"Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығына өз

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 228 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 сәуірде № 20499 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 24 қаңтарда № 11395 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-4) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі
№ 228 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 206 бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 23-14) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және көлік құралының габаритін, салмағын және (немесе) біліктік жүктемелерін ескере отырып, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары арқылы және елді мекендердің көшелері арқылы жүріп өту үшін Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының жол берілетін габариттік және салмақтық параметрлерінен асатын, автокөлік құралдарымен тасымалданатын бөлінбейтін жүктерді немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдаумен байланысты барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      3. Қағидаларда қолданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:

      1) ауыр салмақты автокөлік құралы - толық салмағы немесе біліктік жүктемелері Қазақстан Республикасы аумағында автомобиль жолдарымен жүру үшін белгіленген рұқсат етілген салмақтық параметрлерден асатын жүгi бар немесе жүксіз автокөлік құралы;

      2) ауыр салмақты және (немесе) iрi габаритті автокөлік құралдарының жүрiп өтуіне арналған арнайы рұқсат - Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерінен габариті, салмағы және (немесе) біліктiк жүктемелерi бойынша асып түсетін жүксіз немесе бөлінбейтін жүгi бар, не мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүктері бар, Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша отандық және шетелдiк iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне құқық беретiн қағаз тасығыштағы немесе электрондық рұқсат беру құжаты (бұдан әрі - арнайы рұқсат);

      3) бақылаушы органдар - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлiгі Көлік комитетiнің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкiлеттi орган), әкімшілік полиция және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кіріс органдары (бұдан әрі - мемлекеттік кіріс органдары);

      4) бөлінбейтін жүк - тасымалдау кезінде мақсатын өзгертпей, шамадан тыс шығындарсыз немесе оның бүліну тәуекелінсіз екі немесе одан көп бөлікке бөлуге болмайтын ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүк;

      5) бүркемелеу автомобилi - iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралына барлық жүру бағыты бойынша iлесiп жүру үшiн тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi бөлген автомобиль;

      6) еңістік (бір қатарлы, екі қатарлы)- автокөлік құралы білігінің бір жағында орналасқан (дара, қосарланған) дөңгелектердің саны;

      7) жергiлiктi тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгі шегiнде өтетiн тасымал;

      8) келiсушi ұйымдар - автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ұйымдар немесе iрi габариттi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүру бағытында автомобиль жолдары, жол құрылыстары және коммуникациялық объектiлерi (көпiрлерi, жолөткелдерi, темiр жол өтпелерi, электр желiлерi, байланыс кабелдерi және т.б.) теңгерiмiнде бар, шаруашылық жүргiзу, сенімгерлік немесе жедел басқару құқығында автомобиль жолдарына иелiк ету немесе басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      9) көліктік бақылау посты - арнайы лайықталған ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткiзу пунктi;

      10) отандық және шетелдiк iрi габаритті және (немесе) салмағы ауыр автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі үшін алым - "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25-желтоқсандағы кодексінде (бұдан әрі - Кодекс) белгіленген тәртіппен алынатын iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі салдарынан автомобиль жолдарына және жол құрылыстарына келтiрiлген залалды ақшалай өтеу (бұдан әрі - автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым);

      11) өңiраралық тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының екi және одан да көп облысы арқылы өтетiн тасымал;

      12) өңiраралық тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының екi және одан да көп облысы арқылы өтетiн тасымал;

      13) ілесіп жүру автомобилі - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралына автомобиль жолдарымен ілесіп жүретін, тиісті тану белгілері бар Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөлімшелерінің (бұдан әрі - әкімшілік полиция) ақысыз негізде ұсынатын патрульдік автомобилі;

      14) iрi габаритті автокөлiк құралы - автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген рұқсат етiлген габариттік параметрлері асып түсетiн жүгімен немесе жүксiз автокөлiк құралы;

      15) iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүк - автокөлiк құралдарымен тасымалдау кезiнде рұқсат етiлген габариттік параметрлерден асатын және (немесе) жүгi бар автокөлiк құралының толық салмағы немесе біліктік жүктемелерi автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген рұқсат етiлген салмақтың параметрлерден асып түсетiн жүк;

      16) iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдау бағытын келiсу - келiсушi ұйымдардың iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының белгiленген бағыт бойынша жүру шарттарын белгiлеуi.

