Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мезгілдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) айқындайтын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлінісінде тиісті аумақтағы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуы мерзімдері;
2) жүйе веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналасқан, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;
3) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін, Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы, облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) айқындайтын тұлға;
4) өтінім – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) басым дақылдар өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған электрондық өтінімі;
5) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
6) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, субсидия алуға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;
7) танаптың кадастрлық нөмірі – танаптың орналасқан жерін анықтауға (сәйкестендіруге) арналған, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі беретін танаптың бірегей коды;
8) танаптың электрондық картасы – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан, бұрылыс нүктелерінің координаталарын, соңғы екі жылдағы ауыспалы егістер туралы ақпаратты және жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінен алынған деректерді қамтитын танап туралы ақпарат;
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
3. Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі, басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі мен нормалары (бұдан әрі – тізбе, субсидиялар көлемі мен нормалары) екі данада жасалады және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) мақұлдауға тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей беріледі.
Тізбені, субсидиялар көлемі мен нормаларын Министрлікке мақұлдауға берген кезде субсидиялардың белгіленген нормасын негіздейтін (ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредиттелген және Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын аграрлық бейіндегі ғылыми ұйымдармен келісілген әрбір субсидияланатын дақыл бойынша шығындар есептемелері), сондай-ақ тізбенің, субсидиялар көлемі мен нормаларының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлер палатасымен және қоғамдық кеңесімен келісілгенін растайтын құжаттар қоса беріледі.
Министрлік оң шешім шығарған жағдайда, он жұмыс күні ішінде тізбенің, субсидиялар көлемі мен нормаларының бір данасын тиісті ілеспе хатпен кері қайтарады немесе теріс шешім шығарған жағдайда, тізбенің, субсидиялар көлемі мен нормаларының екі данасын да пысықтауға жолдайды. ЖАО-ның пысықтау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.
Тізбе, субсидиялар көлемі мен нормалары ЖАО-ның қаулысымен тиісті жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі және үш жұмыс күні ішінде веб-порталда және тиісті ЖАО-ның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тізбеге, субсидиялар көлемі мен нормаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші, екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қаулы веб-порталға және интернет-ресурсқа орналастырылғаннан кейін Министрлік екі жұмыс күні ішінде тізбені, субсидиялар көлемі мен нормаларын бұрын келісілген тізбеге, субсидиялар көлемі мен нормаларына сәйкестігі тұрғысынан салыстырып тексереді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Субсидиялар ауылшартауарынөндірушілерге және (немесе) ауылшаркооперативтеріне жыл сайын осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес ағымдағы жылы жұмсалған дәндік жүгеріні, күрішті, мақтаны және қант қызылшасын өндіру шығындарын ішінара өтеуге, сондай-ақ қант қызылшасы бойынша – өткен жылғы желтоқсанда тапсырылған өнім үшін шығындарды ішінара өтеуге бөлінеді.";
8, 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Субсидияларды төлеу мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:
1) ауылшартауарынөндірушінің және (немесе) ауылшаркооперативінің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдар өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінім беруі.
"Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
2) ауылшартауарынөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі берген және ЭЦҚ қойылған өтінімнің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі.
Ауылшартауарынөндірушінің және (немесе) ауылшаркооперативінің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоты болған жағдайда, ол субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өздігінен өтінімді тіркеуді жүзеге асыруға құқылы, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осылай тіркелген сәттен бастап берілген болып есептеледі;
3) ауылшартауарынөндірушіде және (немесе) ауылшаркооперативінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы;
4) ағымдағы жылы ауылшартауарынөндірушінің және (немесе) ауылшаркооперативінің құқығы (жер пайдалану және (немесе) жеке меншік) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің шекарасы шегінде орналасқан танаптарда басым ауыл шаруашылығы дақылдарының себілуі.
Ауылшаркооперативінде жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болмаған жағдайда, ауылшаркооперативі ауылшаркооперативінің мүшелері болып табылатын ауылшартауарынөндірушілердің субсидия алуына өтінім береді. Бұл ретте ауылшартауарынөндірушілер субсидия алушылар болып табылады.
Жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бар ауылшаркооперативі өзінің жер учаскелеріне, сондай-ақ ауылшаркооперативі мүшелерінің жер учаскелеріне субсидия алуға өтінім береді. Бұл ретте ауылшаркооперативі және ауылшартауарынөндіруші субсидия алушылар болып табылады;
5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде танаптардың электрондық карталарының қалыптастырылуы;
6) жерді қашықтықтан зондтау деректерімен расталған (басым дақылдарды себу жүзеге асырылған электрондық танаптар бойынша) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ауыспалы егіс туралы мәліметтердің болуы және егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін сақтау;
7) дәндік жүгері бойынша – өңдеуші кәсіпорынға өңдеуге тапсырылған не өзінің өңдеуші кәсіпорындарына өңдеуге берілген дәндік жүгерінің 1 тоннасына 100 %;
8) күріш бойынша – өңдеуші кәсіпорынға өңдеуге тапсырылған не өзінің өңдеуші құрылымдарына өңдеуге берілген күріштің 1 тоннасына 100 %;
9) қант қызылшасы (фабрикалық) бойынша – қант зауытына өңдеуге тапсырылған не өзінің өңдеуші кәсіпорындарына өңдеуге берілген қант қызылшасының 1 тоннасына 100 %;
10) мақта бойынша – мақта өңдеу зауытына өңдеуге тапсырылған шитті мақтаның 1 тоннасына 100 %;
11) ауылшартауарынөндірушінің және (немесе) ауылшаркооперативінің қант қызылшасын қант зауытына өткізуі фактісін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде растауы.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінде қант қызылшасын өндіруді өздігінен жүзеге асыратын және осы өнімді өңдеуді өздігінен жүзеге асыратын қант зауыттары үшін өткізу фактісін растау талап етілмейді.
