Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 346 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 тамызда № 21149 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А. Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Нурымбетов

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 28 тамызы
№ 346 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12665 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы"

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдері Тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1054 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12675 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы"

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16-бабының 33) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері (бұдан әрі – сүт), диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер (бұдан әрі – ЕПТ), арнайы киім, жеке қорғаныш құралдары Еңбек кодексінің 16-бабының 34) және 35) тармақшаларына сәйкес бекітілген нормаларға (бұдан әрі – Нормалар) сай беріледі.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін және емдік және профилактикалық тағамдар беру тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Жұмыскерлерге арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібі".

      3. "Жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін, емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1056 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12709 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер беру нормаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін беру нормалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер беру нормалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыскерлерге теңестірілген тамақ өнімдерін беру нормаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер беру нормалары";

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер (бұдан әрі – ЕПТ) жұмыскерлерге зиянды еңбек жағдайларына байланысты ЕПТ-ның бес рационына сәйкес жұмыс басталар алдында таңертеңгі ыстық ас түрінде және түскі асқа үзілісте беріледі:";

      1-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Диеталық (емдік және
профилактикалық)
тамақтануға арналған арнайы
өнімдер беру нормаларына
1-қосымша";

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің таңертеңгі асын даярлау кезінде азық-түлікті өзара алмастыру нормалары";

      2-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Диеталық (емдік және
профилактикалық)
тамақтануға арналған арнайы
өнімдер беру нормаларына
2-қосымша";

      № 1 рацион бойынша емдік-профилактикалық тағамның таңертеңгі ыстық асының шамамен алты күндік таратылу мәзірінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 1 рацион бойынша диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің таңертеңгі ыстық асының алты күндік таратылу мәзірі";

      № 2 рацион бойынша емдік-профилактикалық тағамның таңертеңгі ыстық асының шамамен алты күндік таратылу мәзірінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 2 рацион бойынша диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің таңертеңгі ыстық асының алты күндік таратылу мәзірі";

      № 3 рацион бойынша емдік-профилактикалық тағамның таңертеңгі ыстық асының шамамен алты күндік таратылу мәзірінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 3 рацион бойынша диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің таңертеңгі ыстық асының алты күндік таратылу мәзірі";

      № 4 рацион бойынша емдік-профилактикалық тағамның таңертеңгі ыстық асының шамамен алты күндік таратылу мәзірінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 4 рацион бойынша диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің таңертеңгі ыстық асының алты күндік таратылу мәзірі";

      № 5 рацион бойынша емдік-профилактикалық тағамның таңертеңгі ыстық асының шамамен алты күндік таратылу мәзірінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 5 рацион бойынша диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің таңертеңгі ыстық асының алты күндік таратылу мәзірі".

      3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Диеталық (емдік және
профилактикалық)
тамақтануға арналған арнайы
өнімдер беру нормаларына
3-қосымша".
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша

Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқау беру және білімін тексерудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай анықтамалар мен ұғымдар пайдаланылады:

      1) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      2) еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген жұмыскерлердің қорғалу жай-күйі;

      3) жауапты жұмыскерлер – өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар;

      4) желілік технология – оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, білім алушылардың оқытушымен және бір-бірімен интерактивтік өзара іс-қимыл нысандарын, сондай-ақ Интернет желісін пайдалану негізінді оқу процесін әкімшілендіруді қамтитын технология;

      5) қауіпсіздік нормалары – жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен критерийлерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

      6) қашықтықтан білім беру технологиясы - білім алушы мен педагогтің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;

      7) оқу орталығы – басшыларға және жауапты жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүргізетін ұйым;

      8) рұқсат беру наряды – белгіленген нысандағы арнайы бланкіде ресімделген және жұмыс мазмұнын, орнын, оның басталу және аяқталу уақытын, оны қауіпсіз орындау шарттарын, қажетті қауіпсіздік шараларын (оның ішінде радиациялық, өрт қауіпсіздігі және газдалған жұмыс орындарында), бригада құрамы мен жауапты жұмыскерлерді айқындайтын, жұмысты қауіпсіз жүргізуге арналған тапсырма.

2-тарау. Жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және білімін тексеруді өткізу тәртібі

      3. Жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және білімін тексеру жылына бір реттен сиретпей өткізіледі.

