"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 257 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 тамызда № 21115 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11711 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2020 жылғы
17 тамызы № 257 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2015 жылғы
30 наурыздағы № 4-3/270
бұйрығымен
бекітілген

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі – машиналар) басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру тәртібін және "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар – ең жоғары конструкциялық жылдамдығы сағатына елу және елу километрден аз қаршаналар мен квадроциклдер;

      2) көрсетілетін қызметті алушы – осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тракторшы-машинист куәлігін алуға жүгінген жеке тұлға;

      3) тракторшы-машинистің куәлігі – тракторшы-машинистердің машиналарды басқаруына рұқсат етілгенін растаушы құжат;

      4) тракторшы-машинистің куәлігін тіркеу мен берудің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – "E-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешендегі салаларды басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесінің "Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу" кіші жүйесінде мәліметтердің орталықтандырылған есепке алынуын қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

      5) тіркеу іс-қимылдары – көрсетілетін қызметті берушінің тракторшы-машинистің куәлігін тіркеу мен берудің ақпараттық жүйесіне тіркеу деректері мен өзгерістер енгізе отырып, көрсетілетін қызметті алушының тракторшы-машинист куәлігін тіркеуді және оған беруді жүзеге асырумен байланысты қызметі.

      4. Осы Қағидаларда емтихан пункттері деп білім беру саласында аккредиттелген не "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының интернет-ресурсында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға арналған оқыту орталықтары мен оқыту мекемелерінің тізіліміне қосылған техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары аталады.

      5. Емтихан пункттері "ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі" мамандығы бойынша теориялық оқытуды, сондай-ақ өндірістік оқыту мен кәсіби практиканы жүзеге асырады. Оқыту қорытындылары бойынша емтихан пункттері теориялық және практикалық емтихандар (қорытынды аттестаттау) қабылдайды, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес оқу курстарын аяқтағаны туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беріледі.

      Барлық санаттағы машиналарды басқару құқығына емтиханды өтініш берілген күні емтихан пункттерінде емтихан комиссиялары қабылдайды.

      Емтихан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын және оқу бағдарламаларында көзделген машиналарды пайдалану қауіпсіздігі туралы білімдерін тексеру мақсатында жүргізіледі.

      Емтихан тапсыруға рұқсат беру және куәлік беру азаматтардың тұрақты тіркелген тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері (уақытша тіркелген жағдайда) бойынша, сондай-ақ шетел азаматтарының келген жеріндегі ішкі істер органдарында тіркелуі бойынша жүзеге асырылады.

      Емтихан қабылдау он сұрақтан тұратын компьютерлік кешенді не емтихан материалын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Барлық сұрақтарға жауап беру үшін тракторшы-машиниске кандидатқа 30 (отыз) минут беріледі.

      Жауаптардың дұрыстығын автоматты режимде компьютер кешені не емтихан алушы тексереді.

      Кем дегенде сегіз сұраққа дұрыс жауап берілген кезде "ТАПСЫРДЫ" деген қорытынды баға қойылады, ал қарсы жағдайда "ТАПСЫРМАДЫ" деген баға қойылады.

      "ТАПСЫРМАДЫ" деген теріс баға алған жағдайда, қайта емтихан қабылдау алдыңғы емтиханды тапсырған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кейін жүзеге асырылады.

      Уақыттың хронометражын теориялық емтихан басталған сәттен бастап компьютерлік кешен жүргізеді.

      Билеттің сұрақтарына жауаптың жүйелілігін емтихан тапсырушы өз еркімен таңдайды.

      Емтихан тапсыру нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша емтихан парағына жазылады және оған көрсетілетін қызметті алушы мен емтихан комиссиясы қол қояды.

      Емтихан тапсырған адамдарға емтихан парағының негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде куәлік беріледі.

      6. Барлық машиналар типтеріне, мақсатына және оларды басқару ерекшеліктеріне байланысты "А", "Б", "В", "Г", "Д" санаттарына бөлінеді, оларды басқару құқығына тиісті санаттарында рұқсат белгілері қойылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тракторшы-машинист куәлігі (бұдан әрі – куәлік) беріледі.

