Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе о

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 253 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 19790 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 75) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17374 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларында:

      1-тармақтың жиырма екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік бағдарламаларды, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерін және тапсырмаларын, Ұлттық Банк Басқармасының немесе Директорлар кеңесінің шешімдерін іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді. Ұлттық Банктің Директорлар кеңесінің шешімдері негізінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді иелену жағдайларының тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген;";

      2-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бюджет – тапсырыс берушінің бюджеті (шығыстар сметасы), бизнес-жоспары (жылдық бюджеті), даму жоспары;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) сатып алу порталы – электрондық сатып алуға бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсынатын ақпараттық жүйе;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) сатып алу – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушінің бюджеті қаражатының есебінен Қағидаларда белгіленген тәртіппен сатып алу;";

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) электрондық сатып алу – "Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы" акционерлік қоғамы оператор болып табылатын сатып алу порталын пайдалана отырып тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;";

      3-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Сатып алу порталының операторы:

      1) сатып алу порталын енгізу, дамытуды, қолдауды және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді;

      2) сатып алу порталын дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды;

      3) тапсырыс берушілер мен әлеуетті жеткізушілерге сатып алу порталына қол жеткізуді ақылы негізде қамтамасыз етуді. Тапсырыс берушілер мен әлеуетті жеткізушілердің сатып алу порталына қол жеткізу қызметтерінің бағасын сатып алу порталының операторы белгілейді;

      4) Тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға), әлеуетті жеткізушілерге сатып алу порталының жұмыс істеуі мәселелері бойынша өтеусіз негізде консультациялық көмек көрсетуді;

      5) сатып алу порталында орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

      6) Қағидаларға сәйкес сатып алу порталын ақпараттық толықтыруды қамтамасыз етуді;

      7) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша уәкілетті субъектілермен өзара іс-қимыл жасауды;

      8) тапсырыс берушілер ұсынған мәліметтер негізінде тапсырыс берушімен бұрын жасалған сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тапсырыс берушімен шарт жасасудан жалтарған әлеуетті жеткізушілердің дерекқорын жүргізуді жүзеге асырады.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тапсырыс беруші бекітілген бюджеттің негізінде Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын (бұдан әрі – сатып алу жоспары) әзірлейді.

      10. Қаржы жылына арналған сатып алу жоспары Қағидаларда белгіленген тәртіппен, оның ішінде жұмыс істеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ тапсырыс берушінің мемлекеттік функцияларын не жарғылық қызметін орындауға қажетті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігі негізінде қалыптастырылады.";

      50-тармақтың 2) тармақшасының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі;";

      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Әлеуетті жеткізуші мынадай:

      1) тендерлік өтінім тендер талаптарына сәйкес келмеген;

      2) дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі анықталған;

      3) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрған;

      4) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) банкрот болып табылған және (немесе) тарату процесіне жатқызылған;

      5) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлердің тізіліміне сәйкес республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болған;

      6) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) сатып алу күніне дейін 2 (екі) жыл ішінде өзі мен тапсырыс беруші арасында бұрын жасалған сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тапсырыс берушімен шарт жасасудан жалтарған факті болған жағдайларда тендерге қатысуға жіберілмейді және тендерге қатысушы болып танылмайды.";

      96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "96. Тендердің талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті жеткізушілер анықталған жағдайда тендерлік комиссия мұндай әлеуетті жеткізушілерге тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының мәтінін жариялау күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тендерге қатысуға өтінімдерді тендер талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.

      Тендерлік баға ұсынысын ұсынбаған және (немесе) тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не оны тендерге (лотқа) бөлінген сомасының нөл бүтін оннан тоғыз пайызынан (0,9%) кем мөлшерінде енгізген әлеуетті жеткізушілердің тендерлік өтінімдерін тендердің талаптарына сәйкес келтіруге рұқсат етілмейді.";

      111, 112, 113 және 114-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "111. Әлеуетті жеткізушінің құрылысқа арналған тендерлік баға ұсынысы, егер ол техникалық-экономикалық негіздемеде (жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған) және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген бағадан 10 (он) пайыздан астам төмен болса, демпингтік болып табылады.

      112. Әлеуетті жеткізушінің үйлер мен ғимараттарды ағымдағы жөндеу бойынша жұмысқа арналған тендерлік баға ұсынысы, егер ол тендерге бөлінген бағадан 20 (жиырма) пайыздан астам төмен болса, демпингтік болып табылады.

      113. Әлеуетті жеткізушінің техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын және қала құрылысының жобаларын әзірлеу бойынша жұмысқа арналған тендерлік баға ұсынысы, егер ол тендерге бөлінген бағадан 15 (он бес) пайыздан астам төмен болса, демпингтік болып табылады.

      114. Әлеуетті жеткізушінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжирингтік қызмет көрсетуге арналған тендерлік баға ұсынысы, егер ол бекітілген мемлекеттік нормативтерге сәйкес есептелген бағадан 15 (он бес) пайыздан астам төмен болса, демпингтік болып танылады.";

      134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "134. Егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны бойынша жылдық көлемі 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспаса (қоса алғанда), осындай тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізіледі.";

      152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "152. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы, егер:

      1) ол сатып алу үшін бөлінген сомадан артық болса;

      2) әлеуетті жеткізуші 1 (бірден) артық баға ұсынысын табыс етсе;

      3) Қағидалардың 166-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің ұсынысы техникалық ерекше нұсқаманың талаптарына сәйкес келмесе;

      4) әлеуетті жеткізуші техникалық ерекше нұсқаманы ұсыну туралы талап болған кезде оны ұсынбаса;

      5) әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шарт жобасының маңызды талаптарымен келіспесе;

      6) әлеуетті жеткізуші немесе оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрса;

      7) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) сатып алу күніне дейін 2 (екі) жыл ішінде өзі мен тапсырыс беруші арасында бұрын жасалған сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тапсырыс берушімен шарт жасасудан жалтарған факті болса қабылданбайды.";

      158-тармақта:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) құны бойынша жылдық көлемі 5 000 000 (бес миллион) теңгеден аспайтын (қоса алғанда) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) халықаралық рейтингтік агенттіктердің қызметтерін, сондай-ақ тапсырыс берушінің негізгі қызметі бойынша интернет-ресурстарда орналастырылған ақпаратты ұсыну және ақпаратты отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру бойынша қызметтерді;";

      мынадай мазмұндағы 159-1-тармақпен толықтырылсын:

      "159-1. Жазбаша шақырту 2 (екі) жыл ішінде өзі мен тапсырыс беруші арасында бұрын жасалған сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тапсырыс берушімен шарт жасасудан жалтарған факті болған әлеуетті жеткізушіге жіберілмейді.";

      185-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сатып алу туралы шартта алдын ала төлем (аванс) төлеу көзделетін жағдайды қоспағанда, сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) халықаралық рейтингтік агенттіктердің қызметтерін, мерзімді баспасөз басылымдарын, тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жөнелту, жұмыс берушінің және автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша қызметтерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді (бағдарламалық өнімдерді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін) техникалық қолдауды;";

      186 және 187-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "186. Тапсырыс беруші жеткізуші өз шарттық міндеттемелерін (тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету және (немесе) өсімпұлды төлеу) толығымен орындағаннан кейін шартта көрсетілген мерзімде сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.

      187. Жеткізушінің өз шарттық міндеттемелерін орындамауы не тиісінше орындамауы үшін, сондай-ақ өсімпұлды төлемеуі салдарынан шарт бұзылған жағдайда, Тапсырыс беруші сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.";

      198 және 199-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "198. Тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның, сараптамалық комиссияның (сарапшының), сатып алу порталы операторының іс-әрекеті (әрекетсіздігі), шешімі бойынша тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) бірінші басшысына не Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағым жасалады.

