"Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 399 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда № 2956 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 31 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 28.02.2019 № 31 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.О.Тұяқов) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ.Нұрғазиеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

А.Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының жастар

      саясаты мәселелері басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б.О. Тұяқов

      18 желтоқсан 2015 жыл



  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 399
қаулысымен бекітілген

1. Жалпы ережелер

      1. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік жастар саясаты саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Управление по вопросам молодежной политики Мангистауской области".

      10. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.

      11. Осы Ереже "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      14. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы өңірде мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру және жастар бастамашылдығын қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.

      16. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

      1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

      2) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;

      3) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту болып табылады.

      17. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамамен белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын Маңғыстау облысында іске асырады;

      2) өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг жүргізуді және жастардың қажеттіліктерін бағалауды қамтамасыз етеді;

      3) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады;

      4) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;

      5) жастар ресурстық орталықтарын құруға ұсыныс енгізеді, олардың қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;

      6) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз етеді;

      7) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін, жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      18. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерді іске асыруда және өз функцияларын жүзеге асыруда белгіленген тәртіпте мыналарға:

      1) "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді шешу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан ақпарат сұратуға және алуға;

      2) "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді пысықтауға қатысуға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкелерін тартуға, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

      3) жастар саясаты саласында мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде әкімге ұсыныстар енгізуге, "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарауына қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыруға;

      4) "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін, қарауында жастар саясаты саласының мәселелері бар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуге;

      5) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      19. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

      1) "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беру;

      2) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беру;

      3) "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;

      4) "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметін ұйымдастыру

      20. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      21. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      22. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

      2) "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      3) "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіппен тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады;

      5) Қазақстан Республикасының заңңамасына сәйкес бұйрықтар шығарады, "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауы үшін міндетті тапсырмалар береді;

      6) "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

      7) барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      8) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;

      9) "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттар жобаларының әзірлену барысын бақылайды;

      10) "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөнінде жұмыстарды бақылайды;

      11) қаржы қаражатының нысаналы жұмсалуына және "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген материалдық құндылықтардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      12) "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      23. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мүлкі

      24. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      25. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      26. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      28. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы бойынша жүргізіледі.

      29. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату

      30. "Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігімен жүзеге асырылады.

7. Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      31. Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының "Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.