"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Төлем балансы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 20 шілдедегі № 93 Қаулыға қосымша |
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушылардан оның ішінде шетел валютасында қайта сақтандыру қызметтерімен байланысты валюталық операциялар бойынша Ұлттық Банкке Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19927 болып тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің есеп беру тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 275 қаулысына 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта сақтандыру қызметі туралы есепті ұсынады.";
19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Резидент-заңды тұлғалар (уәкілетті банктерді қоспағанда) шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға бір уәкілетті банктен бір жұмыс күні ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын елу мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын сомаға сатып алады.
Шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға шетел валютасын шетел банктеріндегі өзінің шоттарына аудару, шетел валютасындағы өтеусіз ақша аударымдары, сондай-ақ шетел валютасын уәкілетті банктердегі өзінің шоттарына есепке алу және (немесе) аудару жатады.
20. Резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) елу мың АҚШ долларынан баламасы асатын сомада ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға өтінімді ресімдеу кезінде сатып алу мақсатын көрсетеді, сондай-ақ өтінімге валюталық шарттың көшірмесі мен шотты не орындау үшін қолма-қол ақшасыз шетел валютасы сатып алынатын төлемге арналған өзге құжатты қоса береді. Бұл ретте резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) Қағидалардың 20-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға арналған өтінімге уәкілетті банкке оны сатып алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мәлімделген мақсаттарға пайдаланбаған жағдайда, осы валютаны кейінгі үш жұмыс күні ішінде ұлттық валютаға сату нұсқауын қоса береді.
Қағидалардың осы тармағына сәйкес сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын Қағидалардың 22-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шетел валютасындағы міндеттемелерді орындаумен байланысты емес мақсаттарға пайдалануға рұқсат етілмейді.
Егер валюталық шартқа есептік нөмірді алу талабы қолданылатын болса, онда есептік нөмір тағайындау туралы белгімен немесе тіркеу куәлігінің көшірмесімен, немесе хабарлама туралы куәліктің көшірмесімен бірге валюталық шарттың көшірмесі ұсынылады.
Уәкілетті ұйымдардың уәкілетті банктен ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған қолданыстағы лицензия және оған қолданыстағы қосымшаның (қолданыстағы қосымшалардың) негізінде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
"20-1. Резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) осы резидент-заңды тұлға өзінің акционерлері, құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірісті немесе оның бір бөлігін төлеу мақсатына қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алған кезде уәкілетті банкке Қағидалардың 20-тармағында көзделген нұсқауды ұсыну талап етілмейді.
Резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) Қағидалардың 20-тармағына сәйкес міндеттемелерді орындау қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу күнінен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде басталатын шарт сомасы бір жүз миллион АҚШ доллары баламасынан асатын алынған сыртқы қарыздар және шығарылым проспектісіне сәйкес номиналдық сомасы бір жүз миллион АҚШ доллары баламасынан асатын шетел валютасында шығарылған облигациялар бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденті алдындағы шетел валютасындағы міндеттемелерін өтеу мақсатына қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алған кезде резидент-заңды тұлға тиісті шетел валютасында жекелеген банктік шотты ашуға өтінішті, уәкілетті банкке сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын шетел валютасындағы жеке шотқа есепке алу нұсқауын, уәкілетті банкке сатып алған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде оны мәлімдеген мақсаттарға пайдаланбаған жағдайда, кейінгі үш жұмыс күні ішінде осы валютаны ұлттық валютаға сату нұсқауын, сондай-ақ міндеттемелерді орындау сомасы мен мерзімін растайтын құжаттарды (кредиттік шартты және төлем кестесін, өзге құжаттарды) қоса береді. Уәкілетті банк резидент-заңды тұлға сатып алған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын жекелеген банктік шотқа есепке алады және оны резидент-заңды тұлға мәлімделген мақсатқа қана пайдалануын қамтамасыз етеді.";
21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Резидент-заңды тұлғаның (уәкілетті банкті қоспағанда) елу мың АҚШ долларынан астам баламасындағы сомаға ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға өтінімін орындау кезінде уәкілетті банк өтінімде көрсетілген қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсаты мен сомасын валюталық шартпен және шотпен не шетел валютасын сатып алу мақсаты мен сомасын растайтын өзге төлем құжатымен, сондай-ақ осы валюталық шарт негізінде Қағидаларға сәйкес бұрын жүзеге асырылған ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу туралы қолда бар мәліметтерімен салыстырып тексерді.
Валюталық шарт бойынша ұлттық валютаға қолма қол ақшасыз шетел валютасын сатып алудың жалпы сомасы валюталық шарт сомасынан асып кетуіне жол берілмейді. Валюталық шарт бойынша ұлттық валютаға қолма қол ашасыз шетел валютасын сатып алудың жалпы сомасы резидент-заңды тұлғаның өтінімдері және (немесе) басқа уәкілетті банктердің осы валюталық шарттың шеңберінде жүзеге асырылған шетел валютасын сатып алу ақпараты негізінде есептеледі.
22. Резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) қолма-қол ақшасыз шетел валютасы сатып алынған бұрын ресімделген өтінімге Қағидалардың 20-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес ресімделген қосымша өтінімді уәкілетті банкке ұсынған кезде Қағидалардың 20-1 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қағидалардың 19 және 20-тармақтарына сәйкес сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын басқа валюталық шарт бойынша шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты мақсаттарға пайдалануға рұқсат беріледі.