      4. Жұмысқа қабылданған адамдар міндетті тәртіппен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмыс беруші ұйымдастыратын оқытудан өтеді, кейіннен міндетті түрде олардың білімін тексеру жүргізіледі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімдерін тексеруден өтпеген жұмыскерлер жұмысқа жіберілмейді.

      5. Ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты жұмыскерлерінің тізімін, оқыту жүргізіліп жатқан жұмыстар мен кәсіптер тізбесін, сондай-ақ оқытудың тәртібін, нысанын жұмыс беруші кәсіптің сипатына, жұмыстардың түріне, өндірістің ерекшелігі мен еңбек қауіпсіздігі жағдайына қарай, жұмыскерлер өкілдерімен (олар болған кезде) келісе отырып белгілейді.

      6. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруге жататын жұмыскерлерді жұмыс беруші ол өткізілгеннен кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын ескертеді.

      7. Жұмыстардың, лауазымның, кәсіптің осы түрі бойынша үш және одан да көп жыл, ал қауіптілігі жоғары жұмыстарда бір жылдан астам үзілісі бар жұмыскерлер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен білімін тексеруден өзіндік жұмысы басталғанға дейін өткізіледі.

      8. Кәсіптер бойынша оқытуды (сабақтар, дәрістер, семинарлар) жұмыс беруші өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша оқудан өткені туралы сертификаты бар тиісті салалардағы жоғары білікті мамандарды, кемінде үш жыл еңбек өтілі бар инженерлік-техникалық жұмыскерлерді және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды, ұйымның өзінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерін тарта отырып жүргізеді.

      9. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқу бағдарламалары осы ұйымның ерекшелігін ескере отырып, теориялық және өндірістік оқытуды көздейді және оны жұмыс беруші бекітеді.

      10. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша, еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне өндірістік оқыту ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға жауапты жұмыскерлерінің басшылығымен оқу сыныптарында, шеберханаларда, учаскелерде, цехтарда өткізіледі.

      11. Еңбек қауіпсіздігінің заңнамада белгіленген арнайы талаптары қойылатын жұмыстармен байланысты жекелеген өндірістерде жұмыскерлер қосымша арнайы оқудан өтеді.

      12. Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша мәселелері бойынша оқыту еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексерумен (емтиханмен) аяқталады.

      13. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерді тексеруді жұмыс берушінің бұйрығымен құрылатын, кемінде үш адамнан тұратын емтихан комиссиясы өткізеді және комиссия төрағасы мен осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген мамандардың ішінен комиссия мүшелерінен тұрады.

      14. Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негізде жүзеге асырылады.

      15. Емтихан комиссиясының жұмыс тәртібі жұмыс берушінің актісінде белгіленеді.

      16. Жұмыскерлердің білімдерін тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға төраға және емтихан комиссиясының мүшелері қол қояды.

      17. Білімін тексеруден сәтті өткен жұмыскерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерді, қағидаларды, нормалар мен нұсқаулықтарды тексеру жөніндегі куәлік беріледі.

      18. Жұмыскер қанағаттанарлықсыз деген баға алған кезде білімін қайта тексеру бір айдан кешіктірмей белгіленеді. Жұмыскер қайта оқудан өтеді және білімін тексеруге дейін жұмыскер Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 48-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен жұмыстан шеттетіледі.

3-тарау. Басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан өткізу тәртібі

      19. Басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар (бұдан әрі – жауапты жұмыскерлер) мерзім сайын, кемінде үш жылда бір рет кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтеді.

      20. Жұмысқа қабылданған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты жұмыскерлер тағайындалған күннен бастап бір айдан кешіктірмей еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өтеді.

      21. Ұйымның жұмыскерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту "оn-lіne" режимінде желілік технология арқылы қашықтықтан оқыту нысанында жүргізілуі мүмкін.

      22. Кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымның мыналарды:

      1) аудио-бейнетехникамен жабдықталған оқу сыныбын (меншікті немесе жалға алынған);

      2) тестілеу үшін компьютерлерді;

      3) оқытудың әртүрлі тақырыптары бойынша көрнекі құралдарды;

      4) оқу-әдістемелік материалдарды (мерзімді басылымдар) қамтитын материалдық-техникалық базасы болуға тиіс.