      7. Куәлік Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында машиналарды басқаруға құқық береді.

      8. "А", "Б", "В", "Г", "Д" санаттарында рұқсат белгілері бар куәлікке ие адамдар мыналарды:

      1) "А" – сыныбы 30 килоНьютонға (3,0 тартылыс күші) дейінгі (қоса алғанда) доңғалақты тракторларды;

      2) "Б" – сыныбы 30 килоНьютоннан (3,0 тартылыс күші) жоғары доңғалақты тракторларды;

      3) "В" – шынжыр табанды тракторларды;

      4) "Г" – өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы машиналарын;

      5) "Д" – барлық өздігінен жүретін механикаландырылған мелиорациялық машиналарды және жол-құрылыс машиналарын, оның ішінде экскаваторларды, монтаждалған мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары бар тракторларды басқара алады.

      Куәлік қосымша жабдықтар монтаждалған немесе олар агрегат (тіркеме, автопойыз) құрамында жұмыс істейтін тиісті санаттағы машиналарды жүргізуге құқық береді.

      9. Машиналарды басқару құқығы мыналарға беріледі:

      1) он жеті жасқа толған адамдарға – "А", "В" және "Г" санаттарындағы машиналарды басқаруға;

      2) он сегіз жасқа толған адамдарға – кемінде алты ай "А" және "В" немесе "Г" санаттарындағы машиналарды басқару өтілі болған жағдайда, "Б" және "Д" санаттарындағы машиналарды басқару құқығын қосымша алуға.

      10. "Б" және (немесе) "Д" санаттары "А", "В" және "Г" бағандарында рұқсат белгілері бар куәлікке ие (көрсетілетін қызметті алушының тиісті машиналардағы жалпы жұмыс өтілі кемінде алты ай) және емтихан пунктінде теориялық емтихан тапсырған көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген құжаттардың кез келгені көрсетілетін қызметті алушының жұмыс өтілін растайтын құжат бола алады.

      11. Жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына "ерекше белгілер үшін" бағанында "қаршаналарды, квадроциклдерді басқаруға рұқсат" деген жазуы бар куәліктер беріледі.

      "Ерекше белгілер үшін" деген бағанда "қаршаналар және (немесе) квадроциклдер жүргізуге рұқсат" деген жазуы бар куәлікті беру "А" және "В" немесе "Б", "В" санаттарына рұқсаты бар жүргізуші куәлігі немесе "А" немесе "А1" немесе "В1" санаттына рұқсаты бар жүргізуші куәлігі болған кезде жүзеге асырылады.

      "Рұқсат туралы белгі" бағанында "қаршаналарды және (немесе) квадроциклдерді басқаруға рұқсат" деген жазуы бар куәлікті беру кезінде қиғаш жолағы бар мөртабан қойылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      13. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қағаз нысанда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) жазылған.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтініштің көшірмесінде күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетіле отырып, тіркелгені туралы белгі оның қағаз тасымалдағышта қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама көрсетіледі.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған күні ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында хабарлама жібереді.

      17. Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қабылдаған күні жауапты орындаушыны айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініштегі мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізеді, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тракторшы-машинистің куәлігін беру кітабына тіркеу жазуын енгізеді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – куәлікті немесе осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап дайындайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

      Куәлік көрсетілетін қызметті алушыларға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде, тракторшы-машинист куәліктерін беру кітабында олардың жеке қолы қойылғаннан кейін беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тракторшы-машинист куәлігінің дайын екендігі туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап жібереді.

      18. Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      19. Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 615-бабы 9-тармақшасына сәйкес белгіленген мемлекеттік бажды бюджетке төлейді.

      20. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылды:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқықтарынан айырылады.

      21. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      22. Куәлікті тіркеу және беру тұрақты тіркелген тұрғылықты жері немесе уақытша болатын жері бойынша (уақытша тіркелген жағдайда), ал ішкі істер органдарында тіркелген шетелдік азаматтарға – олардың келген жері бойынша жүзеге асырылады.