Резидент-заңды (уәкілетті банкті қоспағанда) тұлға валюталық шарт бойынша шетел валютасындағы міндеттемелерін орындау мақсатында Қағидалардың 20-тармағына сәйкес бұрын сатып алған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын басқа уәкілетті банктегі өзінің шотына аударған кезде уәкілетті банк ақшаны аудара отырып бірмезгілде басқа уәкілетті банкке бұдан әрі валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін Қағидалардың 20-тармағына сәйкес бұрын сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасы туралы ақпаратты жолдайды.
23. Уәкілетті банк резидент-заңды тұлғаның (уәкілетті банкті қоспағанда) Қағидалардың 19, 20, 20-1 және 22-тармақтарына сәйкес ресімделген ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға өтінімін, сондай-ақ егер:
резидент-заңды тұлғаның өтінімі және (немесе) басқа уәкілетті банктердің шетел валютасын сатып алу жүзеге асырылғаны туралы ақпараты негізінде есептелген бір валюталық шарт бойынша ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасы осындай валюталық шарттың және шоттың не төлемге арналған өзге құжаттың сомасынан асып кетсе;
бір резидент-заңды тұлға бір уәкілетті банк арқылы резидент-заңды тұлғаның өтінімі негізінде есептелген шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға бір жұмыс күніндегі ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, орындауға қабылдамайды.";
1-қосымша Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
34-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Уәкілетті банк ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 18 (он сегізіне) (қоса алғанда) дейін Ұлттық Банктің орталық аппаратына Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген, оның ішінде клиенттің тапсырмасы бойынша жүргізілген, сомасы 50 000 (елу мың) АҚШ доллары баламасына тең немесе одан асатын валюталық операцияларды қамтитын валюталық операциялар туралы есепті, сондай-ақ сомасына қарамастан, клиенттің тапсырмасы бойынша шетел валютасын сатып алу және сату туралы ақпаратты ұсынады.";
9-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 223 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19701 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-қосымшаның 2-кестесі осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
4. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 275 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19927 болып тіркелген, 2020 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
22-қосымша Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған № _______ бұзушылық бойынша карточка
Әкімшілік деректер нысанының индексі: KN1
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: ________ жылғы ________ айға
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: уәкілетті банк
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың соңғы күніне дейінгі мерзімде
Жол коды | Ақпарат түрі | Бұзушылық бойынша ақпарат |
10 | Банк клиентi бойынша ақпарат: | |
11 |
атауы (заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) үшiн), | |
12 | БСН (заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) үшiн) | |
13 | ЖСН (жеке тұлғалар үшiн) | |
14 |
клиент белгісі: | |
15 | тұрақты тұратын (орналасқан) жері | |
16 | облыс коды | |
20 | Валюталық операция бойынша ақпарат: | |
21 | күні | |
22 | сомасы | |
23 | валютасы | |
30 | Бұзушылық жөнiндегi ақпарат: | |
31 | түрi | |
32 | бұзушылықтың сипаты | |
33 | валюталық шарттың нөмірі (бос орынсыз көрсетіледі) | |
34 | валюталық шарттың күні (ЖЖЖЖ/АА/КК форматында) | |
35 | есептік нөмірі (бар болса) | |
36 | валюталық шарт бойынша өзге ақпарат (бар болса) | |
37 | бұзушылық бойынша қосымша мәліметтер |
Атауы ____________________ Мекенжайы ______________________________
Телефоны __________________________________________________________
Электрондық поштаның мекенжайы____________________________________
Орындаушы ______________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқаратын адам
______________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Күні 20 ____ жылғы "____" _____________
"Бұзушылық бойынша карточка" нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Бұзушылық бойынша карточка (индексі – KN1, кезеңділігі – ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Бұзушылық бойынша карточка" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді.
2-тарау. Нысанды толтыру
3. Ақпарат Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда ұсынылады.
4. Коды 11-жолда жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның немесе заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) атауы көрсетіледі.
5. Коды 16-жолда ҚР МС 11-2009 "Әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышы бойынша" Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес облыс кодының бастапқы 2 цифры көрсетiледi.
6. Коды 21, 22, 23-жолдар құжаттар немесе ақпарат беру мерзiмдерi бұзылған жағдайлар үшін толтырылмайды.
7. Коды 21-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып валюталық операция жүргiзiлген күн көрсетiледi.
8. Коды 22-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операцияның сомасы операция валютасының мың бiрлiгiмен көрсетiледi.
9. Коды 23-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операция бойынша валюта кодының ҚР ҰС 07 ISO 4217-2012 "Валюталарды және қорларды белгiлеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес әріппен берілген белгісі көрсетiледi.
10. Коды 31-жолда мәтіндік және (немесе) сандық форматтағы бұзушылықтың түрi көрсетiледi.
11. Коды 32-жолда бұзушылықтың қысқаша сипаты мәтiндiк форматта келтiрiледi.
12. Коды 34, 35, 36-жолдар валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операция бойынша валюталық шарт болған кезде толтырылады.
