Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2021 № 148 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысымен бекітілген Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару қағидасының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2021 № 148 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2021 № 148 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
___________
2020 жылғы "____" ____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
___________
2020 жылғы "____" ____________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 403 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2021 № 148 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру тәртібін нақтылайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2021 № 148 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар қолданылады:
1) әскери мүлік – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығында тұрған қорғаныс объектілері, қару-жарақтың, әскери техниканың барлық түрлері, арнайы құралдар және басқа да мүлік;
2) негізгі құралдар – тауарларды шығаруда немесе қызметтерді көрсетуде немесе беруде пайдалануға, басқа адамдарға жалға беруге арналған немесе әкімшілік мақсаттарға арналатын, бір жылдан артық пайдаланылатын материалдық объектілер;
3) материалдық емес актив - табиғи нысаны жоқ сәйкестендірілетін немонетарлық актив;
4) аяқталмаған құрылыс – аяқталмаған және пайдалануға тапсырылмаған құрылыс объектілері бойынша (ғимараттар мен құрылыстарды салу, жабдықтарды монтаждау бойынша) шығыстар;
5) мүкәммалдық мүлік – әскери қызметшілерге уақытша жеке немесе топтық пайдалануға берілетін киім-кешек мүлкінің заттары.
6) пайдаланылмайтын мүлік – қорғаныс объектілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қарулануынан шығарылған, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімдері өткен, қолданылмайтын басы артық әскери мүлкі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қаруланудан шығарылған, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімдері өткен, қолданылмайтын басы артық қаруы, әскери техникасы, арнайы құралдары, жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау мүлкі, арнайы мақсаттағы көлік құралдары, арнайы техникалық құралдары, техникалық құралдары.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының бөлімшелерінде әскери мүлікті есепке алу "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген), сондай-ақ осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.09.2021 № 533 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының бөлімшелерінде (бұдан әрі – мемлекеттік мекемелер) жарамсыз (шекті) жағдайға келген негізгі құралдар санатына жататын әскери мүлікті, материалдық емес активтерді немесе жоғалған қаруды, әскери және автомобильдік техниканы және өзге де әскери мүлікті есептен шығару "Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Пайдаланылмайтын мүлкті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өндеу "Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өндеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жолдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Запастар санатына жататын әскери мүлікті есептен шығару "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығының талаптарына және осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2021 № 148 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің теңгерімінде есепте тұрған негізгі құралдар санатына жататын әскери мүлікті есептен шығаруды осы мемлекеттік мекемелер жоғары тұрған ұйыммен келісім бойынша жүргізеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2021 № 148 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының теңгерімдерінде тұрған мүлікті есептен шығаруды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық комиссиясының келісімі бойынша ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын активтерді есептен шығаруға арналған құжаттарын қарау бойынша жүргізеді.
2-тарау. Әскери мүлікті есептен шығару тәртібі
7. Мемлекеттік мекемелердің басшылары әскери мүлікті есепке алуды дұрыс жүргізу үшін жағдай жасайды, есепке алуға қатысты барлық бөлімшелер мен әскери қызметшілердің есепке алуға арналған құжаттар мен мәліметтерді ресімдеу және ұсыну тәртібінің талаптарын мүлтіксіз орындауын қамтамасыз етеді.
8. Есептен шығаруға жататын әскери мүліктің техникалық немесе сапалық жай-күйін айқындауды, техникалық жай-күй актілерін жасауды және сапалық жай-күйін өзгертуді тұрақты жұмыс істейтін комиссия жүзеге асырады.
Тұрақты жұмыс істейтін комиссия мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен құрылады, оның құрамына есептен шығаруға жататын әскери мүлік бойынша мамандар болып табылатын лауазымды адамдар, қаржы бөлімшесінің бастығы (бас бухгалтер) немесе оның орынбасары кіреді. Қажет болса аға бастықтың бұйрығымен комиссия құрамына басқа әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) мамандары қосылады.
Техникалық жай-күйі және сапалық жай-күйін өзгерту актілерінің нысандары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысымен бекітілген Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесімен бекітілген.
Техникалық жай-күйін айқындау және актілерді ресімдеу есептен шығаруға жататын әскери мүліктің жай-күйі мен сақталуына жауапты, комиссия мүшелерімен қатар актіге қол қоятын лауазымды адамдардың қатысуымен жүзеге асырылады.