      199. Тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының), сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның, сараптамалық комиссияның (сарапшының), сатып алу порталы операторының іс-әрекеті (әрекетсіздігі), шешімі бойынша шағымда:

      1) іс-әрекеті (әрекетсіздігі), шешімі бойынша шағым жасалатын тұлғаның (тұлғалардың) атауы, орналасқан жері;

      2) шағым берген тұлғаның атауы, орналасқан жері;

      3) өткізу кезінде Қағидалардың және (немесе) сатып алу талаптарының бұзылуына жол берілген сатып алу туралы мәліметтер;

      4) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының), сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның, сараптамалық комиссияның (сарапшының), сатып алу порталы операторының шағым жасалатын іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері), шешімдері қамтылады.";

      мынадай мазмұндағы 203-тармақпен толықтырылсын:

      "203. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге жауапкершілік көзделмесе, тапсырыс берушінің және (немесе) сатып алуды ұйымдастырушының, сатып алу порталы операторының Қағидаларды бұзуға жол берген қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылады.";

      Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда Қағидаларға 1-1 қосымшамен толықтырылсын;

      Қағидаларға 6-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Жоспарлау және бюджет департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 253 қаулысына
1-қосымша
  "Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің, оның
ведомстволарының, оның
құрылымына кіретін
ұйымдардың және дауыс беретін
акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерінің)
елу және одан да көп пайызы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне тиесілі немесе
оның сенімгерлік
басқаруындағы заңды
тұлғалардың және олармен
үлестес заңды тұлғалардың
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді
иеленуі қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің шешімдері негізінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді иелену жағдайларының тізбесі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің шешімдері негізінде тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мынадай жағдайларда иеленеді:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін көшіруді және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарын, өкілдіктерін немесе ведомстволарын құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ішінде аса маңызды мемлекеттік объектілерге жатқызылған және террористік тұрғыдан осал объектілерді сатып алу, құру (салу), жөндеу (қайта салу), оларды жарақтандыруды және инженерлік жабдықты жөндеуді (ауыстыруды) қоса алғанда, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін тоқтаусыз және үздіксіз жүзеге асыруды қолдауға және қамтамасыз етуге бағытталған жедел міндеттері мен бағдарламаларын орындау үшін;

      5) тауарларды айырбас шарттары негізінде иелену;

      6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілеттік мандаты шегінде экономикалық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері мен тапсырмаларын орындау үшін;

      7) халықаралық ұйымдармен, шетелдік мемлекеттердің орталық банктерімен, бақылау және қадағалау органдарымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық шеңберінде іс-шаралар мен міндеттерді іске асыру үшін;

      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің функциялары мен өкілеттіктері шеңберінде шұғыл шешуді талап ететін өзге де міндеттерді іске асыру үшін.";

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 253 қаулысына
2-қосымша
  "Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің, оның
ведомстволарының, оның
құрылымына кіретін
ұйымдардың және дауыс беретін
акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерінің)
елу және одан да көп пайызы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне тиесілі немесе
оның сенімгерлік
басқаруындағы заңды
тұлғалардың және олармен
үлестес заңды тұлғалардың
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді
иеленуі қағидаларына
1-1-қосымша
  Нысан

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспары

Тапсырыс берушінің атауы

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақ тіліндегі атауы

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің орыс тіліндегі атауы

Сатып алу тәсілі

Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

1

2

3

4

5

6

      кестенің жалғасы:

Біреуінің қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) есептемегендегі бағасы (теңге)

Сатып алу үшін ҚҚС-сыз бекітілген жалпы сомасы (теңге)

ҚҚС-сыз үш жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома (теңге)

ҚҚС-сыз үш жылдық кезеңнің екінші жылына болжамды сома (теңге)

ҚҚС-сыз үш жылдық кезеңнің үшінші жылына болжамды сома (теңге)

Сатып алуды жүзеге асырудың жоспарланып отырған мерзімі (тоқсан)

7

8

9

10

11

12

  ";
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 253 қаулысына
3-қосымша
  "Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің, оның
ведомстволарының, оның
құрылымына кіретін
ұйымдардың және дауыс беретін
акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерінің)
елу және одан да көп пайызы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне тиесілі немесе
оның сенімгерлік
басқаруындағы заңды
тұлғалардың және олармен
үлестес заңды тұлғалардың
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді
иеленуі қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Тендерге қатысуға өтінім

      Кімге ________________________________________________________

                  (сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)

      Кімнен _______________________________________________________

                  (әлеуетті жеткізушінің толық атауы көрсетіледі)

      1. Тендерге қатысуға үміткер әлеуетті жеткізуші туралы мәліметтер:

Әлеуетті жеткізушінің заңды, пошталық мекенжайы, электрондық поштасының мекенжайы (бар болса) және байланыс телефондары


Әлеуетті жеткізушінің банктік деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН)/ жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), банктік сәйкестендіру корды, жеке сәйкестендіру корды, сондай-ақ заңды немесе жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы


Әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН


      2. ___________________________________________________________

                  (әлеуетті жеткізушінің толық атауы көрсетіледі)

      осы өтінім арқылы тендер тәсілімен сатып алуға ________________________

                                                (тендердің толық атауын көрсету)

      әлеуетті жеткізуші ретінде қатысуға ниет білдіреді және тендерде көзделген шарттар мен талаптарға сәйкес тауарларды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді (қажеттісін көрсету) жүзеге асыруға келісім білдіреді.

      3. Әлеуетті жеткізуші осы өтінім арқылы өзіне толық жауапкершілік қабылдайды және өзіне:

      1) әлеуетті жеткізуші және оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) (болған кезде) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрмауы және тапсырыс берушімен және (немесе) оның үлестес тұлғаларымен бұрын жасасқан шарттар бойынша міндеттемелерін адал орындағаны;

      2) әлеуетті жеткізушінің құрылтайшылары, акционерлері, әлеуетті жеткізуші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары жеткізушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болмауы не өткізілетін сатып алуда тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) қызметкерлері болып табылмауы;

      3) әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның қызметкерінің тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) өткізілетін сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетпеуі, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатыспауы;

      4) сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті жеткізуші басшысының:

      мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынастары болмауы;

      мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылмауы;

      5) сатып алуға қатысуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті жеткізушінің басшысы болып табылмайды және (немесе) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынасы болған жоқ;

      6) атқарушылық іс жүргізулер бойынша борышкерлердің тізіліміне сәйкес әлеуетті жеткізушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде атқарушы құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелерінің болмауы;

      7) әлеуетті жеткізуші мен әлеуетті жеткізушінің үлестес тұлғасының бір тендерге (лотқа) қатыспауы;

      8) банкроттық не тарату рәсіміне қатысы жоқтығы туралы талаптарды қабылдағанын растайды.

      4. Осы арқылы сондай-ақ әлеуетті жеткізушінің Қағидалардың 192-тарма- ғында көзделген жағдайларда _________________________________________

      (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауын көрсету)

      сатып алу туралы шартты бұзуға келісімі білдіріледі.

      5. Тендердің талаптарымен танысқанымызды және сатып алуды ұйымдастырушыға және тендерлік комиссияға жеткізілетін тауарға (тауарларға), орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес ақпарат ұсынғаны үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қағидаларда көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгенін растаймыз.

      Тендерлік өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда осындай дәйексіз мәліметтерді бергені үшін толық жауапкершілік қабылдаймыз.

      6. Біздің тендерлік өтінім тендерлік өтінімдерді ашқан күннен бастап кемінде 90 (тоқсан) күн ішінде қолданыста болады.

      7. Біздің тендерлік өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді сатып алу туралы шарттың жобасында көрсетілген мөлшерде енгіземіз.

      8. Сатып алу туралы шартты жасасқанға дейін тендерлік өтінім тапсырыс беруші мен біздің арамыздағы міндетті сатып алу шартының рөлін орындайтын болады.

      9. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізушінің сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын тендерлік өтінімде мыналар қамтылады:

      _____________________________________________________________

                  (әлеуетті жеткізуші қоса беретін құжаттардың тізбесін көрсетеді).

      _____________________________________________________________

                  (әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысының лауазымы,

                        тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы).

      Толтыру күні ____________________".