      Қашықтықтан оқыту нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу орталығында:

      1) оқу контенті мен білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әкімшілік ақпараты бар парақтардан тұратын білім беру порталының;

      2) оқытуды интернет желісі арқылы "оn-lіne" режимде (бейнеконференция) жүргізу мүмкіндігі бар мультимедиалық сыныптардың болуы талап етіледі.

      23. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі оқу бағдарламалары мен жауапты жұмыскерлерге арналған тақырыптық жоспарды оқу орталығы бекітеді, олар ұйымның ерекшелігін ескере отырып, экономиканың салаларына теориялық оқытуды көздейді және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органмен келісіледі.

      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытудың ұзақтығы оқытуға 36 академиялық сағат пен білімін тексеруге 4 академиялық сағатты есепке ала отырып, кемінде 40 академиялық сағат болуға тиіс.

      24. Жауапты жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту (сабақтар, дәрістер, семинарлар) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша оқу және білімін тексеруден өткені туралы сертификаты бар мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары мамандарын (келісу бойынша), бейінді оқу орындарының оқытушыларын, заңгерлер мен инженерлік-техникалық жұмыскерлерді және ірі өнеркәсіп ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің мамандарын тарта отырып жүргізіледі.

      25. Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту білімдерін тексерумен (емтиханмен) аяқталады.

      26. Емтихан тестілерін өндірістік ерекшеліктерді, мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын және оқу бағдарламаларын ескере отырып оқу орталығы әзірлейді.

      Тестілік сұрақтар оқыту бағдарламасының әрбір тақырыбы бойынша жасалады. Бұл ретте тестідегі сұрақтардың жалпы саны 80-нен көп болмауға тиіс.

      Тест бойынша шекті мән тесті бойынша кемінде 70 % дұрыс жауаптарды құрайды.

      Тесттерді орындауға берілетін жалпы уақыт 60 минутты құрайды. Тесттерді орындауға берілген уақыт аяқталғанда тестілеу автоматты түрде аяқталады.

      27. Жауапты жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеруді оқу орталығы актісімен құрылатын, саны үш адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы оқу орталықтарында (сабақтар өтетін орында) жүргізеді.

      28. Емтихан комиссиясы төрағадан және комиссия мүшелерінен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына оқу орталығының басшысы, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының мамандары (келісу бойынша), жұмыскерлердің өкілі, сондай-ақ Қағидалардың 23-тармағында аталған мамандардың ішінен адамдар кіреді.

      Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негізде жүзеге асырылады.

      29. Жауапты жұмыскерлердің білімдерін тексеру үшін емтихан комиссиясы тестілеу өткізеді. Тестілеу процесі емтихан тапсыратын адамдарды сәйкестендіру және процесті бақылау мақсатында бейнежазбамен бекітіледі.

      Тестілеуге арналған ғимарат алты ай сақталатын тестілеу процесінің бейне және аудиожазбасын жүргізуге арналған техникалық құралдармен жарақтандырылады.

      30. Емтихан комиссиясы тестілеу нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеруден өтті;

      2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдері қайта тексерілуге тиіс.

      31. Жұмыскерлердің білімдерін тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға төраға және емтихан комиссиясының мүшелері қол қояды.

      32. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеруден өткен жауапты жұмыскерлерге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге жарамды сертификат беріледі.

      33. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеруден өтпеген жауапты жұмыскерлер оны қайта өткенге дейін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 48-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі.

      Білімдерін қайта тексеру алғашқы білімдерін тексеру өткен күнінен бастап үш айдан кейін өткізіледі

      34. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін қайта тексеруден өтпеген жауапты жұмыскерлермен еңбек шарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жұмыс берушінің бастамасымен бұзылуы мүмкін.

      35. Жауапты жұмыскерлер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін кезектен тыс тексеруден мынадай жағдайларда:

      1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде жаңа нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілген, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде;

      2) жұмыс берушінің шешімі бойынша жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық процестер пайдалануға енгізілген кезде;

      3) жұмыс берушінің шешімі бойынша жауапты жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстырылған немесе ол еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қосымша білімді талап ететін басқа лауазымға тағайындалған кезде;

      4) жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша соңы адам өлімімен немесе ауыр (мүгедектікпен) аяқталған топтық жазатайым оқиғалар орын алған кезде, сондай-ақ авария, жарылыс, өрт немесе улану кезінде;

      5) жұмысында бір жылдан астам уақыт үзіліс болған кезде өтеді.

