері:

      1) өңдеулер жүргізу мерзімі;

      2) қорғалатын дақылдың даму фазасы;

      3) зиянды организмнің даму фазасы (сатысы);

      4) өңдеулер дүркіндігі;

      5) өңдеулер арасындағы аралық.

      2.4. Пестицидтің (улы химикаттың) ұсынылатын шығыс нормасы және оны қолдану тәсілі.

      2.5. Ұсынылатын күту мерзімі (өнімді жинауға дейінгі күндерде).

      2.6. Зиянды организмдерге әсер ету түрі (тетігі):

      1) жүйелі;

      2) жанаспалы;

      3) өзге.

      2.7. Қорғау әрекетінің кезеңі.

      2.8. Селективтілігі.

      2.9. Әрекет ету жылдамдығы.

      2.10. Басқа препараттармен үйлесімдігі.

      2.11. Биологиялық тиімділігі:

      1) зертханалық және өсіп-өну кезеңіндегі тәжірибелер;

      2) танаптық тәжірибелер.

      2.12. Фитоуыттылығы, қорғалатын дақылдардың төзімділігі

      2.13. Төзімділіктің туындау мүмкіндігі.

      2.14. Дақылдардың ауыспалы егісте ауысу мүмкіндігі.

      2.15. Басқа елдерде пестицидтің (улы химикаттың) биологиялық тиімділігін және қауіпсіздігін бағалау нәтижелері:

      1) ел;

      2) қорғалатын дақыл;

      3) зиянды организм.

      2.16. Басқа елдерде пестицидтің (улы химикаттың) қалдық мөлшерлерін анықтау нәтижелері.

      2.17. Пестицидінің (улы химикаттың) қорғалатын агроценоздың пайдалы энтомофаунасына әсер етуі.

      3. Пестицидтің (улы химикаттың) физикалық-химиялық қасиеттері.

      3.1. Пестицидтің (улы химикаттың) әрекет етуші затының физикалық-химиялық қасиеттері:

      1) әрекет етуші зат;

      2) құрылымдық формуласы (оптикалық изомерлері көрсетілсін);

      3) эмпириялық формуласы;

      4) молекулалық массасы;

      5) агрегаттық күйі;

      6) түсі, иісі;

      7) 200С және 400С кезіндегі бу қысымы;

      8) суда ерігіштігі;

      9) органикалық еріткіштерде ерігіштігі;

      10) n-октонол/су бөліну коэффициентi;

      11) балқу температурасы;

      12) қайнау және қату температурасы;

      13) тұтану және жалындау температурасы;

      14) 200С кезінде су ерітiндiлерінде (рН 5, 7, 9) тұрақтылығы;

      15) тығыздығы (зат газ күйiнде болған жағдайда 00С және 760 миллиметр сынап бағанасындағы тығыздық көрсетілсін).

      3.2. Техникалық өнімнің физикалық-химиялық қасиеттері:

      1) техникалық өнiмнiң тазалығы, қоспалардың сандық және сапалық құрамы;

      2) агрегаттық күйi;

      3) иiсi, түсi;

      4) балқу температурасы;

      5) жалындау және тұтану температурасы;

      6) тығыздығы (зат газ күйінде болған жағдайда 00 С және 760 миллиметр сынап бағанасындағы тығыздық көрсетілсін);

      7) термо және фототұрақтылығы;

      8) техникалық өнiмнің тазалығын анықтауға арналған, сондай-ақ өнімнің құрамын, изомерлерді, қоспаларды анықтауға мүмкіндік беретін талдау әдісi.

      3.3. Пестицидтің (улы химикаттың) препараттық нысанының физикалық-химиялық қасиеттері:

      1) агрегаттық күйі;

      2) иiсi, түсі;

      3) сулы эмульсияның немесе суспензияның тұрақтылығы;

      4) pH;

      5) ылғал құрамы (%);

      6) тұтқырлығы;

      7) шашыраңқылығы;

      8) тығыздығы;

      9) бөлшектер мөлшері (ұнтақ, түйiршiк және басқалар);

      10) дымқылданғыштығы;

      11) тұтану температурасы;

      12) кристалдану температурасы, аязға төзімділігі;

      13) ұшқырлығы;

      14) нығыздалу туралы деректер;

      15) коррозиялық қасиеттері;

      16) қоспалардың сандық және сапалық құрамы;

      17) сақтау кезіндегі тұрақтылығы.

      3.4. Пестицидтiң (улы химикаттың) құрамы:

      1) әр құрамдық бөлігі үшін химиялық атауы;

      2) препараттық нысанындағы құрамдық бөліктердің функционалдық мәні және олардың құрамы.

      4. Микробиологиялық пестицидтер (улы химикаттар). Белсенді ингредиент пен препараттық нысанның (микроорганизмдердің тіршілік әрекеті өнімдері негізіндегі бактериялық, саңырауқұлақты, вирустық, микроспороидалық препараттардың) қасиеттері және құрамы туралы мәліметтер.

      4.1. Штамм-продуценттің қасиеттері:

      1) микроорганизмнің түр атауы (латынша атауы);

      2) штамның (изоляттың) нөмірі немесе атауы;

      3) штамды бөлу көзі;

      4) дақылдық-морфологиялық және биохимиялық қасиеттері, идентификациялау тестілері мен критерийлері (сондай-ақ сәйкестендіруді жүргізген ұйым көрсетілсін);

      5) зиянды объектіге қатысты патогендік немесе антогонизм;

      6) осы түрдің қолда (оның ішінде шетелде) бар штамдардан айырмашылығы;

      7) микроорганизмдердің сол түрінің өзге штамдарының жасушаларын лизистейтін фагтарға қатынасы;

      8) штамды сақтау тәсілі, шарттары және сақтау ортасының құрамы;

      9) микроорганизмдерді көбейту тәсілі, шарттары және көбейту ортасының құрамы. Вирустар мен микроспоридиялар үшін өсіруге арналған өзіне тән шикізаттың сипаттамасы көрсетіледі;

      10) микроорганизмді қоршаған ортаның микробтық қауымдастықтарында және биоматериалдарда табу тәсілі;

      11) штаммен синтезделетін өнім (химиялық құрамы, құрылымдық формуласы, тұрақтылығы, қалдықтарды анықтау әдісі);

      12) нысаналы объектіге әрекет ету тетігі.

      4.2. Пестицидтің (улы химикаттың) препараттық нысанының сипаттамасы:

      1) пестицидтің (улы химикаттың) құрамы: бастапқы әрекет етуші (тірі жасушалардың немесе олардың тіршілік әрекеті өнімінің титрі, вирустық түйіршіктердің, қосындылардың титрі) қосалқы заттардың құрамы және олардың мақсаты;

      2) агрегаттық күйі;

      3) дымқылданғыштығы;

      4) ылғал құрамы;

      5) бөгде микрофлораның құрамы;

      6) бастапқы әрекет етушіні айқындау әдісі;

      7) сақтау шарттары мен мерзімдері;

      8) жұмыс ерітінділерін әзірлеу тәсілі;

      9) басқа пестицидтермен (улы химикаттармен) және агрохимикаттармен үйлесімділігі.

      5. Пестицидтің (улы химикаттың) токсикологиялық-гигиеналық сипаттамасы.

      5.1. Әрекет етуші заттың (техникалық өнімнің) токсикологиялық сипаттамасы:

      1) жіті пероральдық уыттылығы (егеуқұйрықтар; егер созылмалы уыттылық жануардың бір түрінде болса – егеуқұйрықта, тышқанда). ҚМ50 (миллиграмм/килограмға дене массасына);

      2) жіті терілік уыттылығы. ҚМ50 (миллиграмм/килограмға дене массасына);

      3) жіті ингаляциялық уыттылығы (динамикалық әрекет ету жағдайында). ҚМ50 (мг/м3);

      4) барлық түсу жолдары кезіндегі жіті интоксикацияның клиникалық белгілері (пероральдық, дермальдық, ингаляциялық);

      5) теріге және шырышты қабықтарға түршіктіру әрекеті;

      6) тауықтарға баяу нейротоксикалық әрекеті (фосфорорганикалық пестицидтер (улы химикаттар) үшін міндетті түрде, басқалар үшін – қажет болса);

      7) жіті пероральдық уыттылығы. (миллиграмм/килограмға дене массасына немесе шоғырлану коэффициенті);

      8) жіті терілік уыттылығы (қажет болса). (миллиграмм/килограмға дене массасына);

      9) жіті ингаляциялық уыттылығы (қажет болса) (миллиграмм/м3);

      10) сенсибилизирлеуші әрекеті, иммуноуыттылығы;

      11) созылмалы уыттылығы (әрекет етпейтін әсер деңгейі) (миллиграмм/килограмға дене массасына);

      12) онкогендігі.

      Сыналатын агентті кеміргіштердің екі түріне (тышқандар, егеуқұйрықтар): 24 ай бойы егеуқұйрықтарға және 18 немесе 24 ай бойы тышқандарға енгізумен (енгізу жолы көрсетіледі) өміршеңдігі жөніндегі материалдар (кестелер) және:

      тиімді сан (барлық экспериментте алғашқы ісік табылғанға дейін тірі қалған жануарлардың саны). Әртүрлі оқшаулаудағы алғашқы ісіктер табылған жағдайда көп айырмашылық болса (6 ай немесе одан көп) тиімді сандар ерте және кеш ісіктерге бөлек беріледі;

      ісіктердің барлық түрлері бар жануарлар саны, қатерлі ісіктері бар жануарлар саны, екі және одан көп ісіктері бар жануарлар саны;

      ісіктері метастазаланған жануарлар саны;

      ісіктердің түрі мен санын көрсете отырып, жекелеген органдарында ісіктері бар жануарлар саны;

      эксперименталдық және тарихи бақылау жөніндегі деректер;

      онкогендік жөніндегі деректер (миллиграмм/килограмға дене массасына);

      13) тератогендігі және эмбриоуыттылығы (ана мен ұрық үшін әрекет етудің әрекет етпейтін деңгейі, миллиграмм/килограмға дене массасына);

      14) "екі ұрпақ" әдісі бойынша репродуктивтік функциясы (ата-аналары (аналары, әкелері) мен ұрпақ үшін әрекет етпейтін әрекет ету деңгейі, миллиграмм/килограмға дене массасына);

      15) мутагендігі:

      Эймс Сальмонелла микросома тесті (гендік мутациялар есебі): хаттамаға мынадай мәліметтер енгізіледі: тестерлік микроорганизмдердің түрі мен штамдары, эксперименттің схемасы, зерттелетін заттар мен позитивті бақылаулар концентрациясы (дозасы), метаболдық белсендіру жүйесі, алынған бастапқы нәтижелері және оларды статистикалық өңдеу.