Валюталық операциялар туралы мәліметтер
Уәкілетті банктің коды _____________
Төлем құжатының нөмірі _____________
Күні __________________
Жолдың коды | Ақпарат түрі | Ақпарат |
01 | Валюталық операцияның коды | |
02 | Төлем белгісі (ақша аударымы) ("1" – ішкі корпоративтік ақша аударымы; "0" - өзге төлем (ақша аударымы) | |
10 | Төлем құжатында көрсетілген төлем және (немесе) ақша аударымының жөнелтушісі және бенефициары туралы ақпарат | |
11 | Жөнелтуші резиденттілігі елінің коды | |
12 | Бенефициар резиденттілігі елінің коды | |
20 | Валюталық шарт туралы ақпарат: | |
21 | Шарттың нөмірі (атауы, бар болса) | |
22 | Шарттың күні | |
23 | Шарттың есептік нөмірі (бар болса) | |
24 | Валюталық шарт бойынша өзге ақпарат (бар болса) | |
30 | Валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші туралы ақпарат (төлем құжатында көрсетілген ақша жөнелтушімен сәйкес келмеген жағдайда толтырылады) | |
31 | Резиденттілік белгісі | |
32 | Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Заңды тұлғаның, оның филиалының (өкілдігінің) атауы | |
33 | ЖСН немесе БСН (бар болса) | |
34 | Экономика секторының коды | |
35 | Резиденттілік елінің коды | |
40 | Валюталық шарт бойынша ақша алушы туралы ақпарат (төлем құжатында көрсетілген бенефициармен сәйкес келмеген жағдайда толтырылады) | |
41 | Резиденттілік белгісі | |
42 | Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Заңды тұлғаның, оның филиалының (өкілдігінің) атауы | |
43 | ЖСН немесе БСН (бар болса) | |
44 | Экономика секторының коды | |
45 | Резиденттілік елінің коды |
"Валюталық операция туралы мәліметтер" нысанына қосымша |
"Валюталық операция туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Валюталық операция туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы 2018 жылғы 2 шілдедегі Заңының 5-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Нысан тиісті төлем құжатына қосымша ретінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру
4. 01, 02, 11, 12-жолдарды резидент-клиенттер мен бейрезиденттер толтырады. 21, 22, 23, 24, 31, 32, 33, 34, 35, 41, 42, 43, 44, 45-жолдарды тек резиденттер толтырады.
5. 01-жол Түсіндірмеге қосымша болып табылатын валюталық операциялар кодының кестесіне сәйкес толтырылады.
6. 11, 12, 35, 45-жолдарда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" 06 ИСО 3166.1 - 2013 ҚР ҰЖ Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуіне сәйкес резиденттілік елінің екі мәнді коды көрсетіледі.
Резиденттілік елі – заңды тұлғаны, заңы тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеу елі немесе жеке тұлғаның тұрақты тұру елі (азаматтық немесе Қазақтан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұсынылған құқық негізінде).
7. 31, 34, 41, 44-жолдар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген, "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес толтырылады.
"Валюталық операция туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге қосымша |
|
Кесте |
Валюталық операциялар кодтары
Валюталық операциялар кодтары | Операциялардың атауы |
1. Банктік шоттарды қолдана отырып жүргізілетін операциялар | |
11. Сыртқы сауда-саттық операциялары (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер), оның ішінде комиссиялар және электрондық ақшаны сатып алу/өтеу шарттары бойынша | |
11.1 тауарлар үшін төлемдер: | |
1111 | Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар үшін төлемдер; |
1112 | Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарлар үшін төлемдер; |
1113 | Қазақстан Республикасының аумағында және оларды Қазақстан Республикасынан тыс әкетпей сатып алынған немесе сатылған тауарлар үшін төлемдер; |
1114 | Қазақстан Республикасынан тыс және оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелмей сатып алынған немесе сатылған тауарлар үшін төлемдер; |
11.2 жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін төлемдер: | |
1121 | бейрезиденттің резидентке орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметтері үшін төлемдер; |
1122 | резиденттің бейрезидентке орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметтері үшін төлемдер; |
1123 | резиденттің резидентке орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметтері үшін төлемдер; |
1124 | бейрезиденттің бейрезидентке орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметтері үшін төлемдер |
11.3 электрондық ақшалармен операциялар | |
1131 | эмитенті резидент болып табылатын электрондық ақшаларды қолдана отырып жүргізілетін операциялар |
1132 | эмитенті бейрезидент болып табылатын электрондық ақшаларды қолдана отырып жүргізілетін операциялар |
11.4 өзге төлемдер: | |
1141 | тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттары бойынша ілеспе төлемдер |
1142 | қате есепке жазылған сомаларды, ұсынылмаған тауарлар, көрсетілмеген қызметтер, орындалмаған жұмыстар үшін төлемдерді қайтару |
1143 | тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге шарттар бойынша өзге төлемдер |
12. Жылжымайтын мүлікті, басқа жабдықты және көлік құралдарын (сатып алу және сатудан басқа), өндірілмеген қаржылық емес активтерді, зияткерлік меншік нысандарын, материалдық емес активтерді қолдана отырып жүргізілген операциялар | |
12.1. тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды, зияткерлік меншік нысандарына толығымен айырықша құқықты қоса алғанда, меншік құқығын иелену | |
1211 | жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікті, өндірілмеген қаржылық емес активтерді (жер, оның қойнауы) қоспағанда, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын иелену |
1212 | жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікке меншік құқығын иелену |
1213 | зияткерлік меншік нысандарына толығымен айырықша құқықты иелену |
1214 | өзге материалдық емес активтерге меншік құқығын иелену |
12.2. ағымдағы жалдау (жер қойнауын пайдалану құқығын қоса алғанда), айырықша құқықты ішінара иелену | |
1221 | жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікті, өндірілмеген қаржылық емес активтерді (жер, оның қойнауы) қоспағанда, жылжымайтын мүлікті жалдау |
1222 | жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікті жалдау |
1223 | жабдықты және көлік құралдарын жалдау |
1224 | зияткерлік меншік нысандарына ішінара айырықша құқықты иелену |
1225 | өзге материалдық емесе активтерді пайдаланғаны үшін лицензиялық және өзге төлемдер |
12.3. қаржы лизингі немесе кейіннен сатып алумен жалдау | |
1231 | жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікті қоспағанда, кейіннен сатып алумен жылжымайтын мүлікті жалдау |
1232 | жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүліктің қаржылық лизингі |
1233 | жабдықтың және көлік құралдарының қаржылық лизингі |
12.4. өзге төлемдер | |
1241 | өзге төлемдер: ілеспе төлемдер (айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, комиссиялар), қате есепке жазылған сомаларды қайтару және жылжымайтын мүлікті, басқа жабдықты және көлік құралдарын (сатып алу және сатудан басқа), өндірілмеген қаржылық емес активтерді, зияткерлік меншік нысандарын, материалдық емес активтерді қолдана отырып жүргізілген операциялар бойынша басқа да төлемдер |
13. Қаржы құралдарымен операциялар | |
13.1. қарыздар, капиталға қатысу құралдары, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары | |
1311 | қаржы құралдары бойынша төлемдер: қарыздар (беру және өтеу), капиталға қатысу құралдары (жарғылық капиталды қалыптастыру, сатып алу, сату), бағалы қағаздар (сатып алу, сату, өтеу) және олар бойынша кірістерді төлеу (сыйақы, дивидендтер, бөлінген пайда) |
1312 | туынды қаржы құралдары бойынша төлемдер және олар бойынша кірістерді төлеу |
13.2. брокерлік қызмет көрсету, портфельді инвестициялық басқару (егер қаржы құралын анықтау мүмкіндігі болмаса) шарттарының шеңберінде | |
1321 | брокермен, басқарушы компания - резидентпен жасалған шарттар бойынша операциялар |
1322 | брокермен, басқарушы компаниямен, бейрезидент - инвестициялық банкпен жасалған шарттар бойынша операциялар |
13.3. мүлікті сенімгерлік басқару, трастілер | |
1331 | резидент-сенімгерлік басқарушымен жасалған шарттар бойынша операциялар |
1332 | бейрезидент-сенімгерлік басқарушымен жасалған шарттар бойынша операциялар |
13.4. бірлескен қызмет қатысушысының міндеттемелерін орындауы (1, 2-бөлімдерге енгізілген операцияларды қоспағанда) | |
1341 | бірлескен қызметті Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды көздейтін шарттар бойынша операциялар |
1342 | бірлескен қызметті Қазақстан Республикасынан тыс жүзеге асыруды көздейтін шарттар бойынша операциялар |
13.5. өзге төлемдер | |
1351 | өзге төлемдер: ілеспе төлемдер (айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, комиссиялар), қате есепке жазылған сомаларды қайтару және қаржы құралдарын, электрондық ақшаларды қолдана отырып жүргізілген операциялар бойынша, брокерлік қызмет көрсету, портфельді инвестициялық басқару, сенімгерлік басқару, траст, бірлескен қызмет шарттары бойынша басқа да төлемдер |
14. Меншік шоттары және сауда-саттық емес операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары | |
14.1. меншік шоттары бойынша | |
1411 | басқа резидент-банктегі меншік шотқа (меншік шоттан) ақша аудару |
1412 | шетелдік банктегі меншік шоттан (меншік шотқа) ақша аудару |
1413 | резидент-банктегі шоттан қолма-қол шетел валютасын алу |
1414 | резидент-банктегі шотты толтыру үшін қолма-қол шетел валютасын салу |
1415 | 1419 кодында көзделген операцияны қоспағанда, банктің клиенттен ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алуы |
1416 | банктің клиентке ұлттық валютаға шетел валютасын сатуы |
1417 | банктің клиенттен (клиентке) шетел валютасын басқа шетел валютасына сатып алуы (сатуы) |
1418 | өзге валюталық құндылықтарды сатып алу/сату |
1419 | клиенттің бұрын сатып алған және белгіленген мерзімде пайдаланбаған шетел валютасын сатуы |
14.2. үшінші тұлғалардың (мемлекеттік органдардың, басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардың) пайдасына төлемдер және (немесе) ақша аударымдары | |
1421 | өтеусіз аударымдар, өтеусіз қаржылық көмек, мүшелік жарналар және үшінші тұлғалардың пайдасына басқа да төлемдер және (немесе) ақша аударымдары |
1422 | резидент-банкте үшінші тұлғаның шотын толтыру үшін қолма-қол шетел валютасын енгізу |
1423 | төлем карталарын қолдана отырып жүргізілген төлемдер (егер операция басқаша жіктелмесе) |
1424 | баждар, салықтар, айыппұлдар, сот шешімдерін және басқаларды төлеу |
1425 | зейнетақы, жалақы, іссапар шығындарын төлеу |
1426 | банктік шоттар бойынша сыйақы және комиссиялар |
14.3. ілеспе төлемдер | |
1431 | өзге төлемдер: ілеспе төлемдер (айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, комиссиялар), қате аударылған сомаларды қайтару және 14.1, 14.2-бөлімдерге енгізілмеген басқа да операциялар |
2. Банктік шоттарды қолданбай жүргізілген операциялар | |
21. Клиенттерден валюталық құндылықтарды сатып алу (қолма-қол шетел валютасын қоспағанда) | |