      23. Жазылған куәліктердің сериялары мен нөмірлері осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатаң есептегі бланкілерінің келіп түсуін және жұмсалуын есепке алу кітабына өсу тәртібімен енгізіледі.

      24. Куәлік он жыл мерзімге беріледі (ол туралы "...дейін жарамды" бағандарында тиісті жазу жазылады), мерзімі аяқталғаннан кейін ол осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен айырбасталуы тиіс.

      25. Медициналық комиссия белгілеген қайта куәландыру мерзімдеріне шектеу қойылған адамдарға куәлік берген кезде "Ерекше белгілер үшін" бағанына "Медициналық анықтама міндетті" деген белгі қойылады.

      26. Машиналардың басқаруға куәлік берілетін санаттарының бағандарына "Рұқсат етілді" деген мөртабан қойылады. Машиналардың басқаруға рұқсат берілмеген басқа санаттарының бағандарына қиғаш сызығы бар мөртабан қойылады.

      27. Басқа санатты машиналарды басқаруға рұқсат алған кезде жаңа куәлік беріледі, оған тракторшы-машинистің бұрынғы куәлігіндегі белгілер қойылады.

      28. Куәлікті ауыстыру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) аты, әкесінің аты (бар болса), тегінің өзгеруі;

      2) пайдалануға жарамсыз болуы;

      3) қолданылу мерзімінің өтуі (10 (он) жыл);

      4) көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша.

      Куәлікті ауыстыру бұрын берілген куәлікті бере отырып, Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесінің негізінде, ал аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген кезде сауалнамадағы мәліметтердің өзгергенін растаушы құжат негізінде жүргізіледі.

      29. Ескі үлгідегі куәлікті ауыстырған кезде мынадай тәртіпті ескере отырып, рұқсат ету санаттары жаңа куәлікке көшіріліп, қойылады:

      1) ескі үлгідегі куәліктегі "А", "Б", "В", "Г", "Д", "Е" санаттары жаңа куәліктегі "А", "Б", "В", "Г", "Д" санаттарына сәйкес келеді;

      2) 3-сыныпты куәлік жаңа үлгідегі "А", "В", "Г" санаттары бар куәлікке сәйкес келеді;

      3) 2-сыныпты куәлік жаңа үлгідегі "А", "Б", "В", "Г" санаттары бар куәлікке сәйкес келеді;

      4) 1-сыныпты куәлік жаңа үлгідегі "А", "Б", "В", "Г", "Д" санаттары бар куәлікке сәйкес келеді;

      5) К-701 "Кировец" куәлік жаңа үлгідегі "Б" санатты куәлікке сәйкес келеді;

      6) "комбайыншы" мамандығы көрсетілген ауыл шаруашылығы механизаторының куәлігі жаңа үлгідегі "Г" санатты куәлігіне сәйкес келеді;

      7) "тракторшы" мамандығы көрсетілген ауыл шаруашылығы механизаторының куәлігі жаңа үлгідегі "А", "В" санатты куәлігіне сәйкес келеді.

      Санаттары осы Қағидалардың осы тармағында көзделмеген ескі үлгідегі куәліктерді айырбастауға ұсынған кезде жаңа үлгідегі куәліктердің санаттарының сипатына сәйкес келетін санаттарды ғана көшіріп қоя отырып, айырбастау жүзеге асырылады.

      30. Куәлікті ауыстырған кезде жаңадан берілген куәліктің "Ерекше белгілер үшін" деген бағанына бұрынғы куәліктің сериясы, нөмірі және берілген күні жазылады.

      31. Куәлік жоғалған кезде "Телнұсқа" деген белгімен жаңа куәлік:

      1) тұрғылықты жері бойынша тіркелген тұлғаларға осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттары тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жүгінген орны бойынша куәлікті бергені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, куәлікті берген көрсетілетін қызметті берушінің тракторшы-машинист куәлігін беру кітабындағы жазба негізінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттары тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.

