Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 "Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 26/317 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 мамырда № 3888 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2955 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 11-1, 18 және 19-тармақтармен толықтырылсын:

      "11-1. Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу және оларды пайдалану Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 "Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 11197 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      Халықтың қауіпсіздігін және шағын көлемді кемелердің өтуін қамтамасыз ету үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы:

      1) адамдардың шомылу аймағынан тысқарыда шағын көлемді кемелердің өтуі үшін ашық түсті қалқымалармен және қадалармен қоршалған, "Дәліз аймағында шомылуға үзілді-кесілді тыйым салынады!" деген ескертумен және шектеу белгілері бар, ені кем дегенде 10 метр және ұзындығы кем дегенде 100 метр дәліз жарақтайды;

      2) халықтың шомылу аймағын "Қалқымалардан тысқарыда шомылуға үзілді-кесілді тыйым салынады!", "Халықтың шомылу аймағында шағын көлемді кемелерде жүзуге тыйым салынады!" деген ескертулермен және шектеу белгілері бар ашық түсті қалқымалармен және қадалармен қоршау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.";

      "18. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін, жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 364-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

      19. Осы Қағидалармен реттелмеген құқықтық қатынастар, Кодекстің қолданыстағы нормаларымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.".

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысының уақытша міндетін атқарушы А.Е. Ерболов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасының өкілеттігін жүзеге асырушы,
      Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы С. Трұмов