Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 маусымда № 20816 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 1 маусымдағы
№ 127 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе)

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 25-03/206 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7685 болып тіркелген, № 540-545 (27618) 2012 жылғы 23 тамызда "Егемен Қазақстан" газеті жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерінде:

      17-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      19-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      23-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 18-03/94 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10441 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аумақтық бөлімшелер - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері;

      2) ведомство - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;

      3) сулы-батпақты алқаптар - жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қоса алғанда, су төңірегін мекендейтін түрлері жаппай мекендейтін, ұя салатын, өсімін молайтатын орындар болып табылатын табиғи (су қайтқан кезде тереңдігі алты метрден асатын акваторияларды қоспағанда) және жасанды акваторийлер;

      4) Рамсар конвенциясы - Ең алдымен суда жүзетін құстардың тіршілік ету орны ретінде халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар туралы конвенция, оған Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының Ең алдымен суда жүзетін құстардың тіршілік ету орны ретінде халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар туралы конвенцияға (оған 1982 жылғы 3 желтоқсандағы Париж хаттамасымен енгізілген түзетулермен және 1987 жылғы 28 мамырда Режинде енгізілген түзетулермен) қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес қосылған болатын;

      5) Рамсар конвенциясының секретариаты - Табиғат пен табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық одақ Рамсар конвенциясы жүктейтін тұрақты жұмыс істейтін бюроның міндеттерін орындайды;

      6) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.";

      2 - тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2 - тарау. Су айдындарын халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу тәртібі";

      3 - тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3 - тарау. Су айдындарын республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу тәртібі".

      3. "Аң аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11091 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Заңның 38-бабының 5-тармағына сәйкес мына жағдайларда:

      1) аңшы куәлiгiнсiз;

      2) атыс қаруын сақтау мен пайдалану құқығын беретiн iшкi iстер органдары рұқсатынсыз атыс қаруын қолданып;

      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/144 бұйрығымен бекітілген аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10651 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен);

      4) аң аулау ережелерiнде қолданылуы көзделмеген аулау құралдарын пайдаланып;

      5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт жасаспай кәсiпшiлiк мақсатта;

      6) егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аңшылық алқаптардың резервтiк қорында;

      7) елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ олармен iргелес аумақтарда аң аулау ережелерiне сәйкес аңшылық атыс қаруын қолдану қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмейтiн қашықтықта;

      8) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде;

      9) күйзелiстi және дәрменсiз жағдайдағы жануарларды (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалағандарды, су тоғандарынан өту кезiнде, көктайғақ кезiнде, аштықтан әлсiрегендердi, жусанды паналаған суда жүзетiн құстарды);

      10) қозғалтқышы іске қосылған авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, қарда жүретін техниканы, шағын көлемді кемелерді, түнде көру аспаптарын, лазерлік нысана көрсеткіштерді, жарық беру және дыбыс шығару аспаптарын қолдана отырып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта;

      11) алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында;

      12) егін орағы аяқталғанға дейін ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлеріне жол берілетін аумақты қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;

      14) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, ондатраға атыс қаруын қолданып;

      15) аңшылық иттердi құтқару үшiн iндердi қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап;

      16) өзен құндызы тұрғызған бөгетті бұзып;

      17) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесi объектілерін қозғалтпауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа);

      18) сауыт бұзатын, өртегіш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып;

      19) тегiс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған ойық жиналмалы (қосалқыларды) ұңғыны қолданып;

      20) бос жерлерді, су бетiндегі өсiмдiктердi жағумен, басқа да өсімдiктерді түбiрiмен қопарып және жойып;

      21) өздiгiнен атылатын қаруларды, қысқыштарды, қаусырмаларды, қапсырмаларды, кескiштердi қолданып; тұзақтар құрып, аулау орларын қазып; адам байқамайтын айқындаушы белгілерінсіз ірі қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, iлмектердi, найзаларды, құс желiмін орнату жолымен, түтін салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, қоңыр аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезiнде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап;

      22) торларды қолданып; су құю арқылы iннен шығарып (уәкiлеттi органның ведомствосымен келісу бойынша жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау, будандастыру немесе еріксіз ұстау үшін оларды аулауды қоспағанда);

      23) дала кеміргіштерін құрту кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа да аурулары болған жағдайларда улы химикаттар және басқа да химиялық препараттар қолдануды қоспағанда, жарғыш құрылғыларды, улы химикаттарды және басқа да химиялық препараттарды қолданып;

