Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтер көрсету туралы шарттың үлгілік нысанын, кондоминиум объектісін басқару, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20247 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-6), 10-26) тармақшаларына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша қызметтер көрсету туралы шарттың үлгілік нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің нысандары бекітілсін.

      2. "Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгі нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 242 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10574 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

  2020 жылғы 30 наурызы
№ 164 бұйрығына 1 қосымша

Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтерді көрсету туралы шарттың үлгілік нысаны

      ______ қ.                                     _____ 20 __ жылғы "__" ________

      Пәтердің меншік иесі _________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі,
      сериясы, Тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі
      ____________________________________________________________ қашан, кім берді;
      заңды тұлғаның атауы, деректемелері
      ____________________________________________________________________________
      үй-жайды (пәтерді) мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік)
      ____________________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________________
      (пәтердің нөмірі, тұрғын емес үй-жайдың орналасуы, атауы және
      ____________________________________________________________________________
      меншік құқығын растайтын құжаттың деректемелері)
      мынадай мекенжай бойынша кондоминиум объектісінде орналасқан:
      ______________________________________________________________ атынан _______,
      негізінде әрекет ететін
      ____________________________________________________________________________
      сенімхат, бұдан әрі "Меншік иесі" деп аталатын және Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы,
      көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы компания атынан
      ____________________________________________________________________________
      (Т.А.Ә.), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, сериясы,
      ____________________________________________________________________________
      бұдан әрі "Орындаушы" деп аталатын мүліктің меншік иелері бірлестігінің (бұдан әрі – МИБ),
      басқарушы компанияның атауы ________________________________________________
      негізінде әрекет ететін (пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысының хаттамасы),
      бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын осы кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің
      ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтерді көрсету туралы шартты (бұдан әрі –Шарт) жасасты.

1. Шарттың мәні мен мақсаты

      1. Осы Шарт "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруды және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

      2. Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша құқық беру Меншік иесінің Орындаушыға мынадай ақпарат ұсынған кезде жүргізіледі:

      1) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және меншік иесіне тиесілі объектінің техникалық сипаттамасы туралы мәліметтер;

      2) пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің (жалдаушының) байланыс деректері;

      3) Орындаушы тиісті деңгейде кондоминиум объектісін басқаруды және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді. Осы Шартқа сәйкес көрсетілетін кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтер мен жұмыстардың тізбесі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада көрсетілген. Осы тізбе жиналыс шешімінің негізінде өзгеруі мүмкін.

      3. Шарттың қолданылу мерзімі – ______ жыл.

2. Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау шартын жасасу негіздері

      4. Пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иелерінің 20__ жылғы "__" _______________ № ____ шешімі осы Шартты жасасуға негіздеме болып табылады.

3. Тараптардың міндеттері

      5. Меншік иесінің міндеттері:

      1) осы Шартқа 3-қосымшада белгіленген кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иелерінің жиналысында бекітілген мөлшерде, есепті айдан кейінгі айдың ___ күніне дейінгі мерзімде ұсынылған шотқа сәйкес уақытылы төлеу;

      2) электрмен, жылумен, газбен, сумен жабдықтау, су бұру қондырғыларына профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізуге құқығы бар ұйымдардың лауазымды тұлғаларын аварияларды жою, инженерлік жабдықтарды, есепке алу аспаптарын қарау және бақылау үшін меншік құқығына тиесілі пәтерге, тұрғын емес үй-жайға кіргізу;

      3) электр-тұрмыстық аспаптарды және үй ішіндегі желілердің техникалық мүмкіндіктерінен артық қуаты бар машиналарды, жылыту аспаптарының қосымша секцияларын, реттейтін және жапқыш арматураларды орнатуға, қосуға және пайдалануға, коммуналдық қызметтерді жеткізуді есепке алудың қолданыстағы схемасын өзгертуге, жүйелердегі жылу көздерін тікелей мақсаты бойынша пайдаланбауға (жылыту жүйесі мен аспаптарынан суды ағызуды жүргізу) рұқсат алу;

      4) ортақ мүліктің және дара (бөлек) меншіктегі үй-жайлардың сақталуына және қауіпсіз пайдаланылуына көмек көрсету;

      5) өзіне тиесілі пәтерді, тұрғын емес үй-жайды мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы хабардар ету;

      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарға қатысу;

      7) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттерді орындау.

      6. Орындаушының міндеттері мыналарды қамтиды:

      1) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тізімін қалыптастыру;

      2) жиналыс пен үй кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру;

      3) жиналыс пен үй кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді жерлерде орналастыру;

      4) коммуналдық қызметтерді ұсынатын ұйымдармен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтерді көрсету және олардың ақысын төлеу, сондай-ақ сервистік қызмет субъектілерімен қызметтер көрсету туралы шарттар жасасу және оларды орындау;

      5) кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау мәселері бойынша пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің мүдделерін таныту;

      6) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінен және жалға берушілерден кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқару жөніндегі қызметтерге жарналар, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және күрделі жөндеуге жарналар жинауды қамтамасыз ету;

      7) жиналыста ТКШ ақпараттандыру объектісіне таңдау жасалмаған жағдайды қоспағанда, барлық пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелері үшін ТКШ ақпараттандыру объектілерінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қызмет көрсететін ұйымдар және коммуналдық қызметтерді жеткізушілер туралы ақпаратты (атауы, байланыс телефоны, авариялық қызметтің телефоны) жалпыға қолжетімді жерлерде орналастыру;

      8) осы Шарттың талаптарын орындау үшін жасалған шарттардың есебін қамтамасыз ету;

      9) жиналыста ТКШ ақпараттандыру объектісіне таңдау жасалмаған жағдайды қоспағанда, барлық пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелеріне жиналыста айқындалған жалпыға қолжетімді орында, ТКШ ақпараттандыру объектілерінде ақпаратты орналастыру арқылы ағымдағы шот бойынша ақша қозғалысы және кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ақшаның жұмсалуы туралы ақпаратты ай сайын беру;

      10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін алдағы күрделі жөндеу, кондоминиум объектісіндегі ортақ пайдаланылатын жерлерді жөндеу туралы, инженерлік желілерді ажырату, сынау немесе олардың жұмыс режимінің басқа да өзгеруі туралы хабарлау;

      11) Шарт тоқтатылған жағдайда иелігіндегі болған КПТҮ-нің жобалау құжаттамасы (сметалық бөлімінсіз), атқарушы техникалық құжаттама, қосымшаларымен бірге объектіні пайдалануға қабылдау актісі, КПТҮ пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар және оның технологиялық жабдығының паспорты (түпнұсқалары), КПТҮ-ге қаржылық және техникалық құжаттама мен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және күтіп-ұстауға байланысты өзге де құжаттар көшірмелерінің, мөрдің (ол болған кезде), кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің құрамына кіретін үй-жайлар кілттерінің, кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің құрамына кіретін жабдыққа қол жеткізудің электрондық кодтарының және көппәтерлі тұрғын үйді пайдалану үшін қажетті өзге де техникалық құралдар мен жабдықтардың сақталуын қамтамасыз ету;

      12) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары саласындағы өзге заңнамаларында көзделген міндеттерді орындау.

4. Тараптардың құқықтары

      7. Меншік иесі:

      1) Орындаушыдан осы Шарттың ережелерін негізге ала отырып, қызметтерді сапасыз көрсетуге немесе уақтылы көрсетпеуге байланысты ұсынылған қызметтер үшін төлемдерді қайта есептеуді талап етуге;

      2) Орындаушының кінәсінен келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге;

      3) Үй кеңесінен жыл сайынғы және ай сайынғы есептерді алуға;

      4) Орындаушыдан банк шоттары бойынша ақшаның, кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған қаражаттың қозғалысы туралы ақпаратты талап етуге құқылы.

      8. Орындаушы:

      1) Үй кеңесінің келісімі бойынша осы Шартта көзделген міндеттерді орындау мақсатында жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындауға жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға;

      2) Меншік иесінің төлемдер бойынша міндеттемелерді бұзуының нәтижесінде олар келтірген шығындарды және Меншік иесі осы Шарттың талаптарын орындамағандықтан келтірілген өзге де шығындарды өтеуді талап етуге;

      3) жеке немесе заңды тұлғаның меншігіндегі пәтерде, тұрғын емес үй-жайда авариялық жағдай туындаған, басқа Меншік иелерінің мүлкін бұзу қаупі пайда болған (Меншік иелері, олардың жұмыс орны, тұрақты тұрғылықты жері немесе авария кезінде қайда болғандары туралы мәліметтер болмағанда) кезде оны өз күшімен және барлық мүмкін құралдармен жоюға;

      4) Меншік иесінен өзінің кінәсінен зақымдалған ортақ мүлікті жөндеуге жұмсалған шығындарды өтеуді талап етуге;

      5) пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы жиналысында айқындалған шарттарда берілген қызметтік үй-жайларды және олардың мақсатына сәйкес басқа да мүлікті пайдалануға;

      6) кондоминиум объектісінің ағымдағы және (немесе) жинақ шоттарындағы ақша қаражатын олардың нысаналы мақсатына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ресімделген меншік иелері жиналысының шешіміне сай пайдалануға;

      7) тапсырыс беруші ретінде сөз сөйлеуге және конкурстық негізде көппәтерлі тұрғын үйге қызмет көрсету және оны пайдалану үшін басқарушы компанияны (мердігерді) таңдауға құқылы.

5. Тараптардың жауапкершілігі

      9. Меншік иесі осы Шарттың 5-тармағының талаптарын бұзған немесе басқа пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің құқықтары мен мүдделерін жүйелі түрде бұзған кезде Орындаушы Меншік иесіне ескерткеннен кейін күнтізбелік отыз күн өткеннен соң тиісті уәкілетті органға өтініш жасауға құқылы;

      Меншік иесі осы Шарттың 5-тармағының талаптарын орындамаған жағдайда ол пәтердегі, тұрғын емес үй-жайдағы авариялардың және (немесе) төтенше жағдайлардың нәтижесінде туындаған барлық салдар үшін Орындаушы мен үшінші тұлғалардың алдында жауапты болады.

      10. Орындаушы:

      осы Шарттың 6-тармағында көзделген міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің мен үшінші тұлғалардың алдында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жауапкершілікте болады.

6. Ерекше шарттар

      11. Орындаушы осы Шартқа қол қойылған күнінен бастап оны орындауға кіріседі.

      12. Орындаушының осы Шартта айтылмаған жұмыстарды орындауға байланысты, оның ішінде тарифтердің өзгеруіне, Орындаушының кінәсінен болмаған авариялық және (немесе) төтенше жағдайларға байланысты объективті себептер бойынша туындаған шығындарды Меншік иесі қосымша өтейді.

      13. Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтер мен жұмыстардың тізбесін Тараптардың келісімі бойынша өзгерту мүмкін және осы Шартқа қосымша келісім түрінде ресімделуге жатады.

      14. Тараптар арасындағы даулар сот тәртібімен келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, келіссөздер жолымен шешіледі.

      15. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалады.

7. Тараптардың қолдары мен мекенжайлары

      Меншік иесі                         Орындаушы ______________

      Т.А.Ә. _______________             Т.А.Ә., лауазымы,

      ЖСН __________                   БСН ________________

      жеке куәлігінің № ___             БСК __________________

      Мекенжайы                         Мекенжайы

      Байланыс телефоны                   Байланыс телефоны

      Электрондық мекенжайы             Электрондық мекенжайы

  Кондоминиум объектісін
басқару және кондоминиум
объектісінің ортақ мүлкін
күтіп-ұстау жөніндегі
қызметтерді көрсету туралы
шарттың үлгілік нысанына
қосымша

Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтер мен жұмыстардың тізбесі

Іс-шара

Қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау мерзімділігі

1.

Кондоминиум объектісін басқаруда мынадай шығыстар:
1) бухгалтерлік есепті, статистикалық және салық есептілігін жүргізу үшін еңбекақы төлемі;
2) кондоминиум объектісін басқару үшін Атқарушы органға еңбекақы төлемі;
3) бюджетке міндетті төлемдер (салықтар, аударымдар және басқалар);
4) банктік қызметтер;
5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету үшін төлем;
6) офисті ұстауға (жалға алу, байланыс, кеңсе тауарлары, ұйымдастыру техникасы және оны ұстау) арналған шығыстар қамтылады.


2.

Кондоминиум объектісінің жертөле үй-жайларын, паркингтерін және басқа да ортақ пайдалану орындарын дератизациялау, дезинсекциялау, дезинфекциялау.


3.

Энергетикалық желiлердiң, сондай-ақ энергия тұтынуды есептейтiн аспаптардың тиiстi техникалық жай-күйi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мiндетi энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүктелген жағдайларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің үйге ортақ инженерлік жүйелеріне (жылыту, ыстық және суық сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, желдету) және жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, авариялық жағдайларды оқшаулау.


4.

Үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтарды күзгі-қысқы кезеңдерге дайындау.


5.