      Сүтқоректілердің сүйек майы жасаушасындағы (инвиво) (хромосомдық аберрациялар және (немесе) микроядролар есебі) цитогенетикалық зерттеулер: хаттамаға мынадай мәліметтер енгізіледі: жануарлардың түрі, тобы, жынысы, эксперимент схемасы, зерттеліп жатқан заттардың және позитивті бақылаудың дозасы, енгізу жолы, ұзақтығы және еселігі, микроскоптық талдаудың алынған бастапқы нәтижелері және оларды статистикалық өңдеу.

      Дезоксирибонуклеинді қышқылымен (бұдан әрі – ДНҚ) зақымдануын бағалау (кез келген жақсы верификацияланған және жалпы қабылданған тәсілмен): хаттамаға мынадай мәліметтер енгізіледі: зерттеу схемасы, жануарлардың түрі, тобы, жынысы немесе жасаушалар немесе ұлпалар дақылдарының штамдары, эксперимент схемасы, алынған бастапқы талдау нәтижелері және оларды статистикалық өңдеу.

      Адамның шеткі қаны лимфоциттеріндегі инвитро (хромосомдық аберрациялар есебі) цитогенетикалық зерттеулері: хаттамаға мынадай мәліметтер енгізіледі: зерттеу схемасы, зерттелетін заттар мен позитивті бақылаулар концентрациясы (дозасы), метаболдық белсендіру жүйесі, микроскоптық талдаудың алынған бастапқы нәтижелері және оларды статистикалық өңдеу.

      Кешенді бағалауға гендік, хромосомдық мутацияларды және ДНҚ зақымдануын зерттелетін препаратпен индукциялауды, стандартты халықаралық хаттамаларға сәйкес келетін өзге де әдістерді (тестілерді) енгізуге жол беріледі;

      16) сүтқоректілер ағзасындағы метаболизм, негізгі метаболиттер, олардың уыттылығы, токсикокинетика және, қажет болса, токсикодинамика. Жемшөптік дақылдар мен мал шаруашылығында пайданылатын препараттар үшін емізетін жануарлардағы экреция жөніндегі деректер (шығару, ішкі мүшелер мен бұлшық еттерде жиналу жолы, сүтпен шығу мүмкіндігі, негізгі метаболиттер көрсетілсін);

      17) қоршаған орта объектілеріндегі, оның ішінде ауыл шаруашылығы өсімдіктеріндегі тұрақтылығы және метаболизмі (Т50 және Т50);

      18) зиянды әрекетті шектеуші көрсеткіш;

      19) жол берілетін тәуліктік доза (ЖТД);

      20) тамақ өнімдері мен қоршаған орта объектілеріндегі гигиеналық нормативтер немесе нормалау орынсыздығының ғылыми негіздемесі (негіздеме бойынша материалдар ұсыну):

      пестицидтің (улы химикаттың) тамақ өнімдері мен ауыл шаруашылығы шикізатында барынша жол берілген деңгейі (бұдан әрі – БЖД);

      пестицидтің (улы химикаттың) санитариялық-тұрмыстық су пайдалану көздерінің суындағы шекті жол берілген концентрациясы (бұдан әрі – ШЖК).

      Су айдындарының суына гигиеналық норматив әзірлеу кезінде бірыңғай әдістемелік тәсілдерді пайдаланып жүргізген жағдайда пестицидтi (улы химикатты) балық шаруашылығын бағалауды жүргізетін ғылыми-зерттеу мекемелерінен алынған пестицидтің (улы химикаттың) судың химиялық құрамына және су ортасының өзін-өзі тазалау процестеріне әрекетін бағалау жөніндегі деректер қабылдана алады;

      атмосфералық ауадағы ШЖК (Қазақстан Республикасының және Кеден одағы елдерінің аумағында өндірілетін (формуляцияланатын) пестицид (улы химикат) үшін);

      пестицидтің (улы химикаттың) атмосфералық ауадағы шамамен қауіпсіз әрекет ету деңгейі (бұдан әрі - ШҚӘД) (қажет болса);

      жұмыс аймағының ауасындағы ШЖК (Қазақстан Республикасының және Кеден одағы елдерінің аумағында өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер (улы химикаттар) үшін және айқын ингаляциялық қауіпі бар импортталатын пестицидтер (улы химикаттар) үшін);

      жұмыс аймағының ауасындағы ШҚӘД (қалған пестицидтер (улы химикаттар) үшін);

      топырақ үшін ШЖК (шектес орталарға жылыстауға айқын қабілеттілігі бар тұрақты пестицидтер (улы химикаттар) үшін);

      қалған пестицидтер (улы химикаттар) үшін топырақта шамамен жол берілген концентрациясы (бұдан әрі - ШЖК).

      Топырақ үшін гигиеналық норматив әзірлеу кезінде бірыңғай әдістемелік тәсілдерді пайдаланып жүргізген жағдайда пестицидтерді (улы химикаттарды) экологиялық бағалауды жүргізетін ғылыми-зерттеу мекемесінен алынған топырақтағы беталысын зерттеу жөніндегі деректер қабылдана алады;

      21) тамақ өнімдерінде, ауыл шаруашылығы өнімдерінде, қоршаған орта объектілерінде және биологиялық ортада пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдық мөлшерін (қажет болса метаболиттерді) анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар:

      ауыл шаруашылығы өнімінде (оны қайта өңдеу өнімдерінде) және басқа өсімдік объектілерінде пестицидтердің (улы химикаттардың) (қажет болса метаболиттердің) қалдық мөлшерін анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар;

      топырақта пестицидтердің (улы химикаттардың) (қажет болса метаболиттердің) қалдық мөлшерін анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар;

      суда пестицидтердің (улы химикаттардың) (қажет болса метаболиттердің) қалдық мөлшерін анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар;

      ауада пестицидтердің (улы химикаттардың) (қажет болса метаболиттердің) концентрациясын анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар;

      биологиялық орталарда пестицидтердің (улы химикаттардың) (қажет болса метаболиттердің) қалдық мөлшерін анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар;

      22) пестицидтің (улы химикаттың) қауіптілігін бағалау – Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Еуропалық одақтың сарапшылар тобының отырысында қарастыру деректері.