Пайдаланылуы (жұмысы) паспорттарда (формулярларда) ескерілетін әскери мүлікті есептен шығаруға техникалық жай-күйі актісін ұсынған кезде оның барлық бөлімдері техникалық жай-күйі актісіне қол қойылатын күнге толық ресімделген және қол қоюмен әрі әскери бөлімнің елтаңбалық мөрінің бедерлемесімен расталған паспорт (формуляр) міндетті түрде қоса беріледі.
9. Арнайы жабдықтардың барлық түрлерін (мемлекеттік шифрлау құралдары және онымен бірге жұмыс істейтін жабдықтар), ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мен құралдарын, техникалық барлауға қарсы іс-қимылдың техникалық қорғау құралдарын, радио және радиотехникалық бақылау жабдықтарын (аппаратураларын, құралдарын), өлшеу құралдарын, жұмсалатын пайдалану және жөндеу материалдарын, жөндеу жинақтарын және қосалқы керек-жарақтарды (бұдан әрі – ҚКЖ), мемлекеттік құпияларды қорғауға, ақпараттық қауіпсіздікке, радио және радиотехникалық бақылауға қатысы бар және мүддесінде қолданылатын басқа да арнайы және техникалық мүлік пен материалдарды есептен шығару үшін әскери бөлім (жоғары әскери оқу орны, бөлімше) командирінің (бастығының) бұйрықтарымен комиссия (арнайы жабдықты есептен шығару үшін жеке тиісті нысанды мемлекеттік құпияларға рұқсаты бар) құрылады. Жоғарыда көрсетілген мүлікті есептен шығару Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілген техникалық барлауға қарсы іс-қимыл қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
10. Тері-тон бұйымдарын, пималарды, жылы унтыларды, технологиялық кір жуу жабдықтарын, тыл қызметтерінің далалық техникалық құралдарын (оның ішінде базалық шассиді қоспағанда, май құю, сақтау, сору, сапасын бақылау, механизациялау және қосалқы құралдар), тігін және етікші машиналарының барлық түрлерін, қаптамаларды, етікші нығыздағыштарын, душ және дезинфекция қондырғылары мен камераларын (базалық шассиді қоспағанда), шатырлардың барлық түрлері мен модификацияларын, радиациялық, химиялық және биологиялық барлау, дозиметрлік бақылау аспаптарын, ұжымдық қорғау және арнайы өңдеу жинақтарын, ғимараттар мен құрылыстарды есептен шығару үшін әскери бөлім (жоғары әскери оқу орны, бөлімше) командирінің (бастығының) бұйрықтарымен комиссиялар құрылады. Аталған мүлікті есептен шығару Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының орталық комиссиясымен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Мүкәммалдық мүлікті, инженерлік қару-жарақ, жеке броньды қорғау, белсенді қорғаныс және арнайы операцияларды қамтамасыз ету құралдарын, күзет және бейнебақылау техникалық құралдары жүйесін, арнайы киімді, арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер мен бөлімшелердің мүлкін, асхана-ас үй ыдысын, пішу және етікші шеберханаларына арналған (тігін машинасын, қаптамаларды, етікші нығыздағыштарын қоспағанда), тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелеріне арналған, асханалар, қоймалар, көкөніс сақтау орындары мүкәммалы мен жабдығын, салмақты өлшеу аспаптарын есептен шығаруды әскери бөлімдердің комиссиялары жоғары тұрған ұйыммен келісім бойынша жүзеге асырады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2021 № 148 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Регламенттік жұмыстар өткізу, қару-жараққа, техника мен мүлікке техникалық қызет көрсету және жөндеу, өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер кезінде шығындалған шығыс және пайдалану материалдары, зымыран отыны, жанармай, қосалқы бөлшектер мен ҚКЖ бөлімшелерден қолданыстағы нормаларға сәйкес есептен шығару (орнату) актілері бойынша, ал жөндеу бөлімшелерінен (шеберханаларынан) осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстардың актілері бойынша есептен шығарылады.
Кабель мүлкін есептен шығаруға арналған актілерге ерікті нысанда жасалатын кабельді тарту сызбасы қоса беріледі.
Регламенттік жұмыстар, техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде қару-жарақ пен техникадан ажыратылған жарамсыз агрегаттар, құрал-саймандар мен ҚКЖ, сондай-ақ арналымы бойынша одан әрі пайдалану үшін жарамсыз жеке қорғау құралдары әскери бөлімнің есебінен сапалық жай-күйін өзгерту актісі бойынша есептен шығарылады.
