"Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 304 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 мамырда № 20711 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12511 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-32) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-32) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру және "Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Өтініш беруші "Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті бастапқы алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұшуды орындаудың жоспарланған күніне дейін 40 (қырық) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушыны авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат алуға өтінімді (бұдан әрі – өтінім) және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын жібереді.

      Куәлікті кезекті алу үшін өтініш беруші осы тармақта көзделген тәртіппен өтінімді және өзгерістер мен жаңартулар болған Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.

      8. Өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды берген кезде Мемлекеттік корпорация операторы тиісті құжаттардың нөмірі мен қабылданған күні және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген қолхат береді.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға өтініш берушінің жазбаша келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алған кезде өтініш беруші немесе өтініш берушінің өкілі жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады, өтініш берушінің өкілі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес оның өкілеттігін растайтын сенімхатты қосымша ұсынады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін уәкілетті ұйымға береді;

      Өтініш беруші 1 (бір) ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша уәкілетті ұйым 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Уәкілетті ұйым мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Өтініш беруші барлық қажетті электрондық құжаттарды портал арқылы берген кезде, өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2 және 8-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "8-1. Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, ұшуға жарамдылық сертификаты, әуе кемесінің шуыл бойынша сертификаты, радиотаратқыш аппаратураны пайдалануға рұқсаттарын уәкілетті ұйым тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды әзірлеушіден талап етуге жол берілмейді.

      8-2. Өтініш беруші Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация не уәкілетті ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады және еркін нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Өтініш беруші Стандартта көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінім мен құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және уәкілетті ұйымның кеңсесіне жібереді.

      8-3. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз Стандартта белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы Қағидалардың 8-2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда уәкілетті ұйым өтініш берушінің және ұсынылған материалдардың, деректердің және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу туралы өтінім бойынша шешім қабылдайды.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша уәкілетті ұйым 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      сертификаттық зерттеп-қарау актісі оң болған жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлікті ресімдейді;

      теріс шешім қабылданған жағдайда өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жолдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз түрінде не порталдағы уәкілетті ұйымның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында әзірлеушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізуді қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 19-1,19-2,19-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "19-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша уәкілетті ұйымының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымның басшысының атына, Мемлекеттік корпорация филиалына, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      19-2. Өтініш берушінің шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      19-3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 19 мамырдағы
№ 304 бұйрығына
қосымша
  Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға рұқсат беру
қағидаларына
2-қосымша

"Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) Мемлекеттік корпорация;
2) портал

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік беру – 40 (қырық) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік (куәліктің телнұсқасы) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Алымды төлеу "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз 9.00-ден 20.00-ге дейін;
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға (немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкіліне) жүгінген кезде мынадай құжаттар ұсынылады:
бастапқы куәлікті алу үшін:
1) өтінім;
2) мемлекеттік қызметтер көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер;
3) Ұшуды жүргізу жөнінде нұсқаулық;
4) Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы;
5) Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті);
6) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;
7) пайдаланушының басшысы бекітетін Әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;
8) Пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
9) Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының қолымен расталады.
куәлікті кезекті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушы осы жолда көрсетілген құжаттармен бірге өзгерістер мен жаңартулар болған өтінімді ұсынады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті мәліметтердің Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімінің (үкімінің) заңды күшіне енуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктеріескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай:
1) Министрліктің - www.miid.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) Мемлекеттік корпорацияның - www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық түрде алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777 немесе Министрліктің телефондары 8 (7172) 75-48-41