Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 320 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 108 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 7 маусымда № 7526-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсрепов атындығы аудан әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 320 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5754 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымшаның 1 тармағының 4) және 5) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

      "4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі С. Мухамедиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

      мәслихаты