      Тракторшы-машинист куәлігін беру кітабындағы жазуды нақтылауды куәлікті берген көрсетілетін қызметті берушіге тиісті сұрау жіберу арқылы көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

      32. Куәліктерді беру, ауыстыру және жоғалған куәліктерді қалпына келтіру алдында көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық ресурстары бойынша көрсетілетін қызметті алушыға тексеруді жүзеге асырады.

      33. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерін айырбастау көрсетілетін қызметті берушіге куәліктердің түпнұсқасы мен олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі расталған аудармасын, ішкі істер органдарында тіркелген жеке басын куәландыратын құжаттарды (паспорт, жеке куәліктер) (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін қайтарылады) ұсыну, куәлік беру үшін мемлекеттік бажды төлеу негізінде құжаттар қабылданған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Бұл ретте ұлттық куәлікте рұқсат етілген машиналардың санаттарын басқаруға құқық беретін және келу құжаттарының қолданылу мерзіміне осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес келетін куәлік беріледі. Ұлттық куәлік көрсетілетін қызметті берушіде сақталады және көрсетілетін қызметті алушыға оның еркін нысандағы өтініші бойынша және бұрын берілген Қазақстан Республикасының куәлігін тапсырғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қайтарылып беріледі.

      34. Шетел азаматтарында және азаматтығы жоқ адамдарда ұлттық куәлік болмаған жағдайда, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзімі 6 (алты) айдан асатын болса, Қазақстан Республикасының куәлігі жалпы негіздерде беріледі.

      35. Қатаң есептегі бланкілердің келіп түсуін және жұмсалуын есепке алу кітабына қатаң есептілікті сақтау үшін куәліктер бланкілерінің келіп түсуі және жұмсалуы бойынша деректер енгізіледі.

      36. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары куәлік бланкілерімен және жұмсалатын материалдармен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      37. Бланкілерді толтыру кезінде бүлінген бланкілер, куәліктерді беруге және айырбастауға негіз болған шығыс материалдары қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын құралдармен және тәсілдермен жыл сайын кәдеге жаратылады, ол туралы тиісті акт жасалады.

      Дәл осындай тәртіппен мыналар кәдеге жаратылады:

      1) орнына жаңасы берілген, қайта табылған куәліктер;

      2) жүргізу құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін 2 (екі) жыл өткеннен кейін талап етілмеген куәліктер, бұл ретте тракторшы-машинист куәліктерін беру кітабына белгі қойылады.

      38. Куәліктерді беруге және ауыстыруға негіз болған материалдар (өтініштер, ескі куәліктер, баждардың төленгені туралы құжаттар, оқыту курстарын бітіргені туралы куәліктердің көшірмелері) бөлек істерге тігіледі және көрсетілетін қызметті беруші белгіленген тәртіппен олардың 3 (үш) жыл бойы бар болуын қамтамасыз етеді және осы мерзім өткеннен кейін комиссиямен жояды. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті беруші "ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист" мамандығы бойынша оқу куәліктерінің және біліктілігін растайтын дипломдардың көшірмелерінің 10 (он) жыл бойы болуын, тракторшы-машинист куәліктерін беру кітаптары аяқталғаннан кейін, олардың 60 (алпыс) жыл бойы болуын қамтамасыз етеді. Орнына жаңасы берілген куәліктер "Күшін жойды" деген мөртаңба қойылып, істерге тігіледі.

      39. Машиналарды жүргізу құқығынан айырылған адамдардың куәліктері заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің көрсетілетін қызметті берушісіне беріледі.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      40. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган), мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      41. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      42. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге бара отырып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарауға өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      43. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Заңның 4-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер
мен механизмдерді, өздігінен
жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық және
жол-құрылыс машиналарын,
сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі
жоғары арнайы машиналарды
жүргізу құқығына емтихандар
қабылдау және куәліктер
беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

_____________________________________________________________________ (емтихан пунктінің атауы)

Оқыту курстарын бітіргені туралы куәлік № ______________

      Осы куәлік азамат __________________________________________________

      (аты, әкесінің аты(бар болса), тегі)

      ________"___"_________ бастап, _______"___"_________ дейін

      тракторист-машинист даярлау, қайта даярлау, сыныптылығын жоғарылату бағдарламасы бойынша ______________ сағат көлемінде оқып, біліктілік емтихандарын ("өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық") бағаларына тапсырғаны туралы берілді.