      5.2. Пестицидтің (улы химикаттың) препараттық нысанының токсикологиялық сипаттамасы:

      1) жіті пероральдық уыттылығы (егеуқұйрықтар). ҚМ50 (миллиграмм/килограмға дене массасына);

      2) жіті терілік уыттылығы. ҚМ50 (миллиграмм/килогармға дене массасына);

      3) жіті ингаляциялық уыттылығы (егеуқұйрықтар). ҚМ50 (миллиграмм/м3);

      4) барлық түсу жолдары кезіндегі күшті интоксикацияның клиникалық белгілері (пероральдық, дермальдық, ингаляциялық);

      5) теріге және шырышты қабықтарға түршіктендіру әрекеті;

      6) Қазақстан Республикасының және Кеден одағы елдерінің аумағында өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер (улы химикаттар) үшін күштілеу пероральдық уыттылық (шоғырлану қасиеттері, шоғырлану коэффициенті);

      7) сенсибилизирлейтін әрекеті;

      8) препаративтiк нысан компоненттерінің (толықтырғыштар, эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар, ерiткiштер) токсикологиялық сипаттамасы.

      Пестицидтің (улы химикаттың) құрамында әрекет етуші затқа қарағанда улы әрекетін едәуір күшейтуге қабілетті уыттылығы мәнді заттар болған жағдайда, пестицидтің (улы химикаттың) препаративтік нысанын токсикологиялық бағалау жөніндегі деректер әрекет етуші заттың және препаративтiк нысан компоненттерінің қасиеттерін, сондай-ақ метаболизмді ескере отырып, кеңейтілуі мүмкін.

      6. Пестицидті (улы химикатты) өндіру мен қолдануды гигиеналық бағалау.

      6.1. Пестицидтің (улы химикаттың) халыққа әрекетінің нақты қауіпін (қатерін) гигиеналық бағалау:

      1) пестицидті (улы химикатты) қолдану кезінде алынған тамақ өнімдерінің халыққа қауіптілігін бағалау:

      зерттелетін объектілерде пестицидтің (улы химикаттың) әрекет етуші затының қалдық мөлшерінің болуы ұсынылған ең жоғары шығыс нормалары мен өңдеулер дүркіндігі зерттеледі;

      себу алдында тұқымды өңдеу үшін, себуге дейін, бірден сеуіп болғаннан кейін, гүлденуге дейін (жеміс-жидек дақылының), өсіп-өніп жатқан өсімдіктерде (егер соңғы өңдеу егін жинауға дейін 60 күннен астам күн бұрын жүргізілсе) қолданылатын пестицидтер (улы химикаттар) үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) әрекет етуші заттарының қалдық мөлшерлері дақыл өнімінің элементтерінде ғана анықталады;

      жемшөптік дақылдарда немесе көк балаусасы тікелей мал азығына пайдаланылуы мүмкін дақылдарда, ашық және жабық (маусымда бірнеше рет жиналатын) топырақтағы көкөніс және жасыл дақылдарда қолдануға ұсынылған пестицидтер (улы химикаттар) үшін күту мерзімін анықтау мақсатында соңғы өңдеу мерзіміне қарай әрекет етуші заттардың ыдырау динамикасы міндетті түрде зерттеледі;

      аналықтарда, тұқымдықтарда, көшеттіктерде, шикізаты жекелеген заттарды алуға жұмсалатын дәрілік, эфирмайлы дақылдарда, өңдеу аяқталған соң бір жылдан кейін жиналатын дәрілік, эфирмайлы дақылдарда, сәндік дақылдарда қолданылатын пестицидтер (улы химикаттар) үшін әрекет етуші заттардың қалдық мөлшерін зерттеу қажет емес;

      ауыл шаруашылығы емес қолданыстағы жерлерде (орман шаруашылығында, темір және тас жолы қарауына алынған жерлерде және тағы сол секілді) қолданылатын пестицидтер (улы химикаттар) үшін өңделген алқаптарға халықтың қауіпсіз шығуы мерзімдерін негіздеу мақсатында жабайы өсімдіктер өнімінде (саңырауқұлақтар, жидектер және бұдан әрі осылай) әрекет етуші заттардың қалдық мөлшерін зерттеу қажет;

      пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданып өсірілген өсімдіктер тектес ауыл шаруашылығы өнімінің органолептикалық қасиеттері мен тағамдық құндылығын анықтау жөніндегі зерттеулер ең көп пестицидтік (улы химикаттық) ауыртпалығы (шығыс нормасы, өңдеу дүркіндігі) бар және тікелей тамаққа пайдаланылатын өнімдер тобы өкілінің біреуі бойынша (жемістер, жидектер, жүзімдер, бақша, картоп) жүзеге асырылады. Қайта өңдеу өнімдерінде (өсімдік майы, шырындар) аталған зерттеулер пестицидтердің (улы химикаттардың) әрекет етуші заттарының қалдық мөлшері өңделіп жатқан шикізатта (тұқым, жеміс, жидек) болғанда жүргізіледі;

      2) пестицидтің (улы химикаттың) сумен түскен кездегі қаупін (қатерін) бағалау.

      Ең жоғары шығыс нормасы мен өңдеу дүркіндігі кезінде (қолданыстағы әдістемелік құжаттарға сәйкес) табиғи жағдайда жер үсті және жер асты су көздері суының ластану деңгейін зерделеу немесе бұл зерттеулерді жүргізу орынсыздығын негіздеу.

      3) атмосфералық ауа ластануының халық үшін қауіптілігін бағалау әдеттегідей ең жоғары шығыс нормаларын ескере отырып, пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану кезінде еңбек шарттарын гигиеналық бағалау жөнінде зерттеулер жүргізумен бір мезгілде жүзеге асырылады. Бұл ретте пестицидтердің (улы химикаттардың) әрекет етуші заттарын санитарлық-қорғау аймақтары мен санитарлық үзілу аймақтарының сыртына көшіру өлшемдері белгіленеді;

      4) нақты қауіпті (қатерді) бағалау – пестицидтердің (улы химикаттардың) өніммен, ауамен және сумен сомалық түсуін есептеу жолымен пестицидтердің (улы химикаттардың) халыққа кешенді әрекетін бағалау.

      Қауіптілігі 1, 2-сыныптағы пестицидтер (улы химикаттар) үшін олардың қоршаған орта объектілеріндегі мәніне мониторингілік зерттеулер жүргізілуі мүмкін.

      6.2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану кезінде жұмыскерлердің еңбек шарттарын гигиеналық бағалау.

      Зерттеулер пестицидтерді (улы химикаттарды) ең жоғары шығыс нормалары кезіндегі қолдану технологиясын ескере отырып, қолданыстағы әдістемелік құжаттарға сәйкес жүргізіледі және операторлар үшін қатерді бағалауды, қолмен және механикаландырылған жұмыстарды жүргізуге арналған өңделген алқаптарға қауіпсіз шығу мерзімдерін негіздеуді қамтиды:

      1) танаптық дақылдарды сырықты бүрку кезінде;

      2) бақ дақылдарын вентиляторлық бүрку кезінде;

      3) дақылдарды әуе әдісімен өңдеу кезінде;

      4) дақылдарды жабық топырақ жағдайында өңдеу кезінде;

      5) дәрілеу жөніндегі зауыттарда және дәрілеу пункттерінде тұқымды егу алдында өңдеу кезінде;

      6) пестицидтермен (улы химикаттармен) өңделген тұқымды себу кезінде (препараттың қауіптілік сыныбы, топырақта тұрақтылығы, қолдану аясы ескерілген көрсеткіштері бойынша);

      7) фумигациялау кезінде;

      8) пестицидтерді (улы химикаттарды) басқа технологияларды пайдалана отырып, қолдану кезінде.

      Қажет болған жағдайда көрсетілген зерттеулерді жүргізу орынсыздығына негіздеме келтіріледі.

      Еңбек шарттарын гигиеналық бағалау белгіленген тәртіппен гигиеналық бағалаудан өткен техника мен жабдықтарды пайдалану кезінде ғана жүргізілуі тиіс.

      6.3. Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтер (улы химикаттар) өндірісін (формуляциясын) гигиеналық бағалау техникалық құжаттаманы (ұйым стандарты (техникалық шарттар), техникалық регламенттер) талдауға негізделеді және:

      1) барлық технологиялық операцияларда жұмыс орнындарын аттестациялай отырып, өндірістік ортаны бағалау жөнінде зертханалық зерттеулер жүргізу;

      2) ластағыштарды идентификациялау, жұмыскерлерге кешенді әрекет ету қатерін бағалау;

      3) жабдықты, материалдарды, аспирация жүйелерін гигиеналық бағалау;

      4) жалпы шығарындылар мен жерге жақын концентрациясын есептеу;

      5) өндірістік сарқынды суларды, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды және тағы басқаларды залалсыздандыру және кәдеге жарату тәсілдерін бағалау арқылы жүзеге асырылады.

      6.4. Микробиологиялық пестицидтің (улы химикаттың) препараттық нысанын токсикологиялық бағалау.

      1) жіті пероральды уыттылығы (тышқандар, егеуқұйрықтар) – ҚМ50;

      2) жіті инголяциялық уыттылығы – ҚМ50;

      3) теріге және шырышты қабықтарға түршіктендіру және сіңіру (қажет болса) әрекеті;

      4) сенсибилизирлеуші әрекеті;

      5) шоғырлану қасиеттері (пестицидтер (улы химикаттар) үшін микроорганизмдердің тіршілік әрекетінің өнімдері негізінде);

      6) дисбактериоттық әрекеті;

      7) контаминантты микрофлораның (вирусты және микроспородиалдық пестицидтер (улы химикаттар) үшін) құрамы және жылықандылар үшін патогендігі жөнінде деректер;

      8) кейіннен болатын әрекеттер (токсиндері бар препараттар үшін) – мутагендігі (Эймс тесті), тератогендігі.

      6.5. Микробиологиялық пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдалану мен өндірудің гигиеналық регламенттерін белгілеу:

      1) гигиеналық нормалау қажет болған жағдайда пестицидтің (улы химикаттың) қалдық мөлшерінің серпінін зерделеу;

      2) пестицидті (улы химикатты) ең жоғары шығыс нормалары мен әртүрлі технологияларды ескере отырып, қолдану кезінде еңбек шарттарын гигиеналық бағалау;

      3) жабық топырақта еңбек шарттарын зерделеу (ашық топыраққа қарамастан жүргізіледі).

      4) қажеттілігін негіздеу және пестицидті (улы химикатты) өндіру мен қолдану кезінде халықтың және жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гигиеналық нормативтерді әзірлеу (қажет болса):

      тамақ өнімдерінде МЖД;

      санитариялық-тұрмыстық су пайдалану көздеріндегі судағы ШЖК;

      жұмыс аймағы ауасындағы ШЖК (Қазақстан Республикасының және Кеден одағы елдерінің аумағында өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер (улы химикаттар) үшін);

      атмосфералық ауадағы ШҚӘД және ШЖК (Қазақстан Республикасының және Кеден одағы елдерінің аумағында өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер (улы химикаттар) үшін);

      жұмыс аймағы ауысындағы ШҚӘД (шетел пестицидтері (улы химикаттары) үшін);

      топырақ үшін ШЖК (өсімдіктерде транслокациялануға және басқа жүйелерге жылыстауға қабілетті орнықты пестицидтер (улы химикаттар) үшін);

      қалған пестицидтер (улы химикаттар) үшін топырақтағы ШЖК.

      6.6. Микроорганизмді (бактериялар, саңырауқұлақтар) токсикологиялық бағалау.

      1) бактериялардың, саңырауқұлақтардың патогендігі (вируленттілігі, уыттылығы, уыттектілігі, таралуы) екі түрлі зертханалық жануарда бір рет құрсаққа, асқазанға енгізу кезінде, жоғарғы тыныс жолдары мен көздің шырышты қабығы арқылы түскен кезде зерттеледі;

      2) жоғарғы тыныс жолдары арқылы түскен кезде микроорганизмдердің бір ай ішінде иммундық жүйеге әрекеті (түршіктіру, аллергендік, иммуноуыттылық, иммуномодульдеулік).

      6.7. Микробтық синтез өнімдерін токсикологиялық бағалау:

      1) жіті пероральдық уыттылығы (тышқандар, егеуқұйрықтар) – ҚМ50, күшті әрекет ету шегі (Қазақстан Республикасының және Кеден одағы елдерінің аумағында өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер (улы химикаттар) үшін);

      2) жіті терілік уыттылығы – ҚМ50;

      3) жіті инголяциялық уыттылығы – ҚМ50. Күшті әрекет ету шегі (Қазақстан Республикасының және Кеден одағы елдерінің аумағында өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер (улы химикаттар) үшін);

      4) жіті уланудың клиникалық көріністері;

      5) тері мен шырышты қабықтарға түршіктіру әрекеті;

      6) жіті пероральдық уыттылығы (шоғырлану қасиеттері), шоғырлану коэффициенті (Ресей аумағында өндірілетін препараттар үшін);

      7) жіті терілік уыттылығы;

      8) түршіктіру әрекеті, иммуноуыттылығы;

      9) созылмалы уыттылығы (шекті және тиімсіз мөлшерлер);

      10) онкогендiгі (бастапқы жалпылама материалдар – тәжірибе жүргізілетін жануарларда абсолютті өлшемде және тиімді санға қарағанда iсiктер жиілігі, бiр жануарға шаққанда iсiктер саны, барлық оқшаулаулардағы гистологиялық iсiк түрлерiнiң саны мен жиілігі, метастазалануы, жануарлардың өмiршеңдiгi, онкогендiк қатер коэффициенті, алғашқы iсiктi анықтау мерзімі, эксперименттік жануарларды эксперименталды және тарихи бақылау мәлiметтерi және бұдан әрі осылай);

      11) тератогендігі және эмбриоуыттылығы – жемiстегi ауытқушылықтарды және жеміс үшін уыттылығын анықтауға мүмкіндік беретін әдiстемелік қатынастарды пайдалана отырып;

      12) екi ұрпақ әдісі бойынша репродуктивті уыттылығы және гонадоуыттылығы;

      13) мутагендігі:

      микросомалдық белсендіру мен белсендірусіз гендiк мутацияларға Эймс тестi;

      хромосомдық аберрациялар (зертханалық жануарлардағы инвиво);

      адамның шеткі қаны лимфоциттеріндегі инвитро, өзге тесттерге жол берiледi, бірақ Эймс тестін қосқанда үштен кем емес;

      14) сүтқоректiлер ағзасындағы метаболизм, негiзгi метаболиттер, олардың уыттылығы, токсикокинетикасы және қажет болса токсикодинамикасы;

      15) уыттылықтың шектеушi көрсеткiшi;

      16) ЖТД мг/кг адам денесiнің салмағы;

      17) қосымша ақпарат.

      7. Пестицидтің (улы химикаттың) экологиялық сипаттамасы.