12. Әскери қызметшілердің күнделікті қажеттілігіне және олардың жеке гигиенаны ұстануына арналған заттай шаруашылық мүлкі, жеке құрамның және қызметтік иттердің қажетіне берілген қағаз орамал, майлықтар, азық-түлік өнімі, жеке тамақтану рациондары, құрғақ азық, бір рет пайдаланылатын ыдыс, фарфордан, жартылай фарфордан және шыныдан жасалған сынған асхана-ас үй ыдысы, жем-шөп, сондай-ақ атыстар (оқу-жаттығулар, сабақтар, ұрыс қимылдары мен арнайы операциялар жүргізу) кезінде шығындалған оқ-дәрілер, РХБ арнайы және шығындау материалдары, жарылғыш заттар мен жару құралдары, елестету және сигналдар беру құралдары, шеберханалар, кір жуу орындары, асханалар, азық-түлік қоймалары мен көкөніс сақтау орындарының жабдықтарын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер мен жөндеу-пайдалану материалдары, есепке алу кітаптары мен журналдарының бланкілері есептен шығару актісі мен ведомостер бойынша есептен шығарылады.
Есептен шығару актілерінде міндетті түрде: құжаттың толық атауы, жасалған күні, комиссия құрамы, іс-шараны өткізу мақсаты немесе негіз, есептен шығарылатын құралдардың толық (нақты) атауы, өлшем бірлігі, саны, бірлік бағасы және жалпы сомасы көрсетіледі.
Фарфордан, жартылай форфордан және шыныдан жасалған сынған асхана-ас үй ыдысын есептен шығару үшін "Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жүргізіледі.
Жеке құрамның киім-кешегіне және аяқ киіміне орташа жөндеу жүргізуге арналған материалдар, киім-кешек мүлкі заттарын жөндеуге және жасауға арналған шүберек, кір жууға арналған синтетикалық кір жуу құралдары (жөндеу шеберханасының, кір жуу орнының) еркін нысандағы бір айда орындалған жұмыстар мен материалдарды шығындау туралы есептің негізінде есептен шығарылады.
13. Қабылдау, сақтау, ревизия (түгендеу, тексеру) кезінде анықталған табиғи кему нормасы шегінде жетіспейтін мүлік мемлекеттік мекеменің есебінен есептен шығару актілерінің негізінде есептен шығарылады. Есептен шығару актілеріне табиғи кему есептері қоса беріледі, оларды мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекітеді.
Табиғи кемуге материалдық бағалы заттардың мынадай атаулары енгізіледі: қоршаған ортаның табиғи ықпал етуінің нәтижесінде (ауа температурасы, сақтау шарттары, өнім әзірленген материалдың табиғи бұзылуы, материал) пайдалану және сақтау кезінде кепкен, жаншылған және бүлінген азық-түлік өнімдері, жем-шөп, жанар және жағармай материалдары, газсыздандыру, дезинфекциялау және бәсеңдету рецептурасы (ұнтақ), түтіндету қоспасы.
14. Техникалық жай-күйінің актісін ресімдеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
актінің 1-бөлімінде бірінші жолда қару-жарақтың (техника, жабдық) базалық үлгісі немесе акт ресімделетін мүлік жиынтығының атауы жазылады. Келесі жолдарда нөмірлері бойынша есепке алынатын оның жинақтаушы бұйымдары (қозғалтқыштар, агрегаттар, зеңбіректер, іске қосу қондырғылары, пулеметтер, радиоэлектронды қабылдау-тарату құрылғылары, тораптар) жазылады. Есептік нөмірлері және техникалық құжаттама көрсетіледі;
актінің 2-бөлімінде есептен шығарылатын мүліктің техникалық-пайдалану көрсеткіштері бейнеленеді;
актінің 3-бөлімінде есептен шығарылатын әскери мүлікте орнатылған жинақтаушы бөлшектер мен ҚКЖ, қосымша жабдық, сондай-ақ техникалық құжаттама жазылады;
4-бөлімде мүліктің істен шыққан күні мен орны, қару-жарақ пен техника бойынша - қозғалтқышты іске қосу және жүріспен тексеру (жұмыс режимінде), басқа мүлік бойынша – сыртынан қарау кезіндегі техникалық жай-күйі жазылады;
5-бөлімде мерзімінен бұрын тозу немесе бүліну себептері және жүргізілген тергеу туралы деректер жазылады. Жүйе орнатылған қару-жарақ пен әскери техниканың базалық үлгісіне оның техникалық жай-күйі туралы жеке қорытынды беріледі, қажетті жөндеудің санаты мен түрі айқындалады. Бұл жағдайда актінің қосымша данасы базалық үлгі есепке алынатын қызметтің бастығына жіберіледі;
6-бөлімде осы мүлікке қандай өңдеу жұмыстары және бюллетеньдер жүргізілгені, толық жабдықтау және жарақтау немен және қашан жүргізілгені көрсетіледі;
7-бөлімде комиссия есептен шығарылған мүлікті уәкілетті органға кәдеге жарату үшін беру жағдайын қоспағанда, мүлікті жалпы және әрбір құрылғысы бойынша неғұрлым мақсатты пайдалану туралы ұсыныс енгізеді. Құрамында бағалы (түрлі-түсті) металдар мен бағалы тастар бар мүлік бойынша оларды бөлек алу және мамандандырылған кәсіпорынға тапсыру мақсатқа сай екені туралы қорытынды шығарылады.