      Тракторлардың және басқа да машиналардың құрылысы және техникалық пайдалану қағидалары ________________________________________________________________

      (зерделенетін тракторлар мен өздігінен жүретін машиналардың маркалары қөрсетіледі)

      Агрономия негіздері, механикаландырылған жұмыс өндірісін ұйымдастыру

      технологиясы ______________________________________________________

      Жол қозғалысы қағидалары:__________________________________________

      Тәжірибелік дағдылары мен жүргізу ___________________________________

      Емтихан қабылдау комиссиясының 20___ жылғы "____"_________шешімімен хаттама

      № ______ азамат ____________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      тракторшы-машинист біліктілігі берілді.

      Емтихан қабылдау комиссиясының төрағасы_________________________________

      Оқыту орнының басшысы _________________________________________________

      20____ жылғы "____" ____________________________________________________

      № _____________емтихан парағының негізінде сериясы_______________________

      санаты ______________ ___________________________ куәлік берілді.

      ________________________________________________________________________

      ___________________ (қолы)

      Мөрдің орны (бар болса)

      20____ жылғы " " _____________________.

  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер
мен механизмдерді, өздігінен
жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық және
жол-құрылыс машиналарын,
сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі
жоғары арнайы машиналарды
жүргізу құқығына емтихандар
қабылдау және куәліктер
беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан

_____________________________емтихан пунктінің № ___________ емтихан парағы

      Машиналардың санаты ________

      Тегі_______________

      Аты_______________

      Әкесінің аты (бар болса)________________

      Туған күні____________

      Теориялық емтихан

Күні _________
Билет ________

Сұрақтардың нөмірлері

Тракторшы-машиниске үміткердің қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


Жауаптардың нөмірі











Емтихан алушының белгісі











Қорытынды баға мен емтихан комиссиясы мүшелерінің қолдары


Күні _________
Билет ________

Сұрақтардың нөмірлері

Тракторшы-машиниске үміткердің қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


Жауаптардың нөмірі











Емтихан алушының белгісі











Қорытынды баға мен емтихан комиссиясы мүшелерінің қолдары


  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер
мен механизмдерді, өздігінен
жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық және
жол-құрылыс машиналарын,
сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі
жоғары арнайы машиналарды
жүргізу құқығына емтихандар
қабылдау және куәліктер
беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Тракторшы-машинист куәлігі

      Тегі ________________________________________________________________

      Аты ________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) ______________________________________________

      Туған күні және туған жері ____________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Сериясы және нөмірі _________________________________________________

      _____________________________________________________________берді

      (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы)

      Өлшемі

      3,5х4,5 фотоның орны

      ------------------------------------ Мөрдің орны

      ------------------------------------

      20__ жылғы " " _______ 20____ жылғы " " _________ дейін жарамды

      _________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) _______________________________ _________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      Ауыл шаруашылығы тракторлары мен өздігінен жүретін машиналардың санаттары

      Мыналарға рұқсат берілгені туралы белгі:

      "А" - сыныбы 30 килоНьютонға (3,0 тарту күші) дейінгі (қоса алғанда) доңғалақты тракторларға;

      "Б" - сыныбы 30 килоНьютоннан (3,0 тарту күші) жоғары доңғалақты тракторларға;

      "В" - шынжыр табанды тракторларға;

      "Г" - өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы машиналарына;

      "Д" - барлық өздігінен жүретін механикаландырылған мелиорациялық машиналарға және жол-құрылысы машиналарына, оның ішінде экскаваторларға, монтаждалған мелиорациялық және жол-құрылысы машиналарына.

