"Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 11 шiлдедегi № 53 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 шiлдеде № 20970 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылғы 14 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) сәйкес әзірленді және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыруды, сондай-ақ "Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару", "Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру" және "Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға немесе таратуға келісім беру" мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12-1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      12-2) мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;";

      2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару тәртібі".

      4. Тіркелім осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша электрондық түрде қалыптастырылады.

      Тіркелімнің республикалық бөліміне екі немесе одан көп облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері енгізіледі.

      Тіркелімнің жергілікті бөлімдеріне бір облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалың немесе астананың аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері енгізіледі.

      Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері Тіркелімнің республикалық бөліміне енгізіледі.

      Осы Қағидалар қызметін Заңның 3-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылмайды.

      5. "Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару) осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтінішпен www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша Табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу үшін тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жүгінеді.

      Бұл ретте электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға қызметтің "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкестігі туралы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган ақпаратының нөмірі мен берілген күнін көрсетеді;

      Реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну тоқтатылған жағдайда табиғи монополия субъектісі күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша оны Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару туралы өтініш ұсынады.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметін көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес "Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартында баяндалған.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау мерзімі:

      аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу – 30 минутты;

      аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару – 2 жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтінішін өңдеу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне келіп түскен кезден бастап 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырылады, қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы куәлік қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.

      8. Тіркелімге реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынатын жері бойынша енгізілуге жататын шетелдік заңды тұлғаны қоспағанда, табиғи монополия субъектісі Тіркелімге оның тіркелген жері бойынша заңды тұлға ретінде не дара кәсіпкер ретінде енгізіледі.

      Тіркелімнің тиісті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі, оның тіркелген жері басқа облысқа, басқа республикалық маңызы бар қалаға немесе астанаға өзгерген жағдайда, осындай өзгеріс болған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұрынғы тіркелген жері бойынша Тіркелімнен шығару туралы өтініш береді. Бұл ретте табиғи монополия субъектісі Тіркелімнен шығарылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жаңа тіркеу орны бойынша Тіркелімге енгізу туралы өтініш береді.

      Табиғи монополия субъектісін жаңа тіркеу орны бойынша Тіркелімге енгізу табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес бекітілген тариф болған кезде оны жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектісіне жатқызу үшін негіз болып табылмайды.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару бойынша өтінішпен жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні (өтініш сағат 18:00-ден кейін түскен жағдайда келесі жұмыс күні, демалыс және мереке күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес тіркеледі, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.

      Портал арқылы жүгінген кезде "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының өтініштер тарихында мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      10. Ұсынылған құжаттар толық болған және көрсетілетін қызметті берушінің тиісті саласы құрылымдық бөлімшесінің қорытындысы болған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімше 1 (бір) жұмыс күні ішінде Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару туралы шешім қабылдайды, Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жолданады.

      11. Мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган басшысының атына және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беруге болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электронды түрде берілген кезде) хабарлайды.

      13-1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.";

      28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай іс-қимылдарды жасауға:

      аэронавигация және әуежайлар мен байланыс саласындағы қызметтерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;

      аэронавигация және әуежайлар мен байланыс саласындағы қызметтерді қоспағанда, қайта ұйымдастыруға немесе таратуға;

      кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға келісім береді.

      Аэронавигация және әуежайлар мен байланыс саласындағы қызметтерді қоспағанда, егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімге сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру және табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру, аэронавигация және әуежайлар мен байланыс саласындағы қызметтерді қоспағанда, осы Қағидаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсететін мемлекеттік қызметтер болып табылады.

      Коммерциялық құпияны құрайтын құжаттарды табиғи монополия субъектісі міндетті түрде "коммерциялық құпия" деген белгімен ұсынады.

      29. Табиғи монополия субъектісі оны Тіркелімге енгізу орны бойынша өтініш береді.

      Егер табиғи монополия субъектісі Тіркелімнің республикалық және жергілікті бөлімдеріне бір мезгілде енгізілген жағдайда, онда өтініш уәкілетті органның ведомствосына беріледі.

      30. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау мерзімі:

      аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру – 10 жұмыс күнін;

      аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға немесе таратуға келісім беру – 5 жұмыс күнін құрайды.

      31."Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхатты;

      2) иеліктен шығарылатын объектілер бөлінісінде иеліктен шығарылатын мүліктің атауын, типін, түрін, түгендеу нөмірін, бастапқы, қалдық құнын көрсете отырып, табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қойған, ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланстан үзінді-растаудың электрондық көшірмесін ұсынады.

      32. Табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-қимылдарды жасау процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес "Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартында баяндалған.

      33. Көрсетілетін қызметті алушы аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру туралы өтінішхатпен жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні (өтініш сағат 18:00-ден кейін түскен жағдайда келесі жұмыс күні, демалыс және мереке күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес тіркеледі, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.

      Портал арқылы жүгінген кезде "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының өтініштер тарихында мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" өтінішті қараудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда және жүргізілген есептеулер негізінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті саласының құрылымдық бөлімшесі тиісті қорытынды ұсынады, оның қорытындысы бойынша жауапты құрылымдық бөлімше 1 (бір) жұмыс күні ішінде, аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған мүліктің баланстық құны ағымдағы күнтізбелік жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы электрондық құжат нысанында шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жолданады.

      34."Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхатты;

      2) бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісінің электрондық көшірмесін;

      3) бөлу, бөлініп шығу кезінде – бөлу балансының электрондық көшірмесін;

      4) тарату кезінде – тарату балансының электрондық көшірмесін ұсынады.

      Табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-қимылдарды жасау процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ "Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес "Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартында баяндалған.

      35. Көрсетілетін қызметті алушы аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтінішхатпен жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні (өтініш сағат 18:00-ден кейін түскен жағдайда келесі жұмыс күні, демалыс және мереке күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес тіркеледі, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.

      Порталда "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының өтініштер тарихында мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Жауапты құрылымдық бөлімше ұсынылған құжаттардың және мәліметтердің толықтығын тексереді, олар толық болмаған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жібереді, ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 36-тармағына сәйкестігі тұрғысынан тексереді және аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы шешім қабылдайды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жолданады.

      36. Мыналар:

      1) тарифтің артуы;

      2) тұтынушылармен шарттардың бұзылуы;

      3) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келуі;

      4) реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынудың үздіксіз байланысты технологиялық жүйесінің бұзылуы немесе реттеліп көрсетілетін қызмет сапасының төмендеуі;

      5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларға сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған, заңды күшіне енген сот шешімінің болуы мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      37. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беруге болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.";

      мынадай мазмұндағы 37-1 және 37-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "37-1. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электронды түрде берілген кезде) хабарлайды.

      37-2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.";

      38, 39, 40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға келісім алу үшін табиғи монополия субъектісі оны Тіркелімге енгізу орны бойынша уәкілетті орган ведомствосының кеңсесіне немесе оның аумақтық органына жүгінеді.

      Уәкілетті орган ведомствосы немесе оның аумақтық органы ұсынылған құжаттарды 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      39. Табиғи монополия субъектісі кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға көрсетілетін қызметті берушінің келісімін алу үшін:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхатты;

      2) иеліктен шығарылатын объектілер бөлінісінде иеліктен шығарылатын мүліктің атауын, типін, түрін, түгендеу нөмірін, бастапқы, қалдық құнын көрсете отырып, табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қойған, ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланстан үзінді-растаудың электрондық көшірмесін ұсынады.

      40. Көрсетілетін қызметті беруші:

      1) тарифтің артуы;

      2) тұтынушылармен шарттардың бұзылуы;

      3) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келуі;

      4) реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынудың үздіксіз байланысты технологиялық жүйесінің бұзылуы немесе реттеліп көрсетілетін қызмет сапасының төмендеуі;

      5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларға сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған, заңды күшіне енген сот шешімінің болуы жағдайларында өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартады.

      41. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асырған күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде бұл жөнінде көрсетілетін қызметті берушіні Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) хабарлама нысандары мен Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау, сондай-ақ хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау қағидаларына сәйкес хабардар етеді.

      Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық органы табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны, оның ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы қабылдайды және қабылданған хабарламалар тізілімін өзінің интернет-ресурсында орналастырады.";

      осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 1-1, 2-1 және 2-2-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 11 шілдедегі
№ 53 бұйрығына
1-қосымша
  Табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
1-1-қосымша

"Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі – Комитет), Комитеттің аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу – 30 минут;
Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару – 2 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу немесе шығару туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Мерекелер туралы" Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін;
2) портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Еңбек кодексіне және "Мерекелер туралы" Заңға сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Тіркелімге енгізу не шығару туралы өтініш

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414,8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 11 шілдедегі
№ 53 бұйрығына
2-қосымша
  Табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
2-1-қосымша

"Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі – Комитет), Комитеттің аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Портал арқылы жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру туралы хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің өкілеттік берілген тұлғасының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші –Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат;
2) иеліктен шығарылатын объектілер бөлінісінде иеліктен шығарылатын мүліктің атауын, типін, түрін, түгендеу нөмірін, бастапқы, қалдық құнын көрсете отырып, табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қойған, ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланстан үзінді-растаудың электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) тарифтің артуы;
2) тұтынушылармен шарттардың бұзылуы;
3) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келуі;
4) реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынудың үздіксіз байланысты технологиялық жүйесінің бұзылуы немесе реттеліп көрсетілетін қызмет сапасының төмендеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларға сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған, заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 11 шілдедегі
№ 53 бұйрығына
3-қосымша
  Табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
2-2-қосымша

"Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі – Комитет), Комитеттің аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Портал арқылы жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы хат не негіздер бойынша электрондық нысанда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші –Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің келісімін алу туралы өтініш (қолдаухат);
2) бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісінің электрондық көшірмесі;
3) бөлу, бөлініп шығу кезінде – бөлу балансының электрондық көшірмесі;
4) тарату кезінде – тарату балансының электрондық көшірмесі.