2101 | чектер, вексельдер және басқа төлем құжаттарын сатып алу |
2102 | тазартылған алтыннан жасалған өлшеуіш құймаларды және басқа да валюталық құндылықтарды сатып алу |
22. Клиенттерге валюталық құндылықтарды сату (қолма-қол шетел валютасын қоспағанда) | |
2201 | чектер, вексельдер және басқа төлем құжаттарын сату |
2202 | тазартылған алтыннан жасалған өлшеуіш құймаларды және басқа да валюталық құндылықтарды сату |
23. Шот ашпай жүргізілетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдары | |
2301 | Қазақстан Республикасының аумағындағы төлем және (немесе) ақша аударымы |
2302 | Қазақстан Республикасынан тыс жіберілген немесе шетелден алынған төлем және (немесе) ақша аударымы |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратына
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған
Жүргізілген валюталық операциялар туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: ПР-9 Кезеңділігі: ай сайын Есепті кезең: ____ жылғы _______ ай Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: уәкілетті банк Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 18 (он сегізінші) күніне дейін (қоса алғанда)
Уәкілетті банктің бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) _____________________________________________________________
1. Валюталық шарттың деректемелері | ||
Валюталық шарттың нөмірі | Валюталық шарттың күні | Валюталық шарттың есептік нөмірі |
1.1 | 1.2 | 1.3 |
кестенің жалғасы
2. Төлем құжаты бойынша ақша жөнелтуші | ||||
Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | БСН, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) | Елдің коды | Резиденттілік белгісі | Экономика секторының коды |
2.1 | 2.2 | 2.3 | 2.4 | 2.5 |
кестенің жалғасы
3. Төлем құжаты бойынша бенефициар | ||||
Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | БСН, ЖСН | Елдің коды | Резиденттілік белгісі | Экономика секторының коды |
3.1 | 3.2 | 3.3 | 3.4 | 3.5 |
кестенің жалғасы
4. Валюталық операция туралы ақпарат | |||||||
Күні | Валюталық операцияның коды | Төлем белгілеу коды (ТБК) | Валютаның мың бірлікпен сомасы | Төлем валютасының коды | Төлем белгісі | Ақша аударымының ішкікорпоративтік белгісі | Ақша шығаруға байланысты операцияның белгісі |
4.1 | 4.2 | 4.3 | 4.4 | 4.5 | 4.6 | 4.7 | 4.8 |
кестенің жалғасы
5. Валюталық операция бойынша контрагенттің ұйымы (банк) туралы ақпарат | ||
Ұйымның (банктің) сәйкестендіру коды (БСК) | Атауы | Елдің коды |
5.1 | 5.2 | 5.3 |
кестенің жалғасы
6. Валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші | ||||
Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
БСН, | Елдің коды | Резиденттілік белгісі | Экономика секторының коды |
6.1 | 6.2 | 6.3 | 6.4 | 6.5 |
кестенің жалғасы
7. Валюталық шарт бойынша ақша алушы | ||||
Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
БСН, | Елдің коды | Резиденттілік белгісі | Экономика секторының коды |
7.1 | 7.2 | 7.3 | 7.4 | 7.5 |
кестенің жалғасы
8. Ескертпе |
Атауы ______________________ Мекенжайы ____________________
Телефоны __________________________________________________
Электрондық поштаның мекенжайы ___________________________
Орындаушы ________________________________ _____________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқаратын адам
___________________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Күні 20__ жылғы "___" _____________
"Жүргізілген валюталық операциялар туралы есеп" нысанына қосымша |
Жүргізілген валюталық операциялар туралы есеп әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – ПР – 9, кезеңділігі – ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Жүргізілген валюталық операциялар туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) 5-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды уәкілетті банк ай сайын ұсынады және өзі жүргізген валюталық операциялар, оның ішінде клиенттің тапсырмасы бойынша сомасы 50 000 (елу мың) АҚШ долларына баламасы тең немесе одан асатын валюталық операциялар туралы ақпаратты, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша сомасына қарамастан шетел валютасын сатып алу және сату туралы ақпаратты қамтиды.
4. Нысанға басшы немесе бас бухгалтер және орындаушы тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру
5. Нысан, клиенттің тапсырмасы бойынша сомасына қарамастан есепке енгізілетін шетел валютасын сатып алу және сату бойынша валюталық операцияларды қоспағанда, есепті кезеңде сомасы 50 000 (елу мың) Америка Құрама Штаттары долларына баламасы тең немесе одан асатын валюталық операциялар бойынша ақпаратты қамтиды.
6. Нысанға "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушыларының, оның аумағында жасалатын валюталық операциялар бойынша, сондай-ақ қолма-қол шетел валютасын айырбастау пунктері арқылы сатып алу (сату) бойынша ақпарат кірмейді.
7. Валюталық операциялар Нысанда:
клиенттердің тапсырмалары бойынша (оның ішінде төлем карточкаларын қолдана отырып жүзеге асырылған) төлемдер және (немесе) ақша аударымдары – клиенттің уәкілетті банктегі банктік шотына ақша есептеу (клиенттің уәкілетті банктегі банктік шотынан ақша есептен шығару) күні;
уәкілетті банктің меншікті төлемдері және (немесе) ақша аударымдары бойынша – уәкілетті банктің корреспонденттік шотына ақша есептеу (уәкілетті банктің корреспонденттік шотынан ақша есептен шығару) күні;
басқа валюталық операциялар бойынша – операциялар жасау күні көрсетіледі.
Төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша ақпаратты уәкілетті банк резиденттен немесе бейрезиденттен осындай төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратты алуына қарай түзетеді.
8. Нысанның 1, 6 және 7-бөліктері валюталық шарт негізінде валюталық операциялар жүргізілген жағдайда толтырылады.
9. Нысанның 1-бөлігінде валюталық шарттың деректемелері көрсетіледі. 1.3-баған валюталық шартқа есептік нөмір берілсе толтырылады.
10. Нысанның 2 және 3-бөліктерінде төлем құжатына сәйкес ақша жөнелтуші және бенефициар туралы ақпарат көрсетіледі.
2.3, 3.3-бағандарда ақша жөнелтушінің, бенефициардың тіркелген елінің (заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) үшін) немесе тұрақты тұратын елінің (Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген азаматтығы немесе құқығы негізінде жеке тұлға үшін) "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдер кодтары" ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес екі әріптік коды толтырылады.
2.4, 2.5, 3.4, 3.5-бағандар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 тіркелген "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына (бұдан әрі – Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидалары) сәйкес толтырылады.
Жеке тұлғаның банктік шотына үшінші тұлға қолма-қол ақша енгізген жағдайларды қоспағанда, банктік шоттан қолма-қол ақша салған (алған) кезде Нысанның 2 және 3 бөліктерінде шоттың иесі туралы ақпарат толтырылады. Жеке тұлғаның банктік шотына үшінші тұлға қолма-қол ақша салғанда 2-бөлігінде ақша енгізетін тұлға туралы, 3-бөлігінде шоттың иесі туралы ақпарат толтырылады.
Уәкілетті банк шетел валютасын, чектерді, вексельдерді, басқа төлем құжаттарын немесе өзге валюталық құндылықтарды сатқан кезде Нысанның 2-бөлігінде уәкілетті банк туралы, Нысанның 3-бөлігінде сатып алушы клиент туралы ақпарат көрсетіледі. Уәкілетті банк шетел валютасын, чектерді, вексельдерді, басқа төлем құжаттарын немесе өзге валюталық құндылықтарды сатып алған кезде Нысанның 2-бөлігінде сатушы клиент туралы ақпарат, Нысанның 3-бөлігінде уәкілетті банк туралы ақпарат көрсетіледі.
11. Нысанның 4-бөлігінде валюталық операция туралы ақпарат көрсетіледі.
4.2-баған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес толтырылады.
4.3-баған Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес толтырылады.
4.5-бағанда "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217-2012 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес валюталардың үш таңбалы әріптік коды көрсетіледі.
4.6-бағанда "01" – жөнелтілген төлемдер немесе ақша аударымдары, уәкілетті банктің қолма-қол шетел валютасын алуы немесе шетел валютасын сатуы бойынша операциялары, чектер, вексельдер, басқа да төлем құжаттары немесе өзге валюталық құндылықтар үшін, "02" – кіріс төлемдер немесе ақша аударымдары, уәкілетті банктің қолма-қол шетел валютасын есептеуі немесе шетел валютасын сатып алуы бойынша операциялары, чектер, вексельдер, басқа төлем құжаттары немесе өзге валюталық құндылықтар үшін көрсетіледі.
4.7-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымы заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелері немесе бір заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында жүзеге асырылса "1" белгісі, қалған жағдайларда "0" белгісі көрсетіледі.
4.8-баған Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай түрде толтырылады:
"1" – тиісті валюталық шарт талаптарында бейрезиденттен резиденттің уәкілетті банктеріндегі банктік шотына алуға жататын ақша аударымын жүзеге асыру көзделмесе, бейрезиденттің резидентке (уәкілетті банкті қоспағанда) ақша ұсынуы көзделетін қаржылай қарыз;
"2" – тиісті валюталық шарт талаптарында бейрезиденттен резиденттің уәкілетті банктердегі банктік шотына алуға жататын ақша аударымын жүзеге асыру көзделмесе, резидентте (уәкілетті банкті қоспағанда) бейрезидентке ақша қайтару бойынша талаптардың туындауы көзделетін қаржылай қарыз;
"3" – резиденттің қаржылай қарыз мәнін пайдаланғаны үшін сыйақы төлемей 720 (жеті жүз жиырма) күннен астам мерзімге үлестес тұлға болып табылмайтын бейрезидентке ақша ұсынуы көзделетін қаржылай қарыз;
"4" – егер тиісті валюталық шарт талаптарында бейрезиденттің экспортқа ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындау мерзімі резидент міндеттемелерді орындаған күннен бастап 720 (жеті жүз жиырма) күннен асса экспорт бойынша операциялар;
"5" – егер тиісті валюталық шарт талаптарында бейрезиденттің импорт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда бейрезиденттің ақша қайтару бойынша міндеттемелерін орындау мерзімі (аванстық төлем немесе толық алдын ала ақы) импортқа ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындау мерзімі резидент міндеттемелерді орындаған күннен бастап 720 (жеті жүз жиырма) күннен асса импортқа ақы төлеу бойынша операциялар;
"0" – қалған жағдайларда.
"5" белгісі бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі деп бейрезидент тауар жеткізілмеген (қызметтер көрсетілмеген, жұмыстар орындалмаған) жағдайда ақшаны (аванстық төлемді немесе толық ақыны) қайтару бойынша міндеттемелердің мерзімі түсініледі. Егер валюталық шарт талаптарында тауар жеткізілмеген (қызметтер көрсетілмеген, жұмыстар орындалмаған) жағдайда ақшаны қайтару үшін бөлек мерзім көзделмесе, онда міндеттемелерді орындау мерзімі деп тауарды жеткізу (қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау) мерзімі түсініледі.
12. Нысанның 5-бөлігінде валюталық операциялар бойынша контрагенттің ұйымы (банк) - төлемдер және (немесе) ақша аударымдары үшін ақша жөнелтуші ұйым (банк), жөнелтілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары үшін бенефициар ұйым (банк) туралы ақпарат көрсетіледі. Банкішілік валюталық операциялар бойынша есеп беретін уәкілетті банк туралы ақпарат көрсетіледі. Негізінде төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүргізілетін құжаттарда ақша жөнелтуші ұйым (банк) туралы ақпарат болмаған кезде 5-бөлік толтырылмайды.
5.3-бағанда ақша жөнелтуші ұйым (банк) немесе бенефициар елінің "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдер кодтары" ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес екі әріптік коды толтырылады. Банкішілік валюталық операциялар үшін "KZ" коды көрсетіледі.
13. Нысанның 6 және 7-бөліктерінде валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші немесе ақша алушы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Егер валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші (алушы) төлем құжаты бойынша ақша жөнелтушімен (бенефициармен) сәйкес келетін болса, онда 6 (7) - бөлікте Нысанның 2 (3) - бөлігіне ұқсас ақпарат толтырылады.
6.3. және 7.3-бағандарда валюталық шарт бойынша ақша жөнелтушінің немесе алушының тіркелген елінің (заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) үшін) немесе тұрақты тұратын елінің (Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген азаматтығы немесе құқығы негізінде жеке тұлға үшін) "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдер кодтары" ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес екі әріптік коды толтырылады.
6.4, 6.5, 7.4, 7.5-бағандар Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес толтырылады.
14. Нысанның 8-бөлігінде Нысанның 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-бөліктерінде енгізілмеген қосымша ақпарат: инвестициялау объектісі, бағалы қағаздардың эмитенті, жылжымайтын мүлік объектісінің елі, төлемнің ерекше талаптары туралы ақпарат, валюталық заңнама бойынша жөнелтушінің нұсқауларын сақтау шотына ақша есептеу күні көрсетіледі.
15. Нақтылайтын ақпараттың Нысанның 8-бөлігінде болмауы бұзушылық болып табылмайды. Нысанға белгіленген шекті мәннен аз сомадағы валюталық операцияларды енгізу бұзушылық болып табылмайды.
16. Есепті кезең үшін ақпарат болмаған жағдайда Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.
17. Нысанға түзетулер өзгерістер, толықтырулар) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларының 34-тармағында белгіленген ұсыну мерзімінен кейін 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.
2-кесте. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төменгі мөлшерін ұлғайту сомасы
(мың теңге) |
Қайта сақтандыру ұйымының атауы | Халықаралық немесе ұлттық шкаласы бойынша қайта сақтандырушының рейтингтiк бағасы (төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі) | Қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыруға берiлген (берiлетін) міндеттемелер көлемі, барлығы | Қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыруға берiлген (берiлетін) міндеттемелер көлемінің пайызы |
Төлем қабiлеттiлiгi маржасының ең төмен мөлшерiнiң ұлғаю сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
"Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратифицикацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі - ЕАЭО туралы шарт) қатысушы елдердің қайта сақтандырушыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - қайта сақтандырушылармен жасалған қайта сақтандыру шарттары | ||||
1-топ | "АА-" немесе жоғары | 0% | ||
2-топ | "А+"-пен "А-" аралығы | 0% | ||
3-топ | "ВВВ+" пен "ВВВ-" аралығы | 0,2% | ||
4-топ | "ВВ+"-пен "ВВ-" аралығы | 0,75% | ||
5-топ | "В+"-пен "В-" аралығы | 3,8% | ||
6-топ | "В-"-тен төмен немесе жоқ | 22% | ||
Қазақстан Республикасының резиденттері - қайта сақтандырушылармен жасалған қайта сақтандыру шарттары | ||||
7-топ | "В"-дан немесе "kzВВ"-дан төмен емес | 0% | ||
8-топ | "В-", "kzBB-", "kzB+" | 0,2% | ||
9-топ | > 1,75 | 0,05% | ||
10-топ | > 1,5 | 0,1% | ||
11-топ | > 1,25 | 0,2% | ||
12-топ | > 1,1 | 0,5% | ||
13-топ | >= 1,0 | 3,8% | ||
14-топ | 1,0 | 5% | ||
АХҚО қатысушылары резидент-қайта сақтандырушылармен жасалған қайта сақтандыру шарттары | ||||
… | ||||
ЕАЭО туралы шартқа қатысушы елдердің қайта сақтандырушыларымен жасалған қайта сақтандыру шарттары | ||||
15-топ | "ВВВ+"-пен "ВВВ-" аралығы | 0% | ||
16-топ | "ВВ+"-пен "ВВ-" аралығы | 0,2% | ||
17-топ | "В+"-пен "В-" аралығы | 0,5% | ||
18-топ | "В-"-тен төмен немесе жоқ | 22% | ||
Жиынтығы: | ххх | ххх |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған
Қайта сақтандыру қызметі туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 22 - I(R)O_M
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20__жылғы "___"________ жағдай бойынша
Ұсынатын тұлғалар тобы: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы
Нысан |
"Қайта сақтаныдыру қызметі" кестесі
Р/с № | Қайта сақтандыру ұйымының атауы | Негізгі компания | Рейтингі | Рейтингтік агенттіктің атауы | Қайта сақтандыру ұйымының орналасқан жері (елі) | Сақтандыру брокерінің атауы | |
атауы | ел коды | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары | ||||||
1.1 | |||||||
… | |||||||
2 | Резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары | ||||||
2.1 | |||||||
… | |||||||
3 | Резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары – АХҚО қатысушылары | ||||||
3.1 | |||||||
… | |||||||
4 | Барлығы |
кестенің жалғасы:
Бейрезидент - сақтандыру брокерінің орналасқан жері (елі) | Шетел валютасының атауы (валютаның мың бірлігімен) | Қайта сақтандыруға берілген міндеттемелер көлемі (ағымдағы жылдың басынан басталған кезең үшін), мың теңгемен | Қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілген міндеттемелер көлемі, мың теңгемен |
Қайта сақтандыру ұйымдарына берілген сақтандыру сыйлықақылары, | |
атауы | ел коды | ||||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
… |
кестенің жалғасы:
Қайта сақтандыру ұйымына берілген сақтандыру сыйлықақылары (ағымдағы жылдың басынан басталған кезең үшін), мың шетел валютасымен | Қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қайта сақтандыру ұйымына берілген сақтандыру сыйлықақылары, мың теңгемен | Қайта сақтандыру шарттары бойынша алынған тәуекелдер бойынша өтемақы (ағымдағы жылдың басынан басталған кезең үшін), мың теңгемен | Қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары (ағымдағы жылдың басынан басталған кезең үшін), мың теңгемен | Қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша сақтандыру төлемдері (ағымдағы жылдың басынан басталған кезең үшін), мың теңгемен |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
… |
кестенің жалғасы:
Қайта сақтандыру түрі (факультативтік/ облигаторлық) |
Қайта сақтандыру нысаны | Сақтандыру сыныбының атауы |
20 | 21 | 22 |
… |
Атауы ______________________________________________________________
Мекенжайы _________________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________
Орындаушы _____________________________________ ______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам
________________________________________________ ______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам
________________________________________________ ______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Қайта сақтандыру қызметі туралы есеп нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қайта сақтандыру қызметі туралы есеп (индекс - 22 - I(R)O_M, кезеңділігі – ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) әкімшілік деректерді жинауға арналған "Қайта сақтандыру қызметі туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 74-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ай сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан астам сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер не олардың орнындағы адамдар және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 2-бағанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы (аббревиатураларды және қысқартуларды қолданусыз) көрсетіледі.
6. 3 және 8-бағандарда толық атауы (аббревиатураларды және қысқартуларды қолданусыз) көрсетіледі.
7. 4-бағанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингтік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына сәйкес рейтингтік агенттіктердің бірі берген рейтингі көрсетіледі. Рейтингі болмаған кезде 4-бағанда "рейтингісі жоқ" деп көрсетіледі.
8. 11-бағанда шетел валютасы түрінің атауы көрсетіледі.
9. 12-бағанда міндеттемелер көлемі есептік кезеңнің басынан басталған кезеңде жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша көрсетіледі.
10. 13-бағанның "Резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары" жолы бойынша Қазақстан Республикасының резиденттеріне қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілген міндеттемелер сомасы аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша міндеттемелер көлемінің сомасын қоспағанда, міндеттемелер көлемі бойынша есептің 9-бағанының жиынтық сомасына сәйкес келеді.
11. 13-бағанның "Бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары" жолы бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілген міндеттемелер сомасы аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша міндеттемелер көлемінің сомасын қоспағанда, міндеттемелер көлемі бойынша есептің 10-бағанының жиынтық сомасына сәйкес келеді.
12. 13-бағанда қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілген міндеттемелердің жиынтық сомасы аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша міндеттемелер көлемінің сомасын қоспағанда, міндеттемелер көлемі бойынша есептің 9 және 10-бағандарының сомасына сәйкес келеді.
13. 14-бағанның "Резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары" жолы бойынша Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген сақтандыру сыйлықақыларының сомасы сақтандыру сыйлықақылары туралы есептің 14-бағанының жиынтық сомасына сәйкес келеді.
14. 14-бағанның "Бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары" жолы бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне берілген сақтандыру сыйлықақыларының сомасы сақтандыру сыйлықақылары туралы есептің 15-бағанының жиынтық сомасына сәйкес келеді.
15. 14-бағанда қайта сақтандыру ұйымына берілген сақтандыру сыйлықақылардың жиынтық сомасы сақтандыру сыйлықақылары туралы есептің 13-бағанының жиынтық сомасына сәйкес келеді.
16. 15-бағанда есепті кезеңнің басынан басталатын кезеңде қайта сақтандыру ұйымына берілген шетел валютасындағы сақтандыру сыйлықақыларының сомасы көрсетіледі.
17. 17-бағанда қайта сақтандыру шарттары бойынша алынған тәуекелдер бойынша өтемақы туралы деректер көрсетіледі.
18. 19-бағанда қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша сақтандыру төлемдерінің сомасы көрсетіледі.
19. 22-бағанда сақтандыру сыныбының атауы көрсетіледі. Егер әртүрлі сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру сыйлықақылары бір қайта сақтандыру ұйымына берілген жағдайда, сақтандыру сыныптарының тізбесі бір жолда көрсетіледі.
20. Мәліметтер болмаған жағдайда, Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.