"Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 553 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 119-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 мамырда № 20705 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 359-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 25.05.2021 № 359-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 553 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12072 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2015 жылғы 10 қазандағы № 194 (28070)) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Техникалық регламентті әзірлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшін жою жөніндегі ұсыныстарды құзыретіне міндетті қағидалар мен нормаларды белгілеу кіретін мемлекеттік органдар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және оны техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынады.

      Уәкілетті орган ұсыныстар негізінде Заңның 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың жобасын жасайды және бекітеді.

      Техникалық регламент осы Қағидалардың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жария талқылау кезеңінде қоса берілетін тұжырымдама болған кезде әзірленеді.

      Тұжырымдамада:

      1) техникалық регламенттің атауы;

      2) техникалық регламентті әзірлеу мақсаты;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) кодтар ішінде тауарлық позицияны көрсете отырып, техникалық регламенттің қолданылу саласы мен объектілері;

      4) реттеу адресаттары, оның ішінде кәсіпкерлік қызмет субъектілері және техникалық регламентте көзделген реттеумен оларға болатын әсер;

      5) жағымсыз әсерді барынша азайту үшін реттеу белгіленуі қажет проблемалар туралы ақпарат;

      6) қауіпті факторлар (қатерлер);

      7) Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық базасының болуы және оның жай-күйі туралы ақпарат (техникалық регламент объектісіне қойылатын талаптарды белгілейтін заңдар, қаулылар, санитариялық, құрылыс, өрт және басқа да нормалар мен қағидалар);

      8) халықаралық деңгейдегі нормативтік құжаттардың болуы туралы ақпарат (халықаралық шарттар, директивалар, басқа елдердің техникалық регламенттері);

      9) өндіріс, сынақ базасының және жалпы саланың жай-күйі туралы ақпарат.

      Ақпарат сынақ зертханасының және өнімдердің сәйкестігін растайтын материалдық-техникалық мүмкіндігі бар сәйкестікті растау жөніндегі органдардың саны, олардың географиялық орналасқан жері және өндірістік қуаттылығы туралы мәліметтерді қамтиды;

      10) техникалық регламентті енгізу үшін қабылдануы қажет шаралар туралы ақпарат;

      11) техникалық регламентті енгізуден күтілетін нәтижелерді, оның ішінде техникалық регламентті енгізуден өндірушілерге, тұтынушыларға және жалпы ел экономикасына тигізілетін ықтимал оң және (немесе) теріс әсері туралы ақпаратты, ықтимал техникалық кедергілерді болжамдау;

      12) Қазақстан Республикасындағы өндірістің көлемі және әзірленетін (өзгертілетін/жойылатын) техникалық регламенттің әрекетіне жататын өнімдердің импортының көлемі туралы ақпарат;

      13) техникалық регламентке сәйкес келтіру қажет нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат көрсетіледі.";

      4-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жобаларды, техникалық регламенттердің өзгерістері мен (немесе) толықтырулары немесе оның күшін жою әзірлене бастаған сәттен бастап бір айдан кешіктірмей, уәкілетті органның ресми баспа басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасын әзірлеу туралы белгіленген нысандағы хабарламаны орналастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 319 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8012 болып тіркелген) бекітілген Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – Ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну қағидалары) сәйкес техникалық регламенттің жобасын әзірлеу туралы хабарламаны толтырады және Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығына (бұдан әрі – Ақпарат орталығы) ұсынады;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) жобамен және алынған ескертулер тізбесімен танысу тәсілі туралы ақпаратты, техникалық регламент жобасын әзірлеген мемлекеттік органның атауын, оның пошталық және электрондық мекенжайын қамтуға тиіс осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы хабарламаны уәкілетті органның ресми баспа басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде орналастыру үшін уәкілетті органға жібереді, сондай-ақ Ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну қағидаларына сәйкес техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарламаны толтырады және Ақпарат орталығына ұсынады.";

      9-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) терминдер мен анықтамалар белгіленеді. Техникалық регламентте пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар халықаралық стандарттарда және Заңда, сондай-ақ "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында, "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында, "Стандарттау туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген терминдерге қайшы келмеуі тиіс.

      Осы терминдер белгіленген Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің баптарына сілтемелер жасауға рұқсат етіледі;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) қолдану нәтижесінде техникалық регламенттің талаптарын сақтауды қамтамасыз ететін өзара байланысты стандарттар тізбесі, сондай-ақ зерттеу (сынақ) және өлшем қағидалары мен әдістерін, оның ішінде техникалық регламент жобасына қосымша түрінде ресімделетін үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын және техникалық регламенттің талаптарын қолдану және орындау және өнімнің сәйкестігін (растауын) бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті стандарттар тізбесі (бұдан әрі - тізбелер) белгіленеді.

      Тізбелерді әзірлеу стандарттау жөніндегі құжаттарды оған енгізу арқылы осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшада көзделген нысандар бойынша жүзеге асырылады.

      Техникалық регламент жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдар жылына 1 реттен жиі емес қабылдау мониторингі, қолдану, жаңару және тиісті стандарттардың күшін жою нәтижелері негізінде өзгерістер енгізу және тізбелерді өзектендіру бойынша негізделген ұсыныстарын дайындайды және уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Қолдану нәтижесінде техникалық регламенттің талаптарын сақтауды қамтамасыз ететін өзара байланысты стандарттар тізбесі техникалық регламенттің талаптары тікелей орындалуы мүмкін болған жағдайда белгіленбейді.

      Зерттеу (сынақ) және өлшем қағидалары мен әдістерін, оның ішінде техникалық регламенттің талаптарын қолдану және орындау және өнімнің сәйкестігін (растауын) бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі техникалық регламентте сәйкестікті бағалауды жүргізу туралы талаптар болмаған не техникалық регламенттің талаптарына сәйкестікті бағалау зерттеулер (сынақтары) мен өлшемдер жүргізбей жүзеге асырылуы мүмкін болған жағдайларда белгіленбейді.";

      11, 12, 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Техникалық регламент жобасы, мүдделі ұйымдардың пікірлерінің көшірмелері, техникалық регламент жобасына ұсынылған ескертулер мен ұсыныстар және қолданыстағы және ұсынылатын редакциядағы ескертулер мен ұсыныстар авторы көрсетілген, сонымен қатар ұсынылған ескертулер мен ұсыныстарға әзірлеуші қорытындысымен кесте түрінде ресімделген пікірлер жинағы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға және техникалық реттеу саласындағы халықаралық келісімшарттарға сәйкестігін белгілеу мақсатында уәкілетті органға қарауға жіберіледі.

      Техникалық регламент жобасын және осы тармақта жазылған, оған қоса берілген материалдарды қарау олар түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      12. Техникалық регламенттің жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдар осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес қорытындыларды, сондай-ақ ескертулер мен ұсыныстарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде техникалық регламенттің жобасын пысықтауды жүзеге асырады.

      13. Техникалық регламентті қабылдау және оның күшін жою Заңның 19-бабына сәйкес, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.".

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымша осы бұйрыққа 1 және 2- қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаға сәйкес редакцияда 3 және 4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфракұрылымдық

      даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 19 мамырдағы
№ 119-НҚ бұйрығына
1-қосымша
  Техникалық регламенттерді
әзірлеу, сараптау, қабылдау,
өзгерту және олардың күшін
жою қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасын әзірлеу туралы хабарлама

1. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасының атауы


2. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органы


3. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасының техникалық реттеу объектісі


4. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасын әзірлеу мақсаты


5. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды (пікірлерді) жіберу үшін пошта мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта адресі


6. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасын жария талқылауды аяқтаудың болжамды күні


  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 19 мамырдағы
№ 119-НҚ бұйрығына
2-қосымша
  Техникалық регламенттерді
әзірлеу, сараптау, қабылдау,
өзгерту және олардың күшін
жою қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы хабарлама

1. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасының атауы


2. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган


3. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасын техникалық реттеу объектісі


4. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасын әзірлеуді аяқтаудың болжамды күні


5. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды (пікірлерді) алуға арналған пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта адресі


  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 19 мамырдағы
№ 119-НҚ бұйрығына
3-қосымша
  Техникалық регламенттерді
әзірлеу, сараптау, қабылдау,
өзгерту және олардың күшін
жою қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Қолдану нәтижесінде техникалық регламенттің талаптарын сақтауды қамтамасыз ететін өзара байланысты стандарттар тізбесі

р/с №

Техникалық регламенттің элементтері

Өзара байланысты стандарттың белгіленуі

Өзара байланысты стандарттың атауы

Ескертпе

1

2

3

4

5

      Ескертпе:

      1. 2-бағанда өзара байланысты стандарт талаптарының орындалуын қамтамасыз етілетін техникалық регламенттің элементтеріне сәйкестігі көрсетіледі (абзац, тармақша, тармақ, бап, қосымша).

      2. 3-бағанда, егер техникалық регламент талаптарының сақтау өзара байланысты стандарттың жекеленген бөлімдерін (тармақтарды, тармақшаларды) қолданылуын қамтамасыз ететін болса, өзара байланысты стандарттың белгіленуі жалпы және/немесе бөлімдері (тармақтары, тармақшалары) көрсетіледі.

      3. 5-бағанда орнына алмастырылған өзара байланысты стандарт (күн – екі араб санымен, ай - екі араб санымен, жыл – төрт араб санымен) әзірленген өзара байланысты стандарттың қолданылу күнінің аяқталуы туралы ақпарат және (немесе) алмастырылған және алмастырылатын өзара байланысты стандарттың қолданылуы мүмкін, қажетті жағдайда өтпелі кезеңді белгілеу туралы ақпарат көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 19 мамырдағы
№ 119-НҚ бұйрығына
4-қосымша
  Техникалық регламенттерді
әзірлеу, сараптау, қабылдау,
өзгерту және олардың күшін
жою қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде техникалық регламенттің талаптарын қолдану және орындау және өнімнің сәйкестігін (растауын) бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі

р/с №

Техникалық регламенттің элементтері

Стандарттың белгіленуі

Стандарттың атауы

Ескертпе

1

2

3

4

5

      Ескертпе:

      1. 2-бағанда стандартта белгіленген зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қолдану арқылы сәйкестігі расталуы мүмкін техникалық регламенттің элементтері көрсетіледі (абзац, тармақша, тармақ, бап, қосымша).

      2. 3-бағанда өнімнің сәйкестігін (растауын) бағалауды жүзеге асыру үшін техникалық регламент талаптарының сақтау стандарттың жекеленген бөлімдерін (тармақтарды, тармақшаларды) қолданылуын қамтамасыз ететін болса, стандарттың белгіленуі жалпы және/немесе бөлімдері (тармақтары, тармақшалары) көрсетіледі.

      3. 5-бағанда орнына алмастырылған стандарт (күн – екі араб санымен, ай - екі араб санымен, жыл – төрт араб санымен) әзірленген стандарттың қолданылу күнінің аяқталуы туралы ақпарат және (немесе) алмастырылған және алмастырылатын стандарттың қолданылуы мүмкін, қажетті жағдайда өтпелі кезеңді белгілеу туралы ақпарат көрсетіледі.