"Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақс

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 167 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 20552 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 407 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14067 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарды есепке алу қағидаларының 4-тармағының 15) тармақшасын, "Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының 6) тармақшасын және 9-тармағының 16) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 30 сәуірдегі
№ 167 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 маусымдағы
№ 407 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 89-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) есепке алу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) – жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы, сондай-ақ жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді қамтитын деректер базасы;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрі - ЭЦҚ).

      3. Азаматтарды есепке алуды олардың тұрғылықты жері бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүргізеді.

      Құжаттарды қараудың және бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қоюдың мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

2-тарау. Азаматтарды есепке алу тәртібі

      4. Азаматтардың есебіне:

      1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды;

      2) сот біреуін әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған ерлі-зайыптыларды;

      3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

      4) өзіне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерінен шеттетілген адамдарды;

      5) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;

      6) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды. Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар болған кезде, олардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді;

      7) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды;

      8) дәстүрлі емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;

      9) асырап алған кезде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар адамдарды, сондай-ақ осы тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген адамдарды;

      10) азаматтығы жоқ адамдарды;

      11) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;

      12) асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;

      13) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды;

      14) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және адамгершілікке, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы қылмыстық құқық бұзушылығы үшін соттылығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда);

      15) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтарын (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда, кәмелетке толған адамдар қойылады.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, балаларды асырап алғысы келетіні туралы өтініш (еркін нысанда) береді.

      6. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс немесе мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      8. Көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      9. Көрсетілетін қызметті алушының және, егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) жеке басын куәландыратын, көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, егер некеде тұрған болса, көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтаманы, неке қию туралы куәлікті, "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде балалардың туу туралы куәлігін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қызмет беруші қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушылардың осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес бала асырап алуға үміткер болуға сәйкестігін тексереді.

      Тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұрғын үйге тексеру жүргізеді, көрсетілетін қызметті алушыдың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін (бұдан әрі – акт) жасайды және акт жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтардың бала асырап алуға үміткер болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды дайындайды.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қорытындыға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыға порталға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындыны алғаны туралы хабарлама жібереді және оларды бала асырап алуға үміткер ретінде есепке қояды.

      Оң қорытынды алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылар Республикалық деректер банкінде қамтылған асырап алуға жататын жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратқа қол жеткізеді.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, орган қорытындыға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға порталға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда сол сәттен бастап көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін хабардар етеді.

      Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер Қағидалардың осы тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды

      14. Республикалық деректер банкінде жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді есепке алуды тоқтатуға:

      1) тұлғаның баланы отбасында тәрбиелеуге қабылдауы;

      2) Республикалық деректер банкінде ол туралы мәліметтерді есепке алуды тоқтату туралы өтініш;

      3) тұлғаға баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдау мүмкіндері берілген жағдалардың өзгеруі;

      4) баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғаның қайтыс болуы негіз болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.

      Мемлекеттік қызметті тікелей көрсеткен көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын,
жетім балаларды, ата-
аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларды асырап алуға
тілек білдірген адамдарды
есепке алу қағидаларына
1-қосымша

"Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Қызмет көрсету нысаны

Электрондық

5

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) қорытындысының дайындығы туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрліктің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