      Ерекше белгілер үшін

  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер
мен механизмдерді, өздігінен
жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық және
жол-құрылыс машиналарын,
сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі
жоғары арнайы машиналарды
жүргізу құқығына емтихандар
қабылдау және куәліктер
беру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
  ________________________
басшысына
(облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті
  атқарушы органның атауы)
  Туған жылы және күні _________________________
Туған жері
___________________________
  (республика, облыс, қала, аудан)
  __________________________
тұратын

      Жеке куәлігі (паспорт сериясы) _________ №___________

      ________________________________________________________берген

      (кім және қашан)

      Жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________________________

      Азамат______________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Өтініш

      Тракторшы-машинист куәлігін беруді, ауыстыруды, тракторшы-машинист куәлігін телнұсқасын беруді сұраймын ___________________________________________________ (себебі көрсетіледі, керек емесін сызып тастау керек)

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) _____________________________________________________________

      2) _____________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының колы/электрондық цифрлық колы ______________

      Өтінішті берген күні: 20 жылғы __________________

      Өтінішті қабылдаған күңі: 20 жылғы __________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер бергенім үшін жауапкершілік туралы хабардармын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушының колы/электрондық цифрлық колтаңбасы _______

      _______________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының колы/электрондық цифрлық колтаңбасы __________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер
мен механизмдерді, өздігінен
жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық және
жол-құрылыс машиналарын,
сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі
жоғары арнайы машиналарды
жүргізу құқығына емтихандар
қабылдау және куәліктер
беру қағидаларына
5-қосымша

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

1) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.
Тракторшы-машинист куәлігін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Тракторшы-машинист куәлігін берген кезде жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттары тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні.
Куәлік жоғалған кезде "Телнұсқа" деген белгімен жаңа куәлік:
1) тұрғылықты жері бойынша тіркелген тұлғаларға осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің куәлік берген тракторшы-машинист куәлігін беру кітабындағы жазба негізінде, көрсетілетін қызметті алушының өтініш берген орны бойынша куәлікті бергені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Тракторшы-машинист куәлігін беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы бюджетке мемлекеттік баж төлейді, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 615-бабы 9) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Салық кодексі):
тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін - 0,5 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес тәсілмен төленеді.
Порталда мемлекеттік баж төлеу "электрондық үкімет" порталының төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
  1) "А", "В" және "Г" санатты тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:
нысан бойынша өтініш;
"ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист" мамандығы бойынша кәсіби даярлық туралы емтихан пунктінің оқыту курсын аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі немесе "ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторшы-машинист" біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі; тракторшы-машинист куәлігін беру үшін Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат;
өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;
2) "Б" және "Д" санатты тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:
нысан бойынша өтініш;
"ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист" мамандығы бойынша кәсіби даярлық туралы емтихан пунктінің оқыту курсын аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі немесе "ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторшы-машинист" біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі;
тракторшы-машинист куәлігін беру үшін Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат;
өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 35-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті алушының еңбек жолын растайтын құжат;
3) "қаршаналарды, квадроциклдерді басқаруға рұқсат етіледі" деген жазуы бар тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:
нысан бойынша өтініш;
"А" және "В" немесе "Б" және "В" рұқсат беретін санаттары бар тракторшы-машинист куәлігінің көшірмесі немесе "А", немесе "А1" немесе "В1" санаттарына рұқсаты бар жүргізуші куәлігінің көшірмесі;
тракторшы-машинист куәлігін беру үшін Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат;
өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;
4) тракторшы-машинист куәлігін ауыстыру үшін:
нысан бойынша өтініш;
тракторшы-машинист куәлігін беру үшін Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат;
өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;
тракторшы-машинистің ескі куәлігі;
5) тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын алу үшін:
нысан бойынша өтініш;
тракторшы-машинист куәлігін беру үшін Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат;
өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;
порталға жүгінген кезде:
1) "А", "В" және "Г" санатты тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:
электрондық құжат нысанындағы өтініш;
  "ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист" мамандығы бойынша кәсіби даярлық туралы емтихан пунктінің оқыту курсын аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі немесе "ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторшы-машинист" біліктілігін растайтын дипломның электрондық көшірмесі;
өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет (көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін жүгінген кезде ұсынылады);
"Б", "Д" санатты тракторшы-машинист куәлігін алу үшін қосымша:
"А", "В" немесе "Г" санаттарында рұқсат белгілері бар тракторшы-машинист куәлігінің электрондық көшірмесі және Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген құжаттардың кез келгені жұмыс өтілін растайтын құжат бола алады;
2) Ескі үлгідегі тракторшы-машинист куәлігін жаңа куәлікке ауыстырған кезде:
электрондық құжат нысанындағы өтініш;
өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет (көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін жүгінген кезде ұсынылады);
тракторшы-машинистің ескі куәлігі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге тапсырылады).
3) тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын алған кезде:
электрондық құжат нысанындағы өтініш;
өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет (көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін жүгінген кезде ұсынылады);
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, мемлекеттік баждың төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төленген кезде), бұрын берілген тракторшы-машинист куәлігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11711 болып тіркелген) бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айрылады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде веб-порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777

