"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімде

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 136 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 сәуірде № 20364 болып тіркелді

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 43) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 9 наурызда № 13418 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 мамырда "Егемен Қазақстан" № 96 (28824), "Казахстанская правда" № 96 (28222) газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 43) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      3-тармақ мындай редакцияда жазылсын:

      "3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы кадрларға салалық және өңірлік қажеттілікті ескере отырып, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында орналастырылады.";

      14-тармақ мындай редакцияда жазылсын:

      "14. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арасында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.";

      15-тармақ мындай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін құрамын ЖАО бекітетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады. Комиссия тұрақты жұмыс істейтін консультативті-кеңесші орган болып табылады.

      Уәкілетті орган тиісті кезеңге Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қаулының негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында орналастырады.";

      16-тармақ мындай редакцияда жазылсын:

      "16. ЖАО конкурсты өткізу мерзімін анықтайды.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның құрамына салалық мемлекеттік органдардың, мәслихаттар мен әкімдіктердің, Қазақстан Республикасы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.

      Комиссияның төрағасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімінің білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады.

      Комиссия құрамын ЖАО бекітеді.";

      18-тармақ алынып тасталсын;

      19-тармақ мындай редакцияда жазылсын:

      "19. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметтерді алушылар көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы келесі құжаттар топтамасын ұсынады:

      көрсетілетін қызметтерді алушылар (не сенімхат бойынша оның өкіліне) Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасағанда:

      1) Комиссия төрағасының атына жазылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер.";

      порталға өтініш жасаған кезде:

      1) Комиссия төрағасының атына жазылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің электрондық көшірмесі;

      2) мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттың электрондық көшірмесі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес Cтандартта келтірілген.

      Конкурсқа мәдениет саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындары жіберілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2, 19-3, 19-4 және 19-5 тармақтармен толықтырылсын:

      "19-1. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат береді не көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш жасалған жағдайда қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың қарастырылу мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетіледі.

      19-2. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтінішті түскен күні тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындау үшін жолдайды. Өтініш жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мерекелік күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.

      1) Жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкер қабылдаған сәттен бастап, 2 (екі) жұмыс күні барысында ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері өтінішті одан әрі қарастыру туралы қағаз жүзінде немесе құжаттарды портал арқылы ұсынған жағдайда қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында дәлелдi жауап жолдайды.

      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға білім беру ұйымдарында техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны еркін нысанда жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің аяқталуына дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      19-3. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      19-4. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      19-5. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының өтініші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";

      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын анықтағанда Комиссия келесі шарттарды басшылыққа алады:

      1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияның болуы;

      2) білім беруді басқару органдарының сұранысы бойынша Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығы (МЗТО) растаған өтініш білдірген мамандықтар бойынша бітірушілердің 50%-дан кем емес (жаңа мамандықтарды қоспағанда) жұмысқа орналасуы;

      3) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және мүдделі органдар ұсынған еңбек нарығының қажеттілігі.

      21. Комиссия Өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып:

      - конкурс шарттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын анықтау бойынша;

      - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім қабылдайды.

      Комиссия сондай-ақ тиісті мамандық бойынша білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген бітірушілер үшін конкурстық негізде орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мәселесін қарайды және шешім қабылдайды.

      Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiгінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады және комиссия төрағасы қол қоятын отырыс хаттамасымен ресімделеді. Комиссия құрамының дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Хаттамаға комиссия мүшелері қол қояды.

      Комиссия отырысын өткізу кезінде отырыстың аудио (бейне) жазбасы жүзеге асырылады.

      Комиссия шешімдерінің негізінде ЖАО-ның қаулысымен күнтізбелік жылдың 20 мамырына дейін осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы және осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурс шарттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының тізбесі бекітіледі.";

      осы Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Қағидаларға 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес 14, 15, 16, 17-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Мыналардың:

      1) "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 397 бұйрығының (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 115037 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 қазанда жарияланған);

      2) "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 24 қарашадағы № 593 бұйрығының (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 116890 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 9 сәуірі № 136
бұйрығына 1-қосымша
  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейiнгi
бiлiмi бар кадрларды даярлауға,
жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының дайындық
бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,
орта білім беруге мемлекеттiк
бiлiм беру тапсырысын
орналастыру қағидаларына
3-қосымша

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы өтінішінің нысаны (білім беру ұйымының бланкісінде толтырылады)

      Комиссия төрағасына

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптармен және конкурсты өткізу шарттарымен танысып

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

      _______ ж. "___"______ №_________ білім беру қызметін жүргізу құқығына

      берілетін лицензиясына сәйкес________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мамандықтардың, біліктіліктің коды, атауы, орын саны, оқыту тілі, 9/11, ТжКБ базасында)

      мамандықтары бойынша уәкілетті орган және ЖАО өткізетін конкурсқа қатысады.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.

      Ұйым басшысы ___________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болғанда)

      Толтырылған күні

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 9 сәуірі № 136
бұйрығына 2-қосымша
  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейiнгi
бiлiмi бар кадрларды даярлауға,
жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының дайындық
бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,
орта білім беруге мемлекеттiк
бiлiм беру тапсырысын
орналастыру қағидаларына
4-қосымша

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіші туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

8

Коды

Мамандықтың атауы

Бітірушілердің саны

Жұмысқа орналасқандардың саны

%

Мемлекеттік тапсырыс бойынша бітірушілер саны

Жұмысқа орналасқан мемлекеттік тапсырыс бойынша бітірушілердің саны

%

      Ұйым басшысы ____________________________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болғанда))

      Толтырылған күні

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 9 сәуірі № 136
бұйрығына 3-қосымша
  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейiнгi
бiлiмi бар кадрларды даярлауға,
жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының дайындық
бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,
орта білім беруге мемлекеттiк
бiлiм беру тапсырысын
орналастыру қағидаларына
14-қосымша

"Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік бiлiм беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) және "электрондық үкіметтің" www.​egov.​kz веб-порталы" (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап - 5 жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасағанда қабылдау күні қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызмет беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.
2) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты- 20 минут;

Қызмет көрсету нысаны

Қағаз жүзінде/электрондық түрде

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Білім беру ұйымдарында техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттардың қабылданғаны туралы еркін нысандағы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және оны алу тәсілдері болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық кезек" тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.
3) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы және анықтамалық қызметтік телефондары:
1) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурсында;
2) Мемлекеттік корпорацияның: www.​gov4с.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Құжаттар тізбегі

Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасағанда көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар топтамасы:
1) Комиссия төрағасының атына жазылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері туралы мәліметтер.";
порталға өтініш жасаған кезде:
1) Комиссия төрағасының атына жазылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің электрондық көшірмесі;
2) мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері туралы құжаттың электрондық көшірмесі.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы алу мүмкіндігіне ие.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 9 сәуірі № 136
бұйрығына 4-қосымша
  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейiнгi
бiлiмi бар кадрларды даярлауға,
жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының дайындық
бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,
орта білім беруге мемлекеттiк
бiлiм беру тапсырысын
орналастыру қағидаларына
15-қосымша

________ оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымының атауы

Коды

Мамандық атауы

Оқыту тілі

9-сынып базасында (орын саны)

11-сынып базасында (орын саны)

Оқыту тілі

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының базасында

Оқыту тілі










  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 9 сәуірі № 136
бұйрығына 5-қосымша
  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейiнгi
бiлiмi бар кадрларды даярлауға,
жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының дайындық
бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,
орта білім беруге мемлекеттiк
бiлiм беру тапсырысын
орналастыру қағидаларына
16-қосымша

Конкурс шарттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының тізбесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының атауы

Коды

Мамандық атауы

9-сынып базасында (орын саны)

Оқыту тілі

11-сынып базасында (орын саны)

Оқыту тілі

Оқыту тілі

Мамандық бойынша жобалық қуаттылығы

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 9 сәуірі № 136
бұйрығына 6-қосымша
  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейiнгi
бiлiмi бар кадрларды даярлауға,
жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының дайындық
бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,
орта білім беруге мемлекеттiк
бiлiм беру тапсырысын
орналастыру қағидаларына
17-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 2013 жылғы 15 сәуірдегі 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №______бөлімі (мекенжай көрсету керек) "Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік бiлiм беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге" Сіздің тізбеге сәйкес, құжаттар топтамасын толық ұсынбағандықтан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге құжаттарыңызды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Ұсынылмаған құжаттардың атаулары:

      1) _______________________________________;

      2) _______________________________________;

      Нақты қолхат 2 (екі) данада құрастырылған, әр тарапқа бір данадан

      _________________________________________ ________________________

      (қолы)

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ж. (бар болғанда)

      _________________________________________ __________________________

                  (Қызмет берушінің Т.А.Ж. (бар болғанда)                  (қолы)

      Алдым: ________________________________ ____________________________

                  (Қызметті алушының Т.А.Ж. (бар болғанда)            (қолы)

      "___" _________ 20__ жыл.