Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жамбыл облысының әкімдігінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 235 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 қазанда № 4365 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет - ресурсында

      орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Шүкеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мырзахметов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы "__" ___________
№____ қаулысына қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 71 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2204 болып тіркелген, 2014 жылдың 19 мамырында "Ақ жол" газетінде, 2014 жылдың 23 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 55 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 208 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2299 болып тіркелген, 2014 жылдың 14 тамызында "Ақ жол" газетінде, 2014 жылдың 27 қазанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 362 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекттік тіркеу тізілімінде № 2522 болып тіркелген, 2015 жылдың 26 ақпанында "Ақ жол" газетінде, 2015 жылдың 1 сәуірінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидия нормативін, сондай-ақ жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2527 болып тіркелген, 2015 жылдың 14 ақпанында "Ақ жол" газетінде жарияланған).

      5. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 67 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 32 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2592 болып тіркелген, 2015 жылдың 11 сәуірінде "Ақ жол" газетінде жарияланған).

      6. "Субсидиялауға жататын жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің шекті сатылу бағаларын және аудандар бойынша субсидия көлемдерін белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 141 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2720 болып тіркелген, 2015 жылдың 19 қыркүйегінде "Ақ жол" газетінде, 2015 жылдың 3 қыркүйегінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      7. "Субсидиялауға жататын жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің шекті сатылу бағаларын және аудандар бойынша субсидия көлемдерін белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 252 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2811 болып тіркелген, 2015 жылдың 29 қазанында "Ақ жол" газетінде, 2015 жылдың 19 қарашасында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      8. "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 273 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2837 болып тіркелген, 2015 жылдың 5 желтоқсанда "Ақ жол" газетінде, 2016 жылдың 12 қаңтарында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).