      1) пестицидтің (улы химикаттың) әрекет етуші затының экологиялық сипаттамасы (химиялық заттар):

      қоршаған ортадағы әрекеті:

      топырақтағы әрекеті;

      топырақтағы ыдырау жолдары мен жылдамдығы;

      топырақтағы аэробты, анаэробты ыдырауы;

      зертханалық зерттеулер: аэробты, анаэробты ыдырауы;

      танаптық зерттеулер: жоғалу серпіні, қалдық мөлшерлері, топырақта шоғырлануы;

      адсорбция және десорбция;

      топырақтағы қозғалғыштығы;

      зертханалық бағаналық тәжірибелер;

      "қартайтылған" қалдықтармен зертханалық бағаналық тәжірибелер;

      жылыстау бойынша лизиметриялық зерттеулер немесе танаптық тәжірибелер;

      судағы және ауадағы әрекеті;

      суда ыдырау жолдары мен жылдамдығы;

      гидролитикалық ыдырауы;

      фотохимиялық ыдырауы;

      биологиялық ыдырауы;

      ауада ыдырау жолдары мен жылдамдығы;

      топырақта, суда және ауада қалдық мөлшерлерін анықтау әдістемелері.

      Экотоксикология:

      құстар:

      күшті оральды уыттылығы;

      тамақтандыру кезіндегі уыттылығы;

      репродуктивтікке әсер етуі

      Су организмдері:

      балықтар:

      жіті уыттылығы;

      созылмалы уыттылығы;

      репродуктивтікке әсер етуі және даму жылдамдығы;

      биошоғырлануы.

      Зоопланктон (Дафния магна):

      жіті уыттылығы;

      репродуктивтікке әсер етуі және даму жылдамдығы.

      Балдырлар, өсуге ісер етуі.

      Бал аралары (басқа пайдалы жәндіктер):

      жіті және созылмалы жанаспалы уыттылығы (жеке немесе топтап әрекет еткен кезде);

      жіті және созылмалы оральдық уыттылық (жеке және топтап тамақтандыру кезінде).

      Жаңбыр құрттары:

      жіті уыттылығы;

      өлімге жақын әсерлер.

      Топырақ микроорганизмдері:

      көміртектің минералдану процестеріне әрекеті;

      азоттың түрлену процестеріне әрекеті;

      Флора мен фаунаның басқа мақсатсыз организмдері.

      Суды тазартудың биологиялық әдістеріне әсер етуі;

      2) Пестицидтің (улы химикаттың) әрекет етуші затының экологиялық сипаттамасы (микроорганизмдер мен вирустар):

      қоршаған ортадағы әрекеті:

      топырақта, суда, ауада таралуы, орнықтылығы, қозғалыштығы және көбеюі;

      қорек тізбегіндегі мүмкін болу тағдыры туралы деректер.

      Экотоксикология:

      құстар:

      жіті оралдық уыттылығы, патогендігі, инфективтігі.

      Су организмдері:

      күшті уыттылығы, патогендігі, инфективтігі.

      Бал аралары (басқа пайдалы жәндіктер):

      жіті жанаспалы уыттылығы, патогендігі, инфективтігі;

      жіті оралдық уыттылығы, патогендігі, инфективтігі.

      Жаңбыр құрттары (басқа мақсатсыз топырақ макроорганизмдері):

      жіті уыттылығы, патогендігі, инфективтігі.

      Топырақ микроорганизмдері;

      3) Пестицидтің (улы химикаттың) препараттық нысанының экологиялық сипаттамасы (химиялық заттар):

      қоршаған ортадағы әрекеті;

      топырақтағы әрекеті;

      әрекет етуші заттың (ә.з.) концентрация деңгейін және оның топырақта жылыстауын бағалау;

      танаптық тәжірибелер: әрекет етуші заттың жоғалу динамикасы, оның қалдық мөлшерлері, топырақта жинақталуы;

      жылыстауы жөнінде танаптық тәжірибелер немесе лизиметриялық зерттеулер;

      судағы әрекеті:

      жер асты суларында әрекет етуші заттың концентрация деңгейін бағалау, қосымша танаптық сынақтар;

      жер үсті суларында әрекет етуші заттың концентрация деңгейін бағалау, қосымша танаптық сынақтар.

      Ауадағы әрекеті.

      Экотоксикология:

      құстар:

      жіті оральдық уыттылығы;

      тордағы және танаптағы тәжірибелер;

      құстар үшін тұзақтардың, түйіршіктердің және өңделген тұқымның қауіптілігі;

      жанама улану әрекеттері.

      Су организмдері:

      балықтар үшін жіті уыттылығы;

      зоопланктон (Дафния магна) үшін күшті уыттылығы;

      жер үсті су айдындарын абайсызда өңдеу (бұзу) кезіндегі қатерді бағалау;

      балықтардың басқа түрлерімен арнайы зерттеулер.

      Бал аралары (басқа пайдалы жәндіктер):

      жіті және созылмалы жанаспалы уыттылығы (жеке және топтап әрекет еткен кезде);

      жіті және созылмалы оралдық уыттылығы (жеке және топтап тамақтандыру кезінде);

      фумиганттық уыттылығы;

      репелленттік белсенділігі;

      қалдық әрекетінің ұзақтығы;

      танаптық жағдайдағы уыттылығы мен қауіптілігі.

      Жаңбыр құрттары (басқа да мақсатсыз топырақ микроорганизмдері):

      жіті уыттылық;

      өлімге жақын әсерлері;

      танаптық жағдайлардағы уыттылығы.

      Топырақтағы микроорганизмдер:

      көміртектің минералдану процестеріне әрекеті;

      азоттың түрлену процестеріне әрекеті;

      қосымша тестілер.

      4) Пестицидтің (улы химикаттың) препараттық нысанының экологиялық сипаттамасы (микроорганизмдер мен вирустар).

      Қоршаған ортадағы әрекеті.

      Экотоксикология:

      су организмдері;

      бал аралары (басқа пайдалы жәндіктер);

      жаңбыр құрттары (басқа мақсатсыз топырақ микроорганизмдері);

      топырақ микроорганизмдері;

      қосымша зерттеулер.

      Мөр орны ________

      (күні)

      ________ __________________________________________________

      (қолы) (тiркелушi (өтінім беруші) заңды тұлға басшысының

      /жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))


  "Пестицидтерді
  (улы химикаттарды) мемлекеттік
  тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет стандартына
  6-қосымша

Пестицидті (улы химикатты) тасымалдау, сақтау, қолдану
және залалсыздандыру жөніндегі ұсыныстар

      1. Пестицидтің (улы химикаттың) айырмалық атауы, тіркелуші фирма (өтінім беруші).

      2. Әрекет етуші зат немесе микроорганизмнің түрлік атауы, штамның немесе изоляттың атауы.

      3. Концентрациясы (грамм/литрға немесе гектар/килограммға) (тiрi жасушалардың немесе олардың тіршілік әрекеті өнімінің титрі, вирустық түйіршіктер, қоспалар титрі).

      4. Пестицидтің (улы химикаттың) препараттық нысаны.

      5. Пестицидтің (улы химикаттың) және жұмыс сұйықтығының мақсаты, қолдану технологиясы, шығыс нормасы.

      6. Өзге пестицидтермен (улы химикаттармен) үйлесімділігі.

      7. Пестицидтің (улы химикаттың) фитоуыттылығы.

      8. Резистенттiк туындау мүмкiндiгi.

      9. Флора мен фаунаның пайдалы объектілерін қорғау жөніндегі ұсыныстар.

      10. Пестицидпен (улы химикатпен) жұмыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

      11. Уланған жағдайдағы алғашқы көмек.

      12. Пестицидті (улы химикатты) тасымалдау, сақтау және қолдану кезіндегі сақтық шаралары.

      13. Төгілген немесе шашылған пестицидті (улы химикатты) залалсыздандыру, препаратты және оның ыдысын кәдеге жарату тәсiлдерi.


  "Пестицидтерді
  (улы химикаттарды) мемлекеттік
  тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет стандартына
  7-қосымша

      Нысан

Ыдыстық заттаңба

      Қолданар алдында мұқият оқу қажет!

      Өндiрiсі және фирманың орамы (нақты көрсетiледi),

      сондай-ақ пошталық мекенжайы

      1. Пестицидтің (улы химикаттың) айырмалық атауы, тіркелуші (өтінім беруші) фирма.

      2. Әрекет етуші зат немесе микроорганизмнің түрлік атауы, штамның немесе изоляттың атауы.

      3. Әрекет етуші заттың құрамы грамм/литр немесе грамм/килограмм (тiрi жасушалардың немесе олардың тіршілік әрекеті өнімінің титрi).

      4. Пестицидтің (улы химикаттың) препараттық нысаны.

      5. Пестицидтің (улы химикаттың) және жұмыс сұйықтығының мақсаты, қолданылу технологиясы, шығыс нормасы.

      6. Әр дақыл үшін күту мерзiмi.

      7. Шектеулер.

      8. Пестицидтің (улы химикаттың) уыттылығы (қауiптiлiк сыныбы көрсетіледі).

      9. Пестицидті (улы химикатты) тасымалдау, сақтау және қолдану кезіндегі сақтық шаралары.

      10. Төгілген немесе шашылған пестицидті (улы химикатты) залалсыздандыру тәсiлдерi.

      11. Пестицидті (улы химикатты) дайындау күні.

      12. Пестицидтің (улы химикаттың) жарамдылық мерзімі.

      Пестицидтің (улы химикаттың) ыдыстық заттаңбасында барлық тармақтар бойынша ақпарат болуы тиіс. Дизайны регламенттелмейді. Егер техникалық мүмкiндiктері бір орамға жазуға мүмкіндік берсе, ыдыс заттаңбасы мен ұсынымдарды бір құжатқа біріктіруге болады.


  "Пестицидтерді
  (улы химикаттарды) мемлекеттік
  тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет стандартына
  8-қосымша

      Нысан

Пестицидті (улы химикатты) қайта тіркеуге өтінім

      Тiркелушi (өтінім беруші)

      _____________________________________________________________________ (жеке немесе заңды тұлға,

      _____________________________________________________________________

      мемлекет, мекенжайы, телефон, факс)

      Қолдану регламенттерімен қоса мынадай пестицидтердiң (улы химикаттардың) Қазақстан Республикасында мемлекеттік қайта тiркелуін жүргізуді өтінемін:

Пестицидтiң (улы химикаттың) саудалық атауы, препараттық нысаны, әрекет етуші заттың (ә.з.) құрамы, әрекет етуші заттың өндірушісі, тiркелушi


Пестицидтiң (улы химикаттың) шығыс нормасы (литр/гектарға,

килограмм/

гектарға,

литр/

тоннаға, килограмм/

тоннаға)


Дақыл, өңделетін объект


Зиянды организм


Өңдеу тәсілі, уақыты, шектеулер, жұмыс сұйықтығының шығысы


Өнімді жинап алуға дейінгі соңғы өңдеу мерзімі, күні, ең жоғары өңдеу еселігі


1


2


3


4


5


6



      __________________ ____________________________________

      (лауазымы, қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мөр орны _______________

      (күні)