8

Құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында бала асырап алуға тілек білдіру туралы өтініш;
2) жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;
3) жиынтық табыстың мөлшері туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (жұмыс орнынан еңбекақысы туралы, Кәсіпкерлік қызметпен айналысудан түскен табыстары және некеде тұрған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мен жұбайының (зайыбының) өзге де табыстары туралы анықтама);
4) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса жұбайының (зайыбының) "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйін пайдалану құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда);
6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың психологиялық дайындықтан өткені туралы сертификаттың электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелет жасқа толмауы;
2) көрсетілетін қызметті алушыны соттың әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тануы;
3) соттың ерлі-зайыптылардың біреуін әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тануы;
4) соттың көрсетілетін қызметті алушыны ата-ана құқықтарынан айыруы немесе ата-ана құқықтарынан шектеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушыны Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерінен шеттету;
6) соттың бала асырап алушылардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жоюы;
7) көрсетілетін қызметті алушының ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіретін ауруының болуы;
8) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы;
9) көрсетілетін қызметті алушының дәстүрлі емес жыныстық бағдарды ұстануы;
10) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы, сондай-ақ осы тармақтың 15) тармақшасында аталған адамдар;
11) көрсетілетін қызметті алушының азаматтығының болмауы;
12) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) ер жынысты көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
13) көрсетілетін қызметті алушының баланы асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысының болмауы;
14) көрсетілетін қызметті алушының наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұруы;
15) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған (2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
16) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген (баланың жақын туыстарын қоспағанда) көрсетілетін қызметті алушылар;
17) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда электрондық нысанда портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ, Бірыңғай байланыс орталығының "1414", 8 800 080 7777 телефоны арқылы алады

  Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын,
Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын,
жетім балаларды,
ата-аналарының
қамқорлығынсыз
қалған балаларды асырап
алуға тілек білдірген адамдарды
есепке алу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау АКТІСІ

1. Азаматтардың жалпы мінездемесі

      Тегі ________________________________________________________________

      Аты ________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________________________

      туған күні ___________________________________________________________

      азаматтығы _________________________________________________________

      білімі _______________________________________________________________

      жұмыс орны ________________, лауазымы _______________________________

      тұратын мекен-жайы __________________________________________________

      некеде ____________________ бастап ___________________________________

                  (тұрады, тұрмайды)                   (неке тіркелген күн)

      бұдан бұрынғы некелері ______________ бастап _____________ дейін

      (иә, жоқ)

      тегі ________________________________________________________________

      аты ________________________________________________________________

      әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________________________

      туған күні ___________________________________________________________

      азаматтығы _________________________________________________________

      білімі ______________________________________________________________

      жұмыс орны ________________, лауазымы ______________________________

      тұратын мекен-жайы _________________________________________________

      некеде ___________________ бастап ___________________________________

                  (тұрады, тұрмайды)                   (неке тіркелген күн)

      бұдан бұрынғы некелері _____________ бастап ______________ дейін

      (иә, жоқ)

      балалары ___________________________________________________________

                              (бар, жоқ)

      тегі _________________________________________________________________

      аты _________________________________________________________________

      әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________________

      туған күні ____________________________________________________________

      құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен бөлек-бөлек) _____________

      бірге тұрады ________________________________________________________

      (иә, жоқ)

2. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының сипаттамасы

      жалпы ауданы _______ (ш.м.), тұрғылықты ауданы _____________ (ш.м.)

      тұрғын бөлмелердің саны _____________________________________________

      тіркелгендер ________________________________________________________

                              (тұрақты, уақытша)

      тұрады ____________________________________________________________ ,

                              (тұрақты, уақытша)

      оның ішінде _______________________________________ құқығымен

                        (меншік иесі, жалдаушы, қосымша жалдаушы)

      үйдің, пәтердің тиесілілігі _____________________________________________

                                    (мемлекеттік, жеке)

      тұрғын үйдің жайлылығы _____________________________________________

                              (абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)

      санитариялық-гигиеналық жай-күйі ____________________________________

      (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)

      тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер _________________________________

3. Отбасы мүшелерінің және бірге тұратын азаматтардың сипаттамасы

      отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:

      тегі _________________________________________________________________

      аты _________________________________________________________________

      әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________________

      туған күні ____________________________________________________________

      азаматтығы __________________________________________________________

      жұмыс/оқу орны _______, лауазымы/мамандық _____, жылдық табысы ______

      туыстық қатынастар

      бірге тұратын басқа азаматтар:

      тегі _________________________________________________________________

      аты _________________________________________________________________

      әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________________________

      туған күні ___________________________________________________________

      азаматтығы __________________________________________________________

      жұмыс/оқу орны _______, лауазымы/мамандық ______, жылдық табысы _____

      құқықтық қатынастар _________________________________________________

      (жалдаушы, қосымша жалдаушы құқығы, басқа (көрсету)

