"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған "Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 шілдедегі № 286 бұйрығына 1-қосымша |
"Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.12.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы "Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және көрсетілетін қызметтің тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.12.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) "білім беру гранты – "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттармен берілетін нысаналы ақша сомасы;
2) білім беру бағдарламаларының топтары – даярлау бағыттары бейінінің ортақтығымен біріктірілген және белгілі білім беру саласы шеңберінде кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін білім беру бағдарламаларының жиынтығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі – өтініш қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.12.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. "Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.12.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-бөлім. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиясы арқылы) (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес "Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көзделген құжаттар тізбесін ұсынады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.12.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.12.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері – ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясының хатшысы күнтізбелік жылдың 13 мен 20 шілде аралығында құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхат беруді жүзеге асырады немесе көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
7. Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) толықтығын түскен сәтінен бастап тексереді, егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартады, ол жайында порталдағы "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында өтініш берушіге жіберіледі.
9. "Құжаттар пакетін қабылдағаннан кейін ЖЖКОБҰ қабылдау комиссиясының хатшысы күнтізбелік жылғы 21 шілдеге дейін 1 (бір жұмыс) күні ішінде ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясының дерекқорынан мәліметтерді "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – ҰТО) жалпы дерекқорына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушыға білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу туралы анықтама беріледі.
ҰТО күнтізбелік жылдың 22 мен 27 шілде аралығында республикалық конкурстық комиссияның отырысында қарау үшін деректер базасын және қажетті шығыс құжаттарын (білім беру бағдарламалары топтары бөлінісінде жиынтық ведомостарды) әзірлейді.
Республикалық конкурстық комиссия күнтізбелік жылдың 1 тамызына дейін көрсетілетін қызметті алушыларға білім беру гранттарын тағайындау туралы хаттамалық шешім қабылдайды.
Республикалық конкурстық комиссияның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік жылдың 5 тамызына дейін білім беру гранттарын беру туралы бұйрық шығарады. Бұйрықтың көшірмесі ҰТО-ға беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы негізінде ҰТО 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беру гранттарын тағайындау туралы электрондық куәліктерді дайындауды жүзеге асырады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.12.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Көрсетілетін қызметті беруші білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік беруді ЖЖОКБҰ-мен 20 тамыздан кешіктірілмей беріледі, сондай-ақ күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей ЖЖОКБҰ басшысының стипендия тағайындау туралы бұйрығы қабылданады.
Порталда білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Білім гранттары иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
11. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-бөлім. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
13. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
15. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
"Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына қосымша |
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.12.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен (ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясы арқылы) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
2. | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге және порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық / қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік, сондай-ақ ЖЖОКБҰ басшысының стипендия тағайындау туралы бұйрығы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден негіздемелі бас тарту болып табылады. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде: |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызмет |
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады: |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут; |
"Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымша |
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.12.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 шілдедегі № 286 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11212 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 маусымдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 654 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12509 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 113332 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. "Жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 3 қарашадағы № 561 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16058 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 желтоқсанда ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 11 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16350 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 ақпанда ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
6. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 358 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11555 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
7. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 358 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 705 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12929 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
8. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 358 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 19 ақпандағы № 158 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 113509 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
9. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 358 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 127 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16809 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 мамырда ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).