"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 55 қаулысына өзгерістер енгізу

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 208 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 тамызда № 2299 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 235 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 23.10.2019 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы 103 қаулысына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 55 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2142 болып тіркелген, 2014 жылдың 5 сәуірінде № 45 "Ақ жол" және № 36 "Знамя труда" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Жолдасбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрі

      А.С. Мамытбеков

      "04" 08 2014 жыл

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 208 қаулысына 1-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемі

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидиялау нормативі, теңге

Субсидияланатын көлем

Субсидия соммасы, мың теңге


Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы

1

Асыл тұқымды және селекциялық жұмысты жүргізу





1)

тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басы

бас

18 000

14 722

265 000

2)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы

бас

20 000

5 500

110 000

2

Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу





1)

отандық асыл тұқымды ірі қара мал

бас

154 000

1 901

292 754

2)

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Австралиядан, Америка Құрама Штаттарынан және Канададан)

бас

200 000

335

67 000

3)

импортталған селекциялық ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінген асыл тұқымды малды қоса есептегенде)

бас

118 000

315

37 170


Барлығы:




771 924


Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы

1

Селекциялық және асыл тұқымды жұмысты жүргізу





1)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы


20 000

3 500

70 000

2

Асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу





1)

отандық асыл тұқымды ірі қара мал

бас

154 000

942

145 068

2)

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Европа елдерінен)

бас

154 000

200

30 800

3)

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан)

бас

118 000

400

47 200


Барлығы:




293 068


Ірі қара мал шаруашылығы

3

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

2801,82

44 000

123 280


Барлығы:




123 280


Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы


Ата-тектік, ата-енелік нысандары бар отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан жұмыртқа бағыттағы асыл тұқымды тәулiктiк балапандарды, сондай-ақ асыл тұқымды жұмыртқаларды сатып алу





1

Тәуліктік балапан (ақырғы)

бас

50

45 000

2 250


Барлығы:




2 250


Шошқа шаруашылығы

1

Асыл тұқымды шошқаларды сатып алу

бас

15 000

150

2 250


Барлығы:




2 250


Қой шаруашылығы

1

Селекциялық және асыл тұқымды жұмысты жүргізу





1)

тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық қой басы

бас

1 500

30 000

45 000

2)

асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымдық аналық қой басы

бас

1 500

140 000

210 000

2

Асыл тұқымды тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу

бас

8 000

17 503

140 018


Барлығы:




395 018


Жылқы шаруашылығы

1

Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу

бас

40 000

531

21 240


Барлығы:




21 240


Жиыны:




1 609 030

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 208 қаулысына 2-қосымша

Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды
субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемі


Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидиялау нормативі, теңге

Субсидия-ланатын көлем

Субсидия соммасы, мың теңге


Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы

1

Сиыр етін өндіру үшін мал азығы құнын арзандату

тонна


1 825

278 534

1)

2 деңгей

тонна

170 000

1 190

202 334

2)

3 деңгей

тонна

120 000

635

76 200


Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы

1

Сүт өндіру үшін мал азығы құнын арзандату

тонна


3536

43 045

1)

2 деңгей

тонна

15 000

1 537

23 055

2)

3 деңгей

тонна

10 000

1 999

19 990


Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы

1

Тағамдық жұмыртқа өндіру үшін азық құнын арзандату

мың дана


26 433

52 866

1)

3 деңгей

мың дана

2 000

26 433

52 866


Шошқа шаруашылығы

1

Шошқа етін өндіруге арналған азық құнын арзандату

тонна

98000

2500

245 000


Қой шаруашылығы

1

Қой етін өндіру үшін азық құнын арзандату

тонна

100 000

940

94 000

2

Биязы жүн өндіру үшін азық құнын арзандату

тонна

130 000

342,515

44 527


Жылқы шаруашылығы

1

Жылқы етін өндіру үшін азық құнын арзандату

тонна

92 000

294

27 048

2

Қымыз өндіру үшін азық құнын арзандату

тонна

60 000

40

2 400


Түйе шаруашылығы

1

Шұбат өндіру үшін азық құнын арзандату

тонна

55 000

10

550


Жиыны:




787 970