15. Материалдық емес активтің бекітілген техникалық жай-күйі нің актісі онда көрсетілген мүлікті әскери бөлімнің есебінен шығаруға негіз болады, қалған мүлік бойынша белгіленген тәртіппен есептен шығарылған мүлікті бөлшектегеннен кейін алынған агрегаттарды, тораптарды, аспаптарды, бөлшектерді, материалдарды, металл сынықтарын және басқа да мүлікті кіріске алғаннан кейін немесе есептен шығарылған мүлікті кәдеге жаратуға (өткізуге) бергеннен кейін бекітілген техникалық жай-күйінің сапалық жай-күйін өзгерту актілері есептен шығару үшін негіз болып табылады..
16. Бекітілген техникалық жай-күйі актісінің бірінші данасы пайдаланылмайтын мүлікті қабылдау-тапсыру актісімен бірге мүлікті есептен шығару есебінде көрсету үшін қаржы қызметіне беріледі, екінші данасы тиісті қызметте қалады, үшінші данасы жоғары тұрған мемлекеттік мекемеге жіберіледі.
17. Сапалық жай-күйін өзгерту актісі:
1) техникалық жай-күйі актісін ресімдеу қажеттілігі болмаған жағдайларда мүлікті пайдаланудың (сақталу) белгіленген мерзімінің аяқталуы бойынша сапалық (техникалық) жай-күйін өзгертуді және есептен шығаруды өзгертуге (нөмірлері мен техникалық жай-күйі бойынша есепке алынатын қару-жарақты, техника мен басқа да мүлікті қоспағанда);
2) белгіленген тәртіппен есептен шығарылған қару-жарақты, техника мен басқа да мүлікті бөлшектеуден алынған жекелеген агрегаттарды, тораптарды, аспаптарды, қосалқы бөлшектерді, метал сынықтарын және заттай мүлікті сөгу кезінде алынған шүберекті кіріске алуды ресімдеуге арналған.
18. Сапалық жай-күйін өзгерту актісі үш данада жасалады: актінің бірінші данасы материалдық жауапты адамда қалады және жойылудан алынған жарамды тораптар мен бөлшектерді, сынықтарды, қалдық заттарды және т.б. қоймаға өткізу үшін негіз болады; екінші данасы қаржы қызметіне беріледі; үшінші данасы жоғары тұрған мемлекеттік мекемеге жолданады.
Сапалық жай-күйін өзгерту актісін бекіткен адамның қолы мөрмен расталады.
19. Актінің мазмұнды бөлігінде деректеме-негіздеме болып: 3-7-бағандарда есептен шығарылатын немесе бөлуге (сөгу) жататын мүлік бойынша есептік деректер; 9-14-бағандарда – қару-жарақты, техниканы және басқа да мүлікті бөлшектеу (бөлу, сөгу) кезінде алынған жекелеген агрегаттардың (тораптардың, аспаптардың, қосалқы бөлшектердің), металл сынықтарының, шүберектердің және т.б. сандық және сапалық жай-күйі туралы деректер жазылады.
20. Бекітілген сапалық жай-күйін өзгерту актісінде жазбаның бухгалтерлік есеп бойынша жүргізілгені туралы белгі қойылады.
3-тарау. Инспекторлық куәліктер бойынша әскери мүлікті есептен шығаруды ұйымдастыру
21. Әскери мүлікті есептен шығаруға арналған инспекторлық куәліктерді беруді Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығымен келісу бойынша мемлекеттік мекемелердің басшылары жүзеге асырады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2021 № 148 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Куәліктер:
1) мүлік табиғи апаттар немесе әскери іс-қимылдар нәтижесінде жоғалған;
2) мүлік өрт, зілзала немесе авария нәтижесінде жоғалған және лауазымды, басқа адамдарды материалдық жауапершілікке тарту үшін негіздер болмаған;
3) мүлік қарсыластың басып алуын, жеке құрамның денсаулығына қауіп төндіруін болдырмау және жұқпалы ауруларды ескерту мен жою мақсатында әскери қолбасшылықтың өкімі бойынша жойылған, жарамсыз (шекті) күйге келтірілген немесе жоғалған;
4) мүлік әскери іс-қимылдар жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары жеке құрамының өміріне қауіп төнген кезде жойылған, жарамсыз күйге келтірілген немесе жоғалған;
5) егер мүлікті жоғалтумен келтірілген залал кінәліден өндіріп алуға сот органдары айқындаған сомадан асқан немесе кінәліге заң бойынша әкімшілік тәртіппен салуға болатын сомадан асқан;
6) мүлікті жоғалтумен келтірілген залал сынаулар немесе оқу-жаттығулар барысында, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жол берілген және келтірілген залалдың сомасын кінәлі адамдардың есебіне жатқызу үшін негіз болмаған;
7) мемлекетке залал келтіруде кімде-кімнің кінәсі мойындалмаған (осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда);
8) сот дұрыс ресімделген және тиісті талапкерге уақтылы ұсынған актіден бас тартқан, ал оның шағымын жоғары тұрған орган қарағаннан және сот арыздан бас тарту туралы шешім шығарғаннан кейін - талапкер бас тартумен келіспеген;
9) мүлік ұрлау салдарынан жоғалған немесе жойылған, ал осыған кінәлі, айыпталушылар ретінде тартылуы тиіс адамдар анықталмаған не тергеуден әлде соттан жасырынған, өзге себептермен олардың орналасқан орны белгісіз болған; Бұл жағдайларда куәліктер беру іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешім шығарылғаннан кейін жүргізіледі;
10) борышкердің қайтыс болуына немесе жойылуына байланысты өндіріп алуды жаңғырту мүмкін болмаған, одан кейін заң бойынша белгіленген тәртіппен өндіріп алу бағытталатын мүлік қалмаған жағдайда беріледі.
23. Жарамсыз (шекті) күйге келген, олардың өндірістік сапасыздығы немесе конструктивтік кемшіліктеріне байланысты кепілде тұрған мүліктің барлық түрін есептен шығару өнім беруші кәсіпорыннан белгіленген тәртіппен келтірілген зиянды өндіріп алғаннан кейін ғана жүргізіледі.
Атқарылған жұмыстар АКТІСІ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2021 № 148 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мына құрамдағы комиссия _____________________________________________
(комиссия төрағасы мен мүшелерінің әскери атағы, тегі)
____________________________________________________________ негізінде
(бұйрықтың нөмірі мен шығарылған күні)
құжаттармен танысу және объектілерді қарау кезінде ______________________
______________________________________ анықтады.
(атқарылған жұмыстардың сипаттамасы)
Жұмыс төменде көрсетілген шығыс және жинақтаушы материалдарды пайдалана отырып жүргізілді:
Р/с | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Бірліктің бағасы |
Сомасы | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жұмысты орындадым: _______________________________________________
(жұмысты жүргізген адамның әскери (арнайы) атағы, қолы, Т.А.Ә. (егер болса)
Жұмысты қабылдадым: ______________________________________________
(жұмысты қабылдаған адамның әскери (арнайы) атағы, қолы, Т.А.Ә. (егер болса)
Комиссияның қорытындысы: ______________________________________________
Комиссия төрағасы: ______________________________________________________
(әскери (арнайы) атағы, қолы, Т.А.Ә.) (егер болса)
Комиссия мүшелері: ______________________________________________________
(әскери (арнайы) атағы, қолы, Т.А.Ә. (егер болса)
________________________________________________
20____жылғы "___" ____________
Ескертпе: 2-бағанда жинақтаушы материалдардың маркасы мен моделі,
ал 7-бағанда атқарылған жұмыстар туралы қысқаша ақпарат жазылады.