"Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсету және оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекiту туралы" Қ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 455 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қаңтарда № 19835 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсету және оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 4-6/181 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10618 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 70-бабы 2-тармағына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсету және оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік мекеме:

      1) топыраққа агрохимиялық зерттеп-қарау жүргізу;

      2) өсімдік шаруашылығы өнімдері мен өңделген өнімдерінің сапасын бағалау;

      3) жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардың өтініші бойынша топырақтың құрамындағы макро-, микроэлементтерге, ауыр металдарға, су сорындысына қосымша зерттеп-қарау жүргізу;

      4) сынақтан өткізу нәтижелері бойынша қорытынды бере отырып, аспаптар мен зертхана жабдығын, агрохимия саласындағы химиялық талдау әдістемелерін байқаудан өткізу;

      5) топыраққа, өсімдік шаруашылығы өнімдері мен өңделген өнімдеріне химиялық талдау жүргізудің, тыңайтқыштар жүйесін жасаудың, жер учаскелерін пайдаланудың әдістері мен қағидалары жөнінде консультациялық қызметтер көрсету бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі