Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 31 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 наурызда № 3829 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Маңғыстау облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е.Ж. Есбергенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М.Н. Сқақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2019 жылғы "28" ақпандағы
  № 31 қаулысына қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 156 "Маңғыстау облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2754 болып тіркелген, 2015 жылы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 399 "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2956 болып тіркелген, 2016 жылы 27 қантарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 70 "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3005 болып тіркелген, 2016 жылы 15 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).