Кондоминиум объектісін ортақ пайдаланылатын орындардың санитариялық жағдайын қамтамасыз ету.


6.

Кондоминиум объектісінің үй маңындағы аумағының жер учаскесінің санитариялық жағдайын қамтамасыз ету (көгалдандыру (жасыл желектер мен көгалдарды отырғызу, күту, кесу), қоқыс құбырын санитариялық тазалау, қазылған шұңқырларды тазалау, аула дәретханаларын жинау және ақтау, жапырақтарды, қар мен мұздақтарды, оның ішінде шатырдан тазалау).


7.

Үйге ортақ есептеу аспаптарын сатып алу, орнату, сервистік қызмет көрсету және тексеру.


8.

Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар меншік иелері жиналысының шешімі бойынша қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалануды, авариялық жағдайларды ағымдағы жөндеуді және оқшаулауды қамтамасыз ету (лифтілерге қызмет көрсету).


9.

Өртке қарсы жабдықты күтіп ұстауды, өрт сөндіргіштерді сатып алуды және зарядтауды, арнайы жазуларды, көрсеткіштерді жүзеге асыруды, эвакуациялау жоспарлары мен схемаларын ресімдеуді және сол сияқты, өртке қарсы сигнал беру және өрт сөндіру жүйелерін сатып алуды және орнатуды қоспағанда, өртке қарсы іс-шаралар.


10.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеу (ақау актісі негізінде)


11

Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар меншік иелері жиналысының шешімі бойынша кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтер төлемі.


12

Домофон жабдықтарын орнату.


13

Домофонды жабдықтарға техникалық қызмет көрсету.


14

Шаруашылық (мүкәммал, жабдықтар және басқалар сатып алу) шығыстарын қамтиды.


      *Ескертпе: жиналыстағы пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иелерінің шешімі бойынша.

  2020 жылғы 30 наурызы
№ 164 бұйрығына 2 қосымша

Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы есептің үлгілік нысаны

  Нысан

Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы есеп
20___ жылғы "__"______ мен 20_ жылғы "___"_______ аралығында

  20___ ж. "___"______

      Көп пәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері (мекенжайы):___________________________
      ____________________________________________________________________________
      Кондоминиум объектісін басқару нысаны: _______________________________________
      (қажеттісін көрсету, мүлік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік)
      Кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын ұйымның атауы, заңды мекенжайы:
      _________________________________________________________________

Атауы

Сомасы, теңге

1.

Екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шоттағы қалдық_____________________ (пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жарналары (төлемдері) аударылатын банктің атауы)


2.

Екінші деңгейдегі банктегі жинақ шотындағы қалдық ______________(пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жарналары (төлемдері) аударылатын банктің атауы)


3.

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің ай сайынғы міндетті жарналары бойынша берешек


4.

Күрделі жөндеуге сомаларды жинақтау үшін пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің ай сайынғы міндетті жарнасы бойынша берешек


5.

Барлық түсімдер, оның ішінде:


5.1.

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің ай сайынғы жарналары (төлемдері)


5.2.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген бөліктерін күрделі жөндеуге арналған сомаларды жинақтауға арналған пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жарналары (жинақ шоты)


5.3.

Мүліктік жалға (жалдауға) берілген ортақ мүлік үшін төлем


5.4.

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасында көзделмеген пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері енгізетін нысаналы жарна


5.5.

Өзге де түсімдер (ерікті жеке инвестициялар және т. б.)


6.

Барлық шығыстар, оның ішінде:


6.1.

Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі шығыстар, оның ішінде:


6.1.1

Бухгалтерлік есепті, статистикалық және салық есептілігін жүргізу үшін еңбекақы төлеу


6.1.2

Кондоминиум объектісін басқару үшін еңбекақы төлеу


6.1.3

Бюджетке міндетті төлемдер (салықтар, аударымдар және басқалар)


6.1.4

Банктік қызметтер


6.1.5

Есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету үшін төлем


6.1.6

Офисті ұстауға арналған шығыстар (жалдау, байланыс, кеңсе тауарлары, ұйымдастыру техникасы және оларды ұстау)


6.2

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шығыстар, оның ішінде:


6.2.1

Сервистік қызмет субъектілерінің шарттары бойынша қызметтерге ақы төлеу, оның ішінде:



"___________________________________" Сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғаның атауы жертөле үй-жайларын, паркингтерді және басқа да жалпы пайдалану орындарын дератизациялау, дезинсекциялау, дезинфекциялау жөніндегі қызметтер үшін



"___________________________________" Сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғаның атауы үйге ортақ инженерлік жылу беру, ыстық және суық сумен жабдықтау, су бұру жүйелеріне және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, авариялық жағдайларды оқшаулау жөніндегі қызметтер үшін



"___________________________________" Сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғаның атауы үйге ортақ инженерлік электрмен жабдықтау жүйелеріне және жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, авариялық жағдайларды оқшаулау жөніндегі қызметтер үшін



"___________________________________" Сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғаның атауы үйге ортақ инженерлік газбен жабдықтау жүйелері мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, авариялық жағдайларды оқшаулау жөніндегі қызметтер үшін



"___________________________________" Сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғаның атауы үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтарды күзгі-қысқы кезеңге дайындау жөніндегі қызметтер үшін



"___________________________________" Сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғаның атауы кондоминиум объектісінің ортақ пайдалану орындарының санитариялық жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер үшін



"___________________________________" Сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғаның атауы көппәтерлі тұрғын үйдің маңы аумағындағы жер учаскесінің санитариялық жағдайын қамтамасыз ету (көгалдандыру, (жасыл екпелерді және гүлзарларды отырғызу, күту, қырқу), қоқыс құбырын санитариялық тазарту, қазылған шұңқырларды тазарту, аулалық дәретханаларды жинау және әктеу, жапырақтарды, қарды және мұзды жинау, оның ішінде төбедегі) жөніндегі қызметтер үшін



"___________________________________" Сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғаның атауы үйге ортақ есепке алу аспаптарын сатып алу, орнату, сервистік қызмет көрсету және тексеру бойынша қызметтер үшін



"___________________________________" Сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғаның атауы қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану, ағымдағы жөндеу және авариялық жағдайларды оқшаулау жөніндегі қызметтер үшін (лифттерге қызмет көрсету)



"___________________________________" Сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғаның атауы өртке қарсы іс-шаралар жөніндегі қызметтер үшін



"___________________________________" Сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғаның атауы кондоминиум объектісінің құрылымдық элементтеріне қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу бойынша қызметтер үшін



"___________________________________" Сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғаның атауы авариялық-диспетчерлік қызмет көрсету бойынша қызметтер үшін



"___________________________________" Сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғаның атауы коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызметтер үшін



"___________________________________" Сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғаның атауы өзге шығыстар


6.3

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеу (ақау актісі негізінде)


6.4.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер


6.5

Шаруашылық шығыстары (мүкәммал, жабдықтар және басқалар сатып алу)


6.6

Күрделі жөндеу, оның ішінде *:


      *Жинақ шотында күрделі жөндеуге жинақталған ақшаны жұмсау жиналыстың шешімі

      бойынша ғана жүзеге асырылады.

      Бухгалтер: ________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., қолы, М.О.)

      МИБ төрағасы, ЖС сенімді тұлғасы, (КПТҮ басқарушысы немесе
      басқарушы компания): ________________________________________________________

      (Т.А.Ә., қолы, М.О.)

Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі жылдық есептің үлгілік нысаны

  Нысан

Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі жылдық есеп
20___ жылғы "__"______ мен 20_ жылғы "___"_______ аралығында

  20___ ж. "___"______

      Көп пәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері (мекенжайы):
      ___________________________________________________________________________
      Кондоминиум объектісін басқару нысаны: _______________________________________
      (қажеттісін көрсету, мүлік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік)
      Кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын ұйымның атауы, заңды мекенжайы:
      ___________________________________________________________

Атауы

Сомасы, теңге

жоспар

факт

1.

Екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шоттағы қалдық_____________________ (пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жарналары (төлемдері) аударылатын банктің атауы)


2.

Екінші деңгейдегі банктегі жинақ шотындағы қалдық ______________(пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жарналары (төлемдері) аударылатын банктің атауы)


3.

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің ай сайынғы міндетті жарналары бойынша берешек


4.

Күрделі жөндеуге сомаларды жинақтау үшін пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің ай сайынғы міндетті жарнасы бойынша берешек


5.

Барлық түсімдер, оның ішінде:



5.1

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің ай сайынғы жарналары (төлемдері)



5.2

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген бөліктерін күрделі жөндеуге арналған сомаларды жинақтауға арналған пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жарналары (жинақ шоты)



5.3

Мүліктік жалға (жалдауға) берілген ортақ мүлік үшін төлем



5.4.

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасында көзделмеген пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері енгізетін нысаналы жарна



5.5

Өзге де түсімдер (ерікті жеке инвестициялар және т. б.)



6.

Барлық шығыстар, оның ішінде:



6.1

Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі шығыстар, оның ішінде:



6.1.1

Бухгалтерлік есепті, статистикалық және салық есептілігін жүргізу үшін еңбекақы төлеу



6.1.2

Кондоминиум объектісін басқару үшін еңбекақы төлеу



6.1.3

Бюджетке міндетті төлемдер (салықтар, аударымдар және басқалар), оның ішінде:




зейнетақы салығы




әлеуметтік салық




әлеуметтік аударымдар




медициналық сақтандыру



6.1.4

Банктік қызметтер



6.1.5

Есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету үшін төлем



6.1.6

Офисті ұстауға арналған шығыстар (жалдау, байланыс, кеңсе тауарлары, ұйымдастыру техникасы және оларды ұстау)



6.2

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шығыстар, оның ішінде:



6.2.1

Сервистік қызмет субъектілерінің шарттары бойынша қызметтерге ақы төлеу, оның ішінде:




жертөле үй-жайларын, паркингтерді және басқа да жалпы пайдалану орындарын дератизациялау, дезинсекциялау, дезинфекциялау жөніндегі қызметтер үшін




техникалық қызмет көрсету, авариялық жағдайларды оқшаулау, орталық жылыту жүйесін маусымдық пайдалануға дайындау (жуу, сығымдау, реттеу, баптау және басқалар), үйге ортақ инженерлік жылу беру, ыстық және суық сумен жабдықтау, су бұру жүйелеріне және жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі қызметтер үшін




үйге ортақ инженерлік электрмен жабдықтау жүйелеріне және жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, авариялық жағдайларды оқшаулау жөніндегі қызметтер үшін




жалпы үйге ортақ инженерлік газбен жабдықтау жүйелері мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, авариялық жағдайларды оқшаулау жөніндегі қызметтер үшін




үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтарды күзгі-қысқы кезеңге дайындау жөніндегі қызметтер үшін




кондоминиум объектісінің ортақ пайдалану орындарының санитариялық жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер (ылғалды жинау және сыпыру жуу) үшін




көппәтерлі тұрғын үйдің маңы аумағындағы жер учаскесінің санитариялық жағдайын қамтамасыз ету (көгалдандыру, (жасыл екпелерді және гүлзарларды отырғызу, күту, қырқу), қоқыс құбырын санитариялық тазарту, қазылған шұңқырларды тазарту, аулалық дәретханаларды жинау және әктеу, жапырақтарды, қарды және мұзды жинау, оның ішінде төбедегі) жөніндегі қызметтер үшін




қарды шығару жөніндегі қызметтер үшін




үйге ортақ есепке алу аспаптарын сатып алу, орнату, сервистік қызмет көрсету және тексеру жөніндегі қызметтер үшін




өртке қарсы іс-шаралар жөніндегі қызметтер үшін




өзге іс-шаралар



6.3

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеу (ақау актісі негізінде), оның ішінде:



6.3.1

шатыр жабындарын жөндеу, ішкі және сыртқы суағар элементтерін ауыстыру



6.3.2

жергілікті деформацияларды жою, қасбеттің, көпірдің, жертөленің зақымдалған учаскелерін жөндеу және қалпына келтіру



6.3.3

үйге ортақ инженерлік жүйелердің мен жабдықтардың бұзылған жеке элементтерін жөндеу және қалпына келтіру



6.4.4

өзге шығыстар



6.5

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер



6.6

Шаруашылық шығыстары (мүкәммал, жабдықтар және басқалар сатып алу)



6.7

Күрделі жөндеу, оның ішінде*:



6.7.1

Шатырды жөндеу



6.7.1

Жертөлені жөндеу



6.7.2

Қасбетті жөндеу



6.7.3

Өзге шығыстар



      * Жинақ шотында күрделі жөндеуге жинақталған ақшаны жұмсау жиналыстың шешімі бойынша ғана жүзеге асырылады.
      Бухгалтер: ___________________________________________________________________
      (Т.А.Ә., қолы, М.О.)
      МИБ төрағасы, ЖС сенімді тұлғасы, (КПТҮ басқарушысы немесе басқарушы компания):
      ________________________________________________________
      (Т.А.Ә., қолы, М.О.)