БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15386 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 тамызда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Шетелдік тасымалдаушы аккредиттеу үшін www.egov.kz, www.elisense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті және келесі құжаттарды ұсынады:
1) шетелдік тасымалдаушы жарғысының электронды көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасындағы шетелдік тасымалдаушының өкілдігі, немесе филиалы туралы ереженің немесе бас агент жарғысының электронды көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасында тиiстi қаржылық жылға жасалған әуежайлық қызмет көрсету шартының, агенттiк шарттардың электронды көшiрмелерi;
4) шетелдік тасымалдаушы өкілдігінің, немесе филиалының басшысына немесе бас агентке сенімхаттың электронды көшірмесі;
5) азаматтық әуе кемесін шетел пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының электронды көшірмесі;
6) уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасына/нан ұшуларды орындайтын авиажолаушылардың ресімделген және (немесе) брондалған билеттер туралы мәліметтерді ұсыну туралы кепілхаттың электронды көшірмесі;
7) шетел пайдаланушы куәлігінің және оған байланысты пайдалану ерекшеліктерінің электронды көшірмесі;
8) Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланып отырған барлық әуе кемелерінің тіркеу туралы куәліктерінің электронды көшірмесі. Әуе кемесін экипажбен жалға алу кезінде әуе кемесінің ұшуларына басшылықты жүзеге асыратын пайдаланушыны көрсете отырып пайдаланушы мемлекеттің азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның келісуі;
9) Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланып отырған барлық ұшақтарының ұшу жарамдылық сертификатының электронды көшірмесі;
10) шетел тасымалдаушының жолаушылар және үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауаптылығының сақтандыру полисінің электронды көшірмесі;
11) Қазақстан Республикасына тұрақты рейстерді орындауға шетелдік тасымалдаушыны тағайындалғанын растайтын хаттың электронды көшірмесі.
Өкілдікті, филиалды есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе бас агентті мемлекеттік тіркеу (қайта тiркеу) туралы мәліметті уәкілетті орган "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымша осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
________________
2019 жылғы "___" _____________
Өтініш
Сізді шетелдік әуемен тасымалдаушысының аккредиттелуін өткізуді сұраймын
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(ресми және коммерциялық атауы, ерекше болса)
Авиакомпания туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны __________________________________________
2. Құрылған жылы_______________________________________________
3. Заңды тұлғаны тіркеу туралы мәліметтер
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(нөмірі, кім және қашан берілген)
4. Банк деректемелері
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(№ есеп/шоты, қор/шоты, микрофинансты мекеме (МФО), банктің атауы
және орналасқан жері)
5. Заңды мекен жайы және басқа да деректемелер
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(почталық мекен жайы, телефон, телефакс, телекс, телетайп, телеграфтық
ж/е телефондықшарттышақырулары, ИКАО, ИАТА, СИТА, АФТН кодтары)
6._____________________________________________________________
(кәсіпорынның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда)
(бұдан әрі - Т.А.Ә)
7. Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланып отырған әуе кемелерінің тізбесі:
№ | ӘК типі (үлгісі, сериялық номірі) | Тіркеу нөмірі | RVSM бекітуі (пайдаланушының мемлекетімен бекітуі) | EDTO (пайдаланушының мемлекетімен бекітуі) |
1 | ||||
2 | ||||
3 | ||||
4 | ||||
5 |
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беремін.
Ескерту:
1) ИКАО – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы;
2) ИАТА – Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы;
3) СИТА – Халықаралық авиациялық электр байланыс қоғамы;
4) АФТН - авиациялық тіркелген телекоммуникациялық желісі;
5) ӘК – әуе кемесі;
6) RVSM - тік эшелондаудың қысқартылған минимумы;
7) EDTO – арттырылған уақытпен қосымша әуеайлаққа кетумен ұшуларды жүргізу.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті | Комитет гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан |
Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы КУӘЛІК / СВИДЕТЕЛЬСТВО об аккредитации иностранных перевозчиков, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан № __________
1.______________________________________________________________
авиакомпанияның атауы/наименование авиакомпании
2. _____________________________________________________________
Заңды мекен жайы/юридический адрес
3.______________________________________________________________
Шетелдік тасымалдаушының орналасқан елі/страна местонахождения иностранного перевозчика
4. Куәлік 20 __ жылғы "___" __________ берілді
Свидетельство выдано "___" _____________ 20__
5. Куәлік 2 жылға дейін жарамды
Срок действия свидетельства 2 года
__________________________________________________
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның жауапты тұлғасы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) / ответственное лицо уполномоченного органа в сфере гражданской авиации, фамилия, имя, отчество (при наличии)
"Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат алуға өтінім
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.