2-тарау. Автомобиль жолдары бойынша ірi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру тәртiбi

      4. Автомобиль жолдары бойынша ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүкттерді немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүктерді автокөлік құралымен тасымалдауға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы рұқсат болған кезде ғана рұқсат етіледі

      5. Автомобиль жолдары бойынша қозғалу үшін автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген габариттік және салмақтық параметрлерiнен асатын автокөлiк құралының габариттері мен салмағын ескере отырып, бөлiнетiн жүктердi автокөлiк құралымен тасымалдауға жол берілмейді.

      6. Автомобиль жолдары бойынша іpi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүктерді немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелердің, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесінің (бұдан әрі - ЖЖҚ) және осы Қағидалардың талаптарына, сондай-ақ оларды өндiрушi немесе жүк жөнелтуші (жүк алушы) белгiлеген iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктердің тасымалына қойылатын қосымша талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Іpi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүктерді немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдау, оның iшiнде Арнайы рұқсатты алу бөлiгіндегi жалпы шарттар халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында айқындалады.

      8. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүктерді немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға тиiстi санаттағы автокөлiк құралын басқару құқығы бар жүргiзушiге рұқсат етiледi.

      9. Тасымалдаушының және (немесе) жүк жөнелтушiнiң жауапты өкiлi iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүктерді немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдаумен айналысатын жүргізушi(лер)ге және жүк жинаушыларға қауiпсiздiк техникасы жөнiнде арнайы нұсқаулық өткiзедi.

      10. Қозғалыс басталар алдында бекітіліп берілген ірi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүктермен немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүкпен бірге автокөлiк құралын жүргiзушi, жүк тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінiң жауапты өкілдерi қарап тексереді. Жүк Заңның 13-бабының 23-9) тармақшасына сәйкес бекітілген автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес бекiтіледi және таңбаланады.

      11. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдары, сондай-ақ бүркемелеу автомобильдерi қызғылт немесе сары түстi арнайы жарық беру сигналдарымен (жарқылдауық маяктармен) жабдықталады.

      Қозғалыс кезiнде жарқылдауық маяктардың жұмысы жол қозғалысының басқа қатысушыларына қосымша хабар беру құралы болып табылады және артықшылықпен жүрiп өту құқығын бермейдi.

      12. Арнайы рұқсат iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргiзушiсiнде болады және бақылаушы органдар өкiлдерінің талабы бойынша көрсетiледi.

      13. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының автомобиль жолдары бойынша жол жүріп өтуiне қозғалыс қарқындылығы мейлiнше аз сағаттарда, ал елдi мекендерден тыс жерлерде - тәулiктiң жарық уақытында рұқсат етіледi.

      Тәулiктің қараңғы уақытында елдi мекендерден тыс жерлердегі жолдармен, сондай-ақ тәулiктің жарық уақытында қозғалыс қарқынды болған кезде тасымалдауға iрi габаритті және ауыр салмақты көлiк құралының жүріп өтуiн бүркемелеу немесе ілесіп жүру автомобилінің ерiп жүруi шартымен ғана рұқсат етіледi.

      14. Көлiк құралдарының қозғалысын елеулi түрде кiдiртуге және айналасындағылар үшiн жоғары қауіп төндiруге қабілеттi жол-ауа-райының қолайсыз жағдайлары мен қозғалыс қарқындылығы жағдайларында тасымалдауға рұқсат етілмейдi.

      15. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралымен, сондай-ақ бүркемелеу және iлесіп жүру автомобильдерімен тәулiктiң жарық уақытында қозғалған кезде жақынға жарық түсiру шамдары қосылады.

      16. Мына жағдайлардың барлығында:

      1) iрi габаритті автокөлік құралының ені 3,5 метрден асатын болса;

      2) iрi габаритті автокөлік құралының ұзындығы 24 метрден асатын болса;

      3) iрi габаритті автокөлiк құралының биіктігі 4,5 метрден асатын болса;

      4) автокөлік құралының жалпы салмағын "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес белгіленген рұқсат етілген жалпы салмағынан асатын болса;

      5) Арнайы рұқсаттың "Қозғалыстың ерекше шарттары" бағанында жол жүру бағытындағы қандай да бiр жол құрылысы бойынша жеке дара тәртіппен қозғалуы рұқсат етіледi деп көрсетiлген жағдайда немесе жол жүру бағытының жекелеген учаскелерінде қозғалысты ұйымдастыруға жедел ықпал етудi талап ететiн басқа да шарттар көрсетiлген басқа жағдайларда, бүркемелеу автомобилiнiң болуы міндетті.