      36. Емтихан комиссиясының шешіміне байланысты дауларды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе сот қарайды.

      37. Ұйымдарда жауапты жұмыскерлерді оқудан және білімін тексеруден уақтылы өтуін бақылауды жұмыс беруші жүзеге асырады.

      38. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту мен білімін тексеруді ұйымдастыруды еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган үйлестіреді.

4-тарау. Жұмыскерлерге, басшыларға және еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша нұсқау беруді жүргізу тәртібі мен мерзімдері

      39. Нұсқау беру сипаты мен жүргізілу уақытына қарай былай бөлінеді:

      1) кіріспе;

      2) жұмыс орнындағы алғашқы;

      3) қайталама;

      4) жоспардан тыс;

      5) нысаналы.

      40. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқау жұмыскерлердің біліміне, осы кәсіп немесе лауазым бойынша жұмыс өтіліне қарамастан жүргізіледі.

      Еңбек қауіпсіздігі мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе және алғашқы нұсқау уақытша жұмыскеркерлерге, іссапарға келгендерге, өндірістік оқуға немесе тәжірибеге келген оқушылар мен студенттерге жүргізіледі.

      Сондай-ақ кіріспе нұсқау беруді өндірістік алаңдарға барған кезде келушілерге және ұйымның қауіпті өндірістік объектісі аумағында жұмыс жүргізіп жатқан мердігерлік ұйымның жұмыскерлеріне жүргізеді.

      41. Ұйымдағы (кәсіпорындағы) кіріспе нұсқау беруді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызмет немесе осы міндеттер ұйымның бұйрығымен жүктелген адам жүргізеді.

      Кіріспе нұсқау беруді жүргізу туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кіріспе нұсқау беруді тіркеу журналына нұсқау беруші мен нұсқау беруді алушының қолдарын міндетті түрде қойғыза отырып, жазылады.

      42. Кіріспе нұсқау беруді қауіпсіздік нормаларының талаптарын, стандарттарды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды, сондай-ақ өндірісте қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі әзірлеген және жұмыс беруші бекіткен бағдарлама бойынша жүргізеді.

      43. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау беруді жұмыскерлердің өндірістік қызметі басталғанға дейін жауапты жұмыскерлер жүргізеді.

      44. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау беруді қауіпсіздік нормаларының талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды, сондай-ақ өндірісте қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, ұйымның өндірістік және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары әзірлеген және бекіткен бағдарламалар бойынша жүргізеді.

      45. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау беруді еңбектің қауіпсіз тәсілдерін практика жүзінде көрсете отырып, әрбір жұмыскерге жеке жүргізіледі.

      46. Жұмыскерлер жұмысқа тағылымдамадан өткеннен кейін, теориялық білімі мен жұмыстың қауіпсіз дағдыларын меңгергендігі тексерілгеннен кейін жіберіледі.

      47. Еңбек міндеттері жабдықты қолдану, пайдалану, қызмет көрсету, сынау, реттеу және жөндеумен, электрлендірілген немесе басқа да механикаландырылған қол құралын пайдаланумен, шикізаттар мен материалдарды сақтаумен және қолданумен байланысты емес адамдар оқытуды ұйымдастырушының шешімімен жұмыс орнында бастапқы нұсқау беруден өтуден босатыла алады. Жұмыс орнында бастапқы нұсқау беруден өтуден босатылатын жұмыскерлердің кәсіптері мен лауазымдарының тізбесін жұмыс беруші бекітеді.

      48. Қайталама нұсқау беруден жұмыскерлер біліктілігі, білімі, өтілі, орындайтын жұмысының сипатына қарамастан кемінде жартыжылдықта бір рет жұмыс уақытында өтеді.

      49. Қайталама нұсқау беруді алынған білім мен дағдыларды бекіту үшін жұмыс орнындағы бастапқы нұсқау беруге ұқсас өткізеді.

      50. Қайталама нұсқау беру біртипті жабдыққа қызмет көрсететін жұмыскерлерге жеке немесе топта және жалпы жұмыс орны шегінде жүргізіледі.

      51. Жоспардан тыс нұсқау беру:

      1) қолданысқа еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жаңа немесе өңделген қауіпсіздік нормалары, қағидалар, нұсқаулықтар енгізілген кезде;

      2) технологиялық процесс өзгерген, жабдықтар, құрылғылар мен құралдар, бастапқы шикізат, материалдар және еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да факторлар ауыстырылған немесе жаңартылған кезде;

      3) жұмыскерлер жарақаттануға, аварияға, жарылысқа немесе өртке, улануға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзған кезде;

      4) бақылау және қадағалау органдарының талабы бойынша жүргізіледі.

      52. Жоспардан тыс нұсқау беру жеке жұмыскерге немесе кәсібі бір жұмыскерлер тобына жүргізіледі.

      Нұсқау беру көлемі мен мазмұны оны жүргізу қажеттігін тудырған себептер мен жағдайларға байланысты әрбір нақты жағдайда айқындалады.

      53. Мақсатты нұсқау беру мамандық бойынша міндеттермен тікелей байланысты емес біржолғы жұмыстарды (жүк арту, түсіру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан және учаскеден тыс біржолғы жұмыстар) орындаған кезде, авариялар, стихиялық апаттар мен катастрофалардың зардаптарын жою кезінде, рұқсат беру наряды бойынша жұмыс жүргізген кезде жүргізіледі.

      54. Жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс және мақсатты нұсқау беруді жауапты жұмыскерлер (ұста, цех бастығы) жүргізеді.

      55. Кіріспе нұсқау беруді қоспағанда, жұмыс орнындағы нұсқау берулер ауызша сұрау немесе оқытудың техникалық құралдарының көмегімен білімін тексерумен, сондай-ақ жұмыстың қауіпсіз тәсілдері бойынша меңгерген дағдыларын тексерумен аяқталады.

      Білімдерін нұсқау беруді жүргізген жауапты жұмыскер тексереді.

      56. Қанағаттанғысыз білім көрсеткен жұмыскерлер өзіндік жұмысқа жіберілмейді және нұсқау беруден қайта өтеді.

      57. Нұсқау беру жүргізген жұмыскер жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс, мақсатты нұсқау беруді жүргізу және жұмыс істеуге рұқсат беру туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқау беруді тіркеу журналына (бұдан әрі – Нұсқау беруді тіркеу журналы) нұсқау беруші мен нұсқау алушының қолдарын міндетті түрде қойғыза отырып, жазады.

      Жоспардан тыс нұсқау беруді тіркеу кезінде оның жүргізілу себебі көрсетіледі.

      Ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі нұсқау беруді тіркеу журналдарын нөмірлейді, тігеді және жұмысты тікелей басқарушыларға (ұста, цех бастығы) қолын қойғызып береді.

      58. Рұқсат беру наряды бойынша жұмыс жүргізетін жұмыскерлерге жүргізілетін мақсатты нұсқау беру рұқсат беру нарядында немесе жұмыстарды жүргізуге рұқсат беретін басқа құжаттамада белгіленеді.

  Жұмыскерлерді, басшылар мен
еңбек қауіпсіздігін және еңбекті
қорғауды қамтамасыз етуге
жауапты адамдарды еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
мәселелері бойынша оқытудан,
нұсқау беруден және
білімін тексеруден өткізу
қағидалары мен мерзімдеріне
1-қосымша
  Нысан

Оқу орталығының атауы

Наименование учебного центра

С Е Р Т И Ф И К А Т

      "___________________________________________________________"

                  тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      "_________________________________"

      курсы бойынша оқу бағдарламасын            успешно закончил(а)

      өткендігін куәландырады                         программу обучения по курсу

                                                "____________________________________"

      Комиссия төрағасы                               Оқу орталығының басшысы

      Председатель комиссии

      _____________ _____________             _____________ _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты                   тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса) қолы                         (бар болса) қолы

      фамилия, имя, отчество                   фамилия, имя, отчество

      (при его наличии) подпись                   (при его наличии) подпись

      қала __________________                   город ___________________

      Тіркеу № ______________                   Рег. № __________________

      20__ жылғы ______________             ______________ 20___ года

  Жұмыскерлерді, басшылар мен
еңбек қауіпсіздігін және еңбекті
қорғауды қамтамасыз етуге
жауапты адамдарды еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
мәселелері бойынша оқытудан,
нұсқау беруден және білімін
тексеруден өткізу қағидалары
мен мерзімдеріне
2-қосымша
  Нысан