  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер
мен механизмдерді, өздігінен
жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық және
жол-құрылыс машиналарын,
сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі
жоғары арнайы машиналарды
жүргізу құқығына емтихандар
қабылдау және куәліктер
беру қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Тракторшы-машинист куәліктерін беру кітабы

1

2

3

4

5

6

7

8

1 – Р/с №
2 - Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
3 – Туған күні және туған жері
4 – Жұмыс істейтін жері (тұрғылықты жері)
5 – Тракторшы-машинист куәлігінің берілген күні
6 – Тракторшы-машинист куәлігі берілді, санаты
7 – Тракторшы-машинист куәлігі берілді, сериясы және нөмірі
8 – Алғаны туралы қолы

  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер
мен механизмдерді, өздігінен
жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық және
жол-құрылыс машиналарын,
сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі
жоғары арнайы машиналарды
жүргізу құқығына емтихандар
қабылдау және куәліктер
беру қағидаларына
7-қосымша
Нысан

__________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы және мекенжайы) Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің атауы мен мекенжайын көрсету)

      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:_______________________________

      _______________________________________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)

      Бас тарту үшін негіз: _____________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Осы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.

      __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Алды______________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      20__ жылғы "___"_______

  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер
мен механизмдерді, өздігінен
жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық және
жол-құрылыс машиналарын,
сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі
жоғары арнайы машиналарды
жүргізу құқығына емтихандар
қабылдау және куәліктер
беру қағидаларына
8-қосымша
Нысан

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы




Местный исполнительный орган областей, городов республиканского значения, столицы, районов и городов областного значения

[уәкілетті органның атауы мемлекеттік тілде]

 

[уәкілетті органның атауы орыс тілінде]

[уәкілетті органның деректемелері
мемлекеттік тілде]


[уәкілетті органның деректемелері орыс тілінде]

[хабарлама нөмірі]
[хабарлама беру күні

[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
[Көрсетілетін қызметті алушының деректемелері]

Берілген уақыты мен орны көрсетілген тракторшы-машинист куәлігінің дайын екендігі туралы хабарлама/Уведомление о готовности удостоверения тракториста-машиниста с указанием времени и места выдачи [Хабарлама мәтіні/Текст уведомления] [Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесінің басшысы] [қол қоятын адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]




  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер
мен механизмдерді, өздігінен
жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық және
жол-құрылыс машиналарын,
сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі
жоғары арнайы машиналарды
жүргізу құқығына емтихандар
қабылдау және куәліктер
беру қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Қатаң есептегі бланкілердің келіп түсуін және жұмсалуын есепке алу кітабы

Кіріс

Шығыс

Қалдық

1

2

3

4

5.1

5.2

6

7

8

9

10.1

10.2

11

1 - Келіп түскен күні
2 - Жүкқұжат нөмірі
3 - Кімнен алынды
4 - Сериясы
5.1.- Нөмірмен нөмірлену
5.2. - Нөмірмен қоса алғанда нөмірлену
6 - Саны
7 - Жұмсалған күні
8 - Кімге берілді
9 - Сериясы
10.1 - Нөмірмен нөмірлену
10.2 - Нөмірмен қоса алғанда нөмірлену
11 - Саны