Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 65 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 ақпанда № 20050 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 74-бабының 3-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының бірінші бөлігінің 109) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 23.08.2023 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 18 ақпандағы
№ 65 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының бірінші бөлігінің 109) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітіліп берілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын (бұдан әрі – объектілер) мүліктік жалдауға (жалға) беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 23.08.2023 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Объектілерді жалдаушы (жалға алушы) болып жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар әрекет етеді.

      3. Объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру сабақтан тыс және каникул уақытында мынадай нысаналы бағыттарға сәйкес жүзеге асырылады:

      1) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтарды дамыту);

      2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу.

2-тарау. Объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібі

§ 1. Объектілерді беруге дайындау

      4. Мемлекеттік орта білім беру ұйымы объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін www.gosreestr.kz адресі бойынша Интернет желісіндегі интернет-ресурста мынадай ақпаратты қамтитын хабарландыру орналастырады:

      1) объектінің атауын, санын, өлшем бірлігін, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру мерзімін, қысқаша сипаттамасын, орналасқан жерін көрсете отырып, объект туралы мәліметті;

      2) объектінің баланс ұстаушысы туралы мәліметті (пошта мекенжайы, телефон, факс, электронды пошта адресі).

      Хабарландыруды орналастыру мерзімін мемлекеттік орта білім беру ұйымы дербес анықтайды.

      5. Объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) алуға үміткер жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.

      Өтінім www.gosreestr.kz адресі бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурста объектінің атауы, оның баланс ұстаушысы, сондай-ақ мынадай құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелері қоса берілген объектіге деген қажеттілік негіздемесі көрсетіле отырып, электрондық нысанда ресімделеді:

      1) мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

      2) жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, өтініш беруші жіберген хабарламалар туралы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкер үшін).

§ 2. Өтінімдерді қарау және оларды қарау нәтижелерін ресімдеу

      6. Мемлекеттік орта білім беру ұйымы өтінімдер мен оларға қоса берілген құжаттарды олар түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кезектілік тәртібімен қарайды.

      Әр өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

      1) объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы;

      2) объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден бас тарту туралы, соның ішінде мына жағдайларда:

      Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;

      Қағидалардың 3-тармағында көзделген объектіні берудің нысаналы бағыттарына сәйкес келмеу;

      бұрын қаралған өтінім бойынша объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы шешім қабылдау.

      7. Объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден бас тарту шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалады.

      8. Мемлекеттік орта білім беру ұйымының объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы шешімі объектіні мүліктік жалға (жалдауға) беру шартын жасасуға негіз болып табылады. Аталған шарт жасалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде www.gosreestr.kz адресі бойынша Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурста тіркелуі тиіс.

      Кемінде бір жыл мерзімге жасалған объектіні мүліктік жалдау (жалға алу) шартын құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеу жалдаушының (жалға алушының) қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

§ 3. Объектіні беру

      9. Объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қабылдау-беру актісі бойынша жүзеге асырылады, онда мыналар көрсетіледі:

      1) оның жасалған орны мен күні;

      2) өкілдерге тараптардың мүдделерін білдіруге уәкілеттік беретін құжаттардың атауы мен деректемелері;

      3) объектіні қабылдауды және беруді жүзеге асыруға негіз болатын шарттың нөмірі мен оған қол қойылған күн;

      4) берілетін объектінің атауы, оның орналасқан жері, техникалық сипаттамалары және анықталған ақаулықтар тізбесі қоса берілген жай-күйі.

      Қабылдау-беру актісі қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалады және қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде www.gosreestr.kz адресі бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурста тіркелуі тиіс.

      10. Объектіні қосалқы жалгерлікке беруге рұқсат етілмейді.

      11. Объектіні оның нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз күйге жеткізген жалдаушы (жалға алушы) өз қаражаты есебінен қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асырады.

      12. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары жалдау (жалға алу) ақысының мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде 2015 жылы 17 наурызда № 10467 болып тіркелді) бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында белгіленген базалық мөлшерлемелерді және қолданыстағы коэффициенттердің мөлшерлерін басшылыққа алады.

  Мемлекеттік орта білім
беру ұйымдарына бекітілген
дене шынықтыру-сауықтыру
және спорт құрылысжайларын
мүліктік жалдауға (жалға)
беру қағидаларына
қосымша
  нысан

Объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге ӨТІНІМ

      1. www.gosreestr.kz адресі бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурста жарияланған мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы ақпаратпен, Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларымен, сондай-ақ "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген Республикалық мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидасында белгіленген жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу шарттарымен таныса отырып,

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе мемлекеттік емес

      заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде

      әрекет ететін заңды тұлға өкілінің аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда)

      төменде көрсетілген объектіні жалға алуға ниет білдіреді.

      Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін объекті туралы мәлімет:

Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін объектінің атауы

Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін объектіні жалдауға (жалға алуға) берушінің атауы және деректемелері



      Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін объекті__________________

      ______________________________________________ үшін талап етіледі.

      (объектіге деген қажеттілік негіздемесі көрсетіледі)

      2. Өзім(-із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-з):

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы ______________________________________________________________

      БСН ________________________________________________________________

      басшысының аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________

      ____________________________________________________________________

      Мекенжайы:_________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: ________________________________________________

      Шарт жасасу үшін банк деректемелері:

      ЖСК ________________________________________________________________

      Банктің атауы ________________________________________________________

      Кбе _________________________________________________________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) __________________________________________________________________;

      2) __________________________________________________________________;

      3) __________________________________________________________________;

      4) __________________________________________________________________.

      Жеке тұлға үшін:

      аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) _________________________________

      ЖСН ________________________________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжаттар____________________________________

      Мекенжайы:_________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: ________________________________________________

      Шарт жасасу үшін банк деректемелері:

      ЖСК________________________________________________________________

      БСК ____ ____________________________________________________________

      Банктің атауы ________________________________________________________

      Кбе _________________________________________________________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) __________________________________________________________________;

      2) __________________________________________________________________;

      3) __________________________________________________________________.

      (қолы) жеке тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін заңды тұлға өкілінің аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда)

      20 __ жылғы "___" ____________

      www.gosreestr.kz адресі бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурста, 20 __ жылғы "__" _____ _____ сағат ____ минутта қабылдады.