      _____________________________________________________________________

                        (ұйымның, кәсіпорынның атауы)

Жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеру жөніндегі емтихан комиссиясы отырысының хаттамасы

      20___ жылғы "_________" __________________________

      Мына құрамдағы комиссия:

      Төраға ______________________________________________________________

                        лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Комиссия мүшелері __________________________________________________

                              лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20___ жылғы "____"______________ №____ бұйрықтың негізінде

      емтихан қабылдап, мынаны анықтады:__________________________________

                                          білімін тексеру түрі (мерзімді, қайталама)

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Ұйым атауы

Лауазымы

Білімін тексеру туралы белгі (өтті, өтпеді)

Ескертпе

1

2

3

4

5











      Комиссия төрағасы _______________________________________       ___________

                              тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   қолы

      Комиссия мүшелері _______________________________________       ___________

                              тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   қолы

                              _______________________________________ ___________

                              тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   қолы

  Жұмыскерлерді, басшылар мен
еңбек қауіпсіздігін және еңбекті
қорғауды қамтамасыз етуге
жауапты адамдарды еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
мәселелері бойынша оқытудан,
нұсқау беруден және білімін
тексеруден өткізу қағидалары
мен мерзімдеріне
3-қосымша
  Нысан

      Мұқабасы

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қағидаларды, нормалар мен нұсқаулықтарды білуін тексеру жөніндегі КУӘЛІК

      Келесі парақтары

      Азамат:______________________________________________________________

      Лауазымы: ___________________________________________________________

      Жұмыс орны:__________________________________________________________

      __________________________ бойынша емтихан тапсырғаны туралы берілді.

      Негіздеме: 20__ жылғы___________ №____ хаттама

      Емтихан комиссиясының төрағасы ______________________________       _______

                                          тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             қолы

      Комиссия мүшесі _____________________________________________       _______

                                    тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   қолы

      м.о.

      Емтихандарды қайта тапсырғаны туралы мәліметтер

      Лауазымы: ___________________________________________________________

      Жұмыс орны: _________________________________________________________

      ___________________________ бойынша емтихан тапсырғаны туралы берілді.

      Негіздеме: 20__ жылғы_____________ №____ хаттама

      Емтихан комиссиясының төрағасы ______________________________      _______

                                          тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             қолы

      Комиссия мүшесі _____________________________________________       _______

                              тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                         қолы

      м.о.

  Жұмыскерлерді, басшылар мен
еңбек қауіпсіздігін және еңбекті
қорғауды қамтамасыз етуге
жауапты адамдарды еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
мәселелері бойынша оқытудан,
нұсқау беруден және білімін
тексеруден өткізу қағидалары
мен мерзімдеріне
4-қосымша
  Нысан

Кіріспе нұсқау беруді тіркеу ЖУРНАЛЫ

      _____________________________________________________________________

                        (ұйым, кәсіпорын, оқу орны)

      Мұқабасы

      Басталуы: 20____жылғы ____________

      Аяқталуы: 20____жылғы ____________

      Мазмұны:

Күні

Нұсқау берілетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Нұсқау берілетін адамның кәсібі, лауазымы

Жұмыс орны

Нұсқаe берілетін адамның қолы

Нұсқау беруді жүргізген

қолы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

1

2

3

4

5

6

7

8









  Жұмыскерлерді, басшылар мен
еңбек қауіпсіздігін және еңбекті
қорғауды қамтамасыз етуге
жауапты адамдарды еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
мәселелері бойынша оқытудан,
нұсқау беруден және білімін
тексеруден өткізу қағидалары
мен мерзімдеріне
5-қосымша
  Нысан

Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқау беруді тіркеу журналы

      Мұқабасы

      _______________________________________________ ұйым, кәсіпорын

      Басталуы: 20____жылғы ____________

      Аяқталуы: 20____жылғы ____________

      Келесі беттер

Күні

Нұсқау берілетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Нұсқау берілетін адамның кәсібі, лауазымы

Нұсқаудың түрі (алғашқы, жұмыс орнындағы, қайталама, жоспардан тыс)

Жоспардан тыс нұсқау беруді жүргізу себебі

Нұсқау берушінің тегі, аты-жөні, лауазымы

қолы

Нұсқау берушінің

Нұсқау алушының

1

2

3

4

5

6

7

8

9