      24) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатта немесе жолдамада көрсетілген жануарлар санынан асырып;

      25) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатта немесе жолдамада көрсетілмеген жануарлардың басқа түрлерін;

      26) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз;

      27) аулап алу объектісі болып табылатын жануарлар түрлеріне, басқа елдерден әкелінген жыртқыш қыран құстарды пайдалана отырып;

      28) еркекүйрекке көктемгі аң аулау кезінде еліктіруші үйрексіз немесе тұлыпсыз;

      29) тұяқты жануарларды және қоңыр аюды аулау кезінде қорықшының немесе жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың еріп жүруінсіз;

      30) әуесқойлық (спорттық) мақсатта суырға калибрі бес бүтін оннан алты миллиметрлік бүйірден (сақиналы) тұтандырғыш патронды ойықты қару қолданып;

      31) тыныштық сақтау аймақтарында және өсiмiн молайту учаскелерінде аң аулауға тыйым салынады.";

      1-қосымша осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы мемлекеттік
бақылауды және қадағалауды
жүзеге асыратын уәкілетті орган
ведомствосының және оның
аумақтық бөлімшелерінің
лауазымды адамдарының,
сондай-ақ жануарлар дүниесін
қорғауды тікелей жүзеге
асыратын мемлекеттік
мекемелер мен ұйымдар
жұмыскерлерінің айырым
белгілері бар нысанды киім
(погонсыз) үлгілеріне
17-қосымша

"Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының омырау белгісі



  ".
  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы мемлекеттік
бақылауды және қадағалауды
жүзеге асыратын уәкілетті орган
ведомствосының және оның
аумақтық бөлімшелерінің
лауазымды адамдарының,
сондай-ақ жануарлар дүниесін
қорғауды тікелей жүзеге
асыратын мемлекеттік
мекемелер мен ұйымдар
жұмыскерлерінің айырым
белгілері бар нысанды киім
(погонсыз) үлгілеріне
19-қосымша

"Жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің омырау белгісі



  ".
  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы мемлекеттік
бақылауды және қадағалауды
жүзеге асыратын уәкілетті орган
ведомствосының және оның
аумақтық бөлімшелерінің
лауазымды адамдарының,
сондай-ақ жануарлар дүниесін
қорғауды тікелей жүзеге
асыратын мемлекеттік
мекемелер мен ұйымдар
жұмыскерлерінің айырым
белгілері бар нысанды киім
(погонсыз) үлгілеріне
23-қосымша

"Қысқы бас киімнің кокардасы



  ";

"Жазғы бас киімнің кокардасы



  ".
  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  Аң аулау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Аң аулау хаттамасы Hunting protokol

      Аңшының тегі мен аты әкесінің аты (бар болған жағдайды) ______________________________

      Hunterʼs Name

      Мекенжайы _____________________________________________________________________

      Address

      20__жылғы "___" __________ қауіпсіздік техникасымен және аң аулау ережесімен таныстым

      With the hunting rules and safety precautions is acquainted

      ________________________________________________________________________________

      /Аңшының қолы/

      /Hunter’s signature/

      Аң аулау өткізілетін орын _________________________________________________________

      Hunting area

      Аң аулауды өткізу уақыты:

      20__жылғы "__"________ бастап

      20__жылғы "__"________ дейін______ аң аулау күні

      The hunting time: starting from till days of hunting

Аң аулаудың нәтижелері/ Results of hunting

Күні/Date

Ауланған жануар түрі/Animal’s species

Саны /Quantity

Олжаның сапасы (мүйіздерінің, бас сүйегінің, азу тістерінің мөлшері мен салмағы, терісінің көлемі және басқа)/Quality of trophy (dimensions ahd weight of horns, skull, fangs, size of skin, etc.)


Орысша

In English








      Осы аң аулау хаттамасымен келісемін және аңшылық шаруашылығы ұйымына шағымым жоқ

      (бар, олар мынадай)/I agree with this hunting protocol and have no claims to the hunting enterprise

      (I have, they as follows): ____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Аңшының аты тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______/_____________/

      Hunter

      Аң аулау басшысы аты тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)______/_______/

      Hunting manager

      Аңшының мүддесін білдіретін тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)________/_________/

      Hunter’s representative body

      Аңшылық шаруашылығы субъектісінің басшысының аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ___________/____________/

      Head of hunting enterprise

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)