      17. Елді мекендерде:

      1) iрi габаритті автокөлiк құралының енi 5,0 метрден асатын;

      2) iрi габаритті автокөлiк құралының ұзындығы 40,0 метрден асатын;

      3) қозғалыс кезiнде iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қарсы қозғалыс жолағын ең болмағанда iшiнара иеленуге мәжбүр болған жағдайларда ғана ілесіп жүру автомобилінің болуы міндетті.

      18. Уәкілетті орган немесе мемлекеттік кірістер органдары ірі көлемді автокөлік құралдарының елді мекендер арқылы өтуіне ілесіп жүру автомобилі қажет болған кезде oсы Қағидалардың 17-тармағында көзделген жағдайларда полицияның тиісті аумақтық бөлімшелеріне Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыт бойынша iрi көлемді ауыр салмақты автокөлік құралына ілесіп жүру қажеттілігі туралы хабарламаны жолдайды.

      Полицияның аумақтық бөлімшелері хабарламаны алған күннен кейін келесі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ірі көлемді автокөлік құралдарының елді мекендер арқылы жүріп өтуіне жәрдемдеседі, ол туралы тасымалдаушыға хабарлайды.

      19. Бүркемелеу немесе iлесіп жүру автомобилi оның сол жағы iлесiп жүретiн iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының сол жағынан шығыңқы болатындай түрде жол бере отырып, iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының алдында 10-20 метр қашықтықта қозғалады.

      20. Көпірлер мен жол құрылыстары арқылы жүріп өту кезінде қозғалыс келiсушi ұйымдар айқындаған шарттарға сай жүзеге асырылады.

      21. Ілесiп жүру автомобилi жол қиылыстарынан өту кезiнде авариялық жағдайларды болдырмау мақсатында қиылысатын көшелер мен жолдардағы қозғалысты уақтылы тоқтатуды қамтамасыз етедi.

      22. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қозғалысының жылдамдығы Арнайы рұқсатта белгіленген көрсеткiштерден аспауы тиiс.

      Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жалпы пайдаланылатын жолдар бойынша қозғалған кезде жылдамдығы 60 км/сағаттан, ал жасанды құрылыстарда 10 км/сағаттан аспауы тиiс.

      23. Қозғалыс процесiнде iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргізушiсi:

      1) қарсы келе жатқан автокөлiк құралдарын кедергісiз және қауiпсiз өткiзiп жiберу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;

      2) жол қозғалысына бөгет жасамайды және артында келе жатқан автокөлiк құралдарының басып озуына мүмкiндiк бередi.

      24. Iрi габаритті көлiк құралының биiктiгi 4,5 метрден артық болған жағдайда, тасымалдаушы көпiрлердiң, құбыр жолдардың және басқа да коммуникациялардың астымен қозғалу кезiнде биiктiктi қосымша бақылаулық өлшеуi қажет.

      25. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiн жүзеге асыра отырып:

      1) мерзiмi өткен Арнайы рұқсатпен рейске шығуға;

      2) Арнайы рұқсатқа қандай да бiр өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге;

      3) белгiленген қозғалыс бағытынан ауытқуға;

      4) Арнайы рұқсатта көрсетілген қозғалыс жылдамдығын арттыруға;

      5) 30 км/сағат және одан жоғары жылдамдықпен келе жатқан автокөлiк құралдарын басып озуға;

      6) басқа көлiк құралдарын сүйретуге;

      7) қозғалысты қолайсыз ауа-райы жағдайларында (көктайғақ, көрiнiм 100 метрден кем және т.с.с.) жүзеге асыруға;

      8) егер тасымалдау шарттарында мұндай қозғалыс тәртiбi белгiленбесе, жол жиегімен жүруге;

      9) жолдың жүру бөлігінiң шегінен тысқары орналасқан арнайы тұрақтардан тыс жерлерге тоқтауға;

      10) автокөлiк құралының техникалық жарамсыздығы туындаған немесе қозғалыс қауiпсiздігіне және (немесе) жүктiң сақталуына қауiп төндiретiн жүктiң бекiтiлуi бұзылған кезде қозғалысты жалғастыруға жол берілмейді.

      26. Автокөлiк құралдарының салмақтық және габариттiк параметрлерiн айқындау кезiнде өлшеу жабдығының тасымалдаушының пайдасына шешiлетiн белгіленген ауытқулықтарын ескере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес автокөлік құралының параметрлерін өлшеу актісі жасалады.

      Автокөлік құралының параметрлерін өлшеу актілері қатаң есептілік бланкілері болып табылады.

      27. Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жол берілетін салмақтық және (немесе) габаритті параметрлерінің асып кету фактісі анықталған жағдайда, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қабылданады және мынадай жағдайларда:

      1) автокөлік құралының салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін асыра отырып, жол жүру бағыты бойынша әрі қарай жүксіз немесе бөлінбейтін жүкпен не мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүкпен жүру және автокөлiк құралдарының жол жүру бағыты іс жүзінде жүріп өткен жолына алым сомасын төлеу, сондай-ақ осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте арнайы рұқсат қағазын ала отырып жүріп өту, алдағы бөлігіне алым соммасын төлеу, жүксіз немесе бөлінбейтін жүгі не мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүгі бар ір габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының арнайы рұқсатсыз жүріп өткені анықталған кезде, сондай-ақ арнаы рұқсаттың мерзімі өтіп кеткен кезде;

      2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлеріне сәйкес келтіру үшін тасымалдаушының автокөлік құралын артық жүктен босатуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралы шыққан кезде және арнайы рұқсат берілместен іс жүзінде жүріп өткен бағыттың бір бөлігі үшін автокөлiк құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын төлеу - бөлінбейтін жүк немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүкке жатпайтын жүгі бар ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені анықталған кезде;

      3) автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн төленген алымға қосымша осы Қағидаларда белгіленген тәртіпті бұза отырып және салмақтық және габариттік параметрлердi іс жүзінде көрсете отырып, осы Қағидаларда белгілеген тәртіппен арнайы рұқсатты ала отырып, іс жүзінде жүріп өткен бағыт үшін автокөлiк құралдарының алымын тасымалдаушы төлегеннен кейін - iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының арнайы рұқсатта көрсетілген параметрлерінің бiрiнен асып кету фактісі анықталған кезде;

      4) тасымалдаушы іс жүзінде жүріп өткен бағыт бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасын төлеген және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен арнайы рұқсатты алғаннан кейін - iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жолды арнайы рұқсатта көрсетілген бағыттан ауытқи отырып жүріп өтуі анықталған кезде;

      5) осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген мерзімде әкімшілік полициясы ілесіп жүру автомобилін бөлгеннен кейін - осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген жағдайларда ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының ілесіп жүру автомобилінсіз жүріп өтуі анықталған кезде;

      6) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлеріне сәйкес келтіру үшін тасымалдаушының автокөлік құралын артық жүктен босатуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралының шығуы үшін және іс жүзінде жүріп өткен жол үшін алым сомасын төлеу - бөлінбейтін жүкке немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүкке жатпайтын жүгі бар, арнайы рұқсаты бар ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені анықталған кезде тасымалдау қалпына келтіріледі.

3-тарау. Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсатты беру тәртібі

      28. "Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсатты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметті) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштерді (бұдан әрі - өтініш) тасымалдаушылардың (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет алушы) беруі арқылы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кіріс органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді:

      1) отандық тасымалдаушы - Мемлекеттік корпорацияға немесе www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы;

      2) шетелдік тасымалдаушы - уәкiлетті органға немесе мемлекеттік кіріс органдарына береді.

      29. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі-Стандарт) нысанында мемлекеттік қызметті көрсету Қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес жазылған.

      30. Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезінде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      31. Жеке басты куәландыратын құжат мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      32. Көрсетілетін қызметті алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      33. Құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      34. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      35. Өтінішті портал арқылы берген кезінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

      Тиісті ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерде мемлекеттік қызметті көрсету стандартына сәйкес тізімдер мен шарттар көрсетіледі.

      36. Көрсетілетін қызметті берушіге өтiнiш түскен кезде оны тіркеу және ондағы мәлiметтердi:

      1) ұсынылған ақпараттың толықтығы;

      2) жүкті тасымалдауға қойылатын автокөлік құралының техникалық сипаттамаларының сәйкестігі мәніне тексеру жүргізіледі.

      37. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін портал арқылы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

      38. Арнайы рұқсатты алуға өтінішті қарастыру мерзімі ол тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін, ал тасымалдау бағытын келісу қажет болмаған жағдайда - 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

      39. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген мерзім ішінде тасымалдаушыны Арнайы рұқсатты беру және Кодексте белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені үшін төленуі қажет алым сомасы туралы тасымалдаушыға хабарлайды немесе Арнайы рұқсат беруден дәлелді бас тартуды береді.

      Тасымалдаушыға хабар берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасы төлемінің болмауы жағдайда, арнайы рұқсатты беру жүзеге асырылмайды.

      40. Арнайы рұқсат қозғалыс маршрутын белгілегеннен және Кодексте белгіленген мөлшерлемелер бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым (бұдан әрі - алым) сомасы төленгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күнінен астам емес мерзімде беріледі.

      41. Көрсетілетін мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) келiсушi ұйымдардың мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы;

      4) егер автокөлiк құралының жасаушы зауыт белгілеген техникалық сипаттамалары тасымалдауға мәлiмделген iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермесе;

      5) тасымалдаушыға хабар берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасы төлемінің болмауы;

      6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы

      42. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларда өтінішті қарау барысында тасымалдаушының өтінішін келісуші ұйымдармен келісуді жүргізеді.

      Өтінішті келісу мерзімі ол келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

      Келісуші ұйымнан белгіленген мерзімде жауап болмаған жағдайда, тасымалдаушының өтініші келісілген болып есептеледі.

      43. Ұсынылған тасымалдау маршрутын келiсу кезiнде тасымалдау қауiпсiздiгiн, жолдардың, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету, жол жүру бағытындағы қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шаралар қабылдау қажеттілігi бөлiгiнде жүру жолы бойынша автомобиль жолдарының, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабiлетi және өткiзу қабiлеті бағаланады.

      44. Автомобиль жолдарының жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабілетiн бағалау үшiн есептеудiң сынақтан өткiзiлген әдiстерiн, жолдардың жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың жай-күйi туралы ақпаратты, сондай-ақ қосымша зерттеулердің материалдарын пайдалануға рұқсат етiледi.

      45. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралын өткізудің теріс көрсеткіштері болмаса, онда келісуші ұйым отандық тасымалдаушының өтiнiшінде портал арқылы, ал шетелдік тасымалдаушының өтiнiшінде мөрмен куәландыра отырып, жазбаша түрде өз шешiмiн растайды.

      46. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша ipi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі мүмкін болмаса немесе егер оны жүзеге асыру үшін жол жамылғысын немесе жол құрылыстарын нығайту бойынша қосымша шаралар жүргізу талап етілетін болса, келісуші ұйым бұл туралы уәкілетті органды немесе мемлекеттік кіріс органдарын жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында хабардар етеді немесе күшейту жұмыстарын орындау қажет болған кезде басқа жол жүру бағытын ұсынады.

      47. Арнайы рұқсатты алуға өтiнiш:

      1) автокөлiк құралы табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн жұмысқа тартылған;

      2) бұрын алынған арнайы рұқсатта көрсетілген автокөлік құралының техникалық сипаттамалары және салмақтық-габариттік параметрлері сәйкес болған кезде көлік құралын ауыстырған (сынған жағдайларда);

      3) бұрын алынған арнайы рұқсаттың мерзімі аяқталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күні қалғанда арнайы рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзартқан жағдайларда 1 (бір) жұмыс күнінде қаралады.

      Қағидалардың осы тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым өндірілмейді және бұрын алынған арнайы рұқсатта көлік құралы ауыстырылғаны немесе арнайы рұқсаттың қолдану мерзімі ұзартылғаны туралы өзгерістер енгізіледі.

      Арнайы рұқсаттың қағаз тасығышындағы өзгерістер уәкілетті орган немесе мемлекеттік кіріс органдары басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылады және мөрмен куәландырылады.

      Арнайы рұқсаттағы ұзарту мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспауы тиіс.

      48. Өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер мен деректемелер:

      1) егер тасымалдаушы заңды тұлға болып табылса, бiрiншi басшының (оның орынбасарының немесе сенiмдi адамының) қолымен және мөрмен;

      2) егер тасымалдаушы жеке тұлға болып табылса, қолымен және жеке басын куәландыратын құжат деректері.

      3) егер тасымалдаушы дара кәсіпкер болып табылса, қолымен және дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы куәлігінде қамтылған деректер көрсетіле отырып куәландырады.

      Электрондық сұрау салуды беру кезінде мәлiметтер мен деректемелер электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

      49. Көрсетілген мерзiм iшінде жарамды болатын арнайы рұқсат белгiленген бағыт бойынша бiр тұрпатты iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүкті немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында сұйық жүкті тасымалдайтын бiр автокөлiк құралына берiледi.

      Арнайы рұқсат алты айға дейiнгi мерзiмге беріледі.

      50. Арнайы рұқсат осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды түрде дайндалады.

      51. Берілген арнайы рұқсаттар туралы мәліметтер уәкілетті органның электронды ақпараттық ресурсында қалыптасады.

      52. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      53. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация филиал басшысының атына Мемлекеттік корпорацияның интернет-жүйесінде көрсетілген www.gov4c.kz мекен-жайы мен телфондары арқылы беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оны қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін көрсетіле отырып, кеңседе тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні) болып табылады.

      54. Мемлекеттік қызметті көрсету сұрақтары бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының, көлік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына бере алады.

      55. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті берушімен, уәкілетті органмен оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органымен оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      56. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 25-бабы 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушімен, уәкілетті органмен және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      57. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

  Қазақстан Республикасының
аумағында ірі габаритті және
ауыр салмақты жүктерді
тасымалдауды ұйымдастыру
және оны жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат № _____

АКҚ маркасы


Моделі


Нөмірлік белгісі


Бағыты


Бағыт бойынша өтетін елді мекендердің атауы


Жолдың ұзақтығы, км


1. Көлік құралының параметрлері:

Көлік құралының жалпы салмағы, тоннамен______________

Жүктің салмағы, тоннамен

Ұзындығы, метрмен______________

ені, метрмен____

биіктігі, метрмен____

Көлік құралының артқы сыртқы нүктесінен жүктің тысқары шығуы, метрмен


Доңғалақ біліктерінің орналасу схемасы және олардың арақашықтығы, метрмен











Осьтері бойынша жүктеме, тоннамен

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











2. Ілесіп жүру үшін бөлінген көлік құралдары

Маркасы


Моделі


Нөмірлік белгісі______________


3. Жүкті тасымалдаушы ұйымның деректері

Атауы/ТАӘА /


Мекенжайы және телефоны


      4. 20___жылғы "____" __________ бастап 20___ жылғы "____" __________ дейін жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар бойынша жылдамдығы 60 км/сағаттан астам емес, ал жасанды құрылыстарда 10 км/сағат жүруге рұқсат етіледі.

      5. Қозғалыстың ерекше жағдайлары: Бөлінбейтін жүктерді не мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүктері бар отандық және шетелдiк iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автокөлiк құралдарымен ЖҚЕ мен ҚР ИИДМ-нің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Жүріп өткені үшін алымдар есебі ____________________________________________

      Төлем сомасы ______________________________________________________________

      (жазбаша)

      7. Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым:

      Негізгі тартқыштың жүргізушісі______________________________________________

      (ТАӘА)

      Жүкпен ілесіп жүретін тұлға _________________________________________________

      (ТАӘА)

      8. Рұқсат __________________________________________________________________

      (Уәкілетті органның атауы, тегі, аты,

      _________________________________________________________________________ берілді.

      әкесінің аты (болған кезде), берілген күні)

      Ескертпе: арнайы рұқсаттың барлық бағандары біркелкі сиямен толтырылуы тиіс (толтырылмаған бағандар сызылып тасталады).

  Қазақстан Республикасының
аумағында ірі габаритті және
ауыр салмақты жүктерді
тасымалдауды ұйымдастыру
және оны жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Автокөлік құралының параметрлерін өлшеу актісі №_____ серия ______

      20__жылғы "___" _______ сағ.___мин.___. _______________________

      (Күні және уақыты)                              (Толтыру орны)

      Біз, бас (жетекші) маман(дар)_______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымды тұлғаның Т.А.Ә., мемлекеттік органның атауы)

      және автокөлік құралының жүргізуші (заңды тұлғаның өкілі)____________________________

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., жеке басын (өкілеттікті) куәландыратын құжат,

      ________________________________________________________________________________

      тұратын (орналасқан) жері, жұмыс орны (бар болған кезде)

      Автокөлік құралының (тартқыш) маркасы__________ мем.номер ___________

      тіркеме/жартылай тіркеме___________ мем.номер ___________

      Жүру бағыты _________________арақашықтығы_______________км.

      Жүктің атауы___________________жүктің салмағы_____________т.

      Ілеспе құжаттар:__________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жол парағы, арнайы рұқсат (бар болған кезде), кіммен және қашан берілді)

      Куәлардың (куәгерлердің) қатысуымен:

      1.______________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., тұратын орны, телефоны, қолы)

      2.______________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., тұратын орны, телефоны, қолы)

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының кодексінің 754, 755-баптарында көрсетілген құқықтармен және міндеттермен таныстық.

      Осы автокөлік құралының параметрлерін өлшеу актісі бастапқы деректер бойынша жасалды:

Параметрлері

Рұқсат етілген

Нақты

Асқаны

Жол бетінен есептелген биіктігі, м.




Ені, м.




Ұзындығы, м.




Жүк автокөлік құралының артқы сыртқы нүктесiнен тысқары шықпауы тиіс




Толық салмағы, т.




Тіркеменің толық салмағы, т.




АКҚ-ң доңғалақ формуласы

Осьі

1- осьі

2- осьі

3- осьі

4- осьі

5- осьі

6- осьі

7- осьі

8- осьі

9- осьі

Рұқсат етілген










Нақты










%










Еңістігі










Біліктердің арақашықтығы, м.










      Өлшеу__________________________________________________________________________

      (техникалық өлшеу құралын метрологиялық тексерудің атауы, нөмірі, күні) жүргізілді.

      Автокөлік құралын____________ мем. нөмірі __________ қайта өлшеу нәтижесі

      бойынша салмақтық және (немесе) габариттік параметрлері белгіленген автокөлік

      құралдарының рұқсат етілген параметрлерінен артық/артық емес (қажеті сызылсын)

      Жүріп өтуі үшін алым сомасының есебі______________________________________________

      Төлеу сомасы ____________________________________________________________________

      Актіні жасаған(дар)_______________________________________________________________

      (Т.А.Ә., лауазымы) (қолы)

      Куәлар (куәгерлер): 1.______________________ 2. ___________________

      (Т.А.Ә., қолы)            (Т.А.Ә., қолы)

      Актінің көшірмесін алдым _________________________________________________________

      (жүргізушінің (заңды тұлға өкілінің) Т.А.Ә., қолы)

  Қазақстан Республикасының
аумағында ірі габаритті және
ауыр салмақты жүктерді
тасымалдауды ұйымдастыру
және оны жүзеге асыру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралының жүріп өтуіне арнайы рұқсатты алу (ұзарту) үшін өтініш

Тасымалдаушының атауы


Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) / бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН)


Мекенжайы, телефоны


Жүктің атауы


Жүктің салмағы (тоннамен)


Автокөлік маркасы:

мемлекеттік нөмірi:

Тіркеменің (жартылай тіркеменің) маркасы:

мемлекеттік нөмірi:

Көлік құралының түрі


Жүк көтергіштігі (тоннамен)


Изотермиялық шанақтың болуы


Әуе немесе оған балама аспаның болуы:

Жүру бағыты

Бағыттың жалпы ұзақтығы (километрмен):

оның ішінде қалалардың аумағы бойынша (километрмен):

Рейстердің (жол жүру) саны:

Жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде):

Ілесіп жүру түрi:

мемлекеттік нөмірi:

Жүру күні мен уақыты:

Арнайы рұқсатты ұзарту немесе көлік құралын ауыстыру жағдайларында толтырылады (қажеті сызылсын)

Бұрын берілген арнайы рұқсаттың нөмірі мен күні:

Ауыстырылатын автокөлік маркасы:

мемлекеттік нөмірi:

Ауыстырылатын тіркеме (жартылай тіркеме) маркасы:

мемлекеттік нөмірi:

Автокөлік құралының жүгін қоса есептегендегі нақты салмақтық және габариттік параметрлері

Параметрлерi

Нақты

Рұқсат етілген

Асқаны

Жол бетінен биіктігі, метрмен




Ені, метрмен




Ұзындығы, метрмен




Көлік құралының артқы сыртқы нүктесінен жүктің тысқары шығуы, метрмен




Толық салмағы, тоннамен




Тіркеменің толық салмағы, тоннамен




Доңғалақ формуласы (еңістігі)

1-осьі

2-осьі

3-осьі

4-осьі

5-осьі

6-осьі

7-осьі

8-осьі

9-осьі










Осьтерінің арақашықтығы (метрмен)










Оське нақты жүктеме (тоннамен)










      Автокөлiк құралы табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн

      тартылған (Х)____________________________________________________________________

      Қосымша деректер _______________________________________________________________

      Қоса берілетін құжаттар: __________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін

      __________________________________            ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)                  (қолы)

      * Ескертпе: толық емес және (немесе) анық емес ақпарат өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

  Қазақстан Республикасының
аумағында ірі габаритті және
ауыр салмақты жүктерді
тасымалдауды ұйымдастыру
және оны жүзеге асыру
қағидаларына
4-қосымша

"Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті беру тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) құжаттарды қарастыру нәтижелері туралы хабарламаны беру:
тасымалдау бағытын келісу қажет болған жағдайда - 2 (екі) жұмыс күні;
тасымалдау бағытын келісу қажет болмаған жағдайда - 1 (бір) жұмыс күні;
автокөлiк құралы табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн жұмысқа тартылған жағдайда - 1 (бір) жұмыс күні;
2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының жүрiп өтуіне арнайы рұқсат (бұдан әрі - арнайы рұқсат) (он жұмыс күні ішінде алымды төлегенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәттен бастап) не бас тарту туралы дәлелдi жауап - 1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Арнайы рұқсат немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі пайдаланушы кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі басып шығарылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.
Барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды беруді жеке куәлікті, өкілеттігін растайтын құжатты және ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, ірi габаритті және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжатты ұсынған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырады;
2) Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті, өкілеттігін растайтын құжатты және ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, ірi габаритті және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжатты ұсынған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;
3) портал арқылы - пайдаланушының кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен мекенжайы көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде өтініш берушіден өндірілетін төлем мөлшері және оны өндірудің Қазақстан Республикасы заңнамаларымен көзделген тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Ірi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым (бұдан әрі - алым) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабы 3-тармағында белгіленген алым мөлшерлемелері бойынша республикалық бюджетке төленеді.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының орналасқан орны бойынша, жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғандағы аралықта, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының орналасқан орны бойынша, жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі, кезекті портал арқылы броньдауға болады;
3) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті берушіге:
жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
ірi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжат (хабарлма келіп түскен сәттен бастап).
2) Мемлекеттік корпорацияға:
жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларын қоспағанда, ірi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжат (хабарлма келіп түскен сәттен бастап).
3) порталда:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
Жеке басты куәландыратын құжат, жеке кәсіпкерді және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттар, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, ірi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларда) мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Көрсетілетін мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту негіздері

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) келісуші ұйымдардың мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы;
4) егер автокөлiк құралының жасаушы зауыт белгілеген техникалық сипаттамалары тасымалдауға мәлiмделген iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермесе;
5) Тасымалдаушыға хабар берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасы төлемінің болмауы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмелерді шығарады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушіге тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты береді.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Тыныс-тіршілігін шектейтін, ағза функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 нөміріне жүгіну арқылы тұрғылықты жерге шығу жолымен жүргізеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің - www.miіd.gov.kz "Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімде;
2) Мемлекеттік корпорацияның - www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ-сы болған шарттарды портал арқылы электрондық нысанда алады.

  Қазақстан Республикасының
аумағында ірі габаритті және
ауыр салмақты жүктерді
тасымалдауды ұйымдастыру
және оны жүзеге асыру
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  (көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда)
(бұдан әрі - Т.А.Ә.) немесе
ұйымының атауы)
___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты _________________________________ мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Ұсынылмаған құжаттардың атауы:

      1) __________________________________________________________;

      2) __________________________________________________________;

      3) … Осы қолхат 2 данада әр тарапқа бір-бір данадан жасалды.

      ___________________________________________ ________________

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы)

      Орындаушы. Т.А.Ә._____________

      Телефоны__________

      Алдым: _____________________ ______________________________________________

      Т.А.Ә.                        көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20 ___ жылғы "__" ___________