"Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына өзгерістер енгіз

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 131 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 сәуірде № 20344 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2021 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8827 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 наурыздағы № 47 (28771) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Педагог лауазымына педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында тиісті бейіні бойынша педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогикалық білімі жоқ кәсіптік білімі бар тұлғалар қабылданады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Мектеп педагогтеріне "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес қосымша ақы белгіленеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Гимназиялар (гуманитарлық, лингвистикалық, эстетикалық бейіндегі, көп бейінді) жоғары біліктi педагогтер, қажеттi ғылыми-әдiстемелiк, оқу, материалдық жағдайлар болған жағдайда дербес, жалпы білім беретін мектептердің құрамында немесе тиісті бейіндегі жоғары оқу орындарының жанында құрылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Лицейлер жоғары біліктi педагогтер, қажеттi ғылыми-әдiстемелiк, оқу, материалдық жағдайлар болған жағдайда дербес, жалпы білім беретін мектептердің құрамында немесе тиісті бейіндегі жоғары оқу орындарының жанында құрылады.";

      28-тармақ алынып тасталсын;

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Оқу-тәрбие процесі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің адами қасиеттерін өзара сыйлау негізінде жүзеге асырылады.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Гимназия, лицей, бейіндік мектеп педагогтеріне "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес қосымша ақы белгіленеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тірек мектебі мен магниттік ШЖМ-ның оқу қызметі бірыңғай оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады және магниттік мектептердің 5-11 сынып білім алушылары үшін инвариантты компоненттің оқу пәндерін оқыту арқылы оқу сессияларын өткізуді (бастапқы - қазанның бірінші онкүндігі (10 күн), аралық - ақпанның бірінші онкүндігі (10 күн), қорытынды - сәуірдің үшінші онкүндігі (10 күн)), сессияаралық кезеңде магниттік мектептердің білім алушыларын сүйемелдеуді қамтиды.

      Сессияаралық кезеңде қашықтықтан оқыту жүзеге асырылады.

      Магниттік мектептердің білім алушылары үшін тірек мектепте оқу сессияларын өткізу кезінде жергілікті атқарушы органдар білім беруді басқару органының тиісті бұйрығымен ресімделетін тасымалдауға, тамақтануға және тұруға қаражат қарастырады.

      Оқу сессияларын өткізу кезінде тірек және магниттік мектептердің педагогтеріне оқу жылына белгіленген жүктеме бойынша жалақы сақталады.";

      14, 15-тармақтар алынып тасталсын;

      34, 35, 36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Мектеп директоры түзету мекемесі басшысының келісімі бойынша Мектептің басшы қызметкерлерін, педагогтерді тағайындайды және лауазымнан босатады. Оларды тағайындау және босату тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      35. Мектеп директорының, басшы қызметкерлердің, педагогтердің құқықтары мен міндеттері Мектеп Жарғысымен және түзеу мекемесінің ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.

      36. Мектеп директоры мен педагогтер Жасақ тәрбиешілері кеңесінің құрамына кіреді, мекеме әкімшілігімен бірлесіп, сотталғандармен жүргізілетін тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарға қатысады.

      37. Түзеу мекемесінің әкімшілігі:

      1) міндетті жалпы білім беру және кәсіптік оқытуға жататын сотталғандардың есебін жүргізеді;

      2) Мектеп әкімшілігінің, педагогтердің және техникалық персоналдың сотталғандарды оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша мекеме бөлімдері мен қызметтерінің қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;

      3) Мектептің педагогикалық ұжымына мекеменің сотталғандарды оқыту, түзету мәселелері жөніндегі қызметін реттейтін құқықтық және әдістемелік құжаттарды зерделеуде көмек көрсетеді;

      4) Мектеп қызметкерлерінің мекемеде белгіленген режимдік талаптарды сақтауына бақылау жасайды;

      5) Мектеп қызметкерлерінің түзеу мекемелерінің аумағында болған уақытында олардың қауіпсіздігі мен еңбегін қорғауды қамтамасыз етеді;

      6) Мектепте сотталғандардың сабаққа қатысуларына күнделікті бақылауды жүзеге асырады.";

      39, 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Мектептің педагогтері түзеу мекемелерінің қызметі қағидаларының талаптарын бұзған жағдайда мекеме аумағына жіберілмейді.

      40. Жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ мектеп орынжайларын ұстауға байланысты шығыстар (коммуналдық қызмет көрсетулер, ағымдағы жөндеу және өзге шығындар), қызмет көрсету персоналының еңбекақысын төлеу түзеу мекемелерінің қаражаты есебінен жүргізіледі. Басшы қызметкерлер мен педагогтердің, оқу-тәрбие қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу, оқулықтарды сатып алу және жеткізу білім беруге көзделген жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық мектеп қызметінің үлгілік қағидаларында:

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Медициналық қызмет көрсетуді әкімшілік және педагогтермен қатар білім алушылардың денсаулығы мен дене дамуын, емдік-профилактикалық іс-шараларды жүргізуді, санитариялық-гигиеналық нормаларды, білім алушылардың тамақтану режимі мен сапасын қамтамасыз ететін штаттық медициналық персонал қамтамасыз етеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Біріктірілген білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Комбинат "Көркем еңбек" пәнін, сондай-ақ қолданбалы курстардың, таңдау бойынша курстардың қосымша сағаттарын және еңбекке тәрбиелеу, кәсіптік бағдарлау және еңбек қызметіне білім алушыларды дайындау мақсатын көздейтін қосымша білім беру бағдарламаларын оқыту бөлігінде негізгі орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асырады.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Комбинат мынадай бағыттар бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады:

      1) Орта білім беру ұйымдарының 8-9 (10) сыныптарына арналған "Көркем еңбек" пәнінің стандарттарына сәйкес;

      2) орта білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар жұмыстарын, 8-11 (12) сынып білім алушыларының кәсіби дайындығын жүзеге асыру.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Комбинаттағы оқу процесінің қатысушылары білім алушылар, педагогтер және инженер-педагог қызметкерлер, өндірістік оқыту шеберлері (нұсқаушылары), ата-аналар (немесе заңды өкілдер) болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов