"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің келесі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12021 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықытық жүйесінде жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 наурыздағы № 95 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13566 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықытық жүйесінде жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрдің міндетін атқарушы |
Б. Шолпанкулов |