"Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары − Қазақстан Республикас

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 124-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 мамырда № 20745 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8057 тіркелген, 2012 жылғы 20 желтоқсан № 440-441 (27259-27260) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 26 мамырдағы
№ 124-НҚ
бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қазақстан
Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар
министрінің
2012 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 350 бұйрығымен
бекітілген

Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидалар

      1. Осы Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидалары "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын жағдайларды қоспағанда, салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректерді электрондық есепке алу және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа (бұдан әрі - МҒМО) беру тәртібін айқындайды.

      2. Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есепке алынуы өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу құқығына аккредиттелген заңды тұлғалар (бұдан әрі - Салыстырып тексеру зертханалары) ұсынатын деректерді тіркеу арқылы жүзеге асырылады.

      3. Салыстырып тексеру зертханалары МҒМО ақпараттық жүйесінің жеке кабинеті арқылы өлшем құралдарына жүргізілген салыстырып тексеру нәтижелері бойынша салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректерді береді.

      4. Салыстырып тексеру зертханалары МҒМО-ға салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы мынадай мәліметтерді қамтитын деректерді береді:

      1) салыстырып тексеру туралы сертификаттың (жарамсыздығы туралы хабарламаның) нөмірі және (немесе) өзі жабысатын лейблдің нөмірлік коды;

      2) өлшем құралының (эталонның) атауы;

      3) түрі, белгісі;

      4) зауыттық нөмірі (деректер болған жағдайда);

      5) өлшем құралының өлшеу ауқымы;

      6) дайындаушы (деректер болған жағдайда);

      7) дайындалған күні (деректер болған жағдайда);

      8) пайдаланушы (деректер болған жағдайда);

      9) салыстырып тексеру бойынша нормативтік құжаттың атауы мен белгіленуі;

      10) салыстырып тексеру кезінде пайдаланылатын қосымша жабдықтар мен эталонның белгіленуі;

      11) класс немесе басқа да дәлдік сипаттамалары;

      12) разряд;

      13) салыстырып тексеру күні;

      14) өзі жабысатын лейблдердің немесе сертификаттың жарамдылық мерзімі;

      15) бөлім (зертхана) басшысының тегі, аты, әкесінің аты;

      16) салыстырып тексерушінің тегі, аты, әкесінің аты;

      17) қадағалау коды;

      18) лейблдер, пломбалар бойынша мәліметтер.

      5. Салыстырып тексеру зертханалары ұсынатын деректер автоматты режимде МҒМО ақпараттық жүйесінде келіп түскен күннен бастап есепке алынады.