4. Биографиялық деректер

      балалық шақта және жасөспірім кезеңдегі отбасы ахуалы _______________

      ата-анасымен қарым-қатынасы _____________________________________

                              аға-інілерімен, апа-сіңлі-қарындастарымен, басқа туыстарымен

      қарым-қатынасы _________________________________________________

5. Отбасы ішіндегі өзара қарым-қатынастар

      отбасының бұрынғы ерлі-зайыптылық өмірінің сипаттамасы ______________

      отбасының қазіргі уақыттағы жағдайы _________________________________

      бала асырап алушылардың жеке қасиеттері _____________________________

      қызығушылығы, бос уақытын өткізуі ___________________________________

      дүниетанымы _______________________________________________________

      дінге _______________________________________________________________

      бала тәрбиелеуге көзқарасы __________________________________________

      балалармен қарым-қатынас тәжірибесінің бар-жоғы _____________________

      жақын туыстарының бала асырап алуға көзқарасы _______________________

6. Бала асырап алуға себеп

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

7. Қорытынды

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (баланы отбасына қабылдау үшін қажетті жағдайлар бар ма)

      __________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), тексеріс жүргізген тұлғаның

      лауазымы

      20__ жылғы "____" __________ __________________ (қолы)

      "Таныстырылды":

      _______________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), азаматтардың қолы

      _______________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), азаматтардың қолы

  Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын,
Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын,
жетім балаларды,
ата-аналарының
қамқорлығынсыз
қалған балаларды асырап
алуға тілек білдірген адамдарды
есепке алу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын
органның атауы)

Бала асырап алуға үміткер (үміткерлер) болудың мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы ҚОРЫТЫНДЫ

      (астын сызу)

      Тегі _________________________________________________________________

      аты _________________________________________________________________

      әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________________

      туған күні ____________________________________________________________

      тегі _________________________________________________________________

      аты _________________________________________________________________

      әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________________

      туған күні ____________________________________________________________

      мекен-жайы (тұратын мекен-жайы, индекс) _______________________________

      Отбасының сипаттамасы (құрамы, некенің ұзақтығы (қайта некеде болған кезде бұрынғы некеден балаларының бар-жоғы көрсетілсін), балалармен қарым-қатынас жасау тәжірибесі, отбасы мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынас, жақын туыстардың бар-жоғы және олардың бала асырап алуға көзқарасы, бала асырап алуға үміткерлердің мінез-құлық ерекшеліктері); ерлі-зайыптылардың біреуі бала асырап алған кезде екіншісінің бала асырап алуға келісімінің бар екені көрсетілсін).

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Білімі және кәсіби қызметі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Денсаулық жағдайының сипаттамасы (денсаулығының жалпы жай-күйі, бала

      асырап алуға кедергі келтіретін ауруларының жоқтығы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Материалдық жағдайы (мүлкі, жалақысының мөлшері, табыстардың өзге түрлері)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Бала асырап алуға себеп

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Азамат ______________________________________________________________

                  (өтініш берушінің (берушілердің) Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)

      бала асырап алуға үміткер (үміткерлер) болуының мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытынды

      ____________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы

      20__ жылғы "____" __________

      М.О. __________________ (қолы)

  Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын,
жетім балаларды, ата-
аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларды асырап алуға
тілек білдірген адамдарды
есепке алу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  _________________________
(Нұр-Сұлтан, Алматы және
Шымкент қалаларының,
аудандардың және облыстық
маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы органы)

Бала асырап алуға үміткер(лер) болудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындыны алу туралы хабарлама

      ______________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      _______________________________( көрсетілетін қызметті алушының туған күні)

      Бала асырап алуға үміткер болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды алу үшін

      _______________________________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының,

      аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы

      органдарының мекенжайы)

      _______________________________________________________________

      Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық

      маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары) хабарласу қажет.

      Жауапты тұлғаның ЭЦҚ расталған хабарламасы:

      _________________________________________________

      (жауапты тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы).