Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 сәуірде № 20405 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі А. Раимкулова

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2020 жылғы 15 сәуірдегі
№ 90 бұйрығына
қосымша

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 157 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10163 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қазақстан аумағындағы археологиялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары алған материалдар мен олжалар ғылыми тіркелгеннен және өңделгеннен кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 376 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12578 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 157 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 183 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14023 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).