Шикізатты өңдеуге берген күріш тапсырушылар үшін өткізу фактісін растау талап етілмейді. Бұл жағдайда, өңдеуші кәсіпорынның көрсетілген қызметтеріне ақы төленгенін растайтын құжаттарды беру растау болып табылады.
Бұл ретте, субсидиялар алуға пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.
9. Өнімнің 1 тоннасына субсидиялар алу үшін ауылшартауарынөндірушілер және (немесе) ауылшаркооперативтері өтінімде қосымша:
өңдеуші кәсіпорынмен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы шарттардың;
ауылшартауарынөндіруші немесе ауылшаркооперативі мен өңдеуші кәсіпорын арасында ауыл шаруашылығы өнімінің берілгенін растайтын құжаттардың және (немесе) өңдеуші кәсіпорынның шеккен шығындарын (өтінім беру сәтіне) растайтын төлем құжаттарының;
ауыл шаруашылығы өнімін өзінің өңдеуші кәсіпорындарында өңдеген кезде өңдеуші кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасында ауыл шаруашылығы өнімінің берілгенін растайтын, олардың басшылары қол қойған құжаттың бар-жоғына қатысты мәліметтерді көрсетеді.
10. Субсидиялар ауылшартауарынөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі растаған өңдеуге өткізілген (тапсырылған), субсидиялауға жататын өнімнің көлемдерінен және ЖАО-ның қаулысымен бекітілген субсидиялар нормаларынан мынадай формула бойынша есептеледі:
С = З х Нс, мұндағы:
С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;
З – өңдеуге өткізілген өнімнің расталған (тапсырылған) көлемі, тонна;
Нс – қосылған құн салығынсыз субсидиялар нормасы, теңге.
11. Өтінімдерді қарастыруды Басқарма танаптардың электрондық карталарының орналасқан жері бойынша тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап жүзеге асырады, бұл ретте, өтінімдерді қабылдауды аяқтау күні тиісті жылдың 1 желтоқсанынан ерте болмауы тиіс.".
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басым дақылдар өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінім
1. Кімге __________________________________________________________________
(облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы
органының толық атауы)
кімнен ___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі*)
басым дақылдар өндіруге субсидия бөлуді сұрайды:
Р/с № | Дақыл | Көлемі, тонна | Танаптың кадастрлық нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 |
2. Өтініш беруші туралы мәліметтер*:
Заңды тұлға үшін:
Атауы _________________________________________________________
БСН___________________________________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________
мекенжайы:____________________________________________________
телефон (факс) нөмірі:___________________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _________________________________
ЖСН__________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі ________________________________________________________
кім берді ______________________________________________________
берілген күні ___________________________________________________
мекенжайы:____________________________________________________
телефон (факс) нөмірі:____________________________________________
Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:
орналасқан жері ________________________________________________
хабарлама уақыты _______________________________________________
3. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері туралы мәліметтер:
Р/с № | Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы |
Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің |
1 | 2 | 3 |
4. Жер учаскесі туралы мәліметтер*:
Р/с № | кадастрлық нөмірі | барлық алаңы, гектар | оның ішінде егістік | нысаналы мақсаты | жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
5. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы
кооперативінің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының бар-жоғы туралы
мәліметтер*:
ЖСН/БСН ______________________________________________________
Банктің деректемелері: __________________________________________
Банктің атауы:__________________________________________________
БСК __________________________________________________________
ЖСК __________________________________________________________
БСН __________________________________________________________
Кбе___________________________________________________________
6. Өңдеуші кәсіпорын жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы шарт:
нөмірі _________________________________________________________
салыстырып тексеру актісі ________________________________________
өнім көлемі, тоннамен ___________________________________________
7. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі мен
өңдеуші кәсіпорын арасында ауыл шаруашылығы өнімінің берілгенін растайтын құжат:
нөмірі__________________________________________________________
салыстырып тексеру актісі_________________________________________
өнім көлемі, тоннамен ____________________________________________
8. Өңдеуші кәсіпорын шеккен шығындарды (өтінім беру сәтіне) растайтын
төлем құжаттары:
нөмірі және берілген күні _________________________________________
өңдеуші кәсіпорын атауы _________________________________________
өңдеуші кәсіпорын орналасқан жерінің мекенжайы ___________________
9. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы
кооперативінің құрылымдық бөлімшелері арасында ауыл шаруашылығы
өнімінің берілгенін растайтын құжат:
нөмірі __________________________________________________________
берілген күні ____________________________________________________
өнім көлемі, тоннамен ____________________________________________
Ескертпе:
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпараттарды жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.
Өтінім беруші 20______ жылғы "____" ___________ сағат ____ қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні және уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
Өтінім қарауға 20____ жылғы "____" _________ сағат ______ қабылданды:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні және уақыты
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
Кбе – бенефициар коды;
* – басым дақылдарды субсидиялау процесі толық автоматтандырылған кезде өтінімнің мәліметтері интеграциялау есебінен автоматты түрде толтырылады.