2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 70-бабы 2-тармағына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2019 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсету және оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары бекiтiлсiн.
2. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіпен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
__________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы "___"________
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 4-6/181 бұйрығымен бекiтiлген |
Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсету және оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсету және оның көрсетiлетiн қызметтердi сатудан түскен ақшаны жұмсау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 70-бабы 2-тармағына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 13-1-бабы 3-тармағына сәйкес әзiрлендi және ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсету және оның көрсетiлетiн қызметтердi өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртiбiн анықтайды.
2. Осы Қағидалардың әрекетi ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласында қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемеге (бұдан әрi – мемлекеттiк мекеме) қолданылады.
3. Мемлекеттік мекеме:
1) топыраққа агрохимиялық зерттеп-қарау жүргізу;
2) өсімдік шаруашылығы өнімдері мен өңделген өнімдерінің сапасын бағалау;
3) жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардың өтініші бойынша топырақтың құрамындағы макро-, микроэлементтерге, ауыр металдарға, су сорындысына қосымша зерттеп-қарау жүргізу;
4) сынақтан өткізу нәтижелері бойынша қорытынды бере отырып, аспаптар мен зертхана жабдығын, агрохимия саласындағы химиялық талдау әдістемелерін байқаудан өткізу;
5) топыраққа, өсімдік шаруашылығы өнімдері мен өңделген өнімдеріне химиялық талдау жүргізудің, тыңайтқыштар жүйесін жасаудың, жер учаскелерін пайдаланудың әдістері мен қағидалары жөнінде консультациялық қызметтер көрсету бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2019 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Ақылы қызмет көpceту жеке және заңды тұлғалармен шарттық негiзде жүзеге асырылады.
2. Ақылы қызмет түрлерін көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
5. Мемлекеттік мекеме өз қызметіне сәйкес көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін жеке және заңды тұлғалардың еркін нысандағы жазбаша өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде көрсетеді.
6. Өтiнiштердi қабылдауды мемлекеттiк мекеменiң жауапты лауазымды тұлға жүзеге асырады.
7. Өтiнiш төмендегiдей мәлiметтер көрсетiле отырып, өтiнiш берушiге өтініш қабылданғаны туралы қолхат берiлiп, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысандаға тiркеу журналында тiркеледi:
1) өтiнiш тiркелген нөмiр мен қабылданған күн;
2) ақылы негiзде көрсетiлетiн қызметтi өткiзу бойынша қызмет түрi;
3) өтiнiштi қабылдаған жауапты лауазымды тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда).
8. Мемлекеттiк мекеме көрсететiн қызметтердi өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiнің тізбесі, қажеттi құжаттардың тiзiмi, ұсынылатын көрсетiлетiн қызметтерге баға прейскуранты мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпарат орындарына орналастырылады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурста орналастырылады.
9. Көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша ақылы қызмет түрлері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес мемлекеттік мекемеде белгіленген күн тәртібіне сәйкес күн сайын ұсынылады.
10. Көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін ұсыну үшін күтуге тиісті жағдай жасалады.
3. Ақылы қызмет түрлерiн көрсетуден түскен ақшаны жұмсау тәртібі
11. Көрсетiлетiн қызметтердi өткізуден түскен мемлекеттiк мекеменiң ақшасы көрсетiлетiн қызметтердi өткізуден түскен ақшаны есепке алу үшiн ашылған шотқа есепке алынады және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестрінде тіркелген № 994) бекітілген тәртіппен рәсімделген және ұсынылған төлеуге берілетін шот негізінде жұмсалады.
12. Ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуден түсетін ақша мемлекеттік мекеменің көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаның түсімдер мен жұмсалу жоспарлары бойынша жоспарланады және пайдаланылады.
Өз иелігінде қалатын ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаның түсімдер мен жұмсалу жоспарларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекітеді және Бұйрықпен бекітілген тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға келісуге береді.
13. Мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуден түсетін ақша қатаң түрде нысаналы мақсаты бойынша:
1) зертханалық зерттеулердi жүргiзуге;
2) мемлекеттiк мекеменiң материалдық-техникалық базасын жарақтандыру үшiн техниканы, ауыл шаруашылығы, зертханалық құрал-жабдықтарды және тетiктердi сатып алуға;
3) ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы ғылыми зерттеулердi жүргiзуге;
4) ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласында ауыл шаруашылығы және зертханалық жұмыстар жүргiзу үшiн мемлекеттiк мекеме тартатын штаттан тыс маусымдық мамандар мен жұмысшылардың қызметтерiне, еңбегiне ақы төлеуге;
5) тауарлы материалдық құндылықтарды: жанар-жағармайды, химиялық реактивтердi, қосалқы бөлшектердi, байланыс құралдарын, метеорологиялық деректердi, еңбектi қорғауды, өрт қауiпсiздiгi мен гигиенаны қамтамасыз ету үшiн арнайы қорғану құралдарын, сондай-ақ мемлекеттiк мекеменiң ағымдағы мақсаттары үшiн қажетті заттар мен материалдарды сатып алуға;
6) көлiк, байланыс қызметiне, коммуналдық қызметке, әкiмшiлiк және қойма үй-жайларын жалға алу, көлiк құралдарын техникалық байқау және мiндеттi сақтандыру, мемлекеттiк мекеменiң мамандандырылған жабдықтарын тексеру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеуге;
7) мемлекеттiк мекеменiң материалдарын толықтыру үшiн баспа басылымдарын, ғылыми, әдiстемелiк және арнайы әдебиеттердi сатып алуға;
8) мемлекеттiк мекеменiң ғылыми, әдiстемелiк материалдарын және ресми бюллетендерiн шығаруға;
9) мемлекеттiк мекеменiң мамандарын даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға;
10) ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы нәтижелердiң деректерiн автоматты өңдеудi арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алуға және енгiзуге;
11) мемлекеттiк мекеме үшiн шетелдiк хат-хабарлар мен ғылыми құжаттамалар аудармашыларының қызмет көрсетуiн сатып алуға;
12) жарнамалау мен насихаттау жөнiндегi бұқаралық iс-шараларды өткiзуге (егiс күнi, семинарлар, көрмелер, саяхаттар мен тұсаукесерлер);
13) мемлекеттiк мекеменiң жұмыс iстеуiне байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi жөндеуге;
14) мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiнiң iссапар, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге iссапар шығыстарына;
15) мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiн еңбек көрсеткiштерi үшiн көтермелеуге жұмсалады.
14. Мемлекеттiк мекеменiң қызметтердi өткізуден түсетін өз иелiгiнде қалатын ақшаны есепке алу және оның жұмсалуы туралы есептілік Бұйрықпен бекітілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Нысан
Тiркеу журналы/Журнал регистрации
Тіркеу №/ регистрационный № | Қабылдау күні/ Дата приема | Өтініш берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/ Фамилия, имя, отчество (при наличии) заявителя или его уполномоченного представителя | Ақылы негiзде көрсетiлетiн қызметтi өткiзу бойынша қызмет түрi/Вид деятельности по реализации услуг, оказываемого на платной основе | Қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы/ Количество и наименование приложенных документов | Өтiнiштi қабылдаған жауапты лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы/Фамилия, имя, отчество (при наличии) и подпись ответственного должностного